Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    

Archive for the '«АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағы' Category

Филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішұлына шәкірттері жеке веб-сайт ашып берді (фото-видео репортаж)

2010 жылы 19 қазан күні, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішұлының жеке веб-сайты ашылуына орай, Алматыда ғалымның шәкірттерімен кездесуі болып өтті.  Шара барысында ғалымға сайт куәлігі тапсырылды. Өз кезегінде Т. Кәкішев сайт жасаушыларға алғысын білдіріп, еңбектерін жариялауда бұндай мүмкіндіктің болғанына ризалығын жеткізді.  «Бұдан бұрын ғаламтордың қазақтілді сегментін дамытуға байланысты «Бәйге» ұлттық интернет жобасын ұйымдастырған болатынбыз. […]

25 Қазан 2010 at 16:53 - Comments

«Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығы, мемлекеттің ақшасын ала отырып, оның халқының тілі мен рухын таптауға жол берген жоқ па? (фото-видео репортаж)

2010 жылы 19 қазан күні, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығы, ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Доктрина национального единства: от теории к практике» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.   Орталықтың осындай Ел өміріне маңызды тақырыпты көтергені жақсы-ақ делік. Бірақ, осы құжатты талқылауға белсенді ат салысқан қоғамдық ұйымдардан ешкімді арнайы шақырмағаны, конференцияға өз бетінше келген қатысушыларды таң қалдырды және конференцияның […]

22 Қазан 2010 at 17:09 - Comments

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, қазақ интернетін дамыту мәселелеріне арналған семинарда (фото-видео репортаж)

2010 жылдың 18 қазаны күні, Алматы қаласында «МІНБЕР» журналистерді қолдау орталығы, Соғыс және бейбітшілік репортаждары институты (IWPR) және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігінің қолдауымен бірлесіп «ҚазНеттің құқықтық реттелуі және оның қазақтілді интернет БАҚ-тың дамуына ықпалы» атты тақырыпта арнайы семинар өткізді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов қатысып, «Қазіргі заңнамалық ерекшеліктер. Ресми мүмкіндіктер» тақырыбында сөз сөйледі.

20 Қазан 2010 at 13:24 - Comments

Қабан (Қабылиса) жыраудың 325 жылдығына орай тұрғызылған кесене-күмбезінің ресми ашылу салтанаты (фото-видео репортаж)

Кеше, 2010 жылдың 16 қазаны күні, Алматы облысы, Іле бойындағы Көкбастау қыраты бөктерінде, халқымыздың айтулы ақын-жырауы, жыр атасы — Қабан (Қабылиса) жыраудың туғанына 325 жыл толуы қарсаңында тұрғызылған кесене-күмбезінің ресми ашылу салтанаты болып өтті. Бұл тарихи-мәдени шараға Қазақ Еліне танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, облыстың аудандарынан, ұжымдарынан келген халық өкілдері қатысты.

17 Қазан 2010 at 16:39 - Comments

Бүгін «KIW-2010″ атты 1-ші қазақстандық интеpнет апталық өз жұмысын бастады (фото-видео репортаж)

Бүгін, 2010 жылдың 12 қазаны күні, «KIW-2010″ атты 1-ші қазақстандық интернет апталық өз жұмысын бастады. Осы шара аясында қазақтілді қолданушылар, «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігі мен «БӘЙГЕ -2010″ ұлттық интернет Жүлде сайысы дирекциясының ұйымдастыруымен Қазақ секциясы өз жұмысын өткізуде.

12 Қазан 2010 at 17:24 - Comments

Республикалық «Халық медицинасы орталығы» 20 жылдық мерей тойына орай халықаралық Конгресс өткізді. (фото-видео репортаж)

Бүгін, 2010 жылдың 9 қазаны күні, Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы қазақ драма театрында «Халық медицинасы республикалық орталығының» 20 жылдық мерей тойына орай халық емшілерінің халықаралық Конгрессі өз жұмысын бастады. Алыс-жақын шетелдерден келген қонақтардың қатысуымен аталмыш шара екі күн өтпек.

10 Қазан 2010 at 00:48 - Comments