Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Лондондағы RealWorld Records студиясында альбом жаздырған тұнғыш қазақ, Қытайдағы қандасымыз, әнші-композитор МАМЫРЖАН РАЙЫСХАНҰЛЫ Алматыда (фото-видео репортаж)


    /

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 27 мамыр 2010 жыл

    Кеше, 2010 жылдың 26 мамырында, Алматыда «АШАДАН» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен, Қытай мен Европаға өз өнерімен танымал болған, Үрімші қаласынан келген қандасымыз МАМЫРЖАН РАЙЫСХАНҰЛЫ Қазақ Елінің өнерсүйер қауымының бір тобымен кездесті.

    Мамыржан Райысханұлы: «…Ұлы Даламен үндесіп жатқан, қазақтың көне ән-күйлерін өмірге ауыл еркіндігі тудырған. Қалалық өмір жан-көңіл тыныштығы сезімін бере алмайды. Мен жылына бір-екі мәрте жайлауға шығып, Ел ағаларынан ұлттық салт-дәстүрді үйреніп, шабытқа кенелемін. Мен қазақтың ұлттық ән-күйлеріне жаңа леп беріп, әлемге танытқым келеді»

    Қытайдың көптеген дыбысжазушы компаниялары, репертуарыңа қытай музыкасын кіргізіп немесе қытай тілінде ән айтсаң, барлық жағдайды жасап береміз деп ұсыныстар жасаған.
    Қара керей Қабанбай бабасының рухы бойына сіңген МАМЫРЖАН бұл ұсыныстарды қабылдамаған. Мұндай ұстанымға тәнті болған музыкалық орта, Мамыржанды өздері табынатын тұлға санайтын болды.
    Екі жыл бұрын Мамыржан британдық продюсер Робин Холлерді кездестіріп, оны өз үнінің ерекшелігімен таң қалдырған. Осылай Мамыржан Европада танымал болып, енді ол Лондонның концерт алаңдарында өнер көрсетіп жүр.

    Парасатты да, батыр Бабаларымыздың адамзат тарихында қалдырған іздерін жаңғырту мақсатында «ІЗ» атты музыкалық топ құрып, қазақтың философиялық мағынаға толы ән-күйлеріне жаңа леп беріп, оны Әлемге паш етіп жүрген МАМЫРЖАН бауырымызға АҚ ЖОЛ тілейік, қымбатты ОТАНДАСТАР !!!

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:


    АШАДАН қорында, Әнші композитор МАМЫРЖАН РАЙЫСХАНҰЛЫ өнер жанкүйерлерімен кездесу өткізді
    Әнші МАМЫРЖАН РАЙЫСХАНҰЛЫ қазақтың қоңыр үні арқылы бабалар рухымен байланысады
    АШАДАН қоры, әнші композитор МАМЫРЖАН РАЙЫСХАНҰЛЫН, Қазақ Еліне таныстырды Алматы 26 05 2010 жыл
    БОЛАТ АТАБАЕВ Өзгелерге еліктеп,ырбыйып жүргенімізде, МАМЫРЖАН қазақ өнерін Әлемге паш етіпті

    Әнші композитор МАМЫРЖАН РАЙЫСХАНҰЛЫ шығармаларынан бейнелі көріністер 1 ші бөлім
    Әнші композитор МАМЫРЖАН РАЙЫСХАНҰЛЫ шығармаларынан бейнелі көріністер 2 ші бөлім
    Әнші композитор МАМЫРЖАН РАЙЫСХАНҰЛЫ шығармаларынан бейнелі көріністер 3 ші бөлім
    Әнші композитор МАМЫРЖАН РАЙЫСХАНҰЛЫ шығармаларынан бейнелі көріністер 4 ші бөлім

    КЕЗДЕСУДЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:


    d399d0bdd188d196-d0bcd0b0d0bcd18bd180-006d399d0bdd188d196-d0bcd0b0d0bcd18bd180-003d399d0bdd188d196-d0bcd0b0d0bcd18bd180-002d399d0bdd188d196-d0bcd0b0d0bcd18bd180-010d399d0bdd188d196-d0bcd0b0d0bcd18bd180-007d399d0bdd188d196-d0bcd0b0d0bcd18bd180-008d399d0bdd188d196-d0bcd0b0d0bcd18bd180-051

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Лондондағы RealWorld Records студиясында альбом жаздырған тұнғыш қазақ, Қытайдағы қандасымыз, әнші-композитор МАМЫРЖАН РАЙЫСХАНҰЛЫ Алматыда (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    27 Мамыр 2010 at 19:33 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 436 рет қаралған ...