Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Ой-дода

    Мұхтар Шаханов. 1989 жыл. Кремльде сөйлеген сөзі — www.minber.kz
    www.youtube.com

    06.09.12. — Әлемдік Басым Күштердің Қазақ Еліндегі эмиссарлары мен жергілікті итаршылары, «қазақты бөлшектеудегі» өздерінің кезекті «жеңісін» тойлап жатқан шығар, себебі енді қазақтар «Алла дейтіндер» мен «аллаһ деушілерге» жіктеле бастады…

    Министрліктер мен әкімшіліктерге,

    Ұлттық, отандық және шетелдік компанияларға,

    ҚР Президенті жанындағы инвесторлар Кеңесі мүшелеріне,

    Бала-бақша, мектеп, лицей және ЖОО-на,

    Қаржы институттары мен елшіліктерге,

    Партиялар мен қоғамдық ұйымдарға

    Ашық хат!

    Осы ашық хатты ағымдағы қыркүйектің 23-ші жұлдызы қоғам бірлігі мен тұрақтылығының кепілі, елді дамытушы негізгі күш Мемлекеттік тіл күнін республика деңгейінде толыққанды өткізу және болашақта оның маңызын арттыру мақсатында жазып отырмыз.

    Мемлекеттік тілді қоғамның барлық салаларына енгізу, — ол экономиканы басқарудың жаңа Қазақстандық жүйесін жасаумен қатар, интеллектуальды ұлт қалыптастыратын және мәдениет (білім, ғылым, мораль, өнер… ) пен жалпы қоғамды дамытатын негізгі күш болмақ.

    Ол, елде жүріп жатқан реформалардың шикізатқа тәуелділігін азайтып, адам капиталы мен инновациялық технологияның экономиканы дамытуға, азаматтардың тұрмыс деңгейлерін жақсаруға тікелей әсер етеді. Яғни ол, жан-жақты дамыған қоғамды өркениетті елдердің қатарына қосатын халықаралық тәжірибеде дәлелденген бірден-бір сара жол.

    Біз, мемлекеттік тілді дамытудағы Президенттің жолдаулары мен 2020 жылға дейінгі Үкімет қабылдаған бағдарманың толыққанды іске аспай жатқанына алаңдай отырып, барлық құзырлы органдар мен азаматтардың, елдегі шетелдік компаниялардың жоғарыдағы мемлекеттік маңызды жоспарларды іске асыруға белсенділік танытатынына сенеміз.

    Мемлекеттің тіл күні басталып, облыстар мен ірі компанияларда, оқу орындарында жыл сайын өтетін тіл олимпиадаларын мемлекеттік маңызды шара ретінде қарап, ондағы үздік шыққандарды Тәуелсіздік күні құнды сыйлықтармен (автокөлік т.б.) марапаттап, арнаулы стипендиялар тағайындап, қызметте өсіру сияқты ынталандыруға шақырамыз. Осы ашық хаттағы мәселені іске асыру мақсатында қосымша шаралар қабылданып, олардың орындалуы БАҚ құралдары арқылы сараланады.

    Бәріміздің ортақ шаңырағымыз Қазақстанның алға басуына барлығымыз атсалысайық.

    Қол қойғандар:

    Айтбаев Ө.А. – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы, ф.ғ.д.,

    профессор, академик;

    Ақуов Т. Ж. — Қазақстан тәуелсіз кәсіпкерлері қауымдастығының Төрағасы;

    Алдамжаров Ғ. А. – Қазақстан коммунистік партиясының төрағасы;

    Алшанов Р. А. — ҚР Жоғарғы оқу орындары қауымдастығының Төрағасы, э.ғ.д.,

    профессор;

    Аханов С.А. — Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының Төрағасы;

    Әшімов А.Ә. – Қазақстан театр қауымдастығының Төрағасы, Халық әртісі,

    Мемлекеттік сыйлықтың иегері;

    Әкім Ж.М. – Халықаралық адам институтының Президенті, биол. ғылымының

    канд., Қазақ Ұлттық жаратылыстану ғылымдар Академиясының

    корр.- мүшесі;

    Бапи Е. – «Дат» газетінің Бас оқырманы, қоғам қайраткері;

    Ғабжалилов Қ.М. – «Алаш» ТЗО Президенті, тарих ғылымының кандидаты,

    Әлеуметтік ғылымдар Академиясының корр.-мүшесі;

    Ғабдолла Қ. М. – «Жұмадағы жүздесу» газетінің Бас редакторы;

    Жәкиев Ғ. — Республикалық «Ұлы дала» қозғалысының Төрағасы;

    Жұрынов М.Ж. — ҚР Ұлттық ғылым Академиясының Президенті, х.ғ.д., профессор,

    академик;

    Иса Қ. — «Жас қазақ үні» газетінің Бас редакторы, ақын, Алаш

    сыйлығының иегері;

    Құлыбаев Т.А. – «Қазэнержи» компаниясының Төрағасы;

    Құлкенов М.Қ. – «Өнер» баспасының директоры, қоғам қайраткері;

    Мырзахметов А.И. – «Атамекен» кәсіпкерлер қауымдастығының Төрағасы;

    Оразалин Н. О. – Қазақстан жазушылар Одағының 1-ші хатшысы, ақын,

    Мемлекеттік сыйлықтың иегері;

    Осман А. – «Мемлекеттік тілді қолдау» қорының Төрағасы, Қазақстан

    халықтар Ассамблеясының мүшесі;

    Перуашев А.Т. – «Ақжол» партиясының Төрағасы;

    Сарым А. — «Абай» сайтының төрағасы, саясаттанушы;

    Сәбден О.С. – Қазақстан ғалымдар қауымдастығының Төрағасы, э.ғ.д.,

    профессор, академик;

    Сәрсенбай Р. С. – «Жас алаш» газетінің Бас редакторы;

    Тайжан М. Т. – «Болатхан Тайжан» қорының Төрағасы;

    Терещенко С.А. – Славян, орыс, казак қауымдастығы бірлестігінің Төрағасы,

    мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері;

    Тоғжанов Е. Л. – Қазақстан халықтар Ассамблеясы Төрағасының орынбасары;

    Тоқашбаев М. — «Президент және халық» газетінің Бас редакторы;

    Тұяқбай Ж. – «Азат» ОСДП партиясының Төрағасы;

    Нығматуллин Н.З. — «Нұротан» ХДП Төрағасының орынбасары;

    Шүкеев Ө.Б. – «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әлауқат қоры» акционерлік қоғамының

    Төрағасы.

    Қазақстан халқына және ҚР Президентіне
    Ү Н Д Е У
    Қазақтілді орта толығымен қалыптаспай латын қарпіне көшу
    мемлекеттік тілге еш пайда әкелмейді.
    Тәуелсіздіктің 22 жылы ішінде мемлекеттік тіл мәселелерін шешу жолын ұсынған саяси партиялар, ҮЕҰ мен жеке тұлғалардың ұсыныс-талаптары орындалмай, әлі күнге дейін жыл сайын 100 мыңнан астам оқушының өзгетілді мектептерді  бітіруде. Үкімет жүргізген  тіл саясаты түбегейлі нәтиже бермеді. Осындай жағдайда ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылған қазақ әліпбиін 2025 жылы латын графикасына көшіру мәселесі қазірдің өзінде «орыс тілді» және «қазақ тілді» болып екіге жарылған қоғамның, әсіресе, қазақ тілділердің бас ауыруына айналғалы тұр.
    Жолдауда «қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» туралы ғана айтылады. Алайда, қазір еліміздегі 3 000-нан астам өзге тілде шығатын мерзімді басылымдар мен ақпарат құралдары, 4 000-ға жуық орыс тілді және басқа этникалық топ тіліндегі мектептер (47 пайыз), лицейлер, колледждер, жоғарғы оқу орындары (90 пайыз), орыс тілін қолданушы өндіріс орындары (100 пайызға жуық), қаржы мен банк мекемелері, сот пен құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және т.б. мекемелер − орыс тілді қауымның үйреншікті тілдік ортасын сақтауға қызмет етуде.  Еліміздің Кедендік Одаққа және Еуразиялық Экономикалық Одаққа енуі бұл үрдісті одан әрі дамытады. Өйткені, еліміздегі орыс тілінің қолданысы Ата Заңымыздың   «орыс тілі ресми тіл ретінде қазақ тілімен қатар қолданылады» делінген 7-бабына қайшы емес. Сондықтан  қазақ тілі әліпбиінің латынға ауысуы орыс тілі үстемдігін күрт арттыруы мүмкін.
    Ал қазақтілді қоғам, ары қарай, тағы да екіге бөліну алдында.
    Бірі – сталиндік-голощекиндік қарқынмен тезірек латынға өтуді үгіттеушілер. Екіншісі – қазақ тілі латын қарпіне көшкені дұрыс, бірақ қазақ әліпбиінің жеке дара көшкенін қаламайтындар, яғни бұл істі, меншік түріне қарамастан, білім жүйесі мен БАҚ, 140 этникалық топ пен қазақ ұлты құрайтын біртұтас қазақстан халқы, «Ел бірлігі» доктринасында жазылған «2020 жылы қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді білуі керек» деген мақсат пен «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» қағидасына сай, біртұтас ұлт болып өтейік деген топ.
    Жаппай жемқорлық жайлаған елде, ұлттың болашағына әсері мол, мұндай аса күрделі істі бастаудың өзі қауіпті.
    Өйткені, қаншама министрі «сыбайлас жемқорлық» қылмысы үшін сотталған, «үдемелі индустриалды жобаларының» қайда қалғанын, оған бөлінген қаржының қайда кеткенін таба алмайтын және қызметін негізінен мемлекеттік тілде жүргізбейтін Үкіметке сену қиын. Бүгінге дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар орындалмай жатып және қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесіне сай қолданыс таппай жатқан шақта,  оны латын әліпбиіне көшіру − еліміздегі өзге тілді барлық азаматтарды қазақ тілінен одан әрі алшақтата түсуге қызмет етеді. Ұзақ жылдар тіл саясатын ретке келтіре алмаған Үкімет, енді, әліпби ауыстыруға жұмсалатын миллиардтаған қаржыны да талан-таражға түсіруі әбден мүмкін. Сөйтіп, соңында қазақ тілі не латын графикасына көше алмай,  бұрынғы жазуды да жоғалтып − қалайда орыс тілін мемлекеттік тілге айналдыруды көздегендердің арнайы құрған торына түсіп, қапы қалмайық, ағайын!
    Біз, біртұтас Қазақстан халқы бөлініп-жарылмай бір ғана ортақ әліпбиде қалуы керек деп санаймыз!
    Ол үшін еліміздегі барша этностардың үнін таза шығаратын 42 әріптік кирилл негізіндегі қазақ әліпбиіне Қазақстанның мемлекеттік әліпбиі мәртебесін беру керек. Сонда ғана Қазақстанда қазақ ұлтымен қатар орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік және т.б. этникалық топтар осы әліпбиді қолданып, «Ел бірлігі» доктринасы мен «ҚР тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген толерантты қазақтілді орта қалыптастыруға мүмкіндігін сақтайды және  өз үлестерін қоса алады.  Сондықтан біз қазіргі әліпбиіміздің бар әлеуетін, елімізде қазақ тілінің қанат жаюына, мемлекет және қоғам өмірінде қостілділіктен арылуға, ұлттық валюта мен өзге де мемлекеттік рәміздердің қос тілде қайталануын доғаруға, мемлекеттік тілді мәртебесіне сай ұлтты ұйыстырушы деңгейге жеткізуді мақсат ете отырып, әліпби ауыстыру мәселесін, үні қазақша таза шығып,қазақ тілімен өмір сүретін келесі ұрпақтың еншісіне берейік..
    20 қаңтар 2013 жыл.
    Үндеуді қолдаушылар:

    Gaziz Tortbayev

    Профессор Су Бэй Хай, Қазақ хандығының құрылымын талдай келіп, оны жеті баспалдаққа бөледі:
    1) Біріншісі-ауыл. Ауыл ең жақын қандас, кем дегенде он отбасынан тұрады. Әр ауылдың басқаратын адамы болады. Ауылбасы; өмір көрген, саяси беделге ие, ауқатты, адал адам болып келеді. Ауылбасының атқаратын міндеттері: өз ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көшіп-қону уақытын белгілеу, адам және көлік күшін дұрыс пайдалану, адамдар арасында дау-жанжалды өз уақытында әділ шешу, ауылға түскен салықты дер кезінде төлеп тұру.
    2) Екіншісі-ата аймақ. Жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құрылады. Ата аймақтың басшы адамын ақсақал деп атайды. Ақсақал өте жоғарғы мәртебеге ие, орта жастағы адам болуы керек.
    3) Үшіншісі-ру. Ол 13-15 аймақтан құрылады. Оның басшысы-Ұлыс басы деп аталады.
    4) Төртіншісі-арыс. Арыс бірнеше рудан құрылады. Оның басшысы-Би деп аталады.
    5) Бесіншісі-ұлыс. Ұлыс бірнеше арыстан құрылады. Ұлыстың билеушісі-Сұлтан. Сұлтан әдетте ақсүйектердің әулетінен болады.
    6) Алтыншысы-жүз. Жүз бірнеше ұлыстардан құрылады. Жүзді хан билейді.
    7) Жетіншісі-хандық. Хандық үш жүзден тұрады. Хандықтың ең үлкен әміршісі-Хақан.
    Әрі қарай қытай ғалымы Хақанның (Ұлы ханның) Қазақ хандығының ең жоғарғы әміршісі болғандығын, бүкіл елдің әскери күшін басқарғанын билік айту мен заң хұқығын жүргізіп, ішкі-сыртқы саясатты бағдарлағанын айтады.

    1989 жылы Қытай Халық Республикасында, Үрімші қаласында профессор Су Бэй Хайдың «Қазақ мәдениетінің тарихы» деген кітабы шыққан. Қазақ халқы көшпелі ел, ол ертедегі жазу мәдениетіне ие халықтардың бірі. Жоғарыдағы аталған еңбек, батыр, ақылды және қазақ ұлтының пәлсапа, ғылым, медицина, тарих, заң, әдебиет, дін, саз, би, ою өнері, тоқымашылық саласындағы жетістіктері мен жасампаздықтары жайлы мағлұмат береді.

    Статья 21. Государственный язык

    I. Государственным языком Азербайджанской Республики является Азербайджанский язык. Азербайджанская Республика обеспечивает развитие Азербайджанского языка.

    II. Азербайджанская Республика обеспечивает свободное использование и развитие других языков, на которых говорит население.

    Статья 13

    Государственным языком Туркменистана является туркменский язык.

    Всем гражданам гарантируется право пользования родным языком.

    Статья 10
    1. Государственным языком Кыргызской Республики является кыргызский язык.
    2. В Кыргызской Республике в качестве официального употребляется русский язык.
    3. Кыргызская Республика гарантирует представителям всех этносов, образующих народ Кыргызстана, право на сохранение родного языка, создание условий для его изучения и развития.

    Статья 7

    1. В Республике Казахстан государственным является казахский язык.

    2. В государственных организациях и органах местного самоуправления наравне с казахским официально употребляется русский язык.

    3. Государство заботится о создании условий для изучения и развития языков народа Казахстана.

    Статья 10. Государственным языком в Украине является украинский язык.

    Государство обеспечивает всестороннее развитие и функционирование украинского языка во всех сферах общественной жизни на всей территории Украины.

    В Украине гарантируется свободное развитие, использование и защита русского, других языков национальных меньшинств Украины.

    Государство способствует изучению языков международного общения.

    Применение языков в Украине гарантируется Конституцией Украины и определяется законом.

    {Официальное толкование положений статьи 10 см. в Решении Конституционного Суда № 10-рп/99 от 14.12.1999}

    Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан үзінділер:

    … Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.

    ????????????????????????????????????????????????

    … Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады.

    ????????????????????????????????????????????????

    … Орыс тіліне және кириллицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі.

    ??????????????????????????????????????????????????

    … Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады.

    ????????????????????????????????????????????????????

    …Бүгінгі күні Қазақстанның барлық азаматтары тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие…

    … Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған шаңырағына айналды.

    ???????????????????????????????????????????????


    ҚАРА ӨЛЕҢДЕР

    Кемсітіп күш көрсетпе кішкенеге,

    Дүниеде кішкене емес ештеңеде

    Шаңнан жер, қиыршықтан тау құралған,

    Ал, кірпішсіз кең сарайлар істеле ме?

    Адам тәрбиесінің жаңа ілімі

    Ұрпағым тәрбиелі, дені сау, алғыр болсын десеңіз,

    Ілімді, ұлттық тәрбие негізіне сүйенген, санаңызға іліңіз

    Бірінің міндетін біріне, жүктеуге әсте болмайтын,

    Совет-Хан Ғаббасов зерттеген, жеті кезең тізбегінен өтіңіз

    Текті құда тапқанға, разы болып ата-анаңыз,

    Ұлт дәстүрін ұстанып, отбасын құрған болсаңыз

    Ілімді зерделеп жұбыңызбен, арман етіп нәтижесін,

    Талаптарын , орындауды мұқият, мойныңызға алыңыз

    Жібімеген тоң жерге, әлсіз-ауыру дән ексек,

    Ешқашан бітік шықпас мол өнім, кесек-кесек

    Ертерек ойлау керек, сондықтан, тазалығын ұрықтың,

    Ұрпағымыз уланбай, мыйы толық, ақылды болсын десек

    Сіз, ол үшін, салауатты өмір салтын сүйіңіз,

    Шаттық пен жақсылыққа толып, көңіл-күйіңіз

    Өзгерісті бастаңыз, сәби сүю ойыңыздан көп бұрын,

    Ішімдікті тыйып мүлде, тек табиғи таза ас-су ішіңіз

    Ана құрсағындағы тоғыз ай, тәрбиенің екінші кезеңі,

    Қайталап бар тіршілік ғұмырын, қаланар тәрбие-білім негізі

    Ой толғап сыбыс пен дыбысқа, үн жинаған тынысқа,

    Нәресте келер өмірге, толысқан түйсік-сезімі

    Айқаймен бастайды үшінші кезеңді, бар адамзат баласы,

    Жүрек тербер үнімен анасының, оянып оның санасы

    Қауызына тарының, сыйдырған он сегіз мың ғаламды,

    Құдіретімен Алланың, адамның ғана, бұған келген шамасы

    Тәрбиенің мұнан соң, келер балбөбек атты кезеңі,

    Бесік жыры кіріп құлақтан, толығар сана-сезімі

    Уызында қанып ана сүтіне, ұлттық рух қонар бойына,

    Мейірімімен ата-әженің, аялаған, қалыптасар оның мінезі

    Өмірдің ең тәтті кезі, сірә, сәбилік кезең болар,

    Сағынышпен жырлап өткен, талай сазгер-ақындар

    Тәрбие-білімді ойнап жүріп сімірген, қызықты шақ,

    Әсерінен ана тілінің, ақыл тәрбиесінің негізі қаланар

    Балиғат кезеңінде, махаббат сезімі бүршік атар,

    Бір арнада, тербетіп екі жасты, жүрек қағар

    Сездіріп келгенін, балалықпен қоштасар шақ,

    Әбден қайнап, ұлттық тәрбие көрігінде, адам болар

    Ұрпағына әу-бастан, он үшінде отау иесі,

    Деп айтатын әрдайым, бабалардың жұғып киесі

    Жастықтың оты жалындап, жас жүректе жанған шақ,

    Басталады өмірдің, кәмелеттік кезең атты белесі

    Ілімді меңгерсеңіз, ыждахатпен, бір күн тынбай,

    Ретімен орындалса, жеті кезең талаптары ойдағыдай

    Жанының он екі арнасы ашық азаматпен, ұлт толығар,

    Ойы мен оның әр ісіне, разы болар ылғи, құдай

    Алматы облысы, Қырғауылды ауылы.

    25 желтоқсан 2012 жыл

    Болат Нәукенұлы Бөтеев.

    Бүгінгі ауыл өмірі


    Бүгінгі ауыл адамы не қылса да, ісі бір өнбейді,

    Әйтсе де, бұл заманда кедейліктен кісі өлмейді.

    Жеріміздің асты-үсті толы байлық болса дағы,

    Қазақтың аяқ-қолын, жоқшылық неге кісендейді?

    Баға алмайды бүгін, қорадағы бес-алты қой, сыйырын

    Тұрғынның көпшілігін құрайтын, кембағалы ауылдың

    Тарылтып, аз малын жаяу баққан, бейшараның тынысын

    Сұм әкімдер сатуда, әр ауылдың онсыз да аз, мал өрісін

    Жыл бойғы табысы отын-су, тамағынан артылмайды,

    Әзірше көмек боп тұр, бодандық еңбектің шапағаты.

    Шал-кемпір кеткеннен соң, Ауылдың күні не болады,

    Тәуелсіз еңбектің пенсиясын, жинауға жоқ шамасы.

    Түсіп ап, қыр соңынан көп қазақтың, қу кедейлік,

    Тізерлеткен сорлыны, найзасын үшкір ылғи таяп

    Қалмаса да еңбектен, өзгелер төзбейтін, жанын аяп,

    Сонда да бұйырады ең төменгі ақшасы зейнеткерлік

    Күйзелту, тиімді өндірісін ауылдың, қате болды әу бастан

    Азық-түлік өніміне, Әлемде, сұраныс тоқтамаған ешқашан

    Бәленің бәрін бастаған, билікті жайлаған рухани дағдарыс

    Қазақ Елі шегінде жер болмайтын, өнім бермей бос жатқан

    Сату, азғындардың түпкі ойы, қазақтың Жері мен байлығын

    Тоқшылықта ұжымдасқан халықтың, сезіп ерік бермесін

    Жарлықпен таратқызған, үйлесімді ұжымшар-кеңшар жүйесін,

    Көпшілігі қазақтың, отбасын бағып, тұрақты терген ырысын

    Өзі білмей, тілін алмай білген ғалым, жақын — туыстың,

    Жібімеген тоң жерге, ақылсыз әумесердей, дән еккен

    Өзге тілді, өзге ойлы азғындардың сөзіне ерген Үкімет,

    Жерін сатып, ұлт басына мәңгі, салып қойды тауқымет

    Тәуелсіздік алған, шатаспасам, қазақ ұлты емес пе?

    Жоқ, әлде еркіндік алған халықтан, шенеунік-билік пе?

    Ойлаймын әр кез, сыбайлас жемқорлық жайлаған елімді,

    Ұлтқа жайлы басқару жүйесі, қашан орнар екен тиімді!

    Болат Нәукенұлы Бөтеев.

    Алматы облысы, Қырғауылды ауылы.

    26 желтоқсан 2012 жыл

    ҰЛТ МҰҢЫ

    Бауырым, білім үшін, өзге тілдің мейлі бәрін біл

    Бірақ та, Өз Еліңде тек қана, Өз Тіліңмен өмір сүр

    Сыйлайтын Ата жолын, Адам болсаң егер де

    Шындық ізде, ұлт тарихы қойнауынан, тереңде

    Ел-жұрттан ұят деп, өскен кеше Алаш баласы

    Болған соң, Ауыл оның, жауапкершілік ортасы

    Сақтаған ол, ұрпақ үшін, салт-дәстүрін ұлтының

    Шығарған ол, талай батыр,  Ел ағасы, Билерін

    Қазақи әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жазылмаған Ата заң

    Түйсіктік деңгейде орындаған, әр қазақтың баласы

    Азаматтық қоғамның арқа сүйер, негізгі ол құралы

    Елге жайлы-тиімді деп тапқан, ұлтымыздың санасы

    Түсінген мәнін тіршілік, бабалар ұстанымы өмірлік

    Бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық-ақ жаулық

    Баулымай еңбекке ұрпақты, баянсыз болар бұл тірлік

    Бабалар баққан сондықтан, үшінші байлық-он саулық

    Тайсалмай жаудан бабалар, Руымен бірге у ішкен

    Ұйысып Ауылға, бірігіп Руға, басын қосқан Алаштың

    Төрт түлікті мал күткен, қажырлы еңбек арқасы

    Бала санын шектемей, бағуға жеткен шамасы

    Сансыз малы сыймаған кешегі, қазақтың Ұлы Даласы

    Қаңырап бүгін бос қалған, бауырым соны ойлашы

    Неге, Тәуелсіз Қазақ Елінде, табиғи таза ас тапшы?

    Баға алмай бүгін отбасын, қаңғырған қазақ баласы?

    Бәріне кінәлі меніңше, өзгерген ұлттық ойлау қабілет

    Көрмей ұлттық тәрбие, билікке жеткен пенделер

    Түсінбейтін ұлт мұңын, өзге ойлы — өзгетілді  Үкімет

    Ал жөндеуге бұл жағдайды, көпшілік қашан бет түзер!?

    Қарсы қойып, өз бауырын өзіне, мақсатына жеткендей

    Қазақтың жауы қазақ деп, мәз болады азғындар

    Қарап тұрсам түріне, ол да қазақ, мен де қазақ

    Ұға алмай өзімізді, боламыз өзге жұртқа ылғи мазақ…

    Үйретіп сәбиіне өзге тіл, еткен ұлтсыз мүгедек

    Ата — ананы көргенде, қан жылайды жан-жүрек

    Жолын тауып қалайда, жүйелі іс-әрекет етпесек

    Қазақты, қалыс қалған бұл істен, аямайды келешек

    Болат Нәукенұлы Бөтеев.

    Алматы облысы, Қырғауылды ауылы.

    17 қырқүйек 2012 жыл

    ҚАЗАҚ,

    бай-қуатты болуы үшін,

    НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК ?

    Әлемдік басым күштер, орнатып кең өрмек-жүйесін

    Бұрысын терген әр ұлттың, саясатпен зымиян

    Басында қолдап жымысқы, соңынан тескен танауын

    Бұйдалы пенде, сорлатып ұлтын, аяусыз Елін тонаған

    «»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»
    Бүгінде, ақшалы азғындардың дәурені жүрген заман

    Партиялар мен БАҚ-тардың да көбін, солар құрған

    Тілінен, дінінен безгендер ғана тауып қолдауын

    Ұлтын сүйген жарандар, шеттеліп жаппай қуылған

    «»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»
    Сөндіру үшін, қазақтың бойындағы азаматтық сезімін

    Жасалған, құйтырқы Заңы мен Ережесі сайлаудың

    Толтырып жампоз, жалтақтардың партиялық тізімін

    Әккілерді парламентке кіргізер, боз кілемнің үстімен

    «»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"
    Ұятты аз ол жерде, ұятсыздар өзге тілді қаптаған

    Қазақтар көп, қағынан жерініп, ана тілін таптаған

    Санасыз мәңгүрттердің көйлегі көк, қарны тоқ

    Алаш жұрты шарасыз, партиясын құруға да әлі жоқ

    «»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"
    Әр сайлауда, не істерін білмей қазақ, қатты басы

    Бір Аллаға сыйынып баршамыз, ниет етсек ұдайы

    Жіберсе егер Жаратқан, ұлтты ұйытар әз жанды

    Шығар еді-ау бір жағадан, бар қазақтың сорлы басы

    «»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»
    Жұмаққа дәл бүгін, жете қоймас біздің жұрт

    Жойылмай, құлдық сана атты, қара құрт

    Бірігіп бас қоссақ, үйіріп дертке, қара бұлт

    Кеселінен айығып, ұлт басына қонар құт

    «»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»
    Отарсыздану саясатын жүргізетін тезірек

    Бар қазаққа ортақ, қозғалыс керек елгезек

    Иманды Алаш жұртын топтастырып көбірек

    Бұйдалы серкелерге, келтірер нағыз кебенек

    Болат Нәукенұлы Бөтеев

    5 желтоқсан 2011 жыл

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    25 Сәуір 2011 at 15:53 - Пікір жазу Комментарии отключены 4 493 рет қаралған ...