Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    ҚАЗАҚ ҮНІ — БІЗДІҢ РУХЫМЫЗДЫҢ ӨЛШЕМІ (видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 17 қыркүйек 2009 жыл.

    «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына арналған пресс конференциядан бейнелі репортаж:


    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    ҚАЗАҚ ТІЛІ үшін жанталас Мұхтар Шаханов прессконференция
    Қазақ тілі үшін жанталас ТАБИҒАТ экология Одағы Нұржан Ошанбеков
    ҚАЗАҚ ТІЛІ ҮШІН ЖАНТАЛАС прессконференциядан көріністер 16 09 09
    Қазақ тілі үшін жанталас Жастар Одағы Дәурен Бабамұратов
    Қазақ тілі үшін жанталас Желтоқсаншы Бейсенғазы Нүкен

    — Қазақ тілі демекші, қазақ тілінің мұңын мұңдаумен 20 жылдығын да тойлайтын уақыт келіп қалыпты…
    Жақында Өзбекстаннан Балтабай есімді ақсақал «…інім, «Ұлттық болмыс және урбанизация» атты сұхбатыңды «Қазақ әдебиетінен» оқып, ой бөлісейін деп едім» деп хабарласып, Алматыға іздеп келді. Өзі өмірден оқып-тоқығаны мол, ғұлама, нағыз ауыл ақсақалы екен. Тамырымыз бір өзбек халқы ұлттық болмысына қаяу түсірткізбей, мемлекеттілігін өз мүддесіне толық жегіп отыр. Өз жерінде өзбектің үні зор, сондықтан ұрпағымыз өзбектеніп барады. Қазақстанға барып-келіп, еңбектеніп жүрген біраз жекжаттарымыздың көңіл-күйі төмен. Олардың айтуынша Қазақстан мемлекеті бар, бірақ ұлттық үні пәс екен, Парламенті бар, бірақ оның ұлттық үні жоқ екен, Үкіметі бар, бірақ онда ұлттық үнге шорқақ екен, Экономикасы бар, бірақ онда өзгенің үні басым екен, Діні бар, бірақ олда 40 үнге бөлінген-100 тармақты екен деген әңгімелерін естіп, өзбек ағайындардың «орыс болам десең, алдымен қазақ болып ал» деген қағытпаларының жаны бар ма деп, көшуге жүрексініп отырмыз деп т.б. көп әңгімелер айтты.
    Біз, осының бәрін күнде көріп жүрсек те, «бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деп іштен тынып жүргенде, шетелдіктер қазақтың тамырын басып, баяғыда-ақ біліп алған екен-ау. Сондықтан мерейтойды қай бетімізбен тойлаймыз.
    «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін» деп кімді марапаттаймыз? Өзге тілді Қазақстан азаматтарын 3 жыл мемлекеттік бала-бақшада, 11 жыл мемлекеттік мектепте оқытып, мемлекеттік тілге үйрете алмайтын білім жүйесін бе? Әлде жыл сайын мектептерден мемлекеттік тілді меңгере алмай шығатын 100 мыңдай азаматты, 20 жыл бойы қыруар қаржы шығындап, мемлекеттік тілге үйрете алмай келе жатқан мемлекеттік шенеуніктерді ме?
    Әлде 16 миллион біртұтас халықтың ішінен мемлекеттік тілді білетін, ұлттық ойлау қабілеті жоғары, Еліміздің тарихын, салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын, мәдениетін жақсы білетін тәрбиелі-білімді мың азаматты іріктеп ала алмайтын азаматтық қоғамымызды ма? Меніңше, мектеп бітіргеннен кейін азаматтарға тілді үйретуге ақша шығындау мүлде теріс жол. Ең дұрысы сенатор Ғарифолла Әнес көтерген, бастауыш мектепте тек қана мемлекеттік тілде білім беріп, 5-ші сыныптан бастап өзге тілдерді қоса оқыту жобасын ертеңге қалдырмай бүгіннен бастау абзал.
    Ерте кезде жастарға, жалпы қазаққа толыққанды, жан-жақты тәрбиені ата-ауыл-ру қауымының тәрбиелік әрі жауапкершілік ортасы ғана берген. Ол кездегі ата-ауыл-ру қауымы нағыз зиялы, адамның жан-дүниесін ашатын орта болған, сондықтан ата-әжелерінен таза ұлттық тәрбие алып, ҚАЗАҚ ҮНІНЕ уызында қанған Абай, Шәкәрім, Мұқтар, Ілияс, Мағжан, Бейімбет, А.Байтұрсынұлы сынды зиялылар ұрпағына ұзақ жылдар рухани азық болар туындыларын беріп кетті. Ал Кеңес мектебі бізді тіпті теріс оқытып келді. Абай: «тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырмас адам баласын» деп айтып кеткен екен. Ал бізге «тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласын» деп жаттатқызды. Бір ғана сөзді өзгерту арқылы, біздің санамызға сына қақты. Кедей болу мақтаныш, «кедейден шықтым» деу зор құрмет саналды. Саналары Орыс-Кеңес мектебінің диірменінен өткен бүгінгі ата-әжелер өз ұрпағын, ҚАЗАҚ ҮНІНЕ қандыра алмай, сорлатып отыр. Жағдайды түзеу үшін, Елінің болашағына сенетін әр бір азамат балалары мен немерелерін ұлттық құндылықтар негізінде жаңғырған қазақ бала-бақшалары мен мектептеріне беруі керек. Біз әлі күнге дейін тіл-тіл деп үн деген сөзге мән бермей келе жатырмыз. Ертеде «үнің өшсін» деген қарғысты жойылып кет, құрып кет деген мағынада қолданған. Балтабай ақсақал айтқандай, Елімізде қазақтың үні бәсең, тіпті қоғамымыздың көп салаларында жоқ десе де болады. Кейде мен осы үніміз шықпай, өзіміз де жойылып кетіп бара жатқандай сезінемін.
    Батысқа еліктеген бауырларымыз өзге тілде ойлап, өзге дыбысқа толғанып, өзгенің сырын түйсігіне түйіп, ұлттық болмысы өзгеріп барады. Тіпті кейде маған парасатты батыр бабаларымыздын рухы өзгелердің үнінен шошып, қазақ топырағына қона алмай жүргендей көрінеді.

    Үннің табиғаты тербеліс-толқын, ендеше ол энергия-күш.

    Осыны білген Қорқыт ата бабамыз:


    Құлақ астым сыбысқа,
    Ой толғадым дыбысқа.
    Сырын түйіп түйсікке,
    Үн жинадым тынысқа
    — деген өсиет сөздер қалдырыпты.

    Қасиетті құранда да ҮН туралы мәлімет бар екен. Ақын Әубәкір Дастанұлының Бақара сүресінен еркін аудармасының үзіндісі:
    …Қиындық басқа түскенде, көмекке келсін төзімің,
    Адамда төзім ұлы күш және ұлы күш өз үнің.

    Түйсікке түйілген ұлттық сырлар үн арқылы халықты ұйытатын күш болса, онда Қазақ үні – біздің рухымыздың өлшемі болды ғой.

    Ұлттық мәдениет, тіл туралы Ел ағаларының ойлары(бейнесюжеттер)

    Фарабитанушы ғұлама Балтабай Қабылан ҚАЗАҚ ҮНІ хақында
    Фарабитанушы Балтабай Қабылан қазақ ҮНІ мен өнері туралы

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The ҚАЗАҚ ҮНІ — БІЗДІҢ РУХЫМЫЗДЫҢ ӨЛШЕМІ (видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    18 Қыркүйек 2009 at 09:44 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 11 809 рет қаралған ...