Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ: «ҚАЗАҚ ЕЛІ мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының үйлесімді дамуы ЖАЙЛЫ ОЙЛАР» (НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ: «МЫСЛИ О гармоничном развитии государственности и гражданского общества ҚАЗАҚ ЕЛІ»)

     / Арнайы  www.internetTV.kz  үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 5 қаңтар 2011 жыл

    /     Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да,

    Сөзімізге де, Ісімізге де Тәңіріміз разы болсын!

    ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ

    ҚАЗАҚ ЕЛІ

    мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының  үйлесімді  дамуы

    ЖАЙЛЫ ОЙЛАР

    Алматы 2011

    Бөтеев Болат Нәукенұлы.

    Алматы, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер одағы, 2011 жыл. – 38 бет.

    Бұл кітапшада, бабаларымыздың азат өмір сүруіне, халықтың әл-ауқатын тұрақты дамытуына, ұлттық мәдениетін қалыптастыруына мүмкіндік берген төл Ел басқару жүйесі туралы, оның құлдырау себептері жайлы және тәуелсіздіктің бүгінгі мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану арқылы, 300-жылдай бодандық кезеңде халқымыздың жоғалтқан ұлттық құндылықтары мен ұлттық ойлау қабілетін жаңғыртып, жахандану заманында өз ақыл-ойымен өмір сүре алатын Қазақ Елі азаматтық қоғамын қалыптастырып нығайту мәселелері ұлт жадындағы тарихи ақиқат негізінде қамтылған.

    Бұл кітапша «Алаш үні» Одағы жанындағы  «Ұждан» мәдени-ағарту клубтарының жұмысына белсенді араласқан жігіт ағалары, ауыл ағалары, ауыл ақсақалдары, ел аналары және ел ағаларының зерделік әлеуеті мен өмірлік тәжірибесіне  сүйеніп жазылды. Кітапша, ғасырлар қойнауынан жеткен парасатты Бабалар үні арқылы ұлттық рухы оянған, мемлекетіміздің бар мүмкіндіктерін халық мүддесіне жеге алатын — Қазақ Елі азаматтық қоғамын жаңғыртуға ұмтылған, ізгі ниетті жандарға арналған.

    ҚАЗАҚ 

    бай-қуатты болуы үшін,

    НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК ?

    Біз, абсолюттік азаматтық қоғамда да және кейінгі бодандық кезеңде тоталитарлы-авторитарлы жүйедегі мемлекетте де өмір сүріп көрген қазақ халқының бүгінгі ұрпақтары — Қазақ Елі азаматтары,  рухы биік, парасаты мол ата-бабаларымыздың ертеде азат кезінде, Конституциямызда көрсетілген «байырғы қазақ жерінде» ортақ тіл, ортақ жер, ортақ дін  негізінде қазақ ұлтын қалыптастырып, бүгінге дейін теңдесі жоқ азаматтық қоғамның үлгісін жасап, бүкіл Еуразия кеңістігіне қазақ мәдениетін таратқанын мақтаныш тұтып, қастерлей отырып, халқымыздың  ұлттық және діни құндылықтарына сүйеніп, қасиетті қазақ жерін мекендейтін, қазақ мәдениетін сыйлайтын әрбір адамды, оның біртұтас Қазақстан халқының құрамына кіре отырып, ортақ тағдырымызға жауапты екендігінен туындайтын азаматтық парызы – Еліміздің мемлекеттілігін нығайту мен азаматтық қоғамын дамытуға – белсенділікпен ат салысуға шақырамыз.

    ҚАЗАҚ ЕЛІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМЫ:

    ТӘРБИЕЛІК және ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТА.

    Мемлекеттілігі  мен азаматтық қоғамының

    мүмкіндіктері  үйлесімді теңестірілген  Ел ғана,

    заман талабынан шығып, тұрақты дамыйды

    Қазіргі заманда, кез-келген унитарлы мемлекетте, сол елдегі тұлғалық ұлттың тіліне, дініне, мәдениетіне, парасаттылығына сүйенбей, халыққа жайлы азаматтық қоғамды қалыптастыруға, Елдің гүлденіп-дамуына қол жеткізу мүмкін емес.

    (бұл аксиоманы Қазақстандағы, келешекте қалың қазақтың ішінде тұратын — ұрпағының болашағын ойлаған, этникалық топтардың баршасы түйсігімен сезінеді )

    Дүниежүзінде тәуелсіз мемлекет болып дамыған елдердің барлығында өзге этникалық топ өкілдері мемлекет құрушы байырғы ұлт төңірегіне топтасып – біртұтас халық болып, бір тілде сөйлеп, болашаққа сенімді түрде аяқ басуда.

    Ақиқатқа негізделген Тарихы бар ұлттың — болашағы баянды.

    Азат, еркін өмір сүрген, құлдық қамытын кимеген, бөтен елдердің тепкісі мен езгісіне түспеген, қазақтың үні өшпеген замандарда Қазақ Елінің экономикалық әл-қуаты, мәдениеті қандай еді?

    Сол кездегі еркін, үйлесімді қазақ қоғамын қалыптастырған қандай күш?

    Ол қоғам мүшелерінің өмірлік ұстанымдары қандай еді? Қоғамдық санасы, бүгінгімен салыстырғанда қай деңгейде  еді?

    Бір жағынан бостан, еркін, еңсесі биік, сезімтал, жүні жығылмаған асау; екінші жағынан адал, сенімпаз, төзімді, еңбекқор ата-бабаларымызды тәрбиелеген қазақтың Азаматтық қоғамы қандай ұйымдық құрылымдардан тұрғызылған еді?

    Және бүгінгі таңда, «Мемлекет, мемлекеттілік, Азаматтық қоғам деген не?», «Ұлт, этникалық топтар, біртұтас Қазақстан халқы  деген не?», «Шетелдік «ақылшылардың» жетегіндегі азаматтық қоғамның және діни экстремизмнің бүгінгі «қарқынды» дамуы, болашақта Қазақ Елін «вавилон топалаңына» айналдырмай ма?» және «Топтасу немесе Бөліну деген не?» сынды сұрақтарға жауап іздеп, дұрыс ой қоса алсақ, біз өз мемлекеттілігін ұлт мүддесіне істете алатын халыққа айналып, қалың жұртқа жайлы мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастыруға мүдделі, әрі жауапты құрылысшылары боламыз және ата-бабаларымыз азат өмір сүрген кездегі азаматтық қоғамды бүгінгі заман талабына сай жаңғырта аламыз.

    Бабалар тарихына көз жүгіртсек…

    Саяхатшы Марко Поло, ертедегі азат өмір сүрген бабаларымыздың кең байтақ  даласын аралап көріп, «малдың көптігінен жердің беті көрінбейтін» қандай бай Ел деп таңданған екен…

    Көне дүниенің ойшылы Геродотта өзінің «Тарих» атты еңбегінде «… сары қымыз, қазы-қарта, жал-жая» сияқты көптеген ұлттық тағамдарымызды атап тамсаныпты…

    Әлемде бірінші болып жылқыны қолға үйретіп, мал өсіру мен оның өнімдерін ұқсату мәдениетін жоғары деңгейге көтеріп, ат тұяғы жеткен жердің бәрін тиімді пайдаланып, қоршаған ортамен-табиғатпен үйлесімді қарым қатынас орната  білген Бабаларымыз өз болмысы мен заманына сай бақытты өмір сүріп, ұлт мәдениетін дамытқан…

    Осындай таңданғандар мен тамсанғандардың қатары көбейіп, ақыры «Ұлы Жібек жолы» қазақ даласының үстімен өтіпті. Бұған логикалық талдау жасап көрсек, ол замандарда азық-түлік және сол кездегі өнеркәсіптің негізгі шикізаты жүн, тері, сүйек ең қымбат тауар санатына кірген. Сондықтан осы тауарларға қызыққан елдердің саудагерлері Қазақ Даласына ағылған…

    Бабаларымыз мыңғыртып өргізген төрт түлік малының арқасында Шығыс пен Батыстың тауарларын шертіп тұрып таңдап киініп, қолданып, «Ұлы Жібек жолы» саудасының негізгі ойыншысы-әріптесі болған. Соңғы кезде баспасөз бетінде жарияланып жүрген «… Еуразиядағы көне қалалар негізінен көшпелі өркениеттің экономикалық әлеуетіне сүйеніп салынды…» деген ақпараттардың жаны бар. Адамзат өркениетінің бір бесігі Қазақ Даласы екенін әлемдік тарих және археология ғылымдары әлдеқашан жазған екен, бұл деректерге қазақтың қолы Тәуелсіздік алғалы ғана жетіп отыр…

    ХХ-ғасырдың басындағы Қазақ Елінің экономикалық әлеуеті жайлы, ақын Сәкен Иманасов бір мақаласында мыңғырған малының арқасында ойын-күлкісі, той-томалағы үзілмеген, сүндет тойына түйе сойған Қарқаралы болысындағы ауқатты ауылдардың 1915 жылғы өмірін бейнелейді. «Бір қарағанда, шұрайлы жерлерді «қарашекпенділерге» алып беріп, қазақтың екі аяғын бір етікке тыққан орыс мемлекеті Германиямен соғысып жатқан, қиын кезең. Бірақ қазақтың малының көптігі соншалық, Қарқаралы болысының қазақтары Ресейге астық тасуға, кіреге бір мезетте, 25 мың түйе шығаруға мүмкіндігі болғанын » — осы мақаладан оқуға болады.

    1916 жылғы деректер бойынша қазақ даласында тек жылқының саны 15 000 000-нан асып жығылған. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске де дем берген, осы байлықтың қуаты шығар. Тіпті, көтерілісшілер, пулеметке қарсы жылқыны айдап салу сияқты, соғыс тәсілдерін қолданған деген деректер бар. Әйтпесе, тоз-тозы шығып ыдыраған, рухы тапталған кедей халық өзінің ұлттық мүддесін қорғай алмайтындығы бесенеден белгілі жайт қой…

    Атам заманнан мұсылман (осы сөздің қазақтың құлағына сіңген, бастапқы ұғымында) болып, өздерін Тәңірдің ұл-қызындай сезініп, еркін өмір сүрген, құлдық қамытын кимеген рухы биік, парасаты мол ата-бабаларымыздың арқасында Қазақ ұлты көп құндылықтарға  ИЕ болған:

    1. -  асты-үсті байлыққа толы ұлан-байтақ ЖЕРГЕ ;
    2. – біртұтас, бай  ТІЛГЕ ;
    3. – дамыған ұлттық өнер мен мәдениетке;
    4. - табиғатпен және қоғаммен үйлесімді өмір сүруге бағыттайтын қазақтың

    ӘДЕТ-ҒҰРЫП, САЛТ-ДӘСТҮРІНЕ, яки парасатты ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСҚА.

    Осының бәрін Ата-бабаларымыз  тек қана «ақ найзаның ұшы, ақ білектің күшімен» ұстап тұрмаған. Қазақты халықтық деңгейге жеткізіп, Қазақ Елін қалыптастырған — Тәңірдің  Қазақ халқына берген  ҮНІ арқылы  атаға, АУЫЛҒА, руға топтасу негізінде құрылған, қазақ азаматтық қоғамына, дала демократиясына тән – төл Ел басқарудың ШЕЖІРЕЛІК ЖҮЙЕСІ.

    Бұл жүйе – әрбір қазақ азаматының тарихи жадында әлі күнге дейін сақталып қалған. Үш ғасырлық бодандық, әсіресе соңғы жүз жылдық, құрта алмаған өміршең мықты жүйе. Бұл жүйе – кемеңгер ата-бабаларымыздың баға жетпес еңбектерінің арқасында қалыптасқан, бүгінгі күннің тілімен айтсақ – азаматтық  қоғамда өмір сүрудің – ғасырлар бойы өмір елегінен өткен, теңдесі жоқ моделі.

    ШЕЖІРЕЛІК (корпоративтік)  ЖҮЙЕ  өз қуатында болған кезде Қазақ  Елі азаматтық қоғамы берік біртұтастықта, қисынды жүйелілікте, шебер үйлесімділікте өмір сүріп, қазаққа тән ұлттық құндылықтар  сол кезеңде қалыптасты. Ол деңгейге әлемнің ең өркениетті, демократиялық  деген Елдерінің азаматтық қоғамы әлі жеткен жоқ….

    Орыс-Совет империясының масондық басшылығы, ШЕЖІРЕ негізіндегі  қазақтың  ежелгі саяси-экономикалық және мәдени қатынастар ЖҮЙЕСІНІҢ  барлық артықшылығын толық сезініп, оны жоймай, қазақ халқын бағындырып, құлдыққа сала алмайтынын білді. Сондықтан бұл  ЖҮЙЕНІ  уақыт өткен сайын жетілдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қазақтың игі-жақсыларын, асылдарын қудалап-жойып, қазақтың қанындағы тарихи жадын өшіру үшін, үш ғасыр бойы бар күшін салды. Ең сорақы зұлымдықтарын соңғы жүз жылдық ішінде жасап, қазақ халқын қырды.

    Бұл зұлматтың жойқын қасіретін мына бір ғана мысалдан көруге болады:

    ХХ- ғасыр басталғанда, дүние жүзіндегі, саны жағынан шамамен бірдей ( 6  млн.) болған қазақ пен түрік халқының саны, ұлттық  болмысымызға тән табиғи-демографиялық өсу мүмкіндіктерінің ұдайы зор  болғанына қарамастан, бүгін ( 2006 жылы ) төмендегідей :

    -  қазақтар   -   12 млн. -  түріктер   -    72 млн.

    Сонда бір планетада, бір заманда өмір сүрген екі халықтың бірінің  60 млн. жуығы жоқ болып кетуіне

    К І М кінәлі ?     Н  Е кінәлі ?

    Бұл сұраққа жауапты  19 жылдық  Егемендіктің мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланып, өзінің қанындағы тарихи жадын оятып, құлдық психологиядан арылған әр қазақ жақсы біледі. Бүгінгі күнгі қазақтың ТІЛІНІҢ жағдайы, асты-үсті байлыққа толы ЖЕРІ сатылып біткен соң енді жай жерлердің өзі саудаға түсіп талануы, қазақтың ДІНІ-нің жіктеле бастауы, осының бәрі, әр түрлі атпен, әр түрлі идеялармен бүркемеленген, дүние жүзін билеуге ұмтылған әлемдік басым күштердің зымиян саясаттары мен құйтырқы іс-әрекеттерінің жемісі екені белгілі болды.

    Осы жерде айта кететін тағы бір жайт, соңғы 300 жылда, Орыс-Совет империясының аумағында ТІЛІ-де, ЖЕРІ-де, ДІНІ-де, ӨЗІ-де жоқ болып кеткен 90-нан аса ұлттардың кебін киіп, қазақтың жер бетінен құрып кетпеуіне белгілі бір дәрежеде, бір нәрсе себеп болды — ол біздің ұлттың қазақ үні арқылы атаға, АУЫЛҒА, руға (фирмаға) ТОПТАСЫП, өмірдің талай қиыншылықтарына төзе білгендігі.

    Мысалы, кеңестік зұлматтан басқа елдерге бас сауғалап, жер ауған қазақтардың тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап қалуына – олардың атаға, ауылға, руға топтасуы, яғни ТƏРБИЕЛІК жəне ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАСЫНЫҢ болуы ғана себеп болды.

    Қазақ Елінің  шежірелік (корпоративтік) жүйе негізіндегі  АЗАМАТТЫҚ  ҚОҒАМЫ адамзаттың ең ұшқыр ойлары жемісінің көрінісі болатын, себебі ол – адам өміріне қатысты, керек жағдайлардың бәрі (тұрмыстық, әлеуметтік, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіл, дін, мәдениет, ұрпақ тәрбиесі, дау-дамай, әскери қорғаныс  т.с.с. көптеген мәселелер) жан-жақты қарастырылған, ұлттық құндылықтармен қамтылған, өте терең ойластырылған, өте тиімді ұйымдастырылған, кемел қоғам еді.

    Жеке қазақ түтінге түтін атаға ата ауылға – АУЫЛ руға ру тайпаға тайпа ұлысқа(жүзге) ТОПТАСЫП ұлыстар(жүздер) БІРІГІП қазақ елін құраған

    Бабалар тарихы не үшін кескіленіп-бұрмаланғанын білу, бізге не береді?

    Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романының алғашқы нұсқасын жазып болғанда Советтер Одағы Коммунистік Партиясының (СОКП) идеологтары «… қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, мәдениеті және рулық ұйымшылдығы тым жақсы жағынан бейнеленіп берілген. Бұл кітапты оқыған қазақтарда, социализмге өткеніміз қате болыпты деген ұғым қалыптасады, сондықтан «соцреализм» тұрғысынан тиісті өзгертулер енгізілуі тиіс» деп, саяси романға айналдырып қайта жазуға мәжбүрлепті деген ақпарат Тәуелсіздіктің арқасында баспасөзде жарияланды…

    Барша қазақ сүйсініп көріп жүрген, қазақ мәдениетін әлемге паш еткен «Қыз-Жібек» кинофильмінің де, қырық кесіліп-қысқартылған нұсқа екенін енді біліп жатырмыз. Қанша идеологиялық қыспақ көрсе де, сол замандағы қазақ ұлтының халықаралық экономикалық әріптестік байланыстарының тығыз болғанын дәлелдейтін «…Жағалбайлы руы (фирмасы) Ел ағаларының бірі Базарбайдың Жібек жолымен әрі-бері жортқан көптеген шетелдіктердің бірі — француз саудагерімен өз дәрежесіне сай, өз тілінде келіссөз жүргізіп отырған» эпизодтарын өткізіп жіберген режиссер Сұлтан -Ахмет Қожықовтың ұлттық ойлау қабілеті, яки ұлттық болмысы,  бүгінгі шығармашылық қауымға және әр деңгейдегі билік тізгінін ұстаған азаматтарға үлгі.

    Жарты әлемді тізе бүктірген СОКП – қазақтың рушылдығы мен жершілдігінен неге қорықты?

    Қазақ Республикасының Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің 1986 жылы 16 желтоқсанда өткен кезектен тыс Пленумы бар-жоғы 18 минутқа созылды. Сөз СОКП орталық Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовскийге берілді. Ол алдымен жұртты бір ықтырып алайын деді ме, сөзін зілмен бастады.

    Оның айтуынша: “Қазақстан сәл болғанда, су түбіне кеткендей екен. Кадр саясаты мүлде бетімен жіберілген. Республика партия ұйымын біліксіз, білімсіз қызметкерлер жайлап алған. Рушылдық пен жершілдік сырқаты өршіп тұр! Соның салдарынан ел экономикасы да күйреудің аз-ақ алдында қалған”.

    Пленум Қонаевты қызметінен “бірауыздан” босатып, Колбинді бірінші хатшылыққа “бірауыздан” сайлап жіберді.Залды ауыр үнсіздік жайлады…..( “Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры” шығарған “Желтоқсан-86″ атты кітап, 5-ші том, 5-бет, Алматы-2006 жыл)

    Қазақ Елінде, ұлты үшін ұрандап шауып, жанын беретін қара қыпшақ Қобыланды, албан Райымбек, суан Елтінді, қаракерей Қабанбай, шапырашты Наурызбай, қанжығалы Бөгенбай сынды көптеген ұлт батырларының өсіп-өнуінен, олардың халықты ұйытып — біріктіре алатындықтарынан сақтанған СОКП, қазаққа ата-ру аттарын сыбырлап айтуға мәжбүрлейтін «жағдай» қалыптастыру арқылы, ұлтымыздың өзін-өзі басқару һәм өзін-өзі сақтау жүйесін (тетігін) түбегейлі жоюды өзіне мақсат етті.

    Тәуелсіздік алғалы бері ғалымдар, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар және қоғамдық ұйымдар, коммунистік режимнің өзі сескенген, қазақтың шежірелік (корпоративтік) жүйесін толық зерттеп, ЖАҚСЫ және ЖАМАН жақтарын анықтап, оны ұлт игілігіне қолданудың орнына, 70 жыл бойы СОКП-ның тәрбиесін алған аға ұрпақтың кейбір өкілдерінің айтқандарына үнсіз ғана басын изеп, қалың қазақты рушылдық және жершілдікпен әлі үркітіп-қорқытып келеді…

    ЖЕКЕ ТҰЛҒА, ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТА және ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ САНА

    Егер адамдарды періштелер

    басқарған болса, онда мемлекеттің де,

    үкіметтің де қажеті болмас еді…

    Джеймс Медиссон, АҚШ қоғам қайраткері.

    Парасатты ата-бабаларымыз басқыншылық саясат ұстанбаған, гүлденген жақсы Елде, азат, еркін өмір сүруді аңсап, сол мақсаттарға заманауи жауап беретін азаматтық қоғамның шежірелік (корпоративтік) жүйесін құрып, мамыражай өмір сүрген. Сол себепті, ата-бабаларымыз, «күшті мемлекеттілікті жеке бастың еркіндігі үшін  құрбандыққа шалып», мемлекеттілікті күшейтуге жөнді көңіл бөлмей жүріп, басқа елдің боданы болып қалды.

    Ал қазір керісінше, егемендік жағдайында мемлекеттігімізді күшейтуге көп көңіл бөлінгенімен, әсіресе соңғы 100 жылда тоз-тозы шыққан қазақ азаматтық қоғамы әлсіз болғандықтан, ұлттық қоғамдық сана өте төменгі деңгейде болып тұр.

    “Халқы қандай болса, ол Елдің басшысы да сондай-ды”-деп көне дүниенің даналары айтып кеткен.

    Бұл – Ұлттық Қоғамдық Сана жоғары деңгейге көтеріліп, Ел басшыларына ықпал ете алатын жауапкершілік орталар қалыптасқан жағдайда «… халық қаласа, хан түйесін сояды» деген ертедегі еркін қазақ азаматтық қоғамының негізгі қағидасынан туындаған сөз шығар. Ұлттың, Елдің қалыптасуына, нығаюына  Ұлтын, Елін сүйетін, халыққа танымал, беделді, аузы дуалы Жеке Тұлғаның ролі өте зор.

    Ерте кездегі азат, тәуелсіз Қазақ Елінде батырлар, билер, басшылар өте көп болған, себебі қазақтың әр ата-ауыл-руларының жауапкершілік ортасы өздерінің зиялы ТҰЛҒАЛАРЫН өмірге алып келген…

    Артында қалың қауым елі бар және қандастарының алдындағы жауапкершілікті жан-тәнімен сезінген ақылды ТҰЛҒАЛАР  ұлттық жауапкершілік ортаны қалыптастырып, өз ішінен Төле би, Қазыбек би, Айтеке би, Әбілқайыр, Абылай сынды кемеңгерлерді іріктеп шығарған…

    Қорытып айтқанда, Махамбетке «…хан емессің – қасқырсың, қас албасты басқырсың…» дегізген де,  Бұқар жырауға «…ей Абылай, Абылай сені мен көргенде, тұрымтайдай ұл едің… түйе баққан құл едің… » дегізген де ҚАЗАҚ  АЗАМАТТЫҚ  ҚОҒАМЫНЫҢ шежірелік (корпоративтік) ЖҮЙЕСІ.

    (жеке қазақ + түтін + ата + АУЫЛ + ру + тайпа + жүз + ұлыс  ) = ҚАЗАҚ  ЕЛІ

    Табиғаттың сұрыптау заңына  негізделген шежірелік жүйе әділ бәсекелестік ортаны қалыптастырған…

    Шежірелік жүйенің ұзақ сынынан өткен АЗАМАТ қана,  халыққа қызмет етуге лайықты зиялы Тұлға болуға мүмкіндік алатын…

    Халық – өздері  ТҰЛҒА етіп таңдаған зиялылары: ата-ауыл-ру басшыларының, билерінің, батырларының, хандарының бір ауыз сөзіне тоқтап, оларды тыңдап артынан ерген.

    Осы Жүйе қалыптастырған ТӘРБИЕЛІК және ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАНЫҢ арқасында ертеде Қазақ Елі бүкіл Еуразия кеңістігіне ықпалын жүргізген…

    Бүгінгі қазақ азаматтық қоғамының әлжуаздығы,  қоғамдық санасының кеселі,  үш  ғасырға  жуық  Орыс – Совет  Империясының  отарында  болудың  нәтижесінде  пайда  болды.  Осы  кезең  ішінде  қазақ  халқы  өзінің  еркін  ойлы, кемеңгер, елдің  ертеңін  ойлайтын  асылдарынан  айырылды. Әлемдік басым күштердің ойымен, империяның қолымен істелінген отаршылдық құйтырқы саясат өз дегеніне жетті.  Қазақ халқының біраз бөлігінің ойлау жүйесіне құлдық психология “вирусын” егіп кетті. Қазақтың бүгінгі негізгі ауыруы – оның қанына, сүйегіне сіңген – құлдық психология.

    ҚҰЛДЫҚ ПСИХОЛОГИЯ

    немесе

    БҮГІНГІ ҚАЗАҚ ҚАНДАЙ БОЛМАУЫ КЕРЕК?

    Жұмаққа дәл бүгін, жете қоймас біздің жұрт

    Жойылмай, құлдық сана атты, қара құрт

    Бірігіп бас қоссақ, үйіріп дертке, қара бұлт

    Кеселінен айығып, ұлт басына қонар құт

    -         Құлдың арманы – қарнын тойғызу;

    -         Құлдың бақыты – қарны тойғаннан кейін, күндіз-түні ұйықтау;

    -         Құлдар бірін-бірі менсінбейді, бір-біріне сенбейді;

    -         Құл мақтауды жақсы көреді;

    -         Құл өзін басқалардан ақылды санайды;

    -         Құлдар дарақы келеді. Олар өзінің ойын, сөзін, көзқарасын, мимикасын, дене қимылын, іс-әрекетін үнемі бақылап, қадағалауда ұстай алмайды;

    -         Құлдар бірін-бірі қолдамайды, бастары ешқашан бірікпейді;

    -         Құл өзіне жұмыс, тамақ берген адамды қожайын санайды және одан өлгенше қорқады;

    -         Құл – қожайыны бұйрық берсе – кез-келген адамға жала жабуға, басқа да озбырлықтарға, тіпті адам өлтіруге дейін барады;

    -         Құл қожайындарының қас-қабағын бағып, олардың ойын айтқызбай орындауға ұмтылады;

    -         Құлдар қожайындарының тілін үйренуге бейім, тіпті олар жоқ болсада, өзара сол тілде сөйлеседі;

    -         Қожайын үшін ең жақсы құл, ол – өз тілін ұмытқан құл;

    -         Құл қанша күшті, ден-саулығы зор, білімді болғанына қарамастан, жалтақ, қорқақ болады, себебі оларда рух жоқ, жүрек жоқ;

    -         Құлдар қожайындары ауыздарына “шайнап” салып берген проблемаларға құмар келеді;

    -         Құлда ұят, ұлттық сезім жоқ, қожайындары Өзін, Елін қалай атасада, Елін талан-таражға салып, ұлтты тіл-дін жағынан бөліп жатса да, соған көнеді. (мысалы ”казах”, “Казахстан”, «иноязычный казах», «казах Гражданин Мира», «космополит казах», «мамбет казах», «приватизация», «оптимизация», «латынизация», «православный казах», «саентология», «кришна»  т.с.с. );

    -         Құл өкпешіл келеді, жоқ нәрсеге өкпелейді;

    -         Құлдарды бір-біріне айдап салу оңай, оны қожайындары жақсы қолдана біледі, жоқ жерден проблема тудырып, оны жан-жақты өрбітіп, қоздырып, әбден “шайнап” екі топ құлдың аузына салып, бір-біріне айдап салады.

    ҚАЗАҚҚА БҰЛ КЕСЕЛ ҚАЙДАН ЖҰҚТЫ

    немесе

    МӘДЕНИЕТТІ, МОМЫН ҚҰЛДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ ?

    Ұлттық  рухын  жоғалтқан адамдар,

    Жайлауда  шүйгіндеген  малмен  тең.

    Орта ғасырларда пайда болған, Әлемді билеуге ұмтылған масондық қозғалыс жүйелі түрде Европада, Америкада өз ықпалын орнатқаннан кейін, ХХ-ғасырдың басында, ұзақ уақыттағы жұмыстарының нәтижесінде, орысты ішінен ірітіп, жетекші тұлғаларын өздеріне тәуелді етіп, бұйдалап алды. Орыстың озық ойлы, ұлтының болашағын ойлаған азаматтарын қудалап, құйтырқы реформаларды ендіру арқылы, орыс халқының басым бөлігін ауыл шаруашылығы мен завод-фабрикаларда жұмысқа жегіп, біраз бөлігін өзге елдер мен ұлыстардың жерлерін зорлықпен «игеруге» айдап салып, өз ойларын кезең-кезеңмен іске асырып, байлықтарын ұдайы еселеп отыруды мақсат етіп, неше түрлі халықаралық және трансұлттық ұйымдар құру арқылы, Әлемді басқару тізгінін қолдарына алып алды. Осылай, масондық ұйымдар өз мүдделері үшін еңбекқор және өсімтал орыс халқының біраз бөлігін өз еркінен тыс тарихи отандарынан бездіруге, тіпті орыс мемлекетін «әлемдік жандарм» қызметін атқаруға мәжбүр етіп, өздерінің қол шоқпарына айналдыруға қолдары жетті. Мақсаттарына жеткен соң, Орыс Империясын ақыр аяғы жоқ қылды.

    Оның орнына, басында коммунистік идеологияны пір тұтып, таптық араздықты қоздыру арқылы әлем халықтарын өзді-өзіне қырғызып, дүние жүзін миллитаристік екі бөлікке жарып, жер бетінің жартысынан көп  бөлігін өзіне тәуелді етіп, басқаларын үнемі «ядролық шоқпарымен» үркіткен, соңында  Әлемдік басым күштердің «тапсырысы» ойдағыдай орындалуы салдарынан  керексіз болып, құрдымға кеткен С.С.С.Р ( Система Супер Современного Рабства ) атты құлдық жүйе пайда болды. Бұл жүйе – құл дайындау мен пайдаланудың ең соны, ең арзан жүйесі болды.

    Осы жүйеде Кеңес Одағы халықтарынан құл дайындауда өте озық технологиялар қолданылды. Соның нәтижесінде, кеңестік дәуір кезінде, мәдениетті және момын қазақ құлдарының бірнеше топтары пайда болды:

    1 –топ. Білімді, еңбекқор, орыс-совет “ноқтасына” жақсы көндіккен, жаңа қожайындарға өте бейімделгіш, әр деңгейдегі партия-комсомол, әкімшілік, кәсіподақ, басшыларының біраз бөлігі.  Отаршылардың сан қырлы тексерулерінен өткен бұларға – құлдық психология  қандарынан өтіп, сүйектеріне сіңіп кеткен.

    2 – топ. Білімді, еңбекқор, талантты, «орыс- совет реализмі» стилін жақсы меңгерген, содан ауытқымайтын жазушылар, ақындар, тарихшы- ғалымдар, журналистер және өнер – мәдениет саласы басшыларының біраз бөлігі. Құлдық психология бұлардың  қанына сіңген.

    3 – топ. Білімді, еңбекқор, әр саладағы қарапайым мамандық иелерінің біраз бөлігі, бірақ жоғарыдағы екі топтың айтқанын тыңдап, жазғанын оқып, солай өмір сүруге бейімделгендер.  Құлдық психология бұлардың қанына жартылай сіңген.

    Ел болғаннан кейін, жоғарыдағы топтарға кірмейтін жұртта баршылық. Бұлар Дүние жүзін билеуге ұмтылған әлемдік басым күштер өкілдерінің және   өз азғындарының үгіт-насихатына іштей қарсы болып, олардың алдап- арбағандарына көнбегендер, күштеп құлдықта ұсталғандар. Бұларда құлдық сезім жоқ, солардың арқасында ғана қазақ егемендік алып, әзірше Қазақстан               аталып жүр.

    Жоғарыдағы айтылған топтар классикалық түрдегі құлдар емес, ешкім олардың танауын тесіп, бұйдалап тастамаған, бәрі де сырт көзге осы заман талабына сай мәдениетті адамдар сияқты. Бұлардың ішінде, өздерінің физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне қарай, жауапкершілік ортасының жоқтығынан және бастарындағы құлдық сезім “вирусының” түрлі мутацияға ұшырауына  байланысты құлдардың жаңа түрлері пайда бола бастады:

    -         Құлқынның құлы (коррупция);

    -         Арақтың құлы;

    -         Дүние-мүліктің құлы;

    -         Семьяның құлы (әйелдің, еркектің, қыздың, ұлдың…);

    -         Есірткінің құлы;

    -         Казино, ойын автоматтарының құлы (компьютер ойындары);

    -         Мақсаты белгісіз діни секталар мен бірлестіктердің құлы;

    -         Жекеменшік Банктердің (жабайы өсім ақысы бар несиелердің көптеген түрі) құлы.

    Сондықтан да, парасатты бабаларымыздың АТА ЖОЛЫН ұмытқан, жоғарыда айтылған үш топтан шыққан, ұлттық болмысы өзгерген азғындар, елімізде отарсыздану саясатының жүрмегендігі нәтижесінде, дүниежүзілік басым күштердің жетегінде кеткендіктен, солардың ақыл-ойымен өмір сүріп, бүгінгі күнгі қоғамымызды жегідей жеген сыбайлас жемқорлықтың негізін қалап алды.

    Ғұлама-ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы мұндай ұлттық трагедияны 100 жыл бұрын болжай білген

    Оның ойының дұрыстығын бүгінгі өмір өзі дәлелдеп тұр…

    Затшылдық көзін байлады,

    Адастырып айдады.

    ЖАН билемей, ТӘН билеп,

    Адамның соры қайнады…

    деп ХХ-ғасырдың басында-ақ, коммунизм идеологиясына негізделіп, қалыптаса бастаған “кеңестік құлдық сана”, ұлтымызды рухани дағдарысқа түсіретінін сезіп, күңіренген Шәкәрім ғұламаны коммунистер атып, денесін құдыққа тастағанымен қоймай, қазақтың бас көтерер басқа да арыстарын қырып жойды.

    Басшылығы Әлемдік басым күштердің ықпалына түсіп, солардың “қол шоқпарына” айналған Кеңес өкіметі, сол жылдардағы нәубеттерден аман қалған  қазақты ұлттық болмысынан айыруға бар күшін салды. Бірақ залымдардың ойлағандары жүзеге аспай, ниеті түзу қазақ халқына Тәңіріміз жар болып, ұлттық тәуелсіздікке жеттік.

    Егемендіктің 19 жылы бекер өткен жоқ, ғалымдар, ақын-жазушылар, басқа да мәдениет және қоғам қайраткерлері халқымыздың ұлттық санасын жаңғыртуға өз деңгейлеріне сай, шама шарқынша үлес қосып келеді.

    Бұл кеселден құтылу үшін

    қазақтың Санасын жүйелі түрде отарсыздандыру керек

    Отарсыздану саясатын жүргізетін тезірек

    Бар қазаққа ортақ, қозғалыс керек елгезек

    Иманды Алаш жұртын топтастырып көбірек

    Бұйдалы серкелерге, келтірер нағыз кебенек

    1.Өзін қазақпын деген адамның бәрі ЖАРАТУШЫМЫЗҒА ( Құдай, Тәңір, Алла тағала) қарсы шықпай, бір-бірімен тек қана қазақша сөйлесуі керек. Себебі Жаратушымыз адамзаттың бәрін бір тілде сөйлетуге мүмкіндігі бола тұра, әр ұлтқа – өзіне тән үн мен тіл берді. Сондықтан бәріміз қазақша ойлап, қазақша сөйлеп, өз өмірімізге қатысты кез-келген мәселені шешуде қазақша үн қосуымыз керек.

    2. Өзін қазақпын деген адамның бәрі, «батысқа» да — «шығысқа» да еліктемей, парасатты ата-бабаларымыз қалыптастырып кеткен , табиғатпен және қоғаммен үйлесімді өмір сүруге бағыттайтын қазақтың ӘДЕТ-ҒҰРЫП, САЛТ-ДӘСТҮРІН, яки парасатты ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫН заман талабына сай ЖАҢҒЫРТУҒА ат салысуы тиіс. Адамға құлдық психологияны егіп «зомби» ететін ДІНДЕР мен СЕКТАЛАРҒА қазақтар кірмеуі керек.

    3.Парламентіміз Қазақ Елінің үш ғасыр бойы орыс-совет империясының отары болғанын мойындап, оның зардаптарын көрсетіп, Елдігімізді қайта қалпына келтіріп, егемендікке 1991 жылы қол жеткізгенімізді айтып, кеш болса да, «Отарсыздану  Доктринасы» атты Конституциялық  Заң қабылдауы керек. Өйткені бодандықта болған уақыт ішінде өзгерген ұлттық сананы жаңғырту үшін және жер-су аттары, елді-мекен атауларын байырғы атауларымен атап, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру үшін ұрандар мен митингтер емес, заңды негіздеме керек. Өзгермеген атаулар әлі де қазақтың санасын улап, рухын таптап тұр. Бұл өзгерістерге қарсы болғандар — қазақты қайтадан  құл етуді аңсайтындар.

    4.Әлемдегі қазақтың көпшілігі қолданып жүрген, кириллица негізінде жасалған, бүгінгі күнгі қазақтың үнін өзгертпей – дұрыс шығаратын 42 әріптік қазіргі қазақ әліпбиі — мемлекеттік әліпби болуы керек. Сонда ғана Еліміздегі этникалық топтар бізді “казах” емес, “қазақ” деп жаза алады. Себебі, орыс әліпбиіндегі жетпей тұрған 9 әріпті(дыбысты) үйренсе болғаны, олар кез келген этностың үнін бұзбай, таза сөйлеуге мүмкіндік алады. Орыс әліпбиінен тікелей аударып жүрген көптеген қателерімізді түзеп, Ел атауын «казахстан» емес, «қазақстан» деп, көрнекті тұлғаларымызды «Джамбул- Джамбыл-Джабаев»  деп, «Абиш Кекильбаев-Кекилбаев»  деп, «Умурзак-Омирзак–Умирзак Шокеев-Шукеев-Чукеев» деп мың құбылтпай, «Жамбыл Жабаев», «Әбіш Кекілбаев», «Өмірзақ Шөкеев» деп басқа тілдерге өз үнімізден дұрыс аударып, жаза бастаймыз. Сонда ғана, Қазақ елінде жер-су аттары, елді-мекен аттары, көше, мекеме, дүкен атаулары, жарнамалар дұрыс жазылып ұлтымыздың рухани түлеуіне көмек болар еді. Мекемеаралық хат-хабарларда, электронды поштада, орыс тілді іс-қағаздарда да тек қана қазақ мемлекеттік әліпбиі қолданылуы керек. Қазақстан азаматтығын мемлекеттік әліпбиді меңгергендерге ғана беру керек. Әліпби ауыстыру мәселесін, үні қазақша таза шығып,түгел қазақша сөйлейтін келесі ұрпақтың еншісіне берейік.

    5.Біртұтас Қазақстан Халқының қазақ тілін үйренуші — өзгетілді азаматтарына (қазақ, кәріс, неміс, украин, белорус, поляк, латыш, орыс т.с.с.) көмек ретінде, мемлекеттік тілдің қолдану аясын күнделікті өміріміздің  барлық саласында кеңейтіп, оны күн сайын, дамыту үшін:

    -         бірінші кезекте, материалдық базасы жақсы қалыптастырылған орыс тілді балабақшаларда тәрбиеленушілердің 80-90 % қазақ тілінде тәрбиеленуі керек, себебі қазақ балабақшалары жоқ болғандықтан, осы балабақшалардағы бүлдіршіндердің 60-70 % қазақтар (мектептегі жағдайда тура осындай). Қажет болған жерлерде ғана, балабақшаларда орыс тілді топтар ашылуы тиіс.

    -          құқық қорғау органдары, армия, кеден т.б. барша ұйымдар өз жұмыстарын тек қана мемлекеттік тілде жүргізуі керек.

    6.Үш ғасырлық бодандық құрта алмаған қазақ үні мен ділінің, енді тәуелсіз Қазақ Елінде аяқ асты болуы –  ЖАРАТУШЫМЫЗ ( Құдай, Тәңір, Алла тағала) кешірмейтін күнә екенін:

    • біріншіден, өзін қазақпын дейтін әр азамат сезінуі керек.
    • Екіншіден, Қазақ Елінде тұратын этникалық топтар сезінуі керек, себебі олар қаласа да, қаламаса да жыл өткен сайын қазақ көбейеді, сондықтан өз ұрпақтарын қалың қазақтың ішінде өмір сүре алатындай тәрбиелеуі қажет. Ол үшін олар қазақтың тілі мен әдет-ғұрпын үйренуге талпынады. Қазіргі Қазақ Елінде осындай ҚОҒАМДЫҚ  ПІКІР қалыптасып келе жатыр, оны барлық этникалық топтардың, таза ойлы, ниеті дұрыс қатардағы қарапайым мүшелері қолдайды, тек саясатты кәсіп еткен, шетелдік масон ұйымдарының ақшасына қызыққан, кейбір азғындары мен қазақтың өз мәңгүрттері болмаса…

    Тағы не істеу керек екенін қалың ҚАЗАҚ айта жатар…

    ҰЛТТЫҚ  ҚҰНДЫЛЫҚТАР — ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚ

    Егерде  Зере,  Құнанбай,  Ұлжандар

    Орыс-Совет мектебін бітірген болса,

    Абай, Шәкәрім  сияқты  ойшылдарды

    өсірген  ұлттық  орта да  болмас  еді.

    Ұлттық болмыс - жауапкершілік  һәм тәрбиелік орта

    Тіршіліктің мәнін түсінген, парасатты ата-бабаларымыздың өмірлік ұстанымы: «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» болып, әрбір қазақ отбасы дербес, тұрақты өндіруші күш ретінде қалыптасып, шаруашылықты жерге орналастыру мен ұжымдық еңбекті ұйымдастырудың ең тиімдісі – рулық (фирмалық) тәсілді қолданып Қазақ Елі байлығын жыл өткен сайын өсіріп, мәдениетін дамытқан.

    Ертеде, рулық жүйеден тыс, Қазақ Елі азаматтық қоғамын біртұтас етіп, ұйытып отырған және қазақтың үнін жүйелі де тұрақты шығарған негізгі құралдар (институттар):

    1. Ата жұрт

    2. Нағашы жұрт

    3. Қайын жұрт

    4. Құдалар

    5. Андалар

    6. Аманат

    7. Бейіт, мола, қорым, кесене.

    Ертеде, рулық жүйеден тыс, Қазақ Елі азаматтық қоғамын біртұтас етіп, ұйытуға ықпал жасаған және қазақтың үнін жүйелі де тұрақты шығарған негізгі іс-шаралар:

    1.  Шілдехана, Бесік той

    2. Тұсау кесер той

    3. Сүндет той

    4. Ерулік, құдайы тамақ

    5. Құда түсу, құдалық

    6. Үйлену тойы

    7. Жерлеу, Ас беру

    Қазақ Халқы, жоғарыдағы құралдар мен іс-шаралардың арқасында, біте қайнасып – біртұтас азаматтық қоғамды қалыптастырып, сол біртұтас ұлттық жауапкершілік ортаның арқасында КЕҢ-БАЙТАҚ (жері байлыққа толы) ҰЛЫ ДАЛАҒА ие болған…

    Ұлттық тәрбие

    Ерте кезде жастарға, жалпы қазаққа, толыққанды жан-жақты тәрбиені ата-ауыл-ру қауымының тәрбиелік әрі жауапкершілік ортасы  ғана берген. Ол кездегі ата-ауыл-ру қауымы нағыз зиялы, адамның жан-дүниесін ашатын орта болған, сондықтан ата-әжелерінен таза ұлттық тәрбие алып, ҚАЗАҚ ҮНІНЕ уызында қанған Абай, Шәкәрім, Әлихан, Мұстафа, Мұқтар, Ілияс, Мағжан, Бейімбет, Ахмет Байтұрсынұлы сынды көптеген Алаш арыстары ұрпағына ұзақ жылдар рухани азық болар туындыларын беру арқылы, мәңгі өшпейтін өз ҮНДЕРІН қазақ мәдениетіне қосып кетті. Саналары Орыс-Совет мектебінің диірменінен өткен бүгінгі ата-әжелер өз ұрпағын, ҚАЗАҚ ҮНІНЕ қандыра алмай, сорлатып отыр. Жағдайды түзеу үшін, Елінің болашағына сенетін Қазақстанның әр бір азаматы балалары мен немерелерін ұлттық құндылықтар негізінде жаңғырған қазақ балабақшалары мен мектептеріне беруі керек.

    Халықтың күші  –  темірдей  төзім  мен  ұлттық  үнінде.

    Аспанның көркі – жұлдыз, жердің көркі – үн

    Әл-Фараби.

    Ұлттық үн

    Өзгеге еліктеген кейбір бауырларымыз өзге тілде ойлап, өзге дыбысқа толғанып, өзгенің сырын түйсігіне түйіп, ұлттық ойлау қабілетін жоғалтып, ұлттық болмысынан айырылып, өзгенің мәдениеті мен экономикасына қызмет етуде.

    Тіпті, бүгінгі күні, парасатты батыр бабаларымыздын рухы өзгелердің үнінен шошып, қазақ топырағына қона алмай жүргендей көрінеді. Үннің табиғаты тербеліс-толқын, ендеше ол энергия-күш.

    Осыны білген Қорқыт ата бабамыз:

    Құлақ астым сыбысқа,

    Ой толғадым дыбысқа.

    Сырын түйіп түйсікке,

    Үн жинадым тынысқа — деген өсиет сөздер қалдырыпты.

    Түйсікке түйілген ұлттық сырлар үн арқылы халықты ұйытатын күш болса, онда  Қазақ үні біздің рухымыздың өлшемі болды ғой.

    Ұлттық тағам.

    Қазақтың экологиялық жағынан ең таза, коректік маңызы зор, сіңімді, сапасы жоғары, көне дүниенің ойшылы Геродот өзінің «Тарих» атты еңбегінде жазған «… сары қымыз, қазы-қарта, жал-жая» сияқты тағы басқа көптеген ұлттық тағамдарымызды, ұлттық тағам өндірушілердің көп салалы «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарын құру арқылы дәріптеп, бүгінгі күн талаптарына сай жаңғыртып, ұлттың денсаулығын, генофонын түзеу үшін, алдымен оларды қазақ халқының алдына тартып, артылғанын әлем халықтарына экспортқа шығарып, Қазақ Елін байыту керек.

    Ұлттық киім.

    300 жылға созылған қазақты ұлтсыздандыру саясатының әсерінен, бүгінгі қазақ – азат, еркін өмір сүрген ұшқыр ойлы ата-бабаларымыз ойлап тауып – киініп, әлемді тамсандырған киім үлгілерін осы заманға лайықтап қолданып – дамыту  тұрмақ, олардан жұрдай болып айырылудың алдында. Ұлттық киім киюдің идеологиялық  және экономикалық маңызы өте жоғары, сондықтан бұл істі зерттеп-насихаттап, оның орындалуын талап ететін дизайнер-моделшілердің көп салалы «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарын құру арқылы жолға қою керек.

    Ұлттық өнер.

    6000 жылдық тарихы бар, дүние жүзіндегі музыка аспаптарының АТАсы, қазақтың бүгінгі қоңыр үні өзгерген домбрасының жағдайын, ата-бабаларымыз биік деңгейге көтеріп, ұрпағының қолына ұстатқан ұлттық өнердің басқа да көптеген түрлерінің бүгінгі ахуалын сұрап, соңғы 100 жылда қалыптасқан жағдайды түзеуді талап ететін өнерпаздардың көп салалы «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарын құру арқылы, қаржыландыру жағынан «батыстық үлгідегі» өнердің көлеңкесінде қалып келе жатқан ұлттық өнерді дәріптеп, қолдау керек.

    Ұлттық спорт.

    Қазақ халқының мыңдаған жыл тарихы бар, ұлттық болмысқа негізделген спорт түрлерінің бүгінгі жағдайын зерттеп, соңғы 100 жылда осы салада өшкен қазақ рухын көтеру мақсатында, спорт жанкүйерлерінің көп салалы «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарын құру арқылы, қаржыландыру жағынан «батыстық үлгідегі» спорт түрлерінің көлеңкесінде қалып келе жатқан ұлттық спорт түрлерін дәріптеп, қолдау керек.

    Ұлттық Бұқаралық Ақпарат Құралдары.

    Қаржыландыру жағынан, 100 жылға жуық өзге тілді БАҚ-дың көлеңкесінде қалып, үні өшкен Ұлттық  Бұқаралық Ақпарат Құралдарының бүгінгі мүшкіл жағдайы, санасы таза әрбір қазақтың жанына батады. Қалыптасқан ахуалды түзету мақсатында, оқырмандардың көп салалы «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарын құрып, бөлінетін қаржыға қоғамдық бақылауды жолға қойып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, оны үйренушілерге күнделікті тиімді көмек болу үшін, өзге тілді БАҚ-дың бәрі, материалдарын міндетті түрде мемлекеттік тілде, қосарлап беруін талап ету керек. Және теледидарда балаларға арналған мультфильмдер тек қана қазақ үнімен, өзге тілдерде титрмен жазу арқылы берілуі тиіс.

    Қазақ Елінің  біртұтас халқына ортақ  «ЖҰМАҚ» қоғамы

    Тәңір жаратқан ұлттардың жаманы, үлкені,  кішісі  болмайды, бәрі бірдей.

    Тек  әр  ұлттың  ішінде  ҰЛЫСЫ мен ЗАЛЫМЫ,  ДҰРЫСЫ мен БҰРЫСЫ бар.

    Міне, осы аксиоманы басқыншылық саясат ұстанған әлемдік басым күштер, ұтымды қолдана білді. Олар өздерінің әлемді торлап алған ұйымдары арқылы, кез-келген елдің, әсіресе дамушы елдердің халқын 4-ке бөліп, ЗАЛЫМДАРЫН іріктеп алып, жан-жақты қолдау ұйымдастырып, олардың санасынан ұлттық–ойлау қабілетін өшіргеннен кейін, қызметін жоғарылатуға күш салып, БҰРЫСТАРЫНЫҢ үнсіздігін пайдаланып, сол ұлттың  ҰЛЫЛАРЫН жойып, ДҰРЫСТАРЫН қудалап, олардың  ҮНІН өшіру арқылы бүкіл ұлттың күш-қуатын өз мүдделеріне жегіп қоюға қол жеткізіп отырған…

    Өз бойындағы кемшілігін түзеуге ұмтылған адам

    (ұлт — мемлекет қоғам ) ғана өсіп-дамыйды.

    Сондықтан, дамып-гүлденген жақсы Ел болуымыз үшін, біртұтас Халық үні – Мемлекеттік тіл арқылы өз ұлтымыздың  ҰЛЫСЫН  ұлықтап,  ДҰРЫСЫН  үлгі етіп,  БҰРЫСЫН  жетекке алып, бәріміз жабылып  ЗАЛЫМЫМЫЗДЫ  түзетуге  мүмкіндік беретін «ЖҰМАҚ» (Жалпы Ұлттық Мәдени Ағарту Қозғалысы) қоғамын құруымыз қажет. 

    Қазақ өз Еліндегі этникалық топтармен қандай қарым-қатынаста болуы керек?

    Қазақ  бұлардың  ҰЛЫСЫН  үлгі етіп,  ДҰРЫСЫН  дос етіп – осы  екеуін  БҰРЫСЫН  түзетуге бағыттап, үшеуінің  көмегімен Қазақ Елі заңдарын мойындамайтын бірлі-жарым ЗАЛЫМЫН қатаң жауапқа тарту керек! Тек бұның бәрі,  білімді әрі ақылды СӨЗБЕН, тыңғылықты  ІСПЕН,  асқан мәдениеттілікпен,  ҚАЗАҚ  ЕЛІ заңдары аясында ғана, асықпай-талмай жүйелілікпен атқарылатын  КЕШЕНДІ  ШАРАЛАР.

    Бүгінгі біртұтас ҚАЗАҚ  ХАЛҚЫНЫҢ  құрамына Жаратушы-Тәңіріміз соңғы 100 жылдан аса уақыт ішінде қырғыз, өзбек, әзербайжан, қарақалпақ,  неміс, кәріс, украин, ұйғыр, дүнген, орыс сияқты басқа да этникалық топтарды қосып қазақ ұлтын байытты. Қазақ ұлты бұлардың бірде-біреуін бөтенсінген жоқ… Бүгінгі күнге дейін бұл байлықты қалай қолдандық?  Оны зерттеу керек, ол – бөлек мәселе. Біздің бірінші кезекте айқындауға міндетті ісіміз, қажетсінген этникалық топтарға тілі мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік бере отырып, осы топтар Қазақ Елі егемендік алғалы бері:

    – Ата Заңымызға сәйкес біртұтас халық болып ұюға қаншалықты үлес қосуда?

    - этносаралық татулық пен дінаралық келісімді қаншалықты бойына сіңіріп, дәріптеді?

    Осы мәселелерді анықтап, егер ол – көңіл көншітерлік болмаса, оны дұрыс дәрежеге көтеру үшін, әр этникалық топқа жеке дара «үй ішінен үй тіккізбей», яғни Ата заңымызға сәйкес әлеуметтiк, нәсiлдiк, дiни, тектiк-топтық  бөлінуге жол бермей, «ЖҰМАҚ» қоғамы аясында,  көп тектен құралған біртұтас ҚАЗАҚСТАН  ХАЛҚЫНА ортақ әр деңгейдегі (ауыл-аудан-қала-облыс-республика«ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарын (Үйлерін) құру арқылы жолға қою керек.

    Ұлттық экономика

    «Ат тұяғы жеткен жер бос қалмасын»

    Бабалар өсиеті

    Ел экономикасының дұрыс бағытта өркендеп дамуы – билік басындағы азаматтардың ұлттық-ойлау қабілетіне тікелей байланысты. Осы орайда айтатынымыз, тәуелсіздік алғалы экономикамыздың өсуіне бағыт-бағдар беретін мекемелердің басқару тұтқасын ұстаған кейбір маман-ғалымдар мен шенеуніктердің ұлттық-ойлау қабілеті өте төменгі деңгейде.

    Бұл пікірдің дұрыстығына көз жеткізу үшін, көптеген кемшіліктердің ең сорақыларынан дәлелдер келтірейік:

    -         Әлем елдері ЖЕР және СУ, тағы басқа ресурстар тапшылығын сезініп, қыруар қаржы бөліп, мухитты-мәңгі мұздықты-космосты-басқа планеталарды зерттеп, оларды өз игіліктеріне пайдаланудың бар мүмкіндіктерін қарастырып әлекке түсіп жатқанда, біздің өзге тілде оқып, шетелдіктерше «ойлайтын» кейбір бауырларымыз – кеше ғана ата-бабаларымыз мыңғыртып төрт түлік малын өрістеткен, ұрпағын өсірген, әлі іздері суымаған ауылдық өңірлерді – болашағы жоқ (депрессивный) ауыл-аудан деп шатасты;

    -         Жердің жекеменшікке сатылуы, әлемдік басым күштерді басқа планеталардан ресурс іздеу машақатынан құтқарып, оңай олжаға кенелтті;

    -         Өзін-өзі бағуға ЖЕР және СУ ресурстары жеткілікті, мол табиғи байлығы бар 16-ақ миллион халыққа, дәл бүгін, аса қажетсіз — жүздеген миллиард долларлық шетелдік инвестициялар тарту арқылы, халықты ұлттық байлығынан айырды;

    Ата-бабаларымыз орыс-совет империясы орнағанға дейін өз ақыл-ойымен, ұлан-байтақ қазақ  жерінде әрбір қазақ отбасын дербес, тұрақты өндіруші күш ретінде қалыптастырып, табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, шаруашылықты жерге орналастыру мен ұжымдық еңбекті ұйымдастырудың ең тиімді – рулық (фирмалық) жүйесін қолданудың арқасында экономикалық тұрақтылыққа жетіп, ертеңгі күніне сенімді болған соң, азаматтық  қоғамы мен мәдениетін дамытқан. Халқымыз осының бәріне — ЖЕР мен СУ ресурстары әр АУЫЛ, рудың ортақ байлығы болғандықтан, оны бүкіл АУЫЛ, ру болып бірігіп көздің қарашығындай қорғап, дұрыс, тиімді пайдалану арқасында ғана — қол жеткізген.

    Орыс-Совет империясы бодандығында «мың өліп-мың тірілген» қазақ ұлты, 1964-1986 жылдары ғана Д.А.Қонаевтың басшылығымен, сол кездегі кеңестік «өнеркәсіптік және аграрлық саясатты» ұтымды пайдаланып, кіші қалалар мен колхоз-совхоздардың экономикалық жағдайын көтеру арқылы, елді-мекендерде шын мәнінде урбанизация үрдістерін жүргізіп, екі ғасырға созылған бодандық кезеңде күйзеліске түскен тұрмысы мен құлдыраған мәдениетін көтеріп, өсіп-өніп, бір серпіліп қалып еді…

    1985 жылғы деректер бойынша Елімізде, тек қой саны 40 000 000-нан асып түскен.

    Дәлелге, Халыққа түрлі мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін инфрақұрылымдары бар 10 елді мекені, ішінде ғылым докторлары мен кандидаттары бар 1000 жуық инженер мамандары (ИТР), 12 ірі ауылшаруашылық құрылымы, 6 өндірістік заводы, құрамында 12 ПМК–сы бар 1 құрылыс тресті, 1 ғылыми зерттеу институты, шетелге экспортқа ағаш-құрылыс материалдарын шығаратын Сібірдегі 1 өндіріс орны, 1000 аса әр түрлі маркалы автомашиналары, 3000 аса әр түрлі ауылшаруашылық техникалары бар және 80-ші жылдардың аяғында , Кеңестер Одағында бірінші болып, сол уақыттағы ең соны моделді IBM техникасымен жарақталған локалді компьютер желісін құрып, агрофирманың барлық бөлімшелерін біртұтас Финанстық есептеу және басқару Орталығына қосқан, 1991 жылдың 1 қаңтарына — 4(төрт) миллиард АҚШ долларына пара-пар жаңаланған негізгі ҚОРЫ бар, аудан территориясының 10 пайызын алып жатқан нағыз агломерациялық құрылым болған – бүгінгі күні құрдымға кеткен, Талдықорған облысының «Октябрдің 40 жылдығы» агрофирмасы сияқты, сол кездегі мемлекеттік саясатты халық мүддесі үшін дұрыс қолданып, байыған мыңдаған ауыл шаруашылықтарын мысалға келтіруге болады.

    Бұған, бүгінгі құлазыған ауыл шаруашылығындағы келеңсіздіктерді күнде көріп, шарасыздықтан өзегі күйген миллиондаған бұрынғы колхоз-совхоз еңбеккерлері куә.

    Егемендік алған күннен бастап, еліміздің  Өкіметі мен Үкіметіегіншілік пен мал өнімдерін өндіруді жыл сайын ұлғайтып, оны ұқсатудың әлемдік ең жоғарғы технологияларын  Қазақ елінің әр ауданының орталығында енгізіп, қалың қазақты жұмыспен қамтып, жыл сайын арта түсетін егіншілік пен мал өнімдерін экспортқа шығарып, барлық аудан орталықтарын жоғары деңгейдегі инфраструктурасы бар кіші-қалаларға  айналдырып, ұлан-байтақ жерді игеру үшін мемлекеттің бар мүмкіндіктерін ұлттық мүддеге дұрыс пайдаланудың орнына, қазақтың жері мен байлығына қызыққан әлемдік басым күштердің тәрбиесі мен ақылының «нәтижесінде» ұлттық-ойлау қабілетінен айырылған, бірақ білімді әрі пысық кейбір экономист-саясаткерлердің жетегінде кетіпауыл  шаруашылығын «приватизация», «оптимизация», «легализация» сияқты  ГОЛОЩЕКИННІҢ (1930-шы жылдары бейбіт заманда  халқымыздың өмір сүру дәстүрін күшпен өзгерту арқылы, қазақтың малын жойып, ұлтымыздың 60 пайызын қырып жіберген) мыйы  жетпейтін науқандарды іске асыру арқылы, еліміздің ЖЕР мен СУ ресурстарын игеріп жүрген  еңбекке жарамды бүкіл қазақты бес-алты  қалаға жиып  алып, олардың екі-үш ұрпақ болып өмір бойы тапқан – таянғанын, байырғы қала тұрғындарының қолына ұстатқызып (олардың мемлекеттен мүліктерімен қоса тегін алған автобазалары, сауда, өндіріс орындары және басқа да ғимараттар мен құрылғылардан тыс,  бас-басына мемлекеттен тегін алған қос-қос пәтерлері мен  көптеген саябақтары құйтырқы  саясаттың арқасында қып-қызыл ақшаға айналды), оларды бір  байытып тастады…

    Осындай жолмен байып алған, орыс-совет империясының мұрагер-көзіндей болған байырғы қала тұрғындары, елдің әр жерінен үлкенді-кішілі кәсіпкерлік ашып, арнайы  ЖЕР туралы ЗАҢ  қабылдатқызып, елдегі бос қалған жерлерді бірінен алып біріне сатып, алыпсатарлық пен сыбайлас жемқорлықты өрістетіп жіберді. Ұлттық экономиканың негізгі тірегі – қазақтың кең байтақ ЖЕРІ тауарға айналды. Енді ЖЕР саудасы тоқталмай, Елімізде басқа тауар шығаратын өндіріс орындары кеңінен дами қоймас…

    Жағдай мен қаражаттың жоқтығынан жерін игере алмай, күнкөріс үшін  қалаға көшкен  үйсіз-күйсіз, ата кәсібінен айырылған, арзанқол қазақтар – орыс-совет империясының қалалық мұрагерлерінің отымен кіріп,  күлімен шығып, жалған урбанизацияның құрбаны  болды.

    Ал дүние жүзінің дамыған елдерінің (Англия,  Франция,    Италия,  АҚШ т.с.с.)  ауыл-селолары  ешқандай «оптимизацияларға» ұшырамай,  байырғы халқының көпшілігі ата кәсібін өзгертіп, тентіремей-ақ, өз ата қоныстары мен кәсіптерін  заманға сай гүлдетіп-дамытып өмір сүріп келеді. Себебі, бұл елдерде өте жоғары механикаландырылған ауыл шаруашылығы қалыптасып, табиғи ресурстары толық игеріліп болып, қолы босаған және жері жоқ адамдар пайда болған кезде ғана үлкен қалалардың дамуы  басталып, өзін-өзі ақтап өмір сүре алатын мегаполистерді қалыптастырудың жүздеген жылдарға созылған жүйелі урбанизация үрдісі  әлі жалғасып келеді…

    Сондықтан Қазақ Елінің тарихи-географиялық және әлеуметтік ерекшеліктеріне сай келетін урбанизация үрдістерін жүргізе отырып, ұлттық экономикамыздың табиғи даму мүмкіндіктерін әлі толық игеру үшін:

    бірінші кезекте, халқымыздың бүгінгі-ертеңгі несібесін опыра жеп жатқан, көп шығынды-үлкен қалаларды ұлғайтуды тоқтатып, Елдің бар қаражаты мен мүмкіндіктерін — барлық аудан орталықтарын тікелей Үкіметке бағынышты индустриалды кіші қалаларға айналдыруға бағыттайтын Заңдар қабылдау керек;

    екінші кезекте, тұрғындар саны 5 мыңнан асатын елді-мекендерге қала статусын, тұрғындар саны 1 мыңнан асатын елді-мекендерге қала типті ауыл статусын беруді және оларда осы заманға сай инфраструктуралар мен ұқсатушы кәсіпорындар салуды көздеген бас жоспарлары бекітілген, ғылыми негізделген нағыз урбанизациялық жобаларды орындау үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдануы тиіс.

    Адамзат бар кезде, ұдайы сұранысқа ие экологиялық таза азық-түлік өндіру, Қазақ Елінің экономикалық стратегиясының негізі болуы тиіс.

    Біз – қоғамымыздың кез-келген саласындағы ғылыми-техникалық прогресске қарсы емеспіз, бірақ – ұлттық экономикамыздың негізі, алтын қазығы – ата кәсібіміз –  мал шаруашылығы мен егіншілік екенін мойындап, ауыл шаруашылығының осы салаларында, ата-бабаларымыздың ғасырлар сынағынан өткен технологияларын қолданып, экологиялық таза, әрі жоғары сапалы өнім өндіруде әлемдік ең соны техника – жабдықтарын пайдаланып, дүниежүзілік бәсекелестікке төтеп беретін ұлттық өнімдерді жаңғыртып, оларды әлемдік  экспортқа шығаруға мүмкіндік беретін нақты және тиімді жолдарды ұсынамыз:

    — Қазақ Елінің кез келген азаматы өз туған жерін-Ауылын мәңгілік отаным деп тануы үшін, ұрпағының ертеңгі күніне сенімді болуы үшін, қай уақытта болмасын өз ауылының экономикасына үлес қосуға мүмкіндігі болуы үшін, Жерге тек қана мемлекеттік меншік орнату арқылы әр бір елді-мекен төңірегіндегі ЖЕР және СУ ресурстары осы Ауылдың қазіргі және болашақ тұрғындарының ортақ байлығы саналып, оларды пайдалану тек қана ұзақ мерізімді жалға беру арқылы жүргізілуі тиіс;

    — Еліміздегі 200  аса аудан орталықтарын, сол төңіректегі елді-мекен тұрғындарының мәдени-рухани-ғылыми-технократтық мұқтаждықтарын өтейтін және  олардың өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін кешенді түрде ұқсатып, бірден экспортқа шығара алатын технопарктерге айналдыру үшін,  ҮКІМЕТ әр ауданның ДАМУ  ҚОРЫ-ның құрылуына ықпал етіп, оған әр-бір елді мекеннің көп салалы «Ұждан» мәдени ағарту Клубтары жетекшілерінен құрылған БИЛЕР КЕҢЕСІ қоғамдық бақылау жасап, Қорға жыл сайын ең болмаса 1(бір) млн.евро бөліп тұрса, бірер жылдан соң аудандық  ДАМУ  ҚОРЫ-ның өндіруші салаға жұмсаған қаржысы бірнеше есе болып қайтып, Халықты жұмыспен қамтамасыз ету, иммиграция, демография жастар саясаты, білім, денсаулық сақтау т.б. мәселелер кешенді түрде шешілер еді.

    Осындай жолдармен, Еліміздің табиғи даму ресурстарын толық игеріп байыған, соның арқасында өсіп-өніп, оқып-тоқыған, Еліміздің түпкір-түпкірінде пайда болатын  200 аса халықтың өмір сүруіне ыңғайлы кіші-қалаларда одан әрі өз ақыл-ойын-қайратын қолдануға мүмкіндік таппай, қолы босайтын болашақ ұрпақ – сол кезде ғана үлкен қалаларға барып, бәсекеге қабілетті зерделік және өндірістік өнім шығарып, өзін ақтайтын мегаполистерді дамыту міндетін — өз еншісіне алуы керек

    ҚОРЫТЫНДЫ

    -         ЖАРАТУШЫМЫЗ ( Құдай, Тәңір, Алла тағала) әр адамды дүниеге саналы етіп жаратады.

    -         Ұлттық сана ұлттық ортаның әсерінен ғана қалыптасады.

    -         Ұлттық қоғамдық сана азаматтық қоғамның ұйымдық құрылымдар жүйесі қалыптасқан Елде ғана пайда болады.

    Осының бәрі ата-бабаларымыз азат өмір сүрген кезде – 100 пайыз бар болған және орындалып тұрған…

    Ал енді бүгінгі Казахстанда осы үш ұғым мүшкіл күйде:

    - Құдайға шүкір, бүгінде саналы сәбилер дүниеге келіп ұрпақ жалғасуда, бірақ өзгелерге еліктеген біраз отандастарымыз, ұлттық тәрбиенің әлсіздігінен, балаларын өзге тілде ойлауға, өзге дыбысқа толғануға, өзгенің сырын түйсігіне түйіуге бейімдеп, олардың ұлттық болмысын өзгертуге ат салысып жатқандарын ойланбай, ЖАРАТУШЫМЫЗҒА ( Құдай, Тәңір, Алла тағала) қарсы шыққандарын сезбеуде.

    -  Ұлттық тәрбиелік — жауапкершілік ортаның әлсіздігінен, біраз отандастарымыздың ұлттық санасы төменгі деңгейде. -  Рухы биік, парасаты мол ата-бабаларымыздың азат кезіндегі қазақ азаматтық қоғамының (Атаға, Ауылға, Руға — ТОПТАСЫП, Тайпаға, Жүзге — БІРІГІП, Қазақ Елін — ҚҰРАҒАН) ұйымдық құрылым жүйелері халықтың жадында болғанымен , соңғы 100 жылда іс жүзінде жойылған, соның нәтижесінде ұлттық қоғамдық сана әзірше әлсіз…

    Сондықтан да «беймәлім күштер» — Қазақ ұлтына қарсы жарияланбаған соғысын, жалғастырып, қарқынды жүргізіп жатыр…

    Бұл беймәлім күштер кімдер, қайдан пайда болып жатыр?.. Жауапты, біртұтас халық үні - қазақ үні арқылы санамызды тазартып, ұлт тарихын зерделей алған кезде аламыз.

    Біздің дана ата-бабаларымыз атаға, ауылға, руға топтасып -тайпаға, жүзге бірігіпбіртұтас Қазақ Елі болып өмір сүріп, сыртқы жауларға қарсы тұрға алған.

    Олар осылай ғана кең-байтақ жерімізді, сарқылмас байлығымызды қорғап – сақтап бізге жеткізді. Бүгінгі ұрпақтың мақсаты – тірі жүру мен қарын тойдыру ғана емес, қасиетті жерімізді, оның зор байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін, мемлекеттілікті ұлт мүддесіне қызмет еткізе алатын – ұлттық жауапкершілік ортаны, яки, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Ұлтшылдығымызды құпия сақтаудан, өз елімізде – өгей, өз жерімізде – кедей болудан, жалған мәдениеттілік пен қазақ үнінің өшіп бара жатқандығынан шаршадық… Бұдан әрі, көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлар жайлаған қоғамда, құлшылық өмір сүру мүмкін емес.

    Бәріміздің де жауап берер кезіміз келді:

    Ұлт болып қаламыз ба?  Жоқ па?

    «Отбасы – жеке қазақ» деңгейлеріне дейін ыдыраған бүгінгі ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ, ұрпағына толыққанды ұлттық тәрбие бере алмайтын жағдайда отыр.

    Бізге қақтығыстар мен төңкерістер керек емес. Бізге ештеңені бүлдірудің де, сындырудың да, өзгелерге жалтақтап-еліктеудің де қажеті жоқ…

    Бізге керегі – ұлтымыздың тарихын зерделеу арқылы, Қазақ Елі азаматтық қоғамының алтын діңгегі болатын, қазіргі заман талаптарына лайық, еліміздің заңдарына сай, біртұтас халқымыздың әлеуетін мемлекеттілігіміз бен азаматтық қоғамымызды дамытуға бағыттай алатын негізді табу.

    Ал ең тұрақты негіз, жауапкершілік һәм тәрбиелік орта, ол — елді мекен, АУЫЛ.

    …әлімсақтан қазақ санасында, АУЫЛ деген ұғым өте киелі. Ел-жұрт топтасып қоныстанған елді мекен, үлкен-кішілігіне қарамай,  АУЫЛ  деп аталып, ол жерде ұлттық ТӘРБИЕЛІК  және  ЖАУАПКЕРШІЛІК  ОРТА  қалыптасып,  ұрпақ тәрбиесі дұрыс жүйелі жолға қойылған еді. Бұл ортадан тәрбиелі, қарапайым еңбекқор қазақтармен қатар ұлтының мақтанышы болған, АУЫЛДАСТАРЫНЫҢ алдындағы жауапкершілікті жан-тәнімен сезінген, жігіт ағалары, ауыл ағалары, ауыл ақсақалдары, Ел ағалары, ақын-жыраулар, батырлар, әмбебаб-ұсталар, ғұлама билер үздіксіз шығып отырған…

    Бүгінгі Қазақ Елінде қалыптасқан жағдайды түзеу үшін,

    бірінші кезекте, Алматы және Астана қалаларында, Еліміздің 200-ден аса аудандарынан келген азаматтардың құқықтық және экономикалық мәдениетін көтеру мақсатында, әр ауданның көп салалы «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарын ұйымдастыру керек. Бұл Клубтардағы тәрбиелік жұмыстарға қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында, өмір елегінен өткен, парасатты ауыл ақсақалдары – ел ағаларынан БИЛЕР сайланып, осындай әр Клуб қаладағы сол ауданнан шыққан азаматтардың –ТӘРБИЕЛІК әрі ЖАУАПКЕРШІЛІК ортасына айналуы тиіс…

    Екінші кезекте, осы Клубтар елдегі өз аудандарындағы әр-бір елді мекенмен (ауылмен) байланыс орнатып, сол өңір тұрғындарының қаладағы мәдени өкілдігі қызметін атқарумен айналысады.

    Жеке азамат отбасына – отбасының белсенді мүшелері әр ауылдың (елді мекеннің) мәдени-ағарту Клубтарына топтасып-бірігіпмыңдаған «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтары арқылы гүлденген ҚАЗАҚ  ЕЛІНЕ айналайық!

    Қазақтың ұлттық ойлау қабілетін  жаңғыртушылардың ең басты міндеті – әрбір жанның қанында сақталған тарихи жадын қозғауға белсене ат салысып, жады оянған  азаматтардың басын қосып, Қазақ  Елі заңдары аясында, қазіргі заман талаптарын ескере отырып, кемеңгер ата-бабаларымыз бізге  АМАНАТ  етіп кеткен қазақ азаматтық қоғамының  шежірелік (корпоративтік) жүйесін  қайта жаңғыртып, нағыз ұлттық ТӘРБИЕЛІК әрі ЖАУАПКЕРШІЛІК ортаны қалыптастырып, халық мүддесін қорғауда,  Қазақ Елінің біртұтас халқы таңдаған  БИЛІККЕ белсенді қолдау көрсету.

    ӘР ҚАЗАҚ АЗАМАТЫНЫҢ ұялатын ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАСЫ БОЛУЫ КЕРЕК

    немесе

    ҚАЗАҚ ЕЛІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМЫН ЖАҢҒЫРТУ ФОРМУЛАСЫ:

     

    Егер біртұтас Қазақстан халқының кез-келген өкілі, өзі өмір сүрген елді мекенде, өзі сияқты 13-тен аса жанға беделді болып, топтастырып, сөзін өткізе алатын тәрбиелі-білімді азамат (азаматша) болса – ЖІГІТ АҒАСЫ (Қыз айымы) атағына ие, өзінікі сияқты 13-тен аса отбасына беделді болып, ұйыстырып, ақылын айтып, тұрмыстық мәселелерді шешуде көмек бере алатын өмірлік тәжірибесі бар отағасы (отанасы) болса – АУЫЛ  АҒАСЫ (Ауыл айымы) атағына ие, 13-тен аса АУЫЛ АҒАСЫНА (Ауыл айымына) беделді болып, оларды өнегелі іске жұмылдырып, ұлағатты сөз айта алатын парасат иесі болса – АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ (Ауыл анасы) атағына ие, 13-тен аса АУЫЛ АҚСАҚАЛЫНА (Ауыл анасына) беделді болып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысып, елді ұйытқан тұлғалы азамат (азаматша) болса – ЕЛ АҒАСЫ (Ел анасы) атағына ие, 13-тен аса ЕЛ АҒАСЫНА (Ел анасына) беделді болып, топтастырып, бір ауыз сөзімен дауды шешетін кемеңгер тұлға болса – БИ атағына ие болатын ТӘРБИЕЛІК һәм ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАНЫ құруға белсенді қатысса, сонда бұл орта жергілікті өзін-өзі басқарудың, яки ұлттың өзін-өзі сақтауының, табиғи сұрыптауға негізделген үйлесімді-үнемді Жүйесін  қалыптастыратын еді.

    «… биліктің конституцияға сəйкес  уақытысында ауысып отыруына жəне əрбір жаңа құрамдағы

    БИЛІККЕ ТҰРАҚТЫ ЫҚПАЛ ЕТЕ АЛАТЫН ұлттық жауапкершілік

    ОРТА (қоғам) ҚҰРУ  ҮШІН КҮРЕСУ КЕРЕК !!!… »

    Сонда ғана ұлттық ойлау қабілеті жаңғырған қазақ  халқы ТІЛІНЕ, САЛТ-ДӘСТҮРІНЕ, ДІНІНЕ, ЖЕРІНЕ  түбегейлі ИЕЛІК етіп БАЙ-ҚУАТТЫ өмір сүрер  еді, сонда ғана қазақ халқына басқа діни ағымдар, тіпті жахандану заманы талап ететін түрлі экономикалық және саяси одақтарға мүше болуда қорқынышты болмас еді.

    «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының жұмысына қатысушы

    Ел ағаларының пікір-ұсыныстарынан үзінділер :

    Шетелдік «ақылшылардың» жетегіндегі азаматтық қоғамның бүгінгі «қарқынды» дамуы, болашақта Қазақ Елін «вавилон топалаңына» айналдырмауы үшін, ұлттық ойлау қабілеті оянған әр бір азамат қазақтың төл Ел басқару жүйесін жаңғырту және тәуелсіздіктің бүгінгі мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану арқылы жахандану заманында өз ақыл-ойымен өмір сүре алатын Қазақ Елі азаматтық қоғамын қалыптастырып- нығайту мәселелеріне белсенді ат салысып, ең үйлесімді және ұтқыр ұсыныстарын ортаға салуы керек.

    1 — қосымша

    Одаққа мүше қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер өз Жарғылары аясында дербес қызмет атқара отырып, Одақ жанындағы баршаға ортақ, әр деңгейдегі көп салалы «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарының іс-шараларына белсенді ат салысып, төмендегі талаптарды орындауға міндетті.

    Алаш үні дегеніміз –

    ұлттық мүддеге негізделіп,

    бағытталған іс-әрекет.

    1. «АЛАШ ҮНІ» Қоғамдық Бірлестіктер Одағының негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды зерттеп, насихаттап жүрген, Еліміздегі азаматтық қоғамды нығайтуға талпынған азаматтарға қолдау көрсету екенін қалың жұртшылыққа жеткізіп, осы істерге араласуға қабілеті-мүмкіндігі бар, ұлттық міндеттерін түсінген жандарды Одақтың көп салалы  «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарына мүшелікке тарту.
    2. Қазақ Елінің азаматтық қоғамын, ұлттық құндылықтар мен мүдделерді қорғап-нығайтуда  көп салалы «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтары мүшелерінің ойы да, сөзі де, іс-қимылы да  Ел заңдары шеңберінде болуы керек.
    3. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде болғандықтан, балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз мемлекеттік тілге уызында қануы үшін, міндетті түрде қазақ балабақшасына барып, қазақ орта мектебін бітіруі керек.
    4. Өзімізге керек мәліметтерді өзгетілді ақпарат құралдарынан ала отырып, бірақ  Қазақ Елі шегінде күнделікті өмірде, жұмыста да, тұрмыста да кез-келген жеке тұлғалармен, мекеме-кәсіпорындармен олардың меншіктік қалыптарына қарамастан, тек қана мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасап, тіліміздің қолдану ортасын кеңейтіп, өміріміздің барлық саласында мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту.
    5. Қоғамдық ұйымдардың байланыстарын нығайту мақсатында, осы ұйымдардың іс-шараларынан фото-видео репортаждар жасайтын интернеттегі өзіміздің «Қазақ Елі» халықтық бейнелі жылнамасын (www.internetTV.kz) және басқа да отандық БАҚ-ды тұрақты қарап-оқуды дағдыға айналдырып, өз мақалаларын тікелей осы www.internetTV.kz сайтына басып тұру.
    6. Ұлттық болмысымызды жаңғырту жолында — Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де,  ТӘҢІРІМІЗ разы болсын.

    2 – қосымша

    ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ ЖАҢҒЫРТАЙЫҚ !!!

    Азат, еркін өмір сүрген, құлдық қамытын кимеген, бөтен елдердің тепкісі мен езгісіне түспеген, қазақтың үні өшпеген замандарда Қазақ Елінің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде (азаматтық қоғамы) негізгі рөлді — Жігіт ағасы, Ауыл ағасы, Ауыл ақсақалы, Ел ағасы, Би атағына өздерінің парасаттылығымен ие болған — нағыз азаматтар атқарған…

    Бабалары сияқты нағыз азаматтар болуға ұмтылған, бүгінгі тәуелсіз Еліміздің саналы жастары үшін, Жігіт ағасы (Қыз айымы), Ауыл ағасы (Ауыл айымы), Ел ағасы (Ел айымы) деген атақтардың стандарттарын баршамыз бірге жасап-қалыптастырып, халқымыздың ұлттық-ойлау қабілетін жаңғыртуға ұмтылайық!

    Жігіт ағасы, ауыл ағасы, Ел ағасы

    (Қыз айымы, Ауыл айымы, Ел айымы)

    атағына қойылатын негізгі біліктілік талаптар:

    1.      Мемлекеттік әліпбиді және тілді еркін меңгеру және жан-жақты қолдау.

    2.      Ата Заңымызды құрметтеп-қастерлеу және оның баптарының орындалуын үнемі қадағалап-талап ету.

    3.      Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп-қастерлеу және ән-ұранды жатқа айту.

    4.      Ұлттық  мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды білу және жан-жақты қолдау.

    5.      Бір мамандықты кәсіби деңгейде меңгеру және бірнеше мамандықтың қыр-сырын білу.

    6.      Ұлттың салауатты өмір салтын жаңғыртуға белсенді ат салысу.

    7.      Қазақ Елі азаматтық кодексі баптарын жетік білу.

    8.      Ұлттық психология мен халықтық педагогика негіздерін жетік меңгеру.

    9.      т.с.с. талаптарды зерттеп-сараптап қосымша ұсыныңыздар.

    3– қосымша

     

    «Ұлттың қуаты оның ҮНІНДЕ (іс-әрекетінде), яки ДАУЫСЫНДА»

    Ғасырлар қойнауынан жеткен парасатты Бабалар үні арқылы ұлттық рухы оянған, өз Елінің Конституциясы мен Заңдарын құрметтейтін, Қазақ Елінің әр-бір азаматы, «… халық қаласа, хан түйесін сояды» деген ертедегі еркін қазақ азаматтық қоғамының негізгі қағидасын басшылыққа алып, бүгінгі ӨКІМЕТ пен ҮКІМЕТТІҢ ұлт мүддесіне қызмет ету деңгейін арттыру мақсатында, алдағы САЙЛАУЛАР мен РЕФЕРЕНДУМДАРДА, Қазақстанның болашағына сеніп балалары мен немерелерін қазақ балабақшалары мен мектептерінде тәрбиелеп-оқытатын АЗАМАТТАР мен өз іс-шараларын негізінен мемлекеттік тілде жүргізетін САЯСИ ПАРТИЯЛАРҒА ғана өз ДАУЫСЫН беруі керек.

    4- қосымша

    «Алаш үні»

    Қоғамдық Бірлестіктер Одағының

    құрылымы

    (Структура СОО «Алаш үні»)

    1. Одақтың басқарушы органы – ТӨРАЛҚА

    Құрамы : Одаққа мүше қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар және мекеме жетекшілері.

    2. Кеңесші және сараптамалық органыБилер  Кеңесі

    Құрамы: Халыққа танымал ауыл ақсақалдары, ел ағаларының  және жан-жақты білімді азаматтардың ішінен іріктеп Төралқа мүшелері сайлайды.

    3. Үйлестіру қызметі

    Жетекшісі: Жан-жақты білімді азаматтардың ішінен іріктеп Төралқа жетекшісі тағайындайды.

    Қазақ Елі шегінде ұлттық құндылықтар мен мүддені насихаттау және қорғау мақсатында «АЛАШ ҮНІ» Қоғамдық Бірлестіктер Одағы өткізетін іс-шараларға белсенді араласып, Еліміздің азаматтық қоғамының қуатын  зор, әрі тұрақты етуге ат салысып, жоғарыда айтылған талаптан шыққандарға ғана  алдағы уақытта Жігіт  Ағасы,   Ауыл  Ағасы,    Ел  Ағасы деген құрметті атақтардың арнайы Куәлігін беру және Ауыл Ағалары арасынан Ауыл Ақсақалдарын, Ел Ағалары арасынан Билерді сайлау қарастырылады.

    5- қосымша

    БІРІНШІ құрамдағы БИЛЕР КЕҢЕСІ мүшелерінің тізімі:

    1. Совет-Хан Ғаббасов — медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

    2. Оразалы Сәбден — экономика ғылымының докторы, академик.

    3. Салық Зиманов — заң ғылымының докторы, академик.

    4. Амалбек Тшан — қоғам қайраткері.

    5. Өмірәлі Қопабаев — заң ғылымынң докторы.

    6. Бекзәкір Құралбаев — кәсіпкер, «ТӨРЕ» холдингінің президенті.

    7. Болат Нәукенұлы Бөтеев - «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі.

    8. Әбілсейіт Айханов — атақты палуан, қоғам қайраткері.

    9. Сәкен Өзбеков — заң ғылымының докторы.

    10. Сансызбай Құттыбаев — жазушы.

    6- қосымша

    ЕЛ мен ЖЕРДІ жаудан ҚОРҒАУДА ең БАСТЫ КҮШ – ол ХАЛЫҚ !!!

    …Бүгінгі біздің Ел, құдды бір дәліз ашық қалған есігі

    Жоғалған соң мүлде, ұлттың өзін-өзі сақтау тетігі

    Ана тіл, салт-дәстүрін сыйламайтын, не  білмейтін

    Билікте қаптаған соң пенделер миының бар кетігі…

    …Тайсалмай жаудан бабалар, Руымен бірге у ішкен

    Ұйысып Ауылға, бірігіп Руға, басын қосқан Алаштың

    Сақтаған ол, ұрпақ үшін, салт-дәстүрін ұлтының

    Шығарған ол, талай батыр,  Ел ағасы, Билерін…

     

    БИЛІК не істеуі керек ? ХАЛЫҚ не істеп, көмектесуі керек ?!

    «АЛАШ ҮНІ» Қоғамдық Бірлестіктер Одағы, төмендегі :

    Еліміздің барлық аудандарында ТҰРАҚТЫ түрде ЖҰМЫС істейтін «ӘСКЕРИ ұлттық-спорт КЕШЕНДЕРІ» атты  ЖОБАНЫ ұсынады.

    Бұл жобаға ҚР ҮКІМЕТІНІҢ барлық МИНИСТРЛІКТЕРІ қатысуы ТИІС.

    ЖОБАНЫҢ негізгі КОНЦЕПЦИЯСЫ:

     

    1. ҮКІМЕТ шешімімен, әр ауданның территориясынан «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНІНЕ» қажетті жер телімі бөлінеді.
    2. ҚР Қорғаныс Министрлігі «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНІ» базасында, 100 адамдық кавлерия эскадроны тұрақты тұратын әскери бөлім құрып, жүйелі түрде халықты әскери дайындықтан өткізіп тұруы тиіс.
    3. ҚР ІІМ және ТЖМ  «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНІ» базасында, иісшіл иттерді өсіріп-тәрбиелейтін кинологтар бөлімшесін (жаудың техникасын жаруға қолдануға болатын) құруы тиіс.
    4. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНІ» жұмысына керек жылқы, ит т.б. қажеттіліктерін қамтамасыз етуі тиіс.
    5. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНІ» базасында, кәсіби кокпаршылардың көмегімен мектеп-команда құрып, жастарды атқа қондырып, батылды – қайратты болуға баулуы тиіс.
    6. ҚР Білім және ғылым Министрлігі «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНІ» базасында, жазғы және қысқы каникул кезінде мектеп оқушылары мен студенттерге ӘСКЕРИ және ұлттық спорт ЛАГЕРІН, демалыс күндері ЭКСКУРЦИЯ ұйымдастырып жастарға патриоттық тәрбие беруі тиіс.
    7. Жалпы барлық Министрліктер, Агенттіктер мен Комитеттер «ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ұлттық-спорт КЕШЕНІ» базасында, өз салалары бойынша ағартушылық жұмысын жүргізуіне болады.

    ЖОБАНЫҢ мультипликативті ЭФФЕКТІЛЕРІ:

     

    1. «Ұрпағым атқа қонды» деп, бабалар аруағы разы болады.

    … Бабалары «ат құлағында ойнамаған», дүние жүзіндегі ең дамыған мемлекеттерде,

    күні бүгінге дейін бар ( осы жерден оқыңыз ) ӘСКЕРИ КАВАЛЕРИЯ,

    біздің «бабалары ат құлағында ойнаған» ҚАЗАҚСТАНДА да жаңғыратын болады.

    2. Әр ауданда кұрылатын КАВАЛЕРИЯ ЭСКАДРОНЫ жастарды әскери қызмет пен ұлттық спорт түрлеріне баулып қана қоймай, бейбіт күнде аудандандарда мал ұрлығына тосқауыл қойып, қоғамдық тәртіп бұзылмауын қамтамасыз етеді.

    3. Әр ауданның кәсіби кокпар командасының қалыптасуына әсер етіп, әр отбасында жастар жылқы т.б. мал ұстауға ден қойып, жем-шөп өндіру дамыйды.

    4. Ұлттық спорт түрлерінің  (кокпар т.б.) дамуы респулика көлемінде күрт өсіп, әлемдік аренаға шығады.

    5. Өзге де эффектілері көп болады…

     

    6- қосымша
    ҚАРА ӨЛЕҢДЕР:

     

    ҰЛТ МҰҢЫ
    Мақал-мәтел, нақыл сөз, қалдырған  рухани мәлімет
    Бабаларда, болған қандай биік ұлттық ойлау қабілет
    Арқасында ерекше, Тәңір берген Ана тілге құдірет
    Білмейді оны бүгінгі,  билік толы екі жүзді қарабет
    Бүгінгі біздің Ел, құдды бір дәліз ашық қалған есігі
    Жоғалған соң мүлде, ұлттың өзін-өзі сақтау тетігі
    Ана тіл, салт-дәстүрін сыйламайтын, не  білмейтін
    Билікте қаптаған соң пенделер миының бар кетігі
    Жетектеп жүріп немереге егетін, ұлттық ойлау қасиет
    Тәңірге ылғи сыйынып, дейтін ұрпағымды адам ет
    Әжелерді іске жегіп өлгенше, қолпаштайды көп тілді
    Ұлтсыздыққа ұрынған, өзі сақау, екі жүзді Үкімет
    Ел-жұрттан ұят деп, өскен кеше Алаш баласы
    Болған соң, Ауыл оның, жауапкершілік ортасы
    Сақтаған ол, ұрпақ үшін, салт-дәстүрін ұлтының
    Шығарған ол, талай батыр,  Ел ағасы, Билерін
    Қазақи әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жазылмаған Ата заң
    Түйсіктік деңгейде орындаған, әр қазақтың баласы
    Азаматтық қоғамның арқа сүйер, негізгі ол құралы
    Елге жайлы-тиімді деп тапқан, ұлтымыздың санасы
    Қазағым, білім үшін, өзге тілдің мейлі бәрін біл
    Бірақ та, Өз Еліңде тек қана, Ұлт тілімен өмір сүр
    Сыйлайтын Ата жолын, Адам болсаң егер де
    Шындық ізде, ұлт тарихы қойнауынан, тереңде
    Түсінген мәнін тіршілік, бабалар ұстанымы өмірлік
    Бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық-ақ жаулық
    Баулымай еңбекке ұрпақты, баянсыз болар бұл тірлік
    Бабалар баққан сондықтан, үшінші байлық-он саулық
    Тайсалмай жаудан бабалар, Руымен бірге у ішкен
    Ұйысып Ауылға, бірігіп Руға, басын қосқан Алаштың
    Төрт түлікті мал күткен, қажырлы еңбек арқасы
    Бала санын шектемей, бағуға жеткен шамасы
    Сансыз малы сыймаған кешегі, қазақтың Ұлы Даласы
    Қаңырап бүгін бос қалған, бауырым соны ойлашы
    Неге, Тәуелсіз Қазақ Елінде, табиғи таза ас тапшы?
    Баға алмай бүгін отбасын, қаңғырған қазақ баласы?
    Бәріне кінәлі меніңше, өзгерген ұлттық ойлау қабілет
    Түсінбейтін ұлт мұңын, өзге ойлы - өзгетілді  Үкімет
    Көрмей ұлттық тәрбие, билікке жеткен пенделер
    Ал түзеуге бұл жағдайды, көпшілікке қашан ой келер!?
    Қарсы қойып, өз бауырын өзіне, мақсатына жеткендей
    Қазақтың жауы қазақ деп, мәз болады азғындар
    Қарап тұрсам түріне, ол да қазақ, мен де қазақ
    Ұға алмай өзімізді, боламыз өзге жұртқа ылғи мазақ…
    Үйретіп сәбиіне өзге тіл, еткен ұлтсыз мүгедек
    Ата — ананы көргенде, қан жылайды жан-жүрек
    Жолын тауып қалайда, жүйелі іс-әрекет етпесек
    Қазақты, қалыс қалған бұл істен, аямайды келешек
    Кетерміз бұл өмірден, әйтеуір бір күн бәріміз
    Естелік болып, артта қалар, тек сөзіміз бен ісіміз
    Ұстатсақ ұрпақтың қолына, аялап ұлттық болмысты
    Көмескі тартпас ешқашан, қалдырған біздің ізіміз…
    Болат Нәукенұлы Бөтеев.
    Алматы облысы, Қырғауылды ауылы.
    17 қырқүйек 2012 жыл

    ҚАЗАҚ,

    бай-қуатты болуы үшін,

    НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК ?

    Әлемдік басым күштер, орнатып кең өрмек-жүйесін
    Азғынын терген әр ұлттың, саясатпен зымиян
    Басында қолдап жымысқы, соңынан тескен танауын
    Бұйдалы пенде, сорлатып ұлтын, аяусыз Елін тонатқан
    Бүгінде, ақшалы азғындардың дәурені жүрген заман
    Партиялар мен БАҚ-тардың да көбін, солар құрған
    Тілінен, ділінен безгендер ғана тауып қолдауын
    Ұлтын сүйген жарандар, шеттеліп жаппай қуылған
    Сөндіру үшін, қазақтың бойындағы азаматтық сезімін
    Жасалған, құйтырқы Заңы мен Ережесі сайлаудың
    Толтырып жампоз, жайсаңдардың партиялық тізімін
    Әккілерді парламентке кіргізер, боз кілемнің үстімен
    Ұятты аз ол жерде, ұятсыздар өзге тілді қаптаған
    Қазақтар көп, қағынан жерініп, ана тілін таптаған
    Санасыз мәңгүрттердің көйлегі көк, қарны тоқ
    Алаш жұрты шарасыз, шығуға қарсы әлі жоқ
    Әр сайлауда, не істерін білмей қазақ, қатты басы
    Бір Тәңірге сыйынып баршамыз, ниет етсек ұдайы
    Жіберсе егер Жаратқан, ұлтты ұйытар әз жанды
    Бір жағадан шығар еді-ау, бар қазақтың сорлы басы
    Жұмаққа дәл бүгін, жете қоймас біздің жұрт
    Жойылмай, құлдық сана атты, қара құрт
    Бірігіп бас қоссақ, үйіріп дертке, қара бұлт
    Кеселінен айығып, ұлт басына қонар құт
    Отарсыздану саясатын жүргізетін тезірек
    Бар қазаққа ортақ, қозғалыс керек елгезек
    Иманды Алаш жұртын топтастырып көбірек
    Бұйдалы серкелерге, келтірер нағыз кебенек
    Болат Нәукенұлы Бөтеев
    5 желтоқсан 2011 жыл

     

    Адам тәрбиесінің жаңа ілімі

    Ұрпағым тәрбиелі, дені сау, алғыр болсын десеңіз,

    Ұлттық тәрбие негізіне сүйенген, Ілімді жақсы біліңіз

    Бірінің міндетін біріне, жүктеуге әсте болмайтын,
    Советхан Ғаббасов ұсынған, жеті кезең тізбегінен өтіңіз
    Текті құда тапқанға, дән риза болып ата-анаңыз,
    Ұлт дәстүрін ұстанып, отбасын құрған болсаңыз
    Нәтижесін армандап, Ілімді зерделеңіз жұбыңызбен ,
    Талаптарын  орындауды мұқият, мойныңызға алыңыз
    Жібімеген тоң жерге, әлсіз-ауыру дән ексек,
    Ешқашан бітік шықпас мол өнім, кесек-кесек
    Ертерек ойлайық сондықтан, тазалығын ұрықтың,
    Ұрпағымыз уланбай, мыйы толық болсын десек
    Біріншіден, ол үшін салауатты өмір салтын сүйіңіз,
    Шаттық пен жақсылыққа толсын, көңіл-күйіңіз
    Өзгерісті бастаңыз, сәби сүю ойыңыздан көп бұрын,
    Ішімдікті тыйып мүлде, тек табиғи таза ас-су ішіңіз
    Ана құрсағындағы тоғыз ай, тәрбиенің екінші кезеңі,
    Қайталап бар тіршілік ғұмырын, қаланар білім негізі
    Ой толғап сыбыс пен дыбысқа, үн жинаған тынысқа,
    Нәресте келер өмірге, ашылып оның түйсік-сезімі
    Айқаймен бастайды үшінші кезеңді, бар адамзат баласы,
    Жүрек тербер үнімен анасының, оянып оның санасы
    Қауызына тарының, сыйдырған он сегіз мың ғаламды,
    Құдіретімен Тəңірдің, адамның ғана бұған келген шамасы
    Тәрбиенің мұнан соң, келер балбөбек атты кезеңі,
    Бесік жыры кіріп құлақтан, толығар сана-сезімі
    Уызында қанып ана сүтіне, ұлттық рух қонар бойына,
    Мейірімімен ата-ананың қалыптасар оның мінезі
    Өмірдің ең тәтті кезі, сірә, сәбилік кезең болар,
    Сағынышпен жырлап өткен, талай сазгер-ақындар
    Тәрбие-білімді ойнап жүріп сімірген, қызықты шақ,
    Әсерінен ана тілінің, негізі ақыл тәрбиесінің  қаланар
    Балиғат кезеңінде, махаббат сезімі бүршік атар,
    Бір арнада, тербетіп екі жасты, жүрек қағар
    Сездіріп келгенін, балалықпен қоштасар шақ,
    Әбден қайнап, ұлттық тәрбие көрігінде, адам болар
    Ұрпағына әу-бастан, боласың он үшіңде отау иесі,
    Деп айтатын, парасатты бабалардың  жұғып киесі
    Жастықтың оты жалындап, жас жүректе жанған шақ,
    Басталады өмірдің, кәмелеттік кезең атты белесі
    Ілімді меңгерсеңіз, ыждахатпен, бір күн тынбай,
    Ретімен орындалса, жеті кезең талаптары ойдағыдай
    Жанының он екі арнасы ашық азаматпен, ұлт толығар,
    Ойы мен оның әр ісіне, разы болар ылғи  құдай
    Алматы облысы, Қырғауылды ауылы.
    25 желтоқсан 2012 жыл
    Болат Нәукенұлы Бөтеев.

     

    Бүгінгі ауыл өмірі

    Бүгінгі ауыл адамы не қылса да, ісі бір өнбейді,
    Әйтсе де, бұл заманда кедейліктен кісі өлмейді.
    Жеріміздің асты-үсті толы байлық болса дағы,
    Қазақтың аяқ-қолын, жоқшылық неге кісендейді?
    Баға алмайды бүгін, қорадағы бес-алты қой, сыйырын
    Тұрғынның көпшілігін құрайтын, кембағалы ауылдың
    Тарылтып, аз малын жаяу баққан, бейшараның тынысын
    Кей әкімдер сатуда, әр ауылдың онсыз да аз, мал өрісін
    Жыл бойғы табысы отын-су, тамағынан артылмайды,
    Шал-кемпір кеткеннен соң, Ауылдың күні не болады.
    Ауылға, көмек боп тұр бодандық еңбектің нәпақасы,
    Тәуелсіз еңбектің пенсиясы, бұйырмайды-ау шамасы.
    Түсіп ап, қыр соңынан көп қазақтың, қу кедейлік,
    Тізерлеткен сорлыны, найзасын үшкір ылғи таяп
    Қалмаса да еңбектен, өзгелер төзбейтін, жанын аяп,
    Сонда да бұйырады ең төменгі ақшасы зейнеткерлік
    Күйзелту, тиімді өндірісін ауылдың, қате болды әу бастан
    Азық-түлік өніміне, Әлемде, сұраныс тоқтамаған ешқашан
    Бәленің бәрін бастаған, билікті жайлаған рухани дағдарыс
    Қазақ Елі шегінде жер болмайтын, өнім бермей бос жатқан
    Сату, азғындардың түпкі ойы, қазақтың Жері мен байлығын
    Тоқшылықта ұйымдасқан халықтың, сезіп ерік бермесін
    Жарлықпен таратқызған, үйлесімді ұжымшар(колхоз) жүйесін,
    Көпшілігі қазақтың, отбасын бағып, тұрақты терген ырысын
    Өзі білмей, тілін алмай білген ғалым, жақын — туыстың,
    Жібімеген тоң жерге, ақылсыз әумесердей, дән еккен
    Өзге тілді, өзге ойлы азғындардың сөзіне ерген Үкімет,
    Жерін сатып, ұлт басына салмақшы мәңгі тауқымет…
    Тәуелсіздік алған, шатаспасам, қазақ ұлты емес пе?
    Жоқ, әлде еркіндік алған халықтан, шенеунік-билік пе?
    Ойлаймын әр кез, сыбайлас жемқорлық жайлаған елімді,
    Ұлтқа жайлы басқару жүйесі, орнар екен қашан тиімді!
    Болат Нәукенұлы Бөтеев.
    Алматы облысы, Қырғауылды ауылы.
    26 желтоқсан 2012 жыл

    Қазақ болғанымызға сүйінеміз бе, әлде күйінеміз бе?

    Миллиардтан аса қытай, миллиондаған орыс, мыңдаған мұңғыл сияқты басқа халықтардың ішінде жүріп, тағдырдың тәлкегіне төзген, ата-АУЫЛ-руға топтасудың арқасында ғана ТІЛІН, ӘДЕТ-ҒҰРПЫН, САЛТ-ДӘСТҮРІН, ДІНІН сақтап, Ата жұртқа көшіп келген қандастарымызды көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.

    Бірақ, өз елінде , қалың қазақтың ішінде, қазақ тілін біле тұра өзара өзге тілде сөйлесіп, ұлттық ойлау қабілетінен айырылған қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін. 16 миллион біртұтас халықтың ішінен мемлекеттік тілді білетін, ұлттық ойлау қабілеті жоғары, Еліміздің тарихын, салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын, мәдениетін жақсы білетін тәрбиелі-білімді мың азаматты, Парламент пен Үкіметте жұмыс істеуге, іріктеп ала алмайтын азаматтық қоғамымыздың 65 пайызы қазақтар екенін ойлағанда, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.

    Санасы уланған кейбір мемлекеттік шенеуніктер ұлттық өнерге, ұлттық спортқа, жалпы ұлттық мәдениетке жеткілікті көңіл бөлмей, қалың қазақ айналыспайтын спорт пен өнер түрлеріне қыруар қаражат шашып жатқанда, Ел ішінде ұлттық құндылықтарды насихаттап, таратып жүрген БАУЫРЛАРЫН қолдап, оларға қол ұшын созған ұлтшыл, қатардағы кәсіпкер – АЗАМАТ қандастарымызды көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.

    Бірақ, қазақ ұлтына, өнері мен мәдениетіне қосқан үлесі бар, еңбектерін Елі таныған Тұлғалардың, талантты жас журналистер мен өнер адамдарының, мемлекеттен қолдау көрмей, үйсіз-күйсіз жүргенін көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін. Қазақ Еліндегі 10 млн. қазақтың есебінен биліктегі қызметтеріне ілігіп, өз қара бастарының қамын ғана күйттеген, қалың қара қазақтың мүддесін ұмытқан, қазақи ұлттық құндылықтарға мән бермей, дүниежүзілік басым күштердің құрығына түскен, уақытша мәнсап-байлыққа мәз болып, өздерінің ұлт жадының «қара тізіміне» ілініп жатқанын сезбейтін кейбір шенеунік – депутат қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.

    Тәуелсіздіктің мүмкіндіктерін толық пайдаланып, тың деректерден қазақтың шынайы тарихын оқып-біліп санасын тазартып, білгендерін өздері өмір сүрген ортасына насихаттап, таратып жүрген, қатары күн сайын арта түскен аға буын, орта буын, жас буын қазақтарды көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.

    Бірақ, Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңның «Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі» деген 27-бабының орындалуын Құдайдың құтты күні, секунд сайын өрескел бұзып жүрген шенеуніктерге Қазақ Елінде «әй дейтін Әже, қой дейтін Қожа» шықпағанын көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.

    Ата-бабаларымыздың ұлттық ойлау қабілеті мен рухы қонған ауылдағы қалың ҚАЗАҚ – барлық «приватизация», «оптимизация», «легализация» сияқты келеңсіздіктерге төтеп беріп, таза АУЫЗ СУСЫЗ , ЖОЛЫ нашар, байланысы нашар, ГАЗЫ жоқ және ОТЫН-СУЫ тапшы елді-мекендерде, көптеген қиындықтарға төзіп, ата қоныстарын жоғалтпай, Қазақ ЖЕРІНІҢ иесі әлі бар екенін әлемге танытып жүргенін көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.

    Бірақ, қазақтың жері мен байлығына қызыққан әлемдік басым күштердің «тәрбиесі мен ақылының» нәтижесінде ұлттық-ойлау қабілетінен айырылған, білімді әрі пысық кейбір экономист-саясаткерлердің бүкіл қазақты бес-алты қалаға жиып алып, олардың екі-үш ұрпақ болып өмір бойы тапқан – таянғанын байырғы қала тұрғындарының қолына ұстатқызып, өздерін үйсіз-күйсіз тентіретіп, елдегі экономикалық және әлеуметтік келеңсіздіктерге жол берген надандығын көргенде мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.

    Қазақ Еліндегі болып жатқан келеңсіздіктерді тоқтатуға бүгін күш салмаса, алдағы уақытта оның ұлтымызға апат әкелетінін Билікке ашық айтып, бұл келеңсіздіктерді жоюдың жолын зерделеп, халыққа жеткізген Мұхтар Шаханов, Совет-Хан Ғаббасов, Ғазиз Алдамжаров, Ғаббас Қабышұлы, Оразалы Сәбден, Хайрулла Ғабжалилов сынды Ел ағаларымен қатар Айдос Сарым, Дос Көшім, Марат Бөтеев, Дәурен Бабамұратов сынды т.б. көптеген азаматтардың ұлттық ұстанымдарының беріктігін көріп, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.

    Бірақ, Әлемдік Басым Күштердің мүдделерін дәл орындайтын «кеңсеге» айналып бара жатқан біздің Үкімет пен Парламенттегі өзге тілде оқып-өніп, шетелдіктерше «ойлайтын» кейбір бауырларымызды көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.

    Болат Нәукенұлы Бөтеев

    15 тамыз 2007 жыл

    Құрметті  Оқырман!

    Пікірлеріңізді төмендегі телефондар арқылы жіберулеріңізді сұраймыз.

    Одақтың үйлестіру қызметінің жетекшісі: Болат Нәукенұлы Бөтеев,

    Тел.  8-701 277 1683, 8 701 712 4511

    Одаққа мүше болып, «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтары жанынан өз үйірмелерін ашам деушілерге жан-жақты көмек беріледі, хабарласыңыздар !

    Кітапша мұқабасы:

    /            /

    Автор туралы 

    / Байланыс телефоны: 8 701 712 4511, E-mail: bolat53@bk.ru

    БОЛАТ НӘУКЕНҰЛЫ БӨТЕЕВ.

    (өмірдерек)

    1953 жылы 2 маусымда Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1975 жылы Петропавл қаласындағы «Союзцелинвод» трестінде инженерлік қызметтен бастап, 1976-1980 және 1984-1994 жылдары Кеңестер Одағындағы ең ірі ауылшаруашылық өндіріс мекемесі «Октябрдің 40 жылдығы» агрофирмасында әр түрлі инженерлік және еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру бағытында басшылық қызмет атқарған.

    1981-1983 жылдары әскери мамандығы бойынша, Байқоңыр ғарыш айлағында, «Боран» жобасы аясында УИР (управление инженерных работ) қызметкері болды. 1983 жылы «Байқоңыр құрылысшысы» («Строитель Байконура») белгісімен марапатталған.1995 жылдан 2011 жылға дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2011-2012 жылдары ҚР БҒМ  Ғылым Комитетінің «Экономика» институтында, 2013 — 2015 жылдары «Қазақстан ғалымдары Одағы» ҚБ  бағдарламашы болып қызмет атқарады.

    2006-2009 жылдыр аралығында «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының директоры, 2009-2015 жылдары «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі болып қоғамдық жұмыстар атқаруды.

    2015 жылы  »Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» атынан »Қазақ хандығына 550 жыл» мерекелік белгісімен марапатталды. 

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ: «ҚАЗАҚ ЕЛІ мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының үйлесімді дамуы ЖАЙЛЫ ОЙЛАР» (НАЦИОНАЛЬНОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ: «МЫСЛИ О гармоничном развитии государственности и гражданского общества ҚАЗАҚ ЕЛІ») by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    5 Қаңтар 2011 at 15:06 - Пікір жазу Пікірлер саны: 1 46 514 рет қаралған ...