Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    «Қазақ ұлтшылдарының құрылтайы» атты басқосу. (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін БАЛТАБАЙ ҚАБЫЛАН.


    Қазақ Елі, 29 сәуір 2010 жыл

    Алла жаратқан ұлттардың — жаманы, үлкені, кішісі болмайды – бәрі бірдей
    Тек – әр ұлттың ішінде ҰЛЫСЫ мен АЗҒЫНЫ, ДҰРЫСЫ мен БҰРЫСЫ бар.

    Міне, осы аксиоманы басқыншылық саясат ұстанған әлемдік басым күштер, ұтымды қолдана білді. Олар өздерінің әлемді торлап алған ұйымдары арқылы, кез-келген елдің, әсіресе дамушы елдердің ұлтын 4-ке бөліп, АЗҒЫНДАРЫН іріктеп алып, жан-жақты қолдау ұйымдастырып, атақ-даңқпен мәз қылып, олардың санасынан ұлттық–ойлау қабілетін өшіргеннен кейін, қызметін жоғарылатуға күш салып, БҰРЫСТАРЫНЫҢ үнсіздігін пайдаланып, сол ұлттың ҰЛЫЛАРЫН жойып, ДҰРЫСТАРЫН қудалап, олардың ҮНІН өшіру арқылы бүкіл ұлттың күш-қуатын өз мүдделеріне жегіп қоюдың жүйесін жасап алған…

    Өз ұлтының бүгінгі өмірінің және оның болашағының келелі мәселелерімен айналысудың орнына, жастайынан ұлттық тәрбие көрмей, өзге тілде білім алып-өз тілін ұмытқан, халықтың мұңын түсінбейтін кейбір шенеуніктер ҮКІМЕТІМІЗДІ мақаулардың «балабақшасына» айналдырып, Қазақ Елінен «планетарлық» деңгейдегі мәселелерді талқылайтын ФОРУМДАР мен САММИТТЕР өтетін «цирк аренасындағы қуыршақ мемлекет» жасап алуға ұмтылуда.

    Баспасөзде жарияланып жатқан, ұлт болашағын ойлаған Ел ағаларының айтуынша, өз ғалымдарын көзге ілмей, шетелдік «кеңесшілердің» жетегінде кетіп, жабайы жекешелендіру мен жалған урбанизацияның әсерінен және қазақ қоғамы қарсы болған ЖЕР КОДЕКСІН қабылдау кесірінен, халқының өмір сүру деңгейін төмендетіп алған Қазақ Елі қатерлі де, қауіпті кезеңде тұр.

    Осы қордаланған мәселелерді, ұлттық мүдде тұрғысынан шешу үшін шақырылған, «Қазақ ұлтшылдарының құрылтайы» атты жиында сараптап, тығырықтан шығу жолдарын іздеуге талпынған азаматтарды қолдау тұрмақ, еліміздің баспасөз кеңістігінде, олардың игі бастамасын мінеп-сынап-қаралаған мақалалар белең алып барады.
    Басқаны айтпағанда, осының өзі ғана, өз Елінде өмір сүрген қазақ ұлтының билігі өз қолында емес екендігінің дәлелі.

    2010 ЖЫЛЫ СӘУІРДІҢ 24 МЕН 25 КҮНДЕРІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН «ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙЫ» АТТЫ ЖИЫННАН ФОТО-ВИДЕО РЕПОРТАЖ

    Бірінші күн, 24 сәуір:

    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫН шақырушылардың мақсаты НЕ….
    АЙДОС САРЫМ. Қазақ құрылтайы не үшін керек…
    Дос Көшім. ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ 1-ші күн..
    Ұлжалғас Жұмайқызы Бодан қазақты алғашқы құрылтайға 1978 жылы ШОНА СМАХАНҰЛЫ шақырған
    Әуелхан АРЫС Ұлтымызды тығырықтан шығаратын жолды көрсететін ЖАН бар ма екен, деп келдім
    БӨРІХАН НҰРМҰХАМЕДОВ Қазақ мүддесін қорғайтын басқосуларға құрметпен қарау керек
    ЖАСАРАЛ ҚУАНЫШӘЛІ Нақты іске бел буғандар бас қоспаса, саяси ойыншылардың бас қосуы екіталай
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1-ші күн. АРМАН ҚАНИ, Кереку өңірі.
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1 ші күн АСЫЛХАН БАТЫРШАЕВ, Астана қаласы
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1 ші күн ГҮЛНӘР ЕСІМСЕЙІТОВА, Қызылорда өңірі
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1 ші күн ТАЛҒАТ ЕСЕНОВ, Қызылорда өңірі
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1 ші күн ҚАЛИМАРЖАН ТӨЛЕГЕН, Тарбағатай өіңрі
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1 ші күн ДӘУЛЕТБАЕВ ОҢҒАРБАЙ, Маңғыстау өңірі
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1-күн. ҒАБДУЛЛИН МӘЙКЕ, Атырау өңірі.
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1 ші күн Шығыс Қазақстан өңірінің өкілі
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1 ші күн Қостанайлық ЕСІРКЕПОВТІҢ сөзі
    ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1-ші күн. ӨМІР ЕСҚАЛИЕВ, Қызылжар өңірі.

    Екінші күн, 25 сәуір:

    ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙЫ атты жиынның ашылуы
    ҒАЗИЗ АЛДАМЖАРОВ Қазақ ұлтшылдарының құрылтайы Баяндама 1 бөлім
    ҒАЗИЗ АЛДАМЖАРОВ Қазақ ұлтшылдары құрылтайы жиыны Баяндама 2
    ҒАЗИЗ АЛДАМЖАРОВ Қазақ ұлтшылдарының құрылтайы Баяндама 3
    Ақын АМАНҒАЗЫ КӘРІПЖАН Қазақ ұлты жойылмасын десеңіз
    ДОС КӨШІМ Қайтсек ЖАНСЫЗ ШПИОН деген аттан құтыламыз
    МҰХТАР ТАЙЖАН Ресеймен кедендік Одақ құру, ол тәуелсіздікті жою жолы
    ИРАН ҒАЙЫП Барлық келеңсіздіктер жеке басқа табынудан, ал ол НАДАНДЫҚ
    МҰРАТ ӘБЕНОВ Осындай ұлттық мүддеге арналған жиындарға Парламент пен Үкімет мүшелері қатысса дұрыс болар еді
    ДӘУРЕН БАБАМҰРАТОВ Ұлттық рух тілмен кіріп, айбарлы іспен орнығады

    ХАЙРОЛЛА ҒАБЖАЛИЛОВ Кенесары ханның бас сүйегін табу, қазақ үшін қасиетті ІС


    БЕЙБІТ ҚОЙШЫБАЙ Өзге үнді өзге рухты Билік, ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫН аяққа таптады
    ДӘУРЕН БАБАМҰРАТ Ел болашағы,ұлттық ойлау қабілеті жаңғырған,жастардың қолында
    ДОС НҰРАХМЕТ Ұлт патриоттарының бірігуі,өзге тілді өзге рухты Биліктің ЕСІН жаңғыртады
    ЖАСАРАЛ ҚУАНЫШӘЛІ Жалған саясат,жалған мәдениеттілік ЖАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІЛІККЕ алып барады
    ХАСЕН ҚОЖАХМЕТ Халық болып қозғалмай, ұлт мәселесі ешқашан шешілмейді


    МҰХТАР ШАХАНОВ Ұлттық мүддені барша қазақ бірігіп қорғайық
    Демократ ДОС КӨШІМ және Депутат МҰРАТ ӘБЕНОВ баспасөз брифингінде

    ЖИЫННАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:


    ЕГЕМЕН КАЗАКСТАН газетi 1 мамыр 2010 жыл

    ЕГЕМЕН КАЗАКСТАН газетi 1 мамыр 2010 жыл

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The «Қазақ ұлтшылдарының құрылтайы» атты басқосу. (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    29 Сәуір 2010 at 21:10 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 277 рет қаралған ...