Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым» атты кездесу (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 27 қыркүйек 2011 жыл

    Тағылым мен тағзым

    Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқарамасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан шетелдік студенттер арасында қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін насихаттау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.

    Мақсат — шетелдік қазақ жастарының бойында Отаншылдық, елжандылық қасиеттерді ояту, өз ұлтының тарихынан, дәстүр-салтынан хабардар ету, Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізуге үлес қосқан тұлғалар мен қайраткерлерді таныстыру, үлгі-өнеге ету, шетелдердегі замандастарына насихаттап, Қазақстанға деген құштарлығын, сүйіспеншілігін ояту.

    Осы мақсатта кеше, 2011 жылдың 26 қыркүйек күні, Тәуелсіздікке еңбегі сіңген белгілі қоғам қайраткерлерінің (жазушылар, ақындар, мемлекеттік рәміздер авторлары, қоғам және мәдениет қайраткерлері) әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттерімен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым» атты кездесуі болып өтті.

    Кездесуге белгілі қоғам қайраткерлері — Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгенің авторларының бір — Хайролла Ғабжалелов, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, жазушы Уақап Қыдырханұлы, ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Оразақын Асқар, әлем мойындаған балуан, күш атасы Әбілсейіт Айханов сынды тұлғалар қатысты.

    Өз кезегінде аталмыш ниверситтте блім алушы шетелдік қазақ жастары аға буын өкілдерінің тағылымды әңгімесін тыңдап, толғандырған сұрақтарына жауап алып және өз өнерлерін ортаға салады.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    «Жанашыр» қоры «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл Тағылым мен тағзым» атты кездесу өткізді

    Уақап Қыдырхан «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл Тағылым мен тағзым» атты кездесуде
    Шәкен Ниязбеков «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл Тағылым мен тағзым» атты кездесуде
    Әбілсейіт Айханов «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл Тағылым мен тағзым» атты кездесуде
    Хайролла Ғабжалилов «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл Тағылым мен тағзым» атты кездесуде

    КЕЗДЕСУДЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:

    «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл Тағылым мен тағзым» атты кездесуден фотокөріністер

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым» атты кездесу (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    27 Қыркүйек 2011 at 13:17 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 080 рет қаралған ...