Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Совет-Хан Ғаббасов:»Бүгін, (12.12.12.) адамзат ТӘН билігінен босап, ЖАН билігіне көшетін заман туған күн» (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы./

    Қазақ Елі, 25 желтоқсан 2012 жыл

    2012 жылы 12 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов, «Тәуелсіздік күні» ұлттық мерекесі қарсаңында, қаланың бір топ қоғам белсенділеріне «Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер» атағын табыстады.

    Олардың ішінде Махамбет сыйлығының иегері, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының құрметті төрағасы, жазушы Совет-Хан Ғаббасовта атағын алып, осы шараға қатысушыларға батасын берді.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Совет Хан Ғаббасов: «12. 12. 12. ТӘН билігінен, ЖАН билігіне көшетін заман басталған күн»

    Хайрулла Ғабжалилов «Тәуелсіздік күні» ұлттық мерекесі жайында

    Марат Бөтеев «Тәуелсіздік күні» ұлттық мереке жайында 16 12 12

    Парасатты бабалар үнін бүгінгі ұрпаққа жеткізген профессор Совет-Хан Ғаббасов жайлы

    … Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өң болсын

    Сөзің түпсіз қараңғыға көз болсын…

    - деп осыдан 10 ғасыр бұрын, ғұлама Жүсіп Баласағұн ой тастаса…

    …Затшылдық көзді байлады,

    Адастырып айдады.

    ЖАН билемей, ТӘН билеп,
    Адамның соры қайнады…

    деп, батысқа еліктеген бауырларымыздың өзге тілде ойлап, өзге дыбысқа толғанып, өзгенің сырын түйсігіне түйіп, ұлттық болмысы өзгеріп, материалистік көзқарасқа негізделген коммунистік идеологияның құлдарына айналатынын ерте байқаған Шәкәрім ғұлама осылай 100 жыл бұрын күңіренсе…

    Біздің заманымыздың ғұламасы профессор Совет-Хан Ғаббасов «Еуропацентристік методология — апат!»- деп шырылдап, өткен ұлт ғұлама-ойшылдарының ісін жалғастырып, ұлттық тәрбиенің қыр-сырын зерттеп, жинақтап, бүгінгі ұрпақтың қолына «Адам тәрбиесінің жаңа ілімі» атты еңбегін ұстатып отыр.

    Жалпы Ұлттық Мәдени Ағарту Қозғалысындағы ұстазым

    «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы

    Совет-Хан Ғаббасовтың «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі» атты

    кітабының баспадан шығу қуанышына  арналады

    Адам тәрбиесінің жаңа ілімі

    Ұрпағым тәрбиелі, дені сау, алғыр болсын десеңіз,

    Ілімді, ұлттық тәрбие негізіне сүйенген, санаңызға іліңіз

    Бірінің міндетін біріне, жүктеуге әсте болмайтын,

    Совет-Хан Ғаббасов зерттеген, жеті кезең тізбегінен өтіңіз

    Текті құда тапқанға, разы болып ата-анаңыз,

    Ұлт дәстүрін ұстанып, отбасын құрған болсаңыз

    Ілімді зерделеп жұбыңызбен, арман етіп нәтижесін,

    Талаптарын , орындауды мұқият, мойныңызға алыңыз

    Жібімеген тоң жерге, әлсіз-ауыру дән ексек,

    Ешқашан бітік шықпас мол өнім, кесек-кесек

    Ертерек ойлау керек, сондықтан, тазалығын ұрықтың,

    Ұрпағымыз уланбай, мыйы толық, ақылды болсын десек

    Сіз, ол үшін, салауатты өмір салтын сүйіңіз,

    Шаттық пен жақсылыққа толып, көңіл-күйіңіз

    Өзгерісті бастаңыз, сәби сүю ойыңыздан көп бұрын,

    Ішімдікті тыйып мүлде, тек табиғи таза ас-су ішіңіз

    Ана құрсағындағы тоғыз ай, тәрбиенің екінші кезеңі,

    Қайталап бар тіршілік ғұмырын, қаланар тәрбие-білім негізі

    Ой толғап сыбыс пен дыбысқа, үн жинаған тынысқа,

    Нәресте келер өмірге, толысқан түйсік-сезімі

    Айқаймен бастайды үшінші кезеңді, бар адамзат баласы,

    Жүрек тербер үнімен анасының, оянып оның санасы

    Қауызына тарының, сыйдырған он сегіз мың ғаламды,

    Құдіретімен Алланың, адамның ғана, бұған келген шамасы

    Тәрбиенің мұнан соң, келер балбөбек атты кезеңі,

    Бесік жыры кіріп құлақтан, толығар сана-сезімі

    Уызында қанып ана сүтіне, ұлттық рух қонар бойына,

    Мейірімімен ата-әженің, аялаған, қалыптасар оның мінезі

    Өмірдің ең тәтті кезі, сірә, сәбилік кезең болар,

    Сағынышпен жырлап өткен, талай сазгер-ақындар

    Тәрбие-білімді ойнап жүріп сімірген, қызықты шақ,

    Ақыл тәрбиесінің негізі, бала сөз ұққан соң, қаланар

    Балиғат кезеңінде, махаббат сезімі бүршік атар,

    Бір арнада, тербетіп екі жасты, жүрек қағар

    Сездіріп келгенін, балалықпен қоштасар шақ,

    Әбден қайнап, ұлттық тәрбие көрігінде, адам болар

    Ұрпағына әу-бастан, он үшінде отау иесі,

    Деп айтатын әрдайым, бабалардың жұғып киесі

    Жастықтың оты жалындап, жас жүректе жанған шақ,

    Басталады өмірдің, кәмелеттік кезең атты белесі

    Ілімді меңгерсеңіз, ыждахатпен, бір күн тынбай,

    Ретімен орындалса, жеті кезең талаптары ойдағыдай

    Жанының он екі арнасы ашық азаматпен, ұлт толығар,

    Ойы мен оның әр ісіне, разы болар ылғи, құдай

    Алматы облысы, Қырғауылды ауылы.

    25 желтоқсан 2012 жыл

    Болат Нәукенұлы Бөтеев.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Совет-Хан Ғаббасов:»Бүгін, (12.12.12.) адамзат ТӘН билігінен босап, ЖАН билігіне көшетін заман туған күн» (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    29 Желтоқсан 2012 at 16:47 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 654 рет қаралған ...