Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Жұмысын қайтадан бастаған «ТАНЫМ» пікірсайыс клубының бірінші отырысы (фото-видео репортаж)

    d184d0bed182d0be-d188d0b0d2a3d18bd180d0b0d29b-008

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 22 сәуір 2010 жыл

    2010 жылы 19 сәуір күні, біраз жылдардан бері ұлтымыздың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүрген «Таным» пікірсайыс клубы араға біраз уақыт салып, өз жұмысын жаңа мекенде қайтадан бастады.

    d182d0b0d0bdd18bd0bc-d0bad0bbd183d0b1d18b-001

    Сонымен бірге енді «Танымның» тұрақты қонағы- негізінен өнер, ғылым, мәдениет, әдебиет,спорт,саясат саласында есімі ұлт құрметіне бөленген республикамызға танымал тұлғалар ғана болмақ .
    «Таным» пікірсайыс клубының бірінші отырысы:

    «Тағы да қазақ мәселесі немесе ұлтымызды тығырықтан алып шығар жол қайсы?» деген тақырыпқа арналды….

    Қазақ елі өзінің Тәуелсіздігін алғалы 20 жылға аяқ басыпты. Осы уақыт ішінде осы жердің де, мемлекеттің де иесі – қазақ ұлты өз отанында өгей баладай күйін кешіп келе жатқаны жөнінде аз айтылған жоқ. Аз да жазылған жоқ. «Айғайлай-айғайлай қасқырдан да ұят болды» демекші, — өкінішке орай, қазақтың жанайқайына келгенде қазіргі биліктің құлағы – керең, көзі – соқыр болып отыр. «Жартасқа бардым, күнде айғай салдым» деп данышпан Абай айтқандай, билік ұлтымыздың көз жасына қарайтын ыңғай танытпай отыр. Сонда бұл азаппен пара-пар тығырықтан шығудың жолы бар ма деген заңды сұрақ туындайды …

    Ұлтымыздың тағдыр-талайына байланысты сұрақ көп… Ал, жауап ше?…

    Міне, «Танымдағы» бірінші басқосуға арнайы келіп, өз ойын бөліскелі отырған азамат — мемлекет және қоғам қайраткері,танымал тұлға, белгілі саясаткер, Қазақстан Коммунистік партиясының төрағасы
    Ғазиз Камашұлы АЛДАМЖАРОВ (Баяндамашы)

    Бас сарапшы – жазушы Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ

    Орынбасарлары: ақын, публицист Мырзан КЕНЖЕБАЙ және де журналист Рахым АЙЫПҰЛЫ

    Жүргізуші – «Таным» клубының жетекшісі Жұмаш КЕНЕБАЙ

    Сондай-ақ бұл отырысқа: қоғам қайраткері, ақын, «Тәуелсіздік үшін» қозғалысының төрағасы Мұхтар ШАХАНОВ, «Жас алаш» газетінің бас редакторы Рысбек СӘРСЕНБАЙ, «Аллажар-қолдау» қорының төрағасы Марат БӨТЕЙ, белгілі шоқантанушы, қоғам қайраткері Назарбек Қанафия, «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі Болат Нәукенұлы, «Аллажар» кинофильмінің қоюшы-режиссері Қадыбай Әбенов, т.б. ұлтымызға кеңінен танымал азаматтар, саясаткерлер, ғалымдар, баспасөз өкілдері қатысты.

    «Таным» клубының жаңа мекен- жайы:

    Алматы қаласы Жұбанов көшесі 94-үй, офис 2Алтынсарин (бұрынғы Правда) көшесінің қилысы «Жайлау» қонақ үйі,(Бұрынғы «Айқын» газетінің ред. орналасқан үй)

    Байланыс тел: 276-23-27, 276-6304 факс 276-0192 E-mail kokbory_50@inbox.ru www.tanym.kz

    Құрметпен,«Таным» пікірсайыс клубының жетекшісі Жұмаш КЕНЕБАЙ

    (тел: , 8.777 356 9696 )

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    ТАНЫМ пікірсайыс клубы өз жұмысын бастады Алматы, 19 сәуір 2010 жыл
    ҒАЗИЗ АЛДАМЖАРОВ ҰЛТ МҮДДЕСІ үшін бар қазақ бірікпейінше, өзгелер БІЗДІ сыйламайды
    МҰХТАР ШАХАНОВ Ұлт мүддесі үшін, бар қазақ, бір жұдырық болайық
    НАЗАРБЕК ҚАНАФИЯ Қазақ осыншама сорлы күйге қалай түсті
    РЫСБЕК СӘРСЕНБАЙ Ұлт мүддесі үшін, жеке бас мәселесін құрбан етейік
    МАРАТ БӨТЕЙ Дайындықсыз ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫН өткізу, өзгелерге күлкі болу
    НАҒАШЫБАЙ ЕСМЫРЗАЕВ Ұлттық идеология болмайынша, қазаққа әдемі өмір жоқ

    ҒАББАС ҚАБЫШҰЛЫ Ұлт мәселесін шешуге билік те, өзге тілді оппозицияда мүдделі емес

    МҰХТАР ШАХАНОВ Дос Көшімнің сөзі дұрыс, бірақ ойы мен іс қимылында логика жоқ
    ҒАЗИЗ АЛДАМЖАРОВ Өзара ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТА болса ғана,ұлт патриоттарының басы қосылады

    КЛУБ ОТЫРЫСЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:

    d182d0b0d0bdd18bd0bc-d0bad0bbd183d0b1d18b-003d182d0b0d0bdd18bd0bc-d0bad0bbd183d0b1d18b-005d182d0b0d0bdd18bd0bc-d0bad0bbd183d0b1d18b-006dsc0000111dsc0000310dsc000055dsc000066dsc000086dsc000108dsc000116dsc000156dsc000163dsc000185dsc000175

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Жұмысын қайтадан бастаған «ТАНЫМ» пікірсайыс клубының бірінші отырысы (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    22 Сәуір 2010 at 10:16 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 764 рет қаралған ...