Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Алматы қаласы Әуезов ауданы тұрғындары өмірінің бір күні (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 5 маусым 2009 жыл.

    2009 жылдың 5 маусымында Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік Академиялық орыс театыры ғимаратының алдында студенттік құрылыс отрядының сарбаздарын құрылыс нысандарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

    Аталмыш шараға аудан аумағында орналасқан 6 жоғары оқу орындарының және 18 арнайы орта кәсіптік оқу орындарының 300-ге жуық студенттері қатысты. Студенттік құрылыс отрядының негізгі бөлігі өз жатақханаларына құрылыстық-жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

    Әуезов аудандық студенттік құрылыс жасағының штабы 2005 жылы Алматы қаласы әкімшілігінің Қаулысына сәйкес жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорымен құрылған Алматы қалалық студенттік құрылыс отрядының құрамына кіреді және жазғы каникул кезінде құрылыс жұмыстарына қатысуға қызығушылық танытатын, Алматы қаласы Әуезов ауданының ерікті негізіндегі жоғарғы оқу орындары мен арнайы оқу орындарының студенттерін біріктіреді.

    Салтанатты шараға Әуезов ауданының әкімі, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы Әділ Несіпбаев, ақсақалдар атынан зейнеткер Жолсейіт Мезгілбай, аудандық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, аудандық студенттер құрылыс жасағының капитаны Біржан Өтебаев, аудан жастары және «Халық үні» қоғамдық бірлестіктер одағы өкілдері қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    Жастардың құрылыс жасағы Әділ Несіпбаевтың сөзі 05 06 09 жыл
    Студенттік құрылыс жасағы жиыны Жолсейіт Мезгілбай ағаның сөзі
    Әділ Несіпбаев озат студенттерді марапаттауда Алматы 05 06 09
    Студенттерді жұмысқа қамту туралы Әділ Несіпбаев Алматы 05 06 09
    Студенттік құрылыс жасағының жетекшісі Біржан Өтебаев Алматы
    Жиын соңындағы концерттен көріністер 5 маусым 2009 жыл

    Алматыдағы қазақ бала бақшалары мәселесі 4 маусым 2009 жыл
    менин Республикам
    Алматыдағы Орыс мемлекеттік театры
    video Рамазан Жашиев

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Алматы қаласы Әуезов ауданы тұрғындары өмірінің бір күні (бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    5 Маусым 2009 at 18:23 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 006 рет қаралған ...