Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    БАҚЫТБЕК СМАҒҰЛ: «ҚР Қорғаныс министрлігінде, қазақ тілін білмейтін біраз басшылардың ұлттық ойлау қабілеті жоқ» (видеосюжет)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 11 тамыз 2011 жыл

    ҚАЗАҚ ӘСКЕРІНДЕГІ АМАНДАСУ РӘСІМІ

    «сәлеметсіздер ме?» әлде «АРМЫСЫЗДАР, АЙБЫНДЫ САРБАЗДАР!»

    ҚАЙ НҰСҚА ДҰРЫС ?

    2011 жылы 13 шілде күні, Алматы қаласындағы Қазақстан жазушылары одағының үлкен залында «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы, «Ғалымдар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің және «Қазақстан жазушылары одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» атты үкіметтік және оған балама «Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» атты қоғамдық нұсқаларын талқылауға арналған кеңейтілген жиналыстың Шешімімен «ҚР мемлекеттік тілі туралы Заң» жобасын дайындайтын қоғамдық комитет құрылған еді.

    Аталмыш комитеттің жұмысшы тобының апта сайын тұрақты өтетін отырыстарына қоғамдық ұйымдар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін ұсынуда.

    /

    Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл: «… біздің ұйым және бірқатар Парламент депутаттары мен «Нұротан» ХДП жастар қанаты белсенділері 6-жылдан бері, ҚР Қарулы күштерінің Уставына — сарбаздармен амандасу рәсімінде бүгінгі қолданыста жүрген «сәлеметсіздер ме» сөзін «Армысыздар» сөзіне ауыстыру жөніндегі ұсынысымызды өткізе алмай жүрміз…»

    Ең өкініштісі, ҚР Қорғаныс министрлігінің, осы ұсыныс жасаушы Б.Смағұлдың авторлық құқығын мойындап, алғыс хат жазғандарына қарамастан, министрліктің қазақ тілін білмейтін кейбір басшыларының «бұл екі сөздің мағынасы бір ғой, ауыстырудың қажеті жоқ» деген жалаң сөздеріне сеніп, сөз қадірін түсініп, ұлт мүддесін ойлаған қоғамдық ұйымдар мен қоғам қайраткерлерінің пікірлерін ескерусіз қалдырғаны…

    Бақытбек Смағұл: «… осындай, мемлекеттік-қазақ тілін білмейтіндердің кесірінен, ҚР Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Н.Назарбаев әскери парадтарда сарбаздармен амандасқанда «АРМЫСЫЗДАР, АЙБЫНДЫ САРБАЗДАР!» деудің орнына, балабақша меңгерушісі сияқты «сәлеметсіздер ме?» деп тұрғанын, сөз қадірін түсінетін қалың қазақ көріп, сынайды-ау деген ойдан қынжыламын және мені осындай «сөзұқпастардың» ұлтымыздың рухын таптап, мемлекетіміздің беделіне нұқсан келтіріп жүргендері қатты мазалайды…»

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Б СМАҒҰЛ ҚР қорғаныс министрлігінде, біраз басшылардың ұлттық ойлау қабілеті жоқ

    ӨЗ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҰЛТТЫҚ ТІЛІН МОЙЫНДАМАЙТЫН АДАМДАР,

    ӨЗ ХАЛҚЫНЫҢ ЖАНЫН ТҮСІНІП,

    ОНЫ ҚОРҒАЙ АЛА МА?

    СІЗ ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗ, ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН?

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The БАҚЫТБЕК СМАҒҰЛ: «ҚР Қорғаныс министрлігінде, қазақ тілін білмейтін біраз басшылардың ұлттық ойлау қабілеті жоқ» (видеосюжет) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    11 Тамыз 2011 at 13:59 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 693 рет қаралған ...