Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Желтоқсаншы, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ — Қайрат Рысқұлбековтың туған күні (фото-видео репортаж)

    d184d0bed182d0be-d188d0b0d2a3d18bd180d0b0d29b-008

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 15 наурыз 2010 жыл

    d0b0d0bbd0bbd0b0d0b6d0b0d180-d184d0b8d0bbd18cd0bcd196d0bd-d0bad3a9d180d181d0b5d182d183-0062

    2010 жылы 13 наурыз күні, Желтоқсан көтерілісінің батыры, ҚР Халық қаһарманы — Қайрат Рысқұлбековтың туған күніне орай, Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры мен «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының ұйымдастыруымен, «ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ ЖОЛ АШҚАН ЖЕЛТОҚСАН — МӘҢГІ ЕСІМІЗДЕ!» атты кездесу болып өтті.

    Кездесу аясында, Желтоқсан көтерілісінің ізі суымай жатып, дер кезінде, сол тарихи кезеңнің атмосферасын шынайылықпен суреттеп, кеңестік тоталитарлық жүйенің бет пердесін әлемге паш еткен «АЛЛАЖАР» кинофильмінің DVD дискісінің тұсаукесері болды.

    Аталмыш шараға «АЛЛАЖАР» кинофильмінің қоюшы-режиссері Қалдыбай Әбенов, Желтоқсан батыры Ләззат Асанованың анасы — Алтынай Асанова, көрнекті жазушы-драматург Дулат Исабеков, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының президенті Марат Бөтеев және «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының белсенділері мен студенттер қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:


    АЛЛАЖАР фильмін демеушілердің бірі — Марат Бөтеев.wmv
    АЛЛАЖАР фильмінің қоюшы режиссері ҚАЛДЫБАЙ ӘБЕНОВ 13 03 2010 жыл
    Желтоқсан батыры ЛӘЗЗАТ АСАНОВАНЫҢ анасы АЛТЫНАЙ АСАНОВА
    АЛЛАЖАР фильмі нағыз ҰЛТТЫҚ КИНО Д Исабеков, жазушы драматург
    Желтоқсаншы ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ Қайрат Рысқұлбековты еске алу шарасы

    КЕЗДЕСУДЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:

    К.Абенов сурактарга жауап беруде

    К.Абенов сурактарга жауап беруде

    dsc000039dsc000053dsc000079

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Желтоқсаншы, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ — Қайрат Рысқұлбековтың туған күні (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    15 Наурыз 2010 at 10:48 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 7 801 рет қаралған ...