Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, қазақ интернетін дамыту мәселелеріне арналған семинарда (фото-видео репортаж)

    /2010 жылдың 18 қазаны күні, Алматы қаласында «МІНБЕР» журналистерді қолдау орталығы, Соғыс және бейбітшілік репортаждары институты (IWPR) және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігінің қолдауымен бірлесіп «ҚазНеттің құқықтық реттелуі және оның қазақтілді интернет БАҚ-тың дамуына ықпалы» атты тақырыпта арнайы семинар өткізді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов қатысып, «Қазіргі заңнамалық ерекшеліктер. Ресми мүмкіндіктер» тақырыбында сөз сөйледі.
    /
    Басқосу барысында Қазақстандағы ғаламтор жүйесі мен электронды БАҚ-тың заңнамалық актілері жайында семинарға қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары ортаға қойылды. «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының төрайымы Есенгүл Кәпқызы «Қазақ газеттерін холдингтендіру: Пайдасы мен зияны» атты баяндама жасап, ел баспасөзінің өзекті мәселері жайындағы зерттеуімен бөлісті. «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау орталығы Сот сараптама орталығының жетекшісі Ғалия Әженова «Құқықтық сауатсыздықтың салдары» тақырыбында жаңа медиа саласындағы авторлық құқық бұзушылық пен ресми БАҚ-қа теңестірілген ғаламтор желілерінің және блоггерлерді жиі алаңдататын еркін жазбаның заңнамалық жақтан қамтамасыздандырылуы төңірегінде құнды деректер айтты.

    «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының «Жаңа медианы сараптау” орталығының жетекшісі Асхат Еркімбай «ҚазНет: Өткені, бүгіні, ертеңі» тақырыбында шолу жасады. Жаңа медианың әлемдік тәжірибеде, батыстағы қоғамдық мәселелер аясында, шетел саяси тұлғаларының оң имиджін қалыптастыру үрдісінде пайдалана бастауын шолу барысында мұқият тыңдаған Мәжіліс депутаты М.Әбенов жақсы бағалап, оны Қазақстандағы жоғары лауазым иелеріне жеткізуді қарастыратынын айтты.
    /

    Шарада Республика аймақтарындағы БАҚ дамуына жаңа медианың күнделікті ықпал етуі жайында да сөз болды. Аталған семинар үшін арнайы келген Қарағанды Мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Мейрамхан Жәпек облыстағы газет-журналдардың, жергілікті билік өкілдерінің Мемлекеттік тілге көңіл бөлуі төңірегінде және ресми сайттардың сауаттылығы жайында баяндама жасады.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    ЕСЕНГҮЛ КӘПҚЫЗЫ Қазақ БАҚ ын бір қолға жинаудың ЗИЯНЫ мен ПАЙДАСЫ
    МҰРАТ ӘБЕНОВ Қазақ азаматтары IT технологияны меңгерса,Еліміз тез даму жолына түсер еді
    АСХАТ ЕРКІМБАЙ Қазақ интернетінің бүгінгі даму үрдісіне сараптама
    ДӘУРЕН ҚУАТ Қазақ БАҚ ның болашағы да, оқырмандары да интернетте
    МҰРАТ ӘБЕНОВ Ана тілімізді қолдау үшін,Мемлекеттік тапсырысқа ЖОБАНЫ қазақ тілінде жазыңыздар
    АЙГҮЛ КОХАЕВА Қазақ Еліне интернет банкинг, электронды ақша туралы ЗАҢ керек
    МҰРАТ ӘБЕНОВ қазақ интернетін дамыту мәселесі бойынша пікір — сұраққа жауап беруде

    СЕМИНАРДАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, қазақ интернетін дамыту мәселелеріне арналған семинарда (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    20 Қазан 2010 at 13:24 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 082 рет қаралған ...