Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    «Табиғат» экологиялық Одағы төрағасы Мэлс Елеусізов: » ЖАҺАНДЫҚ ЖЫЛЫНУ ҮРДІСІ — ӘЛЕМГЕ ЖОЙҚЫН ҚАУІП ТӨНДІРІП ОТЫР» (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 7 қаңтар 2010 жыл.

    2010 жылы 5 қаңтар күні, Копенгагенде (Дания) өткен Жаһандық климаттың өзгеруін талқылауға арналған Бүкіләлемдік саммиттен оралған «Табиғат» Экологиялық Одағының төрағасы М.Х.Елеусізовтің қорытынды баспасөз мәслихаты болып өтті. Онда Қазақстан тарапынан қатерлі қауіпті еңсеруде, қолдан келер әдіс-айлалардың бәрін қолдану керектігі айтылды.
    dsc000201

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    М Х Елеусізов Экология мәселелерін көтеру ең басты мақсат
    «Табиғат» Экологиялық Одағының баспасөз мәслихаты А Л Кокарев 05 10 10 жыл
    М Х Елеусізов Жаһандық климаттың өзгеруі ғаламат шығын әкелуде
    ГҮЛЗАР қоғамдық бірлестігі Гөзел Құлжабаева Тауды сырлағанша, ағаш егейік
    «Табиғат» Экологиялық Одағының төрағасы М Х Елеусізов 05 01 10 жыл
    «Табиғат» Экологиялық Одағының баспасөз мәслихаты Эрванд Ильинский 05 01 10

    ЖАҺАНДЫҚ ЖЫЛЫНУ ҮРДІСІ — ӘЛЕМГЕ ЖОЙҚЫН ҚАУІП ТӨНДІРІП ОТЫР

    Ғалымдық жылынуға мызғымайтындай көрінген Гренландия аралында пайда болған сөгінді-жарық ұлғайып келеді. Арктика мұздары көлемiнiң кiшiреюi де бұл қауіптің басы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптамасы бойынша, климаттың ғаламдық өзгеруінен бүгінде 150 мыңнан астам адам көз жұмған. Бүгінде әлемнің барлық жерінде ауа райының жаһандық жылыну үрдісі байқалып, бұл әлемдік экологтардың дабыл қағуына түрткі болып отыр.
    Естеріңізге сала кетейік, халықаралық қауымдастық 1980 жылдан бастап ғаламдық жылыну мәселесіне назар аудара бастаған болатын. Атмосфера¬ның ластануы, жыл сайын ауа тем¬пе¬ра¬тура¬сының көтерілуі полюс¬тер¬дегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұхит суларының деңгейі көтеріліп, жа¬ғалау бойына жыпырлай орналас¬қан ірі қалалар, елді мекендер су астын¬да қалады деген қауіп ай¬ты¬ла бас¬та¬ды. Бұл алдымен адам¬ның таби¬ғат¬қа тигізіп жүрген за¬ла¬лын ойлан¬бастан жасаған шаруа¬шы¬лық қыз¬ме¬тінің салдары, көмір¬қыш¬қыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс бө¬лінуінің әсері деген ғалымдар пайым¬дауы біраз жайды аңғартты. Шынында да, жыл сай¬ын әуеге көтерілген метан мен кө¬мірқышқыл газы жерді қатты қы¬зып кетуден сақтайтын инфракүл¬гін сәулелерді жұтып, планета тем¬пературасының көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық бере¬тін стансалардан, қаладағы кәсіп¬орындардан бөлінген көмірқыш¬қыл газы атмосфералық қабатқа өте¬тін газдың 1/3 бөлігін құрап, қауіптің деңгейі өсе түсті. Планетадағы жасыл ал¬қаптар – ормандар бұл газдың біраз бө¬лігін қажетіне жаратқанымен, бар¬лығын жұтуға шамасы жетпейтін болды.
    Ғалымдар планета¬да¬ғы климат жылылығы 2 градусқа жғарылағанның өзінде Жер ша¬рында 500 млн. адам ауыз судан тап¬шылық көреді, 3 градусқа жы¬лығанда 3 млрд. адам ауыртпалық тартады деп есептейді. Мұз көлемінің азаюы мен жұқаруының Со묬түс¬тік мұзды мұхитында¬ғы ағыстар мен Арктикаға ғана емес, Солтүстік Атлантикаға да әсері бар екендігі айтылады. Ғалым¬дар арада 30-40 жыл өткенде Сол¬түстік мұзды мұхитының жылдың жылы мезгіл¬де¬рінде толығымен мұз құр¬сауы¬нан босанатындығын алға тар¬та¬ды. Әлем¬нің ең биік мұзарт шыңды Ги¬малай тауларының да мұздақ¬тарына еру қаупі ұлғайып келеді. Егер дәл бүгінгі қарқынмен ол әрі қарай жүре берсе, онда 2060-жыл¬дары мұздақтардың үштен екісі, ал 2100 жыл¬дары бар¬лығы да еріп кетуі мүмкін.
    Қазірде өзімізге белгілі Қазақстандағы Алатау мұздарының 1/3 еріген. Бұл алдағы күндері еліміздің ғана емес, бүкіл Орта Азияның күрделі сызжарасына айналу қаупін артырып отыр. Мұндай табиғи апаттардың алдын алу үшін не істеуіміз қажет? Қазақстан қандай бағытта жұмыс істеуі тиіс?

    «Табиғат» экологиялық Одағы.
    Байланыс телефондары: +7 701 789 07 28
    2 50 18 27

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The «Табиғат» экологиялық Одағы төрағасы Мэлс Елеусізов: » ЖАҺАНДЫҚ ЖЫЛЫНУ ҮРДІСІ — ӘЛЕМГЕ ЖОЙҚЫН ҚАУІП ТӨНДІРІП ОТЫР» (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    7 Қаңтар 2010 at 11:55 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 600 рет қаралған ...