Кеше, 2010 жылдың 16 қазаны күні, Алматы облысы, Іле бойындағы Көкбастау қыраты бөктерінде, халқымыздың айтулы ақын-жырауы, жыр атасы — Қабан (Қабылиса) жыраудың туғанына 325 жыл толуы қарсаңында тұрғызылған кесене-күмбезінің ресми ашылу салтанаты болып өтті. Бұл тарихи-мәдени шараға Қазақ Еліне танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, облыстың аудандарынан, ұжымдарынан келген халық өкілдері қатысты.
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 25 тамыз 2009 жыл. Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев 20-шы ғасырда бабаларымыздың арманын орындау үшін, қазақтың бағы үшін берген Аллатағала сыйы болды десек, артық айтқандық емес. Кеңес өкіметінің алаш ардақтыларын қырып-жойып, қазақты жарық жұлдыздары мен рухани көсемдерінен айырмақ болған саясатынан түк шықпай, тарих сахнасына Дінмұхаметтей маңдайы жарқыраған алып тұлға келді […]
02.02.2009 жылы ашылған «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы сайтына хош келдіңіздер! www.internetTV.kz сайтынан сіздер Қазақ Елі тарихы, бүгінгі тыныс-тіршілігі, экономикасы, мәдениеті туралы қоғамымыздың әр түрлі әлеуметтік топтары өкілдерінің өз аузымен айтқан әңгімелерін арнайы www.internetTV.kz үшін түсірілген бейнесюжеттерден көріп тамашалайсыздар. Әр түрлі тақырыптағы бейнесюжеттерді, сайттың басқару панеліндегі TV арналар т.с.с. сілтемелерді басқан соң , ондағы Балабақша […]