Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    НАЙМАН: Ұлан батыр (Ергенекті) – Сарыжомарт – Жиенбет ШЕЖІРЕСІН зерттеп, жинақтап кітап шығарған ақсақалдар «Алаш» тарихи-зерттеу орталығына сүйінші сұрап келді.

    / Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 26 маусым 2015 жыл

    IMG_0747

    IMG_0745

    Болат Нәукенұлы:

    «Қадірменді Ел Ағалары ҚҰМАР мен ӘБДІРАХМАН бауырларым,

    көп жылғы еңбектеріңіздің жемісі кітаптарыңыздың жарыққа шығуымен 

    шын жүректен құттықтаймын !!!

     

     

    …КЕТЕРМІЗ БҰЛ ЖАЛҒАННАН, ӘЙТЕУІР БІР КҮН БӘРІМІЗ

    ЕСТЕЛІК БОЛЫП АРТТА ҚАЛАР, ТЕК СӨЗІМІЗ БЕН ІСІМІЗ

    ҰСТАТСАҚ ҰРПАҚТЫҢ ҚОЛЫНА, АЯЛАП ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫ

    КӨМЕСКІ ТАРТПАС ЕШҚАШАН, ҚАЛДЫРҒАН БІЗДІҢ ІЗІМІЗ…

    Кітаптарыңыз, бұл өмірдегі іздеріңіз, ұлтымыздың игілігіне қызмет етсін. Қазақ жастарына ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын өздеріңіздей парасатты ақсақалдардың қатары көбейе берсін !!!»

     

     

    Ата дәстүр-салтынан аттамайтын Х.Ғабжалилов, ақсақалдардың сүйіншісін беріп, оларды жұмыстарының нәтиелі аяқталуымен құттықтады:

    «… Сіздер жинақтаған бұл кітап, Найман тайпасының Ергенекті рулар бірлестігінің Сарыжомарт руының Жиенбет (Құйымшақ) тармағының ата таралым шежіресі осы атадан өскен ұрпақтарының сабақтастық тарихы.

    Біз Найман ру-тайпасының тарихын жазғанда шежіресіне арнайы тоқталып, осы кезге дейін жарық көрген деректерді, жинақтар, шежіредегі басты-басты ру, ата таралымдарын берген болатынбыз.

    Қазірде осы шежіре деректері толықтырылып өз жалғасын тауып жатқаны қуантады. Осы дәстүрімізді жоғалтпай, болашақ ұрпақтарымызға асыл мұра етіп қалдырайық».

    2007 жылдың 7 шілдесі күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Жантас ауылында Жиенбет бабадан тараған ұрпақтар жиылып бабаларының рыхына бағыштап үлкен Ас берді. Елдің ынтымағы мен береке-бірлігінің айқын көрінісіндей болған сол алқалы жиында Қоңырбаев Құмар Жансейітұлы (Ақатайұлы) мынадай пәтуа айтады:

    «Ардақты ағайын! Асқа жиналғанкөпшілік қауым! Мына бізден де үлкен кәрілеріміздің көздері тірі кезінде және де осы асқа жиналған жақсы мен жайсаң аман тұрғанда Жиенбеттен тараған ұрпақтарының шежіресін жинастырып, кітап қып шығарып, кейінгі ұрпаққа аманаттап кетсек қалай болар екен?!

    Біздер мен Сіздер бас біріктіріп, тізе қосып осы шаруаны тындыра алсақ өміріміз босқа өтпепті дер едік!»

    Мұндай жауапкершілігі мол жұмысты мойындарына алған, қазақ ұлтына тән ақсақалдық қасиет қандарында бар Қоңырбаев Құмар Жансейітұлы (Ақатайұлы) мен Қасенов Әбдірахман Мұқанұлы қажымай-талмай еңбектеніп, 7-жыл ішінде осы ШЕЖІРЕНІ жинақтап кітап етіп шығарды.

    Баспаханадан кітапты алған күні, қуаныштары қойнына сыймаған ақсақалдар, мұндай ғибратты іске баруларына үлгі-өнеге  болған «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының президенті Хайролла Ғабжалиловке сүйінші сұрап келді.

     

    IMG_0740

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The НАЙМАН: Ұлан батыр (Ергенекті) – Сарыжомарт – Жиенбет ШЕЖІРЕСІН зерттеп, жинақтап кітап шығарған ақсақалдар «Алаш» тарихи-зерттеу орталығына сүйінші сұрап келді. by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    26 Маусым 2015 at 12:56 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 6 752 рет қаралған ...