Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    21 жылда, Ана тілімізді тұғырына қондыра алмаған Билік пе, әлде Халық па?(Қазақ тілін қолдау акциясынан фото-видео репортаж)

    d184d0bed182d0be-d188d0b0d2a3d18bd180d0b0d29b-008

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі,20 қыркүйек 2010 жыл

    Кеше, қыркүйектің 19-ы күні, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе иеленуінің 21 жылдығына орай Алматы қаласында «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы болып өтті.
    /

    Оны республикамыздағы партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен жастар ұйымдарының және зиялы қауым өкілдерінің басын біріктіретін «Тәуелсіздікті қорғау» демократиялық қозғалысы ұйымдастырып отыр. Қазақтың Санжар Асфандияров атындағы ұлттық медициналық университетінің Конгресс-холлында болған бұл шараны қолдауға «Музарт», «Серілер», «Жебе», «Жасын», «Ұлытау», «До-Мажор» топтары мен белгілі өнер шеберлері де қатысты.
    Жалпы, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізбей тұрған шақта, яғни, 1989 жылдың 22-ші қыркүйегінде иеленген болатын.
    Бұл акция кезінде 21 жылда Қазақстан халқын біріктіретін, олардың басын қосатын негізгі факторға толық айнала алмай отырған мемлекеттік тіл мәселесі жан-жақты талқыланып, ана тілімізді өз тұғырына қондыруға құлықсыз, мемлекеттік тілді менсінбейтін билік өкілдеріне халықтың өкпесі қара қазандай екендігі жеткізілді.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    ТҰРСЫНБЕК КӘКІШЕВ Президентіміз шетелде де, Қазақстанда да тек қана қазақша сөйлесін
    МҰХТАР ШАХАНОВ 21 жылда, Ана тілімізді тұғырына қондыра алмаған Билік пе, әлде Халық па
    СОВЕТХАН ҒАББАСОВ Ұлттық жадынан айырылған,өзге тілді Билік,халқымызды ұйыта алмауда
    ТЕМІРХАН МЕДЕТБЕК Қазіргі билік тұрған кезде,қазақ тілінің мерейі ешқашан өспейді
    БЕЙБІТ ҚОЙШЫБАЙ Мектептерде, қазақ тілін оқытудағы көзбояушылықты жою керек
    ДӘУРЕН БАБАМҰРАТОВ Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға,билік неге құлықсыз
    БАШИР ЖАНАЛТАЙ Шетелдегі қандастарымызды Елге көшірсек,көп мәселелер шешілер еді
    СЕРІК САПАРҒАЛИ Мемлекеттік тілде, ресми тілде тек қана қазақ тілі болуы тиіс
    ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ Аруахтарға да,келер ұрпаққа да қарабет болмай,АНА тілімізді ұлықтайық
    ДУЛАТ ИСАБЕКОВ Ұлт мүддесін қолдамаған қорғамаған пендені,жазушы деуге болмайды

    КЕНЖЕХАН МАТЫЖАНОВ Қазақ тілін қолдау әр ақын жазушының өз ісі,оған араласу қиын
    БАУЫРЖАН ОМАРОВ Тіл бағдарламасына айтылған барлық сын пікірлер ескеріледі, деп уәде берем

    АКЦИЯДАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:

    /
    /
    /
    /
    /
    /
    /
    /

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The 21 жылда, Ана тілімізді тұғырына қондыра алмаған Билік пе, әлде Халық па?(Қазақ тілін қолдау акциясынан фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    20 Қыркүйек 2010 at 09:13 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 870 рет қаралған ...