Ғалымдарының ақылын тыңдамайтын, ұлттық болмысынан жеріген ҮКІМЕТ кімдердің мүддесіне қызмет етіп жүр? (фото-видео репортаж)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 7 сәуір 2010 жыл
2010 жылы 2 сәуір күні ҚР ҒК БҒМ Экономика институтының мәжіліс залында, 2006 жылы Қазақстан Республикасының жетекші ғалым-қайраткерлерінің бастамасы бойынша құрылған «Ғалымдар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысының сессиясы болып өтті.
«Ғалымдар одағының» жалпы жиналыс сессиясының өткізілуі, қазіргі кезде ҚР Парламентінде қарастырылуда жатқан, ҚР «Ғылым туралы» Заң мәселелерін талқылау және ұғынудың нақты қажеттiлiгінен туындаған шара болды.
Ғалымдар одағының жалпы жиналысы сессиясында келесі мәселелер қарастырылды:
- ғалымдар одағының үш жылдық қызметі туралы есеп;
- тексеру комиссиясының есебі;
- Ғалымдар одағының басқару органдарын сайлау;
- ҚР Парламентінде қарастырылып жатқан «Ғылым туралы» Заң жобасына енгізетін ұсыныстарды талқылау;
Ғалымдар одағының жалпы жиналыс сессиясына құрылтайшылар, Төралқа мүшелері, ақсақалдар алқасы, Ғалымдар одағының облыстық филиалдардың өкілдері, еліміздің атақты ғалымдары, Қазақстанның барлық өңірлерінен ЖОО мен ҒЗИ өкілдері және «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының өкілдері қатысты.
Жастайынан ұлттық тәрбие көрмей, өзге тілде білім алып-өз тілін ұмытқан, халықтың мұңын түсінбейтін кейбір шенеуніктердің ҮКІМЕТІМІЗДІ мақаулардың «балабақшасына» айналдырып алғанын өткір сынға алған қазақ ғылымының беткеұстар тұлғаларының шерлі үндері :
ҚР ҰҒА академигі Салық Зиманов: «…Ел билігінде, ғалымдарды тыңдайтын жан жоқ. Қазақ ғылымының бүгінгі деңгейін, есектің жүрісіне теңеуге болады…»
Академик Әлия Бейсенова:«…ұлтымыздың болашағын ойласақ, Алаш арыстарынан үлгі алып, жұмыстарымызды қазақ тілінде жүргізейік!»
Академик Камал Ормантаев:«…Елімізді жүйесіз реформалап, бүлдіріп-қирататын жалған МАСТЕР-пысықтар қаптап кетті.»
АБАЙ атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Серік Пірәлиев:
«…бар кінә өзімізде ме деп ойлаймын. Бас-басымызға салалық академиялар ашып, қырық құрақ болғанша, неге баршамызға ортақ бір ғана Ұлттық Ғылым Академиясы болсын деп, Үкіметке ұсыныспен кірмейміз?»
Бүгінгі көптілді-көпдінді-көпвекторлы саясаттың ішінде жүрген кейбір шенеуніктердің, ұлт тамырынан нәр алмай, көз жұмып БАТЫСҚА еліктеуінің әсерінен рухани азғындап, мінезі-болмысы заманына сай өзгеріске түскендіктен, парасатты ЕЛ ағаларының ойын түсініп, олардың ісін жалғастыра алмайтын халге түскендігін дөп басқан Үкіметтің өкілі Алтынбек Нухұлының айтқаны:
«…Заманына сай, адамда, саясатта, заңда өзгереді. Қазақ ғылымының іргетасын Қаныш атамен бірге қаласқан Сіздердің ой-танымдарыңыз, болмыстарыңыз ерекше. Мүмкін, бір бірімізді түсінбегендіктен, шығып жатқан уақытша түсінбестіктер бар шығар деймін…»
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
ҚР ғалымдар Одағы жалпы жиналысы сессиясының ашылуы 02 04 10
ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН ҚР ғалымдар Одағының 3 жылдық есебі, 1 бөлім
ҚР Ғалымдар Одағы сессиясы Оразалы Сәбден, баяндама 1, Алматы 02 04 10 жыл
ҚР Ғалымдар Одағы сессиясы Оразалы Сәбден, баяндама 2, Алматы 02 04 10 жыл
Академик САЛЫҚ ЗИМАНОВ, ел билігінде ғалымдарды тыңдайтын жан жоқ 2 сәуір 2010 жыл
КАМАЛ ОРМАНТАЕВ Елiмiздi жуйесiз реформалап, булдiрiп кирататын,жалган ДОКТОР АКАДЕМИКТЕР каптап кеттi
Академик САЛЫҚ ЗИМАНОВ, қазақ ғылымының бүгінгі жағдайы есектің жүрісі 02 04 10 жыл
Академик ӘЛИЯ БЕЙСЕНОВА, Алаш арыстарынан үлгі алып, жұмыстарымызды қазақ тілінде жүргізейік 02 04 2010 жыл
ЕДІГЕ ТҮРКЕБАЕВ, частные УЧЕНЫЕ СОВЕТЫ выпускают академиков ТУАЛЕТНЫХ НАУК
СЕРІК ПІРӘЛИЕВ Бір ғана Ұлттық академия болсын деп, неге ҮКІМЕТКЕ ортақ ұсыныс жасамаймыз
БОЛАТХАН МАХАТОВ Мақсат,жастарды қолдап жебеп,қазақ ғылымын дамыту
ҚР ғалымдар Одағы жалпы жиналысы сессиясынан бейнелі көріністер
АЛТЫНБЕК НУХҰЛЫ Қазақ ғылымының бүгінгі жағдайы жайлы
ҚР ҒАЛЫМДАР ОДАҒЫ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ СЕССИЯСЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
Поделиться в соц. сетях
The Ғалымдарының ақылын тыңдамайтын, ұлттық болмысынан жеріген ҮКІМЕТ кімдердің мүддесіне қызмет етіп жүр? (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.