Филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішұлына шәкірттері жеке веб-сайт ашып берді (фото-видео репортаж)
2010 жылы 19 қазан күні, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішұлының жеке веб-сайты ашылуына орай, Алматыда ғалымның шәкірттерімен кездесуі болып өтті. Шара барысында ғалымға сайт куәлігі тапсырылды. Өз кезегінде Т. Кәкішев сайт жасаушыларға алғысын білдіріп, еңбектерін жариялауда бұндай мүмкіндіктің болғанына ризалығын жеткізді. «Бұдан бұрын ғаламтордың қазақтілді сегментін дамытуға байланысты «Бәйге» ұлттық интернет жобасын ұйымдастырған болатынбыз. Соның аясында белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішұлының жеке сайты ашылды. Жалпы, мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды дамытамыз десек, осындай ғалым ағаларымыздың еңбектерін бағалап, мүмкіндігімізше насихаттауымыз керек»,- деді «Бәйге» ұлттық интернет Жүлдесі» дирекциясының менеджері Болат Бөтеев.
Сайт домені — www.kakishev.kz Онда Халықаралық жоғарғы мектептер академиясының академигі, ғалым Т. Кәкішұлының өмірбаяны, сурет-бейне мағлұматтар, сұхбаттар, мақалалар жарияланған. Сонымен бірге, сайт иесімен тікелей байланыс жасауға да мүмкіндік жасалған.
Сайттың ашушысы әрі демеушісі — Т. Кәкішевтің шәкірті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты Нұрдәулет Нұраділ. Оның айтуынша, барлық мағлұматтар уақыт сайын жаңартылып, толықтырылып отыратын болады.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Ғалым ТҰРСЫНБЕК КӘКІШЕВТІҢ шәкірттерімен кездесуінен бейнелі көріністер
ТҰРСЫНБЕК КӘКІШЕВ Техника дамыған сайын,мылқаулардың көбейгеніне қиналамын
Поделиться в соц. сетях
The Филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішұлына шәкірттері жеке веб-сайт ашып берді (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.