Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Тәуелсіз Қазақ Елі бала-бақшаларындағы ұлттық тәрбие жайында (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Қарашаш Асқарбекқызы.
    Қазақ Елі, 18 ақпан 2010 жыл

    2010 жылы 15 қаңтар күні “Қазақстан-ZAMAN” газеті оқырмандарының “АЛДАСПАН” пікірсайыс орталығында, “Тәуелсіз Қазақ Елінің бала-бақшалары қандай болуы керек?” тақырыбы аясында, зияткерлік талқылаулардың кезекті отырысы болып өтті.

    d0b0d0bbd0b4d0b0d181d0bfd0b0d0bd-d0b1d0b0d0bbd0b0d0b1d0b0d29bd188d0b0-010

    Отырысқа, Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, жазушы, “Махамбет” сыйлығының лауреаты, “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы, профессор Совет-Хан Ғаббасов, «Қазақстан-ZAMAN» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы, бала-бақша меңгерушісі Гүлзия Ділмағамбетова, білікті тәрбиеші Майгүл Жетпісова, «Мөлдір бұлақ» балалар журналының бас редакторы Жанастан Кучукова, тәжірибелі тәрбиеші Индира Бекежанқызы, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі, «Қазақ Елі» халықтық бейнелі энциклопедиясы сайтының иесі Болат Бөтеев және т.б. қоғамдық белсенді азаматтар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ Дөңгелк үстел қонақтарын таныстыру, кіріспе сөз
    Бүгінгі бала-бақшадағы тәрбиеде ұлттық негіз бар ма.MPG
    С ҒАББАСОВ Ұрпағымызды өз салт дәстүріміз негізінде тәрбиелейік!
    МАЙГҮЛ ЖЕТПІСОВА Б бақшалардағы ұлттық тәрбиеге көңілім толмайды
    СӘБИГЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ Гүлзия Ділмағамбетова,Алматы,69 бақша
    Мемлекет ата анаға жағдай жасамай,өнегелі тәлімді ұрпақ болмайды
    Болат Бөтеев Келеңсіздіктің бәрі ЖАУАПКЕРШІЛІК һәм ТӘРБИЕЛІК ОРТАНЫҢ жоқтығынан
    ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМҒА сүбелі үлес қосқандар тек қана қазақ мектебін бітіргендер!

    Алматыдағы қазақ бала бақшалары мәселесі 4 маусым 2009 жыл

    ОТЫРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ кейбір ТҮЙІН СӨЗДЕРІ:

    dsc000104Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, жазушы, “Махамбет” сыйлығының лауреаты, “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы, профессор Совет-Хан Ғаббасов:«…ұлттық біліміміз бен ғылымымызға, жалпы мәдениетімізге сүбелі үлес қосқан тұлғалы азаматардың дені — қазақ мектебін бітіргендер. «қазақ мектебінің білім беру деңгейі төмен» деп зымиян саясат жүргізушілердің өтірігін, осындай өмір тәжірибесінен алынған фактілермен жоққа шығару керек…»

    Айгул Жетписова

    Айгул Жетписова

    Тәжірибелі тәрбиеші Майгүл Жетпісова: «…қазір бала-бақша ашу науқаны қызу басталып кетті. Бірақ осы бала-бақшаларда ұлттық тәрбие беретін тәрбиешілерді дайындау, оларды методикалық оқу құралдарымен қамтамасыз ету жағдайына менің көңілім толмайды…»
    Гулзия Ділмагамбетова

    Гулзия Ділмагамбетова

    Алматы қаласы Бостандық ауданындығы №69 бала-бақшаның меңгерушісі:«…бүгінгі күні бала-бақшада ұлттық тәрбие беруге ешкімнің қарсылығы жоқ, бәрі тәрбиешілердің біліктілігіне-ниетіне байланысты.»

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Тәуелсіз Қазақ Елі бала-бақшаларындағы ұлттық тәрбие жайында (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    18 Ақпан 2010 at 11:35 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 723 рет қаралған ...