Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    

Archive for the 'Қонаев университеті' Category

Қабан (Қабылиса) жыраудың 325 жылдығына орай тұрғызылған кесене-күмбезінің ресми ашылу салтанаты (фото-видео репортаж)

Кеше, 2010 жылдың 16 қазаны күні, Алматы облысы, Іле бойындағы Көкбастау қыраты бөктерінде, халқымыздың айтулы ақын-жырауы, жыр атасы — Қабан (Қабылиса) жыраудың туғанына 325 жыл толуы қарсаңында тұрғызылған кесене-күмбезінің ресми ашылу салтанаты болып өтті. Бұл тарихи-мәдени шараға Қазақ Еліне танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, облыстың аудандарынан, ұжымдарынан келген халық өкілдері қатысты.

17 Қазан 2010 at 16:39 - Comments

Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевты еске алу күні. Алматы қаласы 22 тамыз 2009 жыл.(бейнесюжеттер)

Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 25 тамыз 2009 жыл. Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев 20-шы ғасырда бабаларымыздың арманын орындау үшін, қазақтың бағы үшін берген Аллатағала сыйы болды десек, артық айтқандық емес. Кеңес өкіметінің алаш ардақтыларын қырып-жойып, қазақты жарық жұлдыздары мен рухани көсемдерінен айырмақ болған саясатынан түк шықпай, тарих сахнасына Дінмұхаметтей маңдайы жарқыраған алып тұлға келді […]

25 Тамыз 2009 at 21:35 - Comments

Жаңа сайт — Жаңа ұсыныс!

“ҚАЗАҚ ЕЛІ” интернет-газеті және бейнелі энциклопедиясы сайтына хош келдіңіздер! Біздің www.internetTV.kz сайтынан сіздер Қазақ Елі тарихын, бүгінгі тыныс-тіршілігін, экономикасын, мәдениетін қоғамымыздың әр түрлі әлеуметтік топтары өкілдерінің өз аузымен айтқан әңгімелерін арнайы www.internetTV.kz үшін түсірілген бейнесюжеттерден көріп тамашалайсыздар.Мың рет естігеннен бір рет көрген артық!

11 Ақпан 2009 at 12:25 - Comments