«ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы » Ел Ағалары. «Ұлағатты әңгімелер»

Журналист Ханымбүбі Ақжолованың 90-жылдық мерей тойы (фото-видео репортаж)
Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

Қазақ Елі, 22 қазан 2011 жыл

Кеше, 2011 жылдың 21 қазаны күні, ардагер журналист Ханымбүбі Ақжолованың 90-жылдық мерей тойын әріптестері, жерлестері және туыс-жекжаттары Алматы қаласында атап өтті.

Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

<object style="height: 390px; width: 640px"><param name="movie" value="http://www.youtube.com/v/RSXIQgLZtLo?version=3&feature=player_detailpage"><param name="allowFullScreen" value="true"><param name="allowScriptAccess" value="always"><embed src="http://www.youtube.com/v/RSXIQgLZtLo?version=3&feature=player_detailpage" type="application/x-shockwave-flash" allowfullscreen="true" allowScriptAccess="always" width="640" height="360"></object>

Журналист Ханымбүбі Ақжолованың 90 жылдық мерей тойы 1 бөлім

Журналист Ханымбүбі Ақжолованың 90 жылдық мерей тойы 2 бөлім

(… бейне материалдар әлі өңделуде, толық нұсқаны алам деушілер мына тел. 8-701-712 4511 хабарласса болады)

МЕРЕЙТОЙДАН ТҮСІРІЛГЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:

Журналист Ханымбүбі Ақжолованың 90 жылдық мерей тойынан фотокөріністер

<object style="height: 390px; width: 640px"><param name="movie" value="http://www.youtube.com/v/kBdPYWTTJbM?version=3&feature=player_detailpage"><param name="allowFullScreen" value="true"><param name="allowScriptAccess" value="always"><embed src="http://www.youtube.com/v/kBdPYWTTJbM?version=3&feature=player_detailpage" type="application/x-shockwave-flash" allowfullscreen="true" allowScriptAccess="always" width="640" height="360"></object>

«Улы Сталин» және Ханымбүбі Ақжолова

БІР ТҮЙІР ҚОРҒАСЫН ХИКАЯСЫ

Батыр да бір оқтық дейді… Тарының түйіріндей ғана қорғасын тіршілік иесінің өмірін тоқтата алады. Әрине, бұл ұрыс жағдайындағы оқиға. Бейбіт өмірде иненің жасуындай қорғасынның оққа ай­налмаған бір түйірі де бейкүнә жанның тағдырын қыл ұшына байлай алады екен! Мен мұны тоқсанның төріне жақындаған қарт журналист Ханымбүбі Ақжолова апамның өз аузынан естідім. Аяулы әзіз жанның алпыс жылдан соң ақтарып жайып салған жан сырынан жа­ным түршікті, жағамды ұстадым!

Өткен ғасырдың 70 жылдары… Аудандық газетте жүргенімізде бізден ит көйлекті бұрындау тоздырған Жұматай мен Базарбек, Мұхаметжан есімді әріптес ағаларымыз ол кісіні «арыстан апа» деп атар еді. Әрине, көзінше айтпайды, айту үшін де жан керек шығар… Ал біз, 20 жастың ар-жақ бер жағындағы редакцияның «бозөкпелері», неге екенін қайдам, ләжі болса ол кісінің атын атамауға тырысып бағатынбыз. Апталық лездеме үстінде әлгі батыр ағаларымыздың өзі «арыстан» туралы ұмытып, абайлап сөйлеп «апалап» қалатын. Жалғыз редакторымыз ғана әңгімесін «Ханеке» деп бастар еді. Білетініміз – апамыз қазақтың тұңғыш ашылған қызыл журналистика институтының қарлығаш-түлегі. Жұрттың бәрінің мысын басып, қайбірінің құтын қашырып жіберетін басты қасиет сол «қызыл журналистиканың» құдіретінде емес пе екен деген балаң ой кейде қылаң беріп қалатын. Қалай десек те, көнекөз һәм жәдігер апамыздың өзіне ғана лайық сұсты мінезі, салмақты болмысы бар еді. «Партия солдаты» деген идеологиялық ұғымның түп-төркініне де сол жылдары «арыстан апамыздың» қимыл-қарекетінен қаныққандаймыз. Апамыздың шынысы да, мүйізі де қалың көзілдірігін қолына алып, түюлі қабағымен көзіңе тіктеп қарап, хал-жағдайыңды сұрағанының өзіне сынақ үстіндегі солдаттай сасқалақтайтынбыз. Ертеңгісін «Газет неге кешікті?» деген сұрауының қорғасындай салмағы туралы тәптіштеп айтудың өзі бір ғанибет. Онысы газет неге уақтысында жарыққа шықпады дегені, ол кісі газеттің редакторы болмаса да, редакциядағы партия ұйымының хатшысы. Еңбек тәртібін қадағалау тікелей міндеті. Өтірік айтуға қақың жоқ, жауапты хатшы болған соң, бәрін де бастан- аяқ баяндап шығуға мәжбүрсің. Оның үстіне, өзі қадап айтқандай, партия қатарына өтуге үміткердің бірі емеспін бе?! Айтпақшы, менің партия қатарына өту үшін аупарткомға барғанымның өзі бір жыр.

Әлі есімде, апам мені бюроға ертіп әкелді. Дайындығым тастай. Коммунистік партияның жарғысынан бастап, осыны сұрап қалар деген жайттың бәрін жаттап алғанмын. Бюроға бірінші кірген орыс жігітінің кіруінен шығуы тез болды. Ендігі кезек менікі. Ішке кірсек, төрде әйгілі актер Жантөриннен аумаған бір пенде отыр. Үлкен бөлменің бір қабырғасына қаз-қатар қойылған қызыл орындықтарға бір қауым ел қаздай тізіліп жайғасыпты. Бірінші хатшының алдындағы ұзынша үстелде де ентелей, үймелей отырған адам. Бірінші хатшы қол астындағы қағазға шұқшиып міз бағар емес. Мынадай ортада, әрине, торға түскен торғайдай күй кештім.

Бірінші хатшы мен пақырға көз де салған жоқ. Ақжолова апам орнынан тұрды. Бірден байқағаным, өзімізге, көзімізге таныс маңғаз апам маған әлденеден именіп тұрғандай көрінді. Бұрын-соңды біз естімеген бәсең дауыспен аты-жөнімді қызметімді, журфактің үшінші курсында сырттай оқитынымды тігісін жатқызып оқып берді. Дауысы қарлығып, қайта-қайта жөткірінді. Бүкіл аудан бойынша беделі бес батпан «арыстан апамның» мынадай күй кешкенін алғаш көруім. Бірінші хатшы енді маған мойын бұрды. «Жамбыл ауданында қанша сауыншы бар?» «Апырай, мұндай да сұрақ болады деп кім ойлаған?» Әр тоқсан сайын сауыншылардың көрсеткіш қорытындысының тізімін беріп жүретін аудандық газеттің жауапты хатшысы емеспін бе?! «Үш қатардан боргеспен терілгенде тоқсан жол, корпуспен терілсе сексен жол, бас тақырыбын алып тастағанда…» деп жандалбасалап жатып, есептің жауабын дәл табуға қалғанда, «Қанша жылқышы бар? Қанша шопан және оның қанша көмекшісі бар?» деген сұрақтар маған қарай пулеметтен атқан оқтай жауды. Есеңгіреп қалдым. «Жас екен, келесі жылы да­йындалып келсін! Партия хатшысы да… дайындалсын!» деп нығырлай айтылған соңғы сөз де есімде. Түсіндіңіздер ме, келесі жылы! Апамда үн жоқ. Қатты қобал­жығаны білініп тұр, көзілдірігін бір киіп, бір шешіп әлек. Осы сәт Жұматай Қалығұлов ағамның «Бұл кісі партиядан таяқ жеген адам, Сталиннің заманында бір әріп үшін атылып кете жаздаған» деген бір әңгімесі еске түсті.

Алайда апамыз алпыс жыл ішінде сақтаған, адам тағдырына араласқан бір түйір қорғасынның сырына араға ширек ғасыр уақыт салып қанықтым…

Бір кездегі «Большевик жолы», «Сталин жолы», «Екпінді еңбек» атауларын өзгертіп, «Атамекен» атауымен жарыққа шығып жатқан қасиетті қара шаңырақ – Жамбыл аудандық газеті 80 жылдық туған күнін атап өтуге құлшына дайындалып жатқан. Жастық өмірінен бастап зейнет жасына дейін осы газеттің отымен кіріп, күлімен шыққан қаламы қарымды журналист Ханымбүбі Ақжолова апамыз өз газетімен замандас әрі мұңдас. Содан да оны көлікке отырғызып, баяғы өзіміз бірге қызмет еткен аудандық газеттің редакциясына алып келгенім бар. Тастан қаланған ғимараттың бергі есігінен редакцияға кіріп, екеуміз одан әрі баспаханаға бас сұқтық. Бар жүйе компьютерлендірілген. Шағын цехтағы Ұлтуғанның бет қаттайтын қаңылтырмен тысталған қара үстелі мұражайдың жәдігеріндей, жас­тығымның айнасындай көзіме оттай басылды. Баспахананың қаңырап тұрған бар бөлмесін армансыз аралап жүрген апам да осы жерге келгенде кідірді. «Балам, бері таман келші» деп мені кішкене терезенің тұсына жақын шақырды. Әмиянын ашып, ішінен мұқият бүктелген бармақтай сары қағазды алды. Ашты. Әбден умаждалған сары қағаздың ішінен иненің жасуындай бір түйір қорғасын шықты.

…1949 жыл. «Сталин жолы» газетінің кезекті саны шыққан алакеуім таң «аттандаған» төтенше оқиғамен басталыпты. Газеттің редакторы Ханымбүбі Ақжолованы НКВД-нің екі қызметкері үйінен дедектетіп, баспаханаға алып келеді. Түкке түсінсе бұйырмасын. Әйтеуір жүрегі бір жамандықты сезгендей. Баспаханадағы газет басу машинасының жанында ауданның бірінші хатшысынан бастап, тіпті облыстың мүйізі қарағайдай белсенділері абыр-сабыр жүр. Өңдері өрт өшіргендей. Атынан ат үркетін мекемеде қызмет атқаратын бейтаныс азаматтар да баршылық. Газет басушы жас жігітті аудандық милицияның түрмесіне қамап тастапты. Көзі шарасынан шыққан бірінші хатшы қолындағы газеттің бірінші бетін редактордың тұмсығына тақап «Жолдас Ақжолова, мынау не масқара?» дегенде барып мән-жайға қанықты. Газеттің бірінші бетіндегі үлкен әріппен басылған «Улы Сталин жасасын!» деген жазуға көзі түсті. Жүрегі аузына тығылып, басы айналып, құлап түсті. Есін жиса, әлдекімдер су бүркіп жатыр екен. Ол заманда қазақ әліпбиіндегі қазіргі «ұ» әрпінің рөлін төбесіне сызықша қойылатын «у» әрпі орын­дайтын. Әбден ыңыршағы шыққан ескі баспа мәшинесі селкілдеп, зырылдап бергенде сол «у» әрпінің үстіндегі сызықша ұшып түскен. Газет басушы байқамаған. Ұлы Сталин бірден «улы» болып шыға келген. Редактордың түннің бір уағында «Басылуға рұқсат» деп қол қойған газеті табылып, ондағы «Ұлыға» көздері жеткен құпия қызметтің агенттері коммунист Ақжолованың бұл әрекетті әдейі жасамағанына аз-кем иланғандай сыңай танытады. Жұрт баспа мәшинесінің айналасын сүзгілеп, кездейсоқ ұшып кеткен «у» әрпінің төбесіндегі түйір қорғасынды жанын шүберекке түйіп іздейді…

– Апаңның көретін күні алда екен, жапа-тармағай іздеп, осы биттей қорғасынды тауып алдық… аман қалдым, сол күні-ақ алып кететін еді… несін айтасың, балам-ай! Редакторлық қызметтен босатты, партиялық қатаң сөгіс жариялап, газетте кіші қызметке қалдырды. Сыртымнан бәрібір қауіпті «контра» ретінде бақылау қойыл­ды. Газет басушы жігіт салғырттығы үшін ит жеккенге айдалды, одан арғы тағдыры маған беймәлім… – деген аяулы жанның күңгірт дауысы тарихи топалаңның сол кезеңдегі адам тағдырын ойыншыққа айналдырған азапты жылдарының азалы сәттерін көз алдыма елестетті. Адамдар өз қолдарымен жаса­ған қатігездік пен аяусыздықтың арбауынан шыға алмаған дегенге сенесіз бе? Тағдырдың тәлкегіне сағы сынбай төтеп берген жүректі азаматтың, өзіміз тәлім-тәрбиесін көрген ардақты ананың иығынан құшақтап, қолынан сүйдім. Жасты­ғымыздың ең аяулы шағында – зар заманның тосын тауқыметін көрсе де бір ауыз тіс жармаған сондайлық сабырлы да салмақты, салиқалы азаматпен бір кеңседе, бірге қызмет еткенімді мәртебе санап, қатты толқыдым…

Талғат СҮЙІНБАЙ.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы.

(«Егемен Қазақстан» газеті, Сенбі, 25 Маусым, 2011 жыл)

Оразалы Сәбден:»Халқымыздың, ұлттық болмысын жоғалтпай, әрі өркениет көшінен қалмай дамуы жолында ғалымдар белсенді ат салысуы тиіс»
Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

Қазақ Елі, 7 маусым 2011 жыл.

«Алаш үні» Қоғамдық Бірлестіктер Одағы «Билер Кеңесінің» кезекті отырысына дайындық барысында Ел ағалары, қоғам қайраткерлері және ғалымдар бас қосып кеңестер өткізуде.

Қазақ ұлтының барлық мәселесі, барша қазақ Өз Елінде,

балабақшада, мектепте, ЖОО, үйде де,  түзде де,

өндіріс пен ғылымда да, АНА тілінде сөйлеп, бірін-бірі

түсініп-топтасып-бірігіп

өмір  сүргенде ғана шешіледі!!!

2011 жылы 7 маусым күні бас қосқан, ғалымдар кездесуінен бейнесюжет:

<object classid="clsid:d27cdb6e-ae6d-11cf-96b8-444553540000" width="425" height="349" codebase="http://download.macromedia.com/pub/shockwave/cabs/flash/swflash.cab#version=6,0,40,0"><param name="allowFullScreen" value="true" /><param name="allowscriptaccess" value="always" /><param name="src" value="https://www.youtube.com/v/oiDRBPEcK4A?version=3&hl=ru_RU" /><param name="allowfullscreen" value="true" /><embed type="application/x-shockwave-flash" width="425" height="349" src="https://www.youtube.com/v/oiDRBPEcK4A?version=3&hl=ru_RU" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true"></embed></object>

Оразалы Сәбден:«Ұрпағымыз коррупциясыз қоғамда өмір сүруі үшін күресейік!\»

ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ: «ҚАЗАҚ ЕЛІ мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының үйлесімді дамуы ЖАЙЛЫ ОЙЛАР»

(НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ: «МЫСЛИ О гармоничном развитии государственности и гражданского общества ҚАЗАҚ ЕЛІ»)

Кітапшаны оқу үшін осы жерді басыңыз

Ұлтымыз мәңгі жасасын десек, өз Еліміздің шегінде, баршамыз Үйде де, Түзде де тек қана қазақша сөйлейік, ҚАНДАСТАР !!!
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

Қазақ Елі, 28 желтоқсан 2010 жыл

Ұлтымыз мәңгі жасасын десек,

өз Еліміздің шегінде, баршамыз Үйде де, Түзде де

тек қана қазақша сөйлейік, ҚАНДАСТАР !!!

Біздің дана ата-бабаларымыз  атаға, ауылға, руға топтасып -тайпаға, жүзге бірігіп – біртұтас Қазақ Елі болып өмір сүріп, сыртқы жауларға қарсы тұрға алған.

Олар осылай ғана кең-байтақ жерімізді, сарқылмас байлығымызды қорғап – сақтап бізге жеткізді. Бүгінгі ұрпақтың мақсаты – тірі жүру мен қарын тойдыру ғана емес, қасиетті жерімізді, оның зор байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін, мемлекеттілікті ұлт мүддесіне қызмет еткізе алатын – ұлттық жауапкершілік ортаны, яки, азаматтық қоғамды қалыптастыру.

Ұлтшылдығымызды құпия сақтаудан, өз елімізде – өгей, өз жерімізде – кедей болудан, жалған мәдениеттілік пен қазақ үнінің өшіп бара жатқандығынан шаршадық…

Бұдан әрі, көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлар жайлаған қоғамда, құлшылық өмір сүру мүмкін емес.

Бәріміздің де жауап берер кезіміз келді:

Ұлт болып қаламыз ба?  Жоқ па?

Бізге қақтығыстар мен төңкерістер керек емес, бізге қажеті – Ұлттық  мемлекетімізді дамыту.  Бізге ештеңені бүлдірудің де, сындырудың да, өзгелерге жалтақтап-еліктеудің де қажеті жоқ…

Бізге керегі – қазақтың тарихын зерделеу арқылы, Қазақ  Елі  азаматтық қоғамының алтын діңгегі болатын, қазіргі заман талаптарына лайық, еліміздің заңдарына сай, біртұтас халқымызға ортақ әр деңгейдегі көп салалы «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарын құру.

«Отбасы – жеке қазақ» деңгейлеріне дейін ыдыраған бүгінгі ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ, ұрпағына толыққанды ұлттық тәрбие бере алмайтын жағдайда отыр.

…әлімсақтан қазақ санасында, АУЫЛ деген ұғым өте киелі. Ел-жұрт топтасып қоныстанған елді мекен, үлкен-кішілігіне қарамай,  АУЫЛ  деп аталып, ол жерде ұлттық ТӘРБИЕЛІК  және  ЖАУАПКЕРШІЛІК  ОРТА қалыптасып,  ұрпақ тәрбиесі дұрыс жүйелі жолға қойылған еді. Бұл ортадан тәрбиелі, қарапайым еңбекқор қазақтармен қатар ұлтының мақтанышы болған, АУЫЛДАСТАРЫНЫҢ алдындағы жауапкершілікті жан-тәнімен сезінген, жігіт ағалары, ауыл ағалары, ауыл ақсақалдары, Ел ағалары, ақын-жыраулар, батырлар, әмбебаб-ұсталар, ғұлама билер үздіксіз шығып отырған…

Бүгінгі Қазақ Елінде қалыптасқан жағдайды түзеу үшін, әр-бір елді мекенде (ауылда), бірінші кезекте ірі  қалаларда, отырықшылыққа ерте өткен өзбек ағайындардың (мәхалла) үлгісімен – «микрорайон», «ықшамаудан», «квартал», «бәленбай-сити» т.б. басын құрап отырған —  қазіргі ПИК (КСК) – терді АУЫЛДАР деп атап, онда қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында, өмір елегінен өткен, парасатты ауыл ақсақалдары – ел ағаларынан БИЛЕР сайлап, осындай әр АУЫЛДЫ — ТӘРБИЕЛІК  әрі  ЖАУАПКЕРШІЛІК  ортаға айналдыру үшін, сол ауылдарда барша тұрғындарға ортақ көп салалы «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарын ұйымдастыру керек…

Жеке азамат отбасына – отбасының белсенді мүшелері әр ауылдың (елді мекеннің) мәдени-ағарту Клубтарына топтасып-бірігіп– мыңдаған «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтары арқылы – гүлденген ҚАЗАҚ  ЕЛІНЕ айналайық!

Қазақтың ұлттық ойлау қабілетін  жаңғыртушылардың ең басты міндеті – әрбір жанның қанында сақталған тарихи жадын қозғауға белсене ат салысып, жады оянған  азаматтардың басын қосып, Қазақ  Елі заңдары аясында, қазіргі заман талаптарын ескере отырып, кемеңгер ата-бабаларымыз бізге  АМАНАТ  етіп кеткен қазақ азаматтық қоғамының  шежірелік (корпоративтік) жүйесін  қайта жаңғыртып, нағыз ұлттық ТӘРБИЕЛІК әрі ЖАУАПКЕРШІЛІК ортаны қалыптастырып, халық мүддесін қорғауда,  Қазақ Елінің біртұтас халқы таңдаған  БИЛІККЕ белсенді қолдау көрсету.

Қазақ Елі азаматтық қоғамын жаңғырту формуласы немесе тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:

Егер біртұтас Қазақстан халқының кез-келген өкілі, өзі өмір сүрген елді мекенде, өзі сияқты 13-тен аса жанға беделді болып, топтастырып, сөзін өткізе алатын тәрбиелі-білімді азамат болса – ЖІГІТ АҒАСЫ атағына ие, өзінікі сияқты 13-тен аса отбасына беделді болып, ұйыстырып, ақылын айтып, тұрмыстық мәселелерді шешуде көмек бере алатын өмірлік тәжірибесі бар отағасы болса – АУЫЛ  АҒАСЫ атағына ие, 13-тен аса АУЫЛ АҒАСЫНА беделді болып, оларды өнегелі іске жұмылдырып, ұлағатты сөз айта алатын парасат иесі болса – АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ атағына ие, 13-тен аса АУЫЛ АҚСАҚАЛЫНА беделді болып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысып, елді ұйытқан тұлғалы азамат болса – ЕЛ АҒАСЫ атағына ие, 13-тен аса ЕЛ АҒАСЫНА беделді болып, топтастырып, бір ауыз сөзімен дауды шешетін кемеңгер тұлға болса – БИ атағына ие болатын ТӘРБИЕЛІК һәм ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАНЫ құруға белсенді қатысса, сонда бұл орта жергілікті өзін-өзі басқарудың, яки ұлттың өзін-өзі сақтауының, табиғи сұрыптауға негізделген Жүйесін  қалыптастыратын еді.

Сонда ғана ұлттық ойлау қабілеті жаңғырған қазақ  халқы ТІЛІНЕ, САЛТ-ДӘСТҮРІНЕ, ДІНІНЕ, ЖЕРІНЕ  түбегейлі ИЕЛІК етіп БАЙ-ҚУАТТЫ өмір сүрер  еді, сонда ғана қазақ халқына басқа діни ағымдар, тіпті  жахандануда қорқынышты болмас еді.

Кітапшаны толық оқығыңыз келсе, мына сілтемеге кіріңіз:

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ, бай-қуатты болуы үшін, НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК ?

Домбырашы ДИНАНЫ көріп, одан тәлім алған, ұлттық музыканың жанашыры Сәнен Самиғоллақызы Ажиевамен бейнелі сұхбат
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

Қазақ Елі, 6 шілде 2010 жыл

2010 жылы 5 шілде күні, «Мәдени саясат және өнертану» институтының «Музыка және акустика» зертханасы меңгерушісі, домбырашы-дирижер, өнертанушы ғалым Жұмагелді Нәжмеденов, Қазақ Еліне танымал домбырашы — мәдениет қайраткері Сәнен Самиғоллақызы Ажиевамен кездесіп, ұлтымыздың қоңыр үні жайлы әңгіме-дүкен құрды.

Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

<object style="height: 344px; width: 425px"><param name="movie" value="http://www.youtube.com/v/61EmajRLuSM"><param name="allowFullScreen" value="true"><param name="allowScriptAccess" value="always"><embed src="http://www.youtube.com/v/61EmajRLuSM" type="application/x-shockwave-flash" allowfullscreen="true" allowScriptAccess="always" width="425" height="344"></object>

Сәнен Самиғоллақызы Ажиеваның атақты домбырашы ДИНА жайлы әңгімесі

СӘНЕН АЖИЕВА мен ЖҰМАГЕЛДІ НӘЖМЕДЕНОВ домбыраның қоңыр үні жайлы 1

СӘНЕН АЖИЕВА мен ЖҰМАГЕЛДІ НӘЖМЕДЕНОВ домбыраның қоңыр үн жайлы 2

СӘНЕН АЖИЕВА мен ЖҰМАГЕЛДІ НӘЖМЕДЕНОВ домбыраның қоңыр үні жайлы 3

Атақты домбырашы ДИНАДАН тәлім алған Сәнен Самиғоллақызы Ажиева

СҰХБАТ БАРЫСЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:

(…басты кейіпкер жайлы біраз материалдар әлі өңделуде…)

Қазақ Елі білім саласының қара шаңырағында — «ТҰЛҒАЛАР ТАҒЫЛЫМЫ» дәрістері өтуде.(фото-видео репортаж)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Қарашаш Асқарбекқызы.

Қазақ Елі, 18 ақпан 2010 жыл

Қазақ Елінің жоғары білімді маман дайындау саласының қара шаңырағы, Абай атындағы педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымының докторы, профессор Серік Пірәлиевтің ынтасымен, жастарға парасатты ата-бабаларының ұлттық ойлау қабілетін егу мақсатында, аталмыш оқу орнында биыл  «Ұлттық тәрбие» кафедрасы ашылған еді.

Бұл бастама, рухани тәрбиеге сусаған еліміздің, ұлт болашағын ойлаған азаматтарынан қолдау тауып,  «Тұлғалар тағылымы» дәрістерін тұрақты өткізіп тұру кафедраның жұмыс  жоспарына енгізілгенді.

Алғашқы «Әдебиеттегі тәрбиенің мәні» атты дәрісті, елімізге танымал ғалым Серік Қирабаев өткізген еді.

2010 жылы 17 ақпан күні, Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, жазушы, “Махамбет” сыйлығының лауреаты, “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы, профессор Совет-Хан Ғаббасов «Адам тәрбиесінің жаңа ілімі» атты дәрісін өткізді.

Бұл дәріске, университет ректорының кеңесшісі экономика ғылымының докторы, профессор Көпжасар Нәрібаев бастаған, ұлттық тәрбие мәселелері толғандырып жүрген оқытушылар мен барша факультеттерден студенттер қатысты.

Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

<object style="height: 344px; width: 425px;" classid="clsid:d27cdb6e-ae6d-11cf-96b8-444553540000" width="100" height="100" codebase="http://download.macromedia.com/pub/shockwave/cabs/flash/swflash.cab#version=6,0,40,0"><param name="allowFullScreen" value="true" /><param name="allowScriptAccess" value="always" /><param name="src" value="http://www.youtube.com/v/xNyB83QVCWM" /><param name="allowfullscreen" value="true" /><embed style="height: 344px; width: 425px;" type="application/x-shockwave-flash" width="100" height="100" src="http://www.youtube.com/v/xNyB83QVCWM" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true"></embed></object>

СЕРІК ПІРӘЛИЕВ Мақсатымыз өнегелі, білімді жастар тәрбиелеу!

Ел Ағалары КӨПЖАСАР НӘРІБАЕВ пен С ҒАББАСОВ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ жайлы

ТҰЛҒАЛАР ТАҒЛЫМЫ дәрістері Профессор Серік Пірәлиевтің кіріспе сөзі

Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ дәріс 1 бөлім

Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ 2 бөлім

Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ дәріс 3 бөлім

Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ дәріс 4 бөлім

Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ дәріс 5 бөлім

Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ дәріс 6 бөлім

Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ дәріс 7 бөлім

Совет Хан Ғаббасов АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ дәріс 8 бөлім

Профессор С Ғаббасов тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беруде

<object style="height: 344px; width: 425px;" classid="clsid:d27cdb6e-ae6d-11cf-96b8-444553540000" width="100" height="100" codebase="http://download.macromedia.com/pub/shockwave/cabs/flash/swflash.cab#version=6,0,40,0"><param name="allowFullScreen" value="true" /><param name="allowScriptAccess" value="always" /><param name="src" value="http://www.youtube.com/v/Nzfj2vw4hXc" /><param name="allowfullscreen" value="true" /><embed style="height: 344px; width: 425px;" type="application/x-shockwave-flash" width="100" height="100" src="http://www.youtube.com/v/Nzfj2vw4hXc" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true"></embed></object>

ДӘРІС АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕРДЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:

Ел Ағалары «Ұлттық тәрбие» кафедрасының жұмыс жоспарын талқылауда.

Ұрпағының ұлттық болмысын, IT технология көмегімен, жаңғыртуды көздеген ҚАЗАҚТЫҢ АҚСАҚАЛЫ (фото-видео репортаж)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

Қазақ Елі, 10 ақпан 2010 жыл

<object width="445" height="364"><param name="movie" value="http://www.youtube.com/v/m6pP4woNp88&hl=ru&fs=1&border=1"></param><param name="allowFullScreen" value="true"></param><param name="allowscriptaccess" value="always"></param><embed src="http://www.youtube.com/v/m6pP4woNp88&hl=ru&fs=1&border=1" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="445" height="364"></embed></object>

Бүгін, Алматы қалалық білім басқармасының, ұстаздардың білімін жетілдіру институты мамандарының ұйымдастыруымен өткен семинарда қала бала-бақшаларының бір топ әдіскерлері, Қазақ Еліне танымал,  Мұхтар Әуезов пен Зейнолла Қабдоловтың шәкірті екендігінен артық дәрежені қажетсінбейтін, жаңашыл ұстаз Рамазан Жәшиұлының «Мақсатымыз — тәлімді ұрпақ тәрбиелеп, өсіру» атты дәрісін тыңдады.

Рамазан Жашиулы сабак беруде

Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

<object width="425" height="344"><param name="movie" value="http://www.youtube.com/v/rCej90CJoto&hl=ru_RU&fs=1&"></param><param name="allowFullScreen" value="true"></param><param name="allowscriptaccess" value="always"></param><embed src="http://www.youtube.com/v/rCej90CJoto&hl=ru_RU&fs=1&" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="425" height="344"></embed></object>

РАМАЗАН ЖӘШИҰЛЫ Мақсатымыз ТӘЛІМДІ ҰРПАҚ тәрбиелеп, өсіру

«Үлкен ойын» атты интерактивтік бағдарлама

Ата-бабамыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.    Ұрпағына табиғи түсінік салу арқылы оның ой құнарлығын қамтып,   бақылап отырған. Баланың тілін қазақ тілінің жаухарымен шығаруға күш салған. Қазіргі таң да Рамазан Жәшиевтің «Үлкен ойын» атты интерактивтік бағдарламасы баланың тілін  ақындық икеммен шығуындағы таптырмас дүние. Компьютерлік бағдарламаның негізгі мақсаты  баланын өз бетімен білім алуға, ойлай білуге дағдыландыру.

Бағдарлама 12 ойыннан 900 сағаттан тұрады. Бұл ойын 3-12 жас аралығындағы  балаларға арналған.  Ұлы далаға саяхат жасау арқылы бала табиғаттың тыныс-тіршілігімен танысады.

Сонымен қатар бала жеміс жидек базарына тап болады. Ол жердегі жемістер өлең жолдары арқылы өздерін таныстырады.

Негізгі меню арқылы оқушы таңдаулы саласын айшықтап алып, оған қажетті ақпаратпен қанығады. Сондай-ақ, ережелер мен сауалдардың жауаптары лезде ұсынылады. Әр жауапқа шешендік сөзбен жауап алады.

Рамазан Жашиев жасаған компьютерлік интерактивтік бағдарлама өз бетімен табиғи жағдайда ұлттық құндылықтар арқылы,қазақ даласының әсем табиғаты аясында,ұлттық саз бен күйлердің қостауымен баланы тәрбиелеу.

Білім саласы бағдарламалары мен жобалары авторы — Рамазан Жаши ұлы

Рамазан Жәши ұлы Бейісқали тегі — ҚазМУ-дың түлегі. Білім беру саласында отыз жылдай тер төккен оқу ісінің үздігі. Зейнет жасында да ұрпақ тәрбиелілігі мен білімдарлығы үшін әлі де талмай еңбек етіп, бүгінгі таңда 900 сағаттық компьютерлік интерактивтік бағдарламасымен Алматы, Атырау облысы мектептері пайдаланып, авторға жүрекжарды ризашылықтарын білдіруде.

2008 жылдан бері БҒМ-ның бұйрығымен мақұлданған «Ғұламалық мектеп» сабақтары «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан беріліп, шалғай ауыл балаларына ұлттық рух себуде.

Өзі М.Әуезов пен З.Қабдоловтың шәкірті болғанынан артық марапатты мойындамайды.

Семинардан көріністер:

Болат Наукенулы мен Рамазан Жашиулы

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ АТА ТӘЛІМІНЕ ҚАЙТА ОРАЛУ.

Ата-бабаның табиғи тазалығы сондай ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, үште баланың тілін шығарып, бесте атқа отырғызып, он үште отау иесі боларлық дәрежеге жеткізген. Ата-баба ұлдың ұлықсыздығы үшін қынжылып, қыздың қылықсыздығына ұялған. Сондықтан ауылдың ажарын қыз, тірегін ұл қылып өсіру үшін «қызға қырық, ұлға отыз үйден тыйым» беріп, ұйым болып тәрбиелеген. «Қыз қартайса, ұят кетеді» деп, құтты жеріне қондыру мен текті жерден келін алу, ұрпақтың тазалығын сақтау ең үлкен мақсат болған. Осындай тәрбиенің нәтижесі XIX ғ. шет ел саяхатшыларын «таң қалдырып, талып түсірді» емес пе?

Өткен ғасырда тамырымыздан ажыраудың азабын өте терең түсінген халық қаһарманы жаужүрек батыр Бауыржан Момыш ұлы болды. Ол: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Екінші, немересіне ертек айтып беретін әжелердің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ» деді емес пе?

Енді XIX ғасырда екі қазақтың бірі ие шешендік өнерден мүлде ада болуға таядық деуге де болады. Ринат пен Мұхтардың айтысында Ринаттың «Мұхтар Әуезовтың басына барып, тағзым еттің бе, оның бейіті қайда, қай шығармасын оқып келдің» деген сұрақтарынан Мұхтар тосылса да, айтыс жалғаса берді, халық та, қазылар да «Айтысты тоқтат» демеді, мәнінен айрылған айтыстың мыжылған түсінігін езгілеп тыңдай берді, тыңдай берді… Кейде ұятты осылай көп болып та көтереміз…

Сынаушылар көп-ақ, оны түзер жол қайда деп отырған боларсыздар, оның жолы сайрап жатыр…

Бала тілі қазақ тілінің жауһарымен шығуы тиіс Ата-баба баланың тілін қазақ тілінің жауһарымен шығаруға күш салған, себебі тілі жай ауызекі дәрежеде шыққан бала тілдің астарлы мәніне түсіне алмайтын дәрежеде есейеді де, «көрмес, түйені де көрмес» болып мәңгілік қалу қаупі туатынын аңғарған, астарлы сөзге түсінбегеннің ойы өресіз болатынын білген. Ата-бабаның осы көрегендігін басшылыққа алып, баланың үш жасынан бастап тілінің ақындық икеммен шығуына жағдай туғыздық. Балмұздақ: «Тәттілігім балдай, қаттылығым мұздай, балдай мұзбын мен балмұздақ» деп ақындық икеммен сөйлеп таныстырадыөзін. Немесе. «Мен Жетіқарақшы боламын, атым емес тым тәуір, адамдарға Темірқазықты тауып берем әйтуір» деп ойнақы сөйлейтіндер де табылады. Міне осындай жүзге таман өлең жолдары мен шумақтар арқылы тілі шыққан бала, тілдің құдыретіне еркінен тыс тәнті болады. Қай ұлттың да баласының тілін есту, көру арқылы ақындық икемде, қазақ тілінің жауһарымен шығаратын «Тіл шығару» бағдарламасымен Алматы мектептері асқан қызығушылықпен пайдалануда…

Балаға түсінікті кім бұрын салса, бала соныкі Ата-баба «балаға түсінікті кім бұрын салса, бала — соныкі» екенін, «баланың тілі қай тілде шықса, ол- сол тілдің құлы» екенін бізден гөрі тереңірек білген. Сондықтан бес-алты жасар баланың өзі руын, жеті атасын жатқа біліп, оларға сөз келтірмеудің қамымен ер жеткен. Сол биіктен көріну үшін «Тіл шығару» ойынында ақсақалға: «Мынау сенің Алатауың алыбың, Қаратауың қалыбың. Ұлылығың Ұлытау, Көрімдігім болсын саған Көкшетау. Маңғыстаумен, Түркістан, сансыз баппен толғанған, ашық аспан танымың. Ал кәнекей, қолыңды жай, балақай, бата берем: Өткеніңмен берік бол,бүгініңмен биік бол, әуелеп өс те, дана бол, Ұлы далаңа пана бол!» дегендей бата айттырдық. Бала атасына «Атырау қайда» деп сұрақ қойса, табиғат: «Мынау болар ер Каспий, көлден теңіз атанған. Оған құяды Ақ Жайық, бауырында Атырау» деп жауап қатады. Сыбызғы: «Мен сыбызғымын, менімен баба қой баққан, қой баққан емес-ау, ой баққан» деп бабалар туралы терең ойға жетелейді Осындай, бұдан да басқа өз ұлтының мақтана алатын артықшылығымен қанығып өскен ұрпақ өз тілін өгейсітпейді, түсінігін түзеттірмейді, кез-келгеннің етегінен ұстамайды…

Балаға жасанды емес, табиғи түсінік керек Ата-баба балаға табиғи түсінік салу арқылы оның ой құнарлылығын қамтып, бақылап отырған. Бала машинасын құрастырып болғаннан кейін «Бұл машина байлық емес, жай қатынас құралы. Барлық байлық байлық емес, нағыз байлық кітапта» деген түсінікке тап болады. Не атасымен сөйлесіп, үлкеннің алдын кеспеудің философиясымен танысады. Не өзінің «Өмір жолының картасы»-мен жүріп отырып, «темекі сатып алудың, ауру сатып алу» екенін, «жарды шимайлау, табиғатқа өшпес жара салу» екенін т.б. кейбір үлкеннің де мән бермей, кейде түсінбейтінін де бесіктен белі шықпай жатып-ақ біліп, ерте есейіп ер жетеді…

Табиғи түсінік пен жауһар тіл — қасиет иесі Өзен сөйлей келіп ойын: «Сатусыз менің еңбегім, пайдаланса есеппен» деп аяқтаса, күн мезгілі. «Таңертең ерте тұрып жуынатын кез, Жұмысқа асығып қуанатын кез…» деп сайрай жөнелсе, шие: «Шиемін мен шиемін шымқай қызыл, ұялсаң сен де боларсың мендей қызыл» деп ұят ұғымын айтса, қарлығаш: «… үйге салам ұямды. Адамдарға рақмет, ұялатқан ұямды» деп ризашылығын білдірсе, берілген тапсырманы орындау арқылы Өтейбойдақ бабасының «Көктемдегі жорғамаларға, өскінге, шикілікке тиіспе» деген ескертуімен танысады. Тапсырманы орындау арқылы «Жапырақты жұлмаймыз, ағаш көркі жапырақ. Көбелекті қумаймыз, гүлзар көркі көбелек» деп өз сұрағына өзі жауап беріп, көңілінің түкпіріне табиғи түсінік ұялатады. Осындай баланы ақындыққа баулитын ойындар мен тапсырмалар жеткілікті мөлшерде берілген

Бала шахматты үйренгеннен кейін, ойнау барысында мынандай түсінікке тап болады: «Сардар айтты, екі жүріп берем мат, екі сөйлеу, өтірік айту оған жат», немесе: «Ат атойлап секірді, құтқарам деп уәзірді. Сертте тұрмау, екі сөйлеу оған жат» т.б. осындай өлең жолдарын қайталап отырып ойнау арқылы бала өз бойына қасиет үйіреді. Сөз көңіл түкпіріне берік тұрақтану арқылы бірте-бірте қасиетке айналады.

Егер баламыз қазақ болып өссін десек, заман талабына сай оларға бірінші керегі: компьютер, домбыра, шахмат. Осы үшеуі болмаса, баланы менікі деп айтуыңыз жаңсақ болуы мүмкін, себебі олар компьютер клубындағы машина қуалаудан бастап, басқа да қуалаудың ауылынан бір-ақ шығады,.. құлаққа жағымсыз музыканың құлына айналады,.. ата тәлімінен қашақтай береді, қашықтай береді,.. өзінікі болмаған соң, өзгеге тәуелді болады, тәуелділік ұғымы қалыптасады…

Ата-баба ешқашан тура айтпаған, тұспал сөзбен баланың ойын өрістеткен, өнеге ұсыну арқылы тәрбиелеп, нені де өзінің ұғып, ұғынуына жағдай жасап, жасампаздыққа баулыған. Біз де осы өнегені басшылыққа алып, бүкіл ойын барысындағы қозғаушы күшті баланың өзі болуына бар жағдай жасадық…

Балабақша жоқ жерде де мектепалды даярлық проблемасы шешіледі Төрт жүз сағаттық «Алақай!» топтамасы деп аталатын «Тіл шығару», «Тіл үйрену, ой үйіру әліпбиі», «Ой алғырлығына баулу курсы» атты үш ойыннан тұратын бағдарлама арқылы «Балабақша» жоқ жерде де мектепалды даярлық проблемасын шешілді. Егер ел болашағы туралы ойлайтын ауыл Әкімі болса, бұл ойындарды елдімекендегі кітапхана не мәдениет ошағына салдырып қояр еді, сонда балабақша жоқ жердің баласы да тілін ақындық иіріммен шығарып, әріп танып, түсінігін қалыптастыратын мол тәжірибе жинап, ойын сан саққа жүгірте алатын дәрежеде мектепке толық дайындықпен келеді

Ұлт тағдыры, ата-ана мен әлеумет, өз қолымызда. Мектептің қолынан келетіні де, келмейтіні де бар.Көбіміз балаға нан тауып берсем болды емес пе деп ойлаймыз: нан тауып беру — бір жұмыс; ал жан азығын тауып беру — мың жұмыс. Ұлымыздың ұлағатты, қызымыздың қылықты болуы бәріміздің күш біріктіруімізде екенін ұмытпайық, ағайын!

Устаз Рамазан Жашиев №36 гимназияда:

<object style="height: 344px; width: 425px"><param name="movie" value="http://www.youtube.com/v/QOMJ9Cgb4oo"><param name="allowFullScreen" value="true"><param name="allowScriptAccess" value="always"><embed src="http://www.youtube.com/v/QOMJ9Cgb4oo" type="application/x-shockwave-flash" allowfullscreen="true" allowScriptAccess="always" width="425" height="344"></object>

Компьютерлік интерактивті бағдарлама авторы Рамазан Жашиев:

<object style="height: 344px; width: 425px"><param name="movie" value="http://www.youtube.com/v/mx0GUrjbSEs"><param name="allowFullScreen" value="true"><param name="allowScriptAccess" value="always"><embed src="http://www.youtube.com/v/mx0GUrjbSEs" type="application/x-shockwave-flash" allowfullscreen="true" allowScriptAccess="always" width="425" height="344"></object>

Компьютерлік интерактивті бағдарламалар авторы туралы:

Рамазан  Жаши ұлы Бейісқали тегі

КАЗМУ-дың түлегі. Мұхтар Әуезов пен Зейнолла Қабдолдың шәкірті болғанын ең жоғарғы бағаға балайды.

Атырау облысының Мақат ауданында ұстаздық етіп, сол кезде ұстаздың озық тәжірибесі БҒМ-ның бұйрығымен Атырау облысы мектептеріне таратылды. Зейнет жасында болса да, ұрпақ тәрбиесі мен білімі үшін жалықпай, талмай еңбек ету үстінде. Шәкірттің білім алып, білікті болуы мен тәрбиелілігін қалыптастыруға ата тәлімі негізінде жасалған компьютерлік интерактивтік бағдарламаларымен Алматы қаласы мен Атырау облысы мектептерінің оқушылары пайдаланып, ғылыми жобалар қорғап, «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан сабақтар беріп, ұстазға алғыстарын жаудыруда. Автордың бүгінгі таңдағы еңбегі оның өз сөзімен образды түрде айтсақ: «ҮШ-те тілін шығарып, БЕС-те ақынша сайратып, ОН-да шешенше толғатып, ОН ҮШ-те ел қамын ойлайтын ұрпақ қалыптастыру» болмақ. Бұл  бағытқа арналған компьютерлік бағдарламаның әзірге тоғыз жүз сағаттық электрондық өнімі дайын. Бұлар үш пен он үш жас арасына арналса, алда техникалық жоғары сауатты кәсіпқой ұрпақ дайындау жұмыстары күтіп тұр

Ұстаз — Атырау облысы Мақат ауданының құрметті азаматы. Оның «ҚАЗАҚТЫҚ» атты әңгімелер жинағы кәсіпкер азамат Талғат Акуевтің демеушілігімен қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. Егер демеушілер табылса, бар жиынтығы бес мың сағаттық өнімді дайындау жеделдеп, жүрегі ел  деп соғатын, әлемдік бәсекелестікке дайын ұландарымыздың жетіліп  қалыптысатынына ұстаз нық сенімді

Байланыс телефондары:

8-(727)-251-51-79     8-701-353-62-76

Аңыз, шежіре, жыр-дастандар тарих ғылымының қайнар-көзі бола ала ма? (фото-видео репортаж)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

Қазақ Елі, 1 ақпан 2010 жыл

2010 жылы 28 қаңтар күні «Қазақстан-ZAMAN» газеті оқырмандарының «АЛДАСПАН» пікірсайыс орталығында, «Аңыз, шежіре, жыр-дастандар тарих ғылымының қайнар-көзі бола ала ма?» тақырыбы аясында, зияткерлік талқылаулардың кезекті отырысы болып өтті.

Отырысқа қатысушылар, негізінен, төмендегі үш сұраққа жауап іздеді:

1. Аңыз-әпсаналарды тарихи дерек-көз ретінде қарастыруға негіз бар ма? Егер, бар болса, оның алғышарттарын көрсетсек.

2. Қазақ шежірелеріндегі сәйкестіктер мен кереғарлықтарды зерттеуді отан тарихы ғылымының басымдықтары ретінде қарастыра аламыз ба?

3. Жыр-дастандар мен толғауларды фольклор немесе әдебиет тарихы ғылымы меншіктеп алғаны белгілі. Бірақ, фольклорлық мұраларымыздың белгілі-бір тарихи оқиғаларды суреттейтіні көпшіліке аян. Ендеше, жыр-дастандар мен толғауларды отан тарихы ғылымының қайнар-көзіне жатқыза аламыз ба?

Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

<object width="425" height="344"><param name="movie" value="http://www.youtube.com/v/3m_UUIFTKLM&hl=ru_RU&fs=1&"></param><param name="allowFullScreen" value="true"></param><param name="allowscriptaccess" value="always"></param><embed src="http://www.youtube.com/v/3m_UUIFTKLM&hl=ru_RU&fs=1&" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="425" height="344"></embed></object>

Мұқан Исахан Тарихи деректің бір көзі қазақ фольклорында жатыр

С ҒАББАСОВ Батысқа жалтақтамай,шығыстық болмысқа терең үңілейік

АХМЕТ АЛЯЗ Фольклордан да тарихи деректерді іздеп табуға болады

С ҒАББАСОВ Еуропацентрстік методологияның ТУРАН тарихына қиянаты

Е ҚУАНДЫҚ Тарих ғылымында фольклор мен шежіренің өз орны бар

Ш ЕРГӨБЕК Қазақ фольклоры нақты тарихи географиялық дерекке толы

М БӨТЕЕВ Фольклордағы деректерді жаңаша зерттеу жастардың еншісі

Е ӨМІРЖАНОВ Тарихымызды кеңейтуде тың ғылыми ізденістер қажет

<object width="425" height="344"><param name="movie" value="http://www.youtube.com/v/o3PxGg6jmxk&hl=ru_RU&fs=1&"></param><param name="allowFullScreen" value="true"></param><param name="allowscriptaccess" value="always"></param><embed src="http://www.youtube.com/v/o3PxGg6jmxk&hl=ru_RU&fs=1&" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="425" height="344"></embed></object>

ПІКІРСАЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ кейбір ТҮЙІН СӨЗДЕРІ:

Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, жазушы, “Махамбет” сыйлығының лауреаты, “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы, профессор Совет-Хан Ғаббасов:«…шығысымызда Қытайдан бастап, батыста Рим, оңтүстікте Египетке дейін әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, әсер еткен Тұран елінің тарихын, еуропацентристік методология, әлі күнге дейін жоққа шығарып келеді…»

«Қазақстан-ZAMAN» газетінің бас директоры,Ахмет Аляз: «…Түркі халықтарына өш Елдердің дерек көздерінде, біздің тарихымызға қатысты, ақиқатты ақпарат өте аз болады… болса да, бізге бұрмаланып-өзгеріп жетеді…»

Болат Бутеев

Болат Бөтеев, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестіру қызметінің жетекшісі: «…сәл логикалық талдау жасап көрейікші…, Қазақ қоғамы еркін өмір сүрген замандарда, ақын-жыраулар, бүгінгінің журналистері сияқты қызмет атқарған ғой. Бірақ көзге ұрып тұрған бір айырмашылық болғаны анық. Ол кездегі ақын-жыраулар, өз ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАСЫНЫҢ (ата, АУЫЛ, ру.) табиғи сұрыптауынан өткен (атақ-дәреже-диплом сатып алмаған), парасат иелері болатын…, …сондықтан жыр-әпсаналарды тарихи дерек көзі ретінде қарастыруға болады.»

Тарих ғылымының докторы, профессор Есенғазы Қуандық:«…жырдан да, дастаннан да, шежіреден де тарихи деректерді алуға мүмкіндік беретін ғылыми әдіс-тәсілдер бар…,… әсілі, ақиқатқа қызу да, терең пікірталас арқылы ғана жетуге болады…»

(біраз материалдар әлі өңделуде…)

«ҚАЗАҚ» газетінің бас редакторы Қоғабай Сәрсекеев:«Ел атауын Қазақстан емес «Қазақия» деп өзгерткен жөн»
Тағы да ел атауы хақында

Когабай Сарсекеев, жазушы. 02.12.2009 жыл.

Газетіміздің өткен  сандарының бірінде (№42) «Ел атауын  Қазақстан  емес «Қазақия» деп өзгерткен жөн» деп жазған едік. Осыған орай жұртшылық  үн  қосып жатыр. Негізінен қолдайды, Мемлекет атауын «Қазақия» деп атағанды жөн көреді.

Енді және бір фактіні тіркейік. Атам қазақ көне дәуірден   ел    атауын «Қазақстан» емес «Қазақия» деп келген.   Мұны      көптеген  ескі  тарих беттеріндегі деректер растайды. Мысалға ғалым Л.Н.Гумилев («Древние тюрки»), академик Маррдың, өзіміздің Шоқан Уәлиханның еңбектерінде, Фирдоусидің «Шахнамасында», Орхон жазуларында «Қазақия» сөзі жиі ұшырасады. Ал бұдан әрірек жылжысақ алғашқы және кейінгі «Түркі қағанаты» замандары мен ғұн (түріктер) мемлекеттерінің шежіресінде «Қазақия» атауы аталатыны тарихтан және аян. Айта кетейік, сол тұста көптеген қазіргі  түркі тілдес елдердің негізі қаланған ғой. Мәселен, Апшерон жартылай түбегінде бүгінгі Әзірбайжан мемлекеті сап түзепті. Ғалымдар осы  Әзірбайжанның алғашқы аты «Әзірбайчан» дейді. Осындағы «Әзірбай» (кісінің аты болуы керек – Қ.С) сөзіне қосылған «чан» мен біз айтып жүрген «стан» сөздерінің тегі парсы тілінен ауысқан жалғаулық. Кейін орыстар «чан» сөзін бұрмалай «жан» деп жазып кеткен. Содан  да «Әзірбайчан» «Азербайжан» болып өзгергенін тарихшылар астын сызып жазып жүр. Ал «чан-стан» сөздері парсышадан аударғанда «лагерь» деген сөз екені ертеден-ақ белгілі. Ожегов сөздігінде де осындай мағына беретінін біз өткен мақалымызда толықтай келтіргенбіз. Тіптен сорақысы, «станның» астарында «воюющая, борюшаяся сторона, общественно-политическая группировка, в царской России: административно-полицейское подразделение уезда» дейтіндей мән бар.

Енді және көтеріліп отырған тақырыппен тамырлас кей ел аттарына тоқталсақ, қазақпен қаны бір түрік жұрты өздерін әуелден «Түрк(ие)» (Турция) деп жазған. Мұндағы  түрік – ұлт, халық;  ие – еге (хозяин) деген түсінікті береді. Демек, түріктер өзіне ие ұлт – ерікті ел екенін сонау ықылым заманнан ашық айтып, соңына бөтен жұрнақ-жалғау жалғамай-ақ мемлекет атауын атап келген. Көршілес Монғолия (Мыңқол) жұрты да осы принципті ұстанғандай. Мысыр (Египет), Иран, Ирак сияқты елдер болса, бұлар да «чан», «станды» қабылдамаған. Яғни мемлекет атауын ұлт, ұлыс атауында сақтаған. Ал Англия, Франция, Италия, Испания, Дания, Германия, Чехия,.. т.т. батыстағы елдер мемлекет атауының соңына  «ия», яғни «ие» форматын жалғаған.

Осыдан шығатын қорытынды: Біздегі қазіргі Қазақ мемлекеті атауын «Қазақстан» емес «Қазақия» деп атаудың еш әбестігі жоқ. «Қазақия(ие)» – қазақ елінің тарихи көне аты. Сан ғасырлар бойы толайым  дәуірлік өмір өткелдерінен өткен, неше мәрте қоғамдық өзгерістерге ұшыраған, небір заманауи уақыт формацияларын басынан кешірген Алаш жұрты бүгін өз Тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақ – өткенінде алғашқы дәуірді былай қойғанда,  хандық, феодалдық, социалистік, қазір капиталистік деп аталатын қоғамдық дәуірлерді  көрді. Тіпті ұлт, ел  атауынан  адасып қалған тұстарда  да  бар. Қанша  уақыт «қазақ»  емес «киргиз-қайсақ» боп аталды,  жазылып  келді. Шүкір, кешегі  Алаш  Арыстарының Ұлы Держава – орыс империясымен  алысып жүріп, өз атауымызға қол жеткізгенін тағы ұмытуға болмайды.

Қайсарлық деп арыстарымыздың осындай ұлттық мінезін айтсақ болады.  Біздегі әлгі «қазақ мың өліп, мың тірілген» деген сөз осындайдан қалған. Енді өткенге салауат, қалғанға береке дейтіндей заман келді. Ағылшын тарихшысы    А.Дж.Тойнби сөзімен түйіндегенде «В гибели империи или ее развале виновны их правители» деп бұрынғыны қазудың қажеті аз. Тарихқа адалдық керек. Әр адам өз қоғамының перзенті ретінде өз ғасырының жоқшысы бола алса мұратты.  Кеше (1991 ж.) еркіндіктің күні туғанда бұл жай неге қарастырылмады, қайтып әу бастан Ата Заңға «Қазақстан Республикасының» орнына «Қазақия» деп жазбадық  деу бүгін кеш. Кінәласудан ештеңе   өнбейді. Рас, әділіне көшкенге қазіргі қолданыстағы «Қазақстан» атауында да еш сөкеттік жоқ. Гәп басқада. Бар ерсілік «Қазақ» сөзіне жалғанған «стан» жұрнағында болып тұр. «Стан» кешегі құлдық, бодандық, жіктелу, бөліну  жағымызды  еске    түсіре береді, сондықтан келешекті болжағанда сөздің «лагерлік» тегі  елді  штат-штатқа  бөлуге оңай – қолжаулық қаупі көкейде тұрады. Күл астында қаламта бар. Ірге қымталмаса саңылау көп. Ендеше, бүгінгі қазақ жұртына өз мемлекетінің  байырғы аты «Қазақиясын»  қайтару – игілікті  іс,  ұрпақ  алдындағы парыз.  Біздің   бұл елшілдік ұсынысымызды ел зиялылары, Сенат және Мәжіліс депутаттары, халық болып қолдаса кәне!

Қоғабай  СӘРСЕКЕЕВ,

жазушы.

Эпидемиолог-ғалым, академик Ишанбай Қарақұловтың 100- жылдық мерей тойы.(фото-видео репортаж)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

Қазақ Елі, 20 желтоқсан 2009 жыл.

2009 жылдың 15 желтоқсан күні С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде, эпидемиология ғылымына зор үлес қосқан белгілі қоғам қайраткері, КСРО МҒА және ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі, медицина ғылымының докторы, профессор Ишанбай Қарақұловтың 100 жылдық мерей тойына  арналған  шаралар болып өтті.

Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

<object width="560" height="340"><param name="movie" value="http://www.youtube.com/v/ISla9SzME1s&hl=ru_RU&fs=1&"></param><param name="allowFullScreen" value="true"></param><param name="allowscriptaccess" value="always"></param><embed src="http://www.youtube.com/v/ISla9SzME1s&hl=ru_RU&fs=1&" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="560" height="340"></embed></object>

Ұрпағымызға теріс тәрбие беретін космополиттер құрысын!С Ғаббасов 15 12 09 жыл

Академик Ишанбай Қарақұловтың 100 жылдығы Өтеміс Әкімов 15 12 09 жыл

Академик дәрігер Ишанбай Қарақұловтың 100 жылдығы Совет Хан Ғаббасов 15 12 09 жыл

Академик Ишанбай Қарақұловтың 100 жылдығы Мұрат Әуезов

Менің өнерді сүйуіме Ишанбай аға әсер етті Күйші Шәміл Әбілтай

Шәміл Әбілтай. КӨРҰҒЫЛЫ күйі.15.12.09 жыл..MPG

(… біраз фото-видео материалдар әлі өңделуде)

Совет-Хан Габбасов

Совет-Хан Ғаббасов: «Ұрпағымызға теріс тәрбие беретін космополиттер құрысын!»

Шаміл Абілтай

Шәміл Әбілтай:»Ишанбай аға қазақтың халық күйлерін сүйіп тыңдаушы еді»

Ишанбай Каракуловтын 100 жылдык мерей тойы.

Ишанбай Қарақұловтың шәкірттері 100-жылдық мерей тойда.

Ұлттық болмысын ардақтаған жапон халқының жетістіктері қазаққа үлгі болуы тиіс! (бейнесюжеттер)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

Қазақ Елі, 10 қыркүйек 2009 жыл.

… Затшылдық көзін байлады,

Адастырып айдады.

ЖАН билемей, ТӘН билеп,

Адамның соры қайнады - деп

ХХ-ғасырдың басында-ақ, Еуропацентристік методологияға негізделіп, қалыптаса бастаған «кеңестік сана», ұлтымызды рухани дағдарысқа түсіретінін сезіп, күңіренген Шәкәрім ғұламаны коммунистер атып, денесін құдыққа тастағанымен қоймай, қазақтың бас көтерер басқа да арыстарын қырып-жойды.

Басшылығы Әлемдік басым күштердің ықпалында болып, солардың «қол шоқпарына» айналған Кеңес өкіметі, сол жылдардағы нәубеттерден аман қалған 40 пайыз қазақты ұлттық болмысынан айыруға бар күшін салды. Бірақ залымдардың ойлағандары жүзеге аспай, ниеті түзу қазақ халқына Алла жар болып, ұлттық тәуелсіздікке жеттік.

Егемендіктің 17 жылы бекер өткен жоқ, ғалымдар, ақын-жазушылар, басқа да мәдениет және қоғам қайраткерлері халқымыздың ұлттық санасын жаңғыртуға өз деңгейлеріне сай үлес қосып келеді.

Солардың бірегейі жазушы-ғалым Совет-Хан Ғаббасов ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесін тереңнен зерттеп, халқымыздың осы саладағы ғасырлық тәжірибелерін жинақтап, Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім бабаларымыздың ілімін жалғастырып, оларды ғылыми тұрғыдан негіздеп, ұлттық болмысымызды жаңғырту бағытында «Ұлттық психология және халықтық педагогика» атты монография, т.б еңбектерін жарыққа шығарды.

Жақында Совет-Хан Ғаббасов ағамыз, тағы бір ұлтшыл Ел ағамыз Әділхан Батырбековпен бірге, шығыстық болмысты зерттеу мақсатында Жапон Еліне сапар шегіп қайтты.

Болат Нәукенұлы, Совет-Хан Ғаббасов, Әділхан Батырбеков.

Осы сапардан алған әсерлерін Ел Ағаларының өз аузынан, төмендегі бейнесюжеттерден көріңіздер. <object width="425" height="344" classid="clsid:d27cdb6e-ae6d-11cf-96b8-444553540000" codebase="https://download.macromedia.com/pub/shockwave/cabs/flash/swflash.cab#version=6,0,40,0"><param name="allowFullScreen" value="true" /><param name="allowscriptaccess" value="always" /><param name="src" value="https://www.youtube.com/v/J399ph2gm4g&hl=ru&fs=1&" /><param name="allowfullscreen" value="true" /><embed width="425" height="344" type="application/x-shockwave-flash" src="https://www.youtube.com/v/J399ph2gm4g&hl=ru&fs=1&" allowFullScreen="true" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" /></object>

Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

Бірінші бөлім: Ата жолынан таймаған ЖАПОН ЕЛІ С Ғаббасов және Ә Батырбеков 01

Екінші бөлім: Ата жолынан таймаған ЖАПОН ЕЛІ С Ғаббасов және Ә Батырбеков 02

Үшінші бөлім: Ата жолынан таймаған ЖАПОН ЕЛІ С Ғаббасов және Ә Батырбеков 03

Төртінші бөлім: Ата жолынан таймаған ЖАПОН ЕЛІ С Ғаббасов және Ә Батырбеков 04