Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Халықаралық «ЖАНАШЫР» қоғамдық қоры «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым» атты кездесу өткізеді

    БАСПАСӨЗ  БАЯНЫ

    Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқарамасының қолдауымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан шетелдік  студенттер арасында қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін насихаттау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.

    Мақсат — шетелдік қазақ жастарының бойында отаншылдық, елжандылық қасиеттерді ояту, өз ұлтының тарихынан, дәстүр-салтынан хабардар ету, Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізуге үлес қосқан тұлғалар мен қайраткерлерді таныстыру, үлгі-өнеге ету, шетелдердегі замандастарына насихаттап, Қазақстанға деген құштарлығын, сүйіспеншілігін ояту.

    Осы мақсатта Қыркүйектің 26-і күні Тәуелсіздікке еңбегі сіңген белгілі қоғам қайраткерлерінің (жазушылар, ақындар, мемлекеттік рәміздер авторлары, қоғам және мәдениет қайраткерлері) әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті студенттерімен  «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым» атты кездесуі өтпек.

    Кездесуге белгілі қоғам қайраткерлері — мемлекеттік ту авторы Шәкен Ниязбеков, әлем мойындаған балуан, күш атасы Әбілсейіт Айханов, Қазақстанға  еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, жазушы Уақап Қыдырханов, 1991 жылы Тәуелсіздік Декларациясын қабылдаған депутаттардың бірі, профессор Оразалы Сәбден, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгенің авторларының бірі – Хайролла Ғабжалеловтер қатыспақ.

    Өз кезегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де  білім алушы 300-ге жуық шетелдік қазақ жастары аға буын өкілдерінің тағылымды әңгімесін тыңдап, толғандырған сұрақтарына жауап алып және өз өнерлерін ортаға салмақ.

    Кездесу тақырыбы:

    «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым».

    Өтетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, математика факультетінің корпусы, Акт залы, (Масанчи-Бөгенбай көшелерінің қиылысы).

    Өтетін уақыты: 26 қыркүйек, 2011жыл. Дүйсенбі.

    Ұйымдастырушылар:

    Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры

    Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқарамасы

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

    Халықаралық » ЖАНАШЫР» қоғамдық қорының

    2010 жылы өткізген іс-шараларының

    бейнелі жылнамасы:

    Өз елінде АНА ТІЛІН өзекке теуіп, ұлттық болмысынан жеріген жандарға үлгі-өнеге болатын шетелдік қазақ жастары жайлы (фото-видео репортаж)

    Халықаралық «ЖАНАШЫР» қоғамдық қоры өткізген «Мемлекеттік органдар жұмысы – азаматтық қоғам көзімен» атты дөңгелек үстел (фото-видео репортаж)

    Алматыдағы «Демократия үйінде» нақты жұмыс атқарып жүрген этно-мәдени орталықтар аздау… (фото-видео репортаж)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Халықаралық «ЖАНАШЫР» қоғамдық қоры «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым» атты кездесу өткізеді by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    24 Шілде 2011 at 13:10 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 967 рет қаралған ...