Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Оқушылар шығармашылығы

    Ұстаз тілегі:

    От кого: zhansanov@mail.ru

    Ассалаумағалейкүм! Оқушымның мақаласын жариялай аласыздар ма? Рахмет!

    Медет Жансанов

     

    Айтыстың өнердегі орны қаншалықты?

    Айтыс – көне дәуірден келе жатқан асыл мұралардың бірі. Асыл құнды мұраларымыз халық иелігінде. Ащы шындықты, өткір сынды айтыс арқылы жеткізіп отырған ата-бабаларымыз, айтыскерлеріміздің іштен қынжылатын орындары да бар шығар. Айтыс – жалғасын тауып келе жатқан құнды мұра десек те, қазіргі қоғамдағы айтысқа қарап отырып, жалғасын таппай ме екен деп ойлап қаламын. Өйткені айтысты дәріптеу, сыйлау, құрметтеу бүгінгі таңда жоқ. Мұра етіп қалдырған әр ғасырдың саңлақтары: Шөже ақын, Балта, Біржан, Сара, Доспамбет, Құлмамбет айтыскерлеріміздің орнын толтырып жатқандар да көрінбейді.

    Әрине, көпке топырақ шаша алмаймыз. Бір топ буындарымыз бар: Ринат Зайытов, Балғынбек Имашев, Айбек Қалиев, Рүстем Қайыртайұлы т.б. Осы буындардан кейін айтыс тіпті сапасыз. Айтыс емес, нағыз жаттанды айтыс. Жаттап, келісіп қана шығады айтысқа. Сондағы көздегендері дүние, байлық, ұлттық құндылық емес. Ал өсіп келе жатқан біздің буын, жас жеткіншектердің ойы не болмақ!?

    Осылай ұлттық құндылықтарымыз жойыла берсе, бізде не қалмақ, онсыз да мұраларымыз саусауқпен санарлықтай болса…

    Ринат ағаға айтар шексіз алғысым: сахнаға шынайы көзқараспен қарап, айтыста да өз орнын қалдырып кете алды. Халық сізді қолдап, жақсы көретінін ұмытпағайсыз.

    Бүгінгі таңдағы айтысты басшылыққа алатын ешкімнің де болмағаны ғой. Дүние жеңісте емес. Көзді ашып ойланайық! Кейінгі ұрпақты ойлайық! Алдыңғы буын осылай болса, келесі ұрпақ қандай болмақ!? Балам дейтін халқы болмаса, халқым дейтін бала қайдан болсын?!

    Аяпберген Ұлжан

    Алматы облыстық И.Нүсіпбаев атындағы 4 мектеп-интернаттың 11-сынып оқушысы

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    31 Наурыз 2013 at 19:25 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 378 рет қаралған ...