Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Сүйінші!!! «45minut.KZ» атты Ұстаздар мен Ата-Аналардың Республикалық газеті жарық көрді (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 26 сәуір 2012 жыл

    2012 жылдың 19 сәуірі күні, Қызылорда қаласында   ЖК «Нагиева Ш.Б.» және  «Болашақ» университетінің ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі және Интернет мүмкіндігімен Ұстаздардың білімін жетілдіру жолдары» атты тақырыпта өткен Республикалық семинармен қатар    «45minut.kz» Республикалық ұстаздар газетінің тұсаукесері болып өтті.

    Аталмыш мәдени-ағарту шарасына   Махамбет сыйлығының иегері, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының құрметті төрағасы, жазушы Совет-Хан Ғаббасов, «Болашақ» университетінің ректоры, техника ғылымының докторы, профессор Өмірбек Үмбетов, «Қазақ Елі» халықтық бейнелі энциклопедиясы сайтының жетекшісі Болат Бөтеев және Қазақстанның оңтүстік-батыс өңірлерінен жаңашыл ұстаздар мен «45minut.kz» Республикалық ұстаздар газетінің тілшілері қатысты.

    Республикалық семинарға шақырылған, бірақ белгілі себептермен келе алмаған,   ҚР Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов ғаламтор мүмкіндігін пайдаланып «45minut kz» газетінің шарасына қатысушы ұстаздар мен ата-аналарға бейнелі жолдауын семинар басталған сәтте-ақ жіберіп үлгерді.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    ҚР Мәжіліс депутаты М Әбеновтың«45minut kz» газетінің шарасына қатысушыларға бейнелі жолдауы
    «45minut kz» газетінің редакторы Ізгілік Нағиевтің кіріспе сөзі

    Профессор Совет Хан Ғаббасов: «Ұрпақ тәрбиесінің бүгіні мен ертеңі»
    Профессор Өмірбек Үмбетов: «Ғаламтордағы ашық білім беру ресурстары»

    Болат Бөтеевтің «45minut.kz» газетіне құттықтау сөзі.

    «45minut kz» газеті өткізген Республикалық семинарда айтылған ұстаздар пікірі

    Профессор С.Ғаббасовтың қорытынды сөзі:

    С. Ғаббасов:«Адам тәрбиесі — бірінің міндеті екіншісіне жүктелмейтін 7 кезеңнен тұрады»
    Совет-Хан Ғаббасов: «Ұрпақ тәрбиесін дұрыстау үшін не істеу керек?»

    МӘДЕНИ-АҒАРТУ ШАРАСЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Сүйінші!!! «45minut.KZ» атты Ұстаздар мен Ата-Аналардың Республикалық газеті жарық көрді (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    26 Сәуір 2012 at 12:32 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 756 рет қаралған ...