Қабан (Қабылиса) жыраудың 325 жылдығы
2010 жылдың 16 қазаны күні, Алматы облысы, Іле бойындағы Көкбастау қыраты бөктерінде, халқымыздың айтулы ақын-жырауы, жыр атасы — Қабан (Қабылиса) жыраудың туғанына 325 жыл толуы қарсаңында тұрғызылған кесене-күмбезінің ресми ашылу салтанаты болып өтті.
Бұл тарихи-мәдени шараға Қазақ Еліне танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, облыстың аудандарынан, ұжымдарынан келген халық өкілдері қатысты.
ШАРАДАН ФОТОКӨРІНІСТЕР: