Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    «Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің семинары (фото-видео репортаж)

    / 2010 жылдың 28 қазанында, Республикалық «Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Алматы қаласында «Қарлығаш- кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы темекі шегуге қарсы» жобасы бойынша семинар тренинг болып өтті. Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы бес жыл бойы «Қарлығаш- кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы темекі шегуге қарсы» жобасын іске асырумен айналысып келеді. Жобаның іс-әрекеттері Астана, Ақтау, Орал, Павлодар, Шымкент және Алматы облысының Іле ауданында, ал 2010 жылдың 1 тамызынан бастап Алматы қаласында жүзеге асырылуда.
    Жобаның мақсаты бөлшек сауда қызметкерлерін ақпараттандыру арқылы кәмелетке толмаған жасөспірімдерге темекі сатуға тосқауыл қою, жасы он сегізге толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатуға тыйым салу, сондай-ақ, жобаның идеясын қолдайтын әйелдер арасынан волонтерлар топтарын құру болып табылады.
    Өз кезегінде волонтерлар кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатуға тыйым салынғандығы туралы бөлшек сауда өкілдерін ақпараттандырады. Өткен айда жоба қызметкерлерімен үлкен жұмыс атқарылған болатын. Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша бұл шарамен 150 сауда нүктелері және 10 ірі тораптық нүктелер мен гипермаркеттер, сонымен қатар, 170 көліктік бағыттар қамтылды.
    Шағын дүкендер мен ірі супермаркеттердің сатушылары мен менеджерлері «Темекі өнімдерін кәмелетке толмаған тұлғаға сатудан қалай дұрыс бас тартуға болады» тақырыбы бойынша оқулардан өтті. Жоба бойынша жасөспірімдер арасында темекі тартудың алдын алу және темекі шегуге тыйым салу мәсе-лелеріне қатысты халықтан телефон хабарларын қабылдайтын жедел телефон желісі жұмыс істейді.

    2005 жылдың күзінде құрылған «Қарлығаш- кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы темекі шегуге қарсы» қозғалыс қазіргі кезде өз балаларының және жалпы өсіп келе жатқан жас ұрпақ тағдырына бейтарап қарай алмайтын Қазақстан облыстарының мыңнан астам әйелдерін топтастыра білді. Тап осы проблеманы шешу мақсатында әйелдерді, олардың әлеуметтік әлеуетін тарта білу – соны тәсіл болып табылады. «Қарлығаш- кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы темекі шегуге қарсы» қоғамдық бірлестіктің негізгі қозғаушы күші – бейтарап емес әйелдер мен аналар болып отыр.
    «Қарлығаш- кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы темекі шегуге қарсы» жобасы дені сау ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуге өз ықпалын тигізеді деген үміттеміз. Біз, әйелдер, балаларымыздың болашағына өзіміз жауаптымыз!

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
    «Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы» ҚБ семинарынан бейнелі көріністер
    «Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы» ҚБ маманы ТҰРМАНБЕТОВА АЙГЕРІМ жоба жайлы

    СЕМИНАРДАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:

    /
    /
    /
    /
    /

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The «Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің семинары (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    29 Қазан 2010 at 17:05 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 583 рет қаралған ...