Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    

Archive for the 'Ұрпақ тәрбиесі' Category

Ұлттық рухты көтеретін ӘНҰРАНДЫ, қазақтың үні-символы домбыраға қосылып шырқау — халықтық дәстүрге айналуы керек ! (осы мақсатта еңбек етіп жүрген ұстаздар туралы бейнесюжеттер)

Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 24 маусым 2009 жыл. Алматы облысының 750 мектебіндегі 400 мыңға жуық оқушыларға 32 мың ұстаз білім беруде. Мемлекетіміз мектептердің материалдық базасын ұдайы жақсартумен қатар мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеруге жағдай жасап келеді. 2009 жылдың маусым айында Алматы облыстық білім басқармасының «Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны […]

25 Маусым 2009 at 08:58 - Comments

ҰЛТТЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІМІЗДІ ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАНТАЛАС немесе ҚАЗАҚТЫҢ ИГІ-ЖАҚСЫЛАРЫМЕН ҚОСА ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ТЕҢ ЖАРЫМЫН ҚЫРҒАН ГЕНОЦИД ЗАРДАПТАРЫ ТУРАЛЫ (бейнесюжеттер)

Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 20 маусым 2009 жыл. Бір жылға созылған үзілістен кейін, 2009 жылы 19 маусым күні Алматы қаласында, Әлихан Бәйменовтың «ЗЕРДЕ» қоғамдық қоры жанындағы «Темірқазық» пікір-талас клубы өз жұмысын жалғастырды. Бұл отырыс Мәмбет Қойгелдиевтің «Кеңестік Қазақ Еліндегі репрессия: себептері, әлеуметтік құрамы, салдары және ақталу барысы» атты баяндамасын талқылауға арналды. Клубтың […]

22 Маусым 2009 at 09:59 - Comments

Тәуелсіз Қазақ Елі балалар әдебиеті заман талабына сай ма ? (Ағашқа өрмелеп «ұрандамай», жалғыз жүріп «шырылдамай», бар мүмкіндікті пайдаланып топтасып-ұйымдасып-бірігіп ұрпақ үшін еңбек еткен жандар туралы бейнесюжеттер)

Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 19 маусым 2009 жыл. 2009 жылы 18 маусым күні Алматы қаласы әкімдігі «Тіл» оқу — әдістемелік орталығында тіл мамандарының «Балалар әдебиеті заман талабы тұрғысында» атты семинар-кеңесі өтті. Мақсаты: — бүгінгі таңдағы балаларды қызықтыратын тақырыптарды анықтау; — қазақ әдебиетіндегі шығармаларды іріктеп алу мәселесін шешу; — жас ерекшілігіне байланысты ұсынылатын […]

19 Маусым 2009 at 13:33 - Comments

БАРШАҒА ҚҰШАҚ ЖАЙҒАН ҚАЗАҚ ҰЛТЫ немесе МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕНСІНБЕЙТІН ДИАСПОРАЛАР (бейнесюжеттер)

Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 12 маусым 2009 жыл. 2009 жылғы 12 маусым күні Алматы экономика және статистика академиясының мәжіліс залында Әуезов ауданы әкім аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында қазақ тілі қолданысын кеңейту мәселелері» атты Әуезов аудандық қазақ тілі мамандарының Тіл Форумы өтті. Әуезов […]

14 Маусым 2009 at 10:25 - Comments

Алматы қаласы Әуезов ауданы тұрғындары өмірінің бір күні (бейнесюжеттер)

Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 5 маусым 2009 жыл. 2009 жылдың 5 маусымында Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік Академиялық орыс театыры ғимаратының алдында студенттік құрылыс отрядының сарбаздарын құрылыс нысандарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Аталмыш шараға аудан аумағында орналасқан 6 жоғары оқу орындарының және 18 арнайы орта кәсіптік оқу орындарының […]

5 Маусым 2009 at 18:23 - Comments

Бүгін – Қазақ Елі мемлекеттік рәміздері күні (бейнесюжеттер)

Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 3 маусым 2009 жыл. Қазақ Елі мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Алматы энергетика және электронды аспаптар колледжінде жастардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің авторларымен кездесуі өтті. Кездесуге Мемлекеттік Тудың авторы — Шәкен Ниязбеков, Әнұран авторы Шәмші Қалдаяқовтың жұбайы — Ж.Қалдаяқова, Қазақ Елінің атақты палуаны — Әбілсейіт Айханов, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының […]

4 Маусым 2009 at 11:11 - Comments