Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Сүйінші!!! Мәдени-ағартушылық бағытта қызмет атқаратын «ҰЖДАН» пікір-сайыс Клубы өмірге келді

    d184d0bed182d0be-d188d0b0d2a3d18bd180d0b0d29b-008


    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.Қазақ Елі,31 тамыз 2010 жыл

    Армысыздар, ардақты ағайын-бауырлар!

    «ҰЖДАН»пікір-сайыс клубына хош келдіңіздер!!!

    uzhdanklub1

    Қазақ Елінің дамып-гүлденуіне мүдделі, ұлттық болмысымызды жаңғыртуға бағытталған ой-пікір айтуға ұмтылған азаматтардың пікір-сайыс клубы туралы

    ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер

    1.1 «Ұждан» пікір-сайыс клубы жұмысына(бұдан әрі — Клуб), ұлттық ойлау қабілеті жаңғырған, Қазақ Елін жан-тәнімен сүйіп, оның мемлекеттік тілін біліп-қолданатын, кез-келген азамат қатысып, мүше бола алады.
    1.2 Клуб жұмысы, халыққа мәдени-ағартушылық қызмет көрсетуді көздеген азаматтардың қоғамдық белсенділігін іске асыру формасы болып табылады. Клуб отырыстары айына, кем дегенде, бір мәрте өткізіліп тұрады.
    1.3 Клуб жұмысын қоғамдық негізде оның Үйлестіру Кеңесі басқарады. Кеңес тағайындаған хатшы, осы Ереже аясында атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру және басқару шараларын жүзеге асырып, Клубқа жүктелген міндеттердің атқарылуы үшін жауап береді.
    1.4 Клуб отырыстарынан түсірілген фото-видео репортаждар мен жазылған мақалалар, «Қазақ Елі» халықтық бейнелі энциклопедиясы (www.internetTV.kz) сайтында, «Ашық танымдық энциклопедия» (www.tor.kz) сайтында, «Ел райы» (www.elrayi.kz) сайтында, www.qazaq.kz интернет-журналында толығымен жариялануымен қатар, Клубты қолдаушы ұйымдар мен жеке тұлғалардың интернет-ресурстарында және басылымдарында да жарық көреді.

    1.5 Клуб жұмысы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарымен қатар, жеке тұлғалардың зерделік, материалдық әлеуетіне сүйеніп және олардың қатысуымен жүзеге асырылады.

    1.6 Клубтың Ережелері мен жұмыс істеу тәсілдері, Клуб мүшелерінің тілек-ұсыныстары негізінде, жүйелі түрде жетілдіріліп — жаңаланып отырады.

    2. Клубтың мақсаты мен жұмысының мазмұны

    2.1 Клубтың мақсаты — қоғамның сан-салалы өзекті мәселелерінің ашық талқылануын, ұлттық ойлау қабілеті жаңғырған азаматтардың көмегімен ұйымдастырып, дәстүрлі және желілі БАҚ арқылы қалың бұқараға жеткізу.
    2.2 Клуб қызметінің негізгі мазмұны — Қазақ Елі азаматтарының зерделік әлеуетін, халыққа мәдени-ағартушылық қызмет көрсетудің ең тиімді-үйлесімді Жүйесін құруға бағыттап, оны іске асыруда мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға көмектесу үшін:

    • қазақтың тұлғалы азаматтары мен ғалымдарының (әл-Фараби, Яссауи, Қорқыт Ата, Асан қайғы, Абылай, Абай, Шәкәрім, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Ақжан Машани т.б.) дүниетанымын зерделеп, олардың өмірі мен ұлтқа жасаған қызметін насихаттау;
    • қазақ ұлтының төл мәдениет үлгілерін, салт-дәстүр, ұлттық тарихы мен әдебиетін насихаттау негізінде рухани-адамгершілік тәрбие беру;
    • елге танымал, ғалымдар, жазушылар, мәдениет және қоғам қайраткерлерімен қатар, парасатты Жігіт ағалары, Ауыл ағалары және Ел ағаларымен кездесулер ұйымдастыру;
    • ішімдік, нашақорлық, шылым шегу т.б. қоғамға және жастардың жеке басына зиянды әрекеттерге қарсы бағытталған тәрбиелік мәні бар лекциялар, дебаттар өткізу;
    • белсенді, шығармашыл жастарды іздестіру және мәдени-ағарту шараларын ұйымдастыруға тарту;
    • ғылыми-практикалық конференциялар, дебат, бәйгелер, форумдар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және оларға қатысу, Клуб мүшелерінің әртүрлі Республикалық және халықаралық конференциялар мен ғылыми-мәдени шараларға қатысуына көмектесу;
    • Клуб мүшелерінің кәсіби білімдері мен тәжірибелілігін көтеруіне жағдайлар жасау;
    • Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлерін атқару.

    «»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"

    Клубқа мүшелік жайлы

    · Клуб жұмысына тұрақты қатысушыларға мүшелік Кітапша беріледі.

    · Айлық мүшелік жарна – 100 теңге

    Клуб секциялары

    1. БАСПАСӨЗ және РУХАНИЯТ

    2. ИНТЕРНЕТ және РУХАНИЯТ
    3. КИНО және РУХАНИЯТ
    4. ТЕЛЕДИДАР және РУХАНИЯТ
    5. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ және РУХАНИЯТ
    6. МЕМЛЕКЕТ және РУХАНИЯТ

    7. ПОЭЗИЯ және РУХАНИЯТ

    Секция жетекшілерін клубтың Үйлестіру Кеңесі тағайындайды.

    Әр секция өз жұмыс кестесін және мүшелік жарна мөлшерін дербес шешуге құқылы.
    Басқа да тақырыптарға секция ашып, оны жүргізуге ниеті бар клуб мүшелері қолдау табады.

    Үйлестіру Кеңесінің құрамы:

    1. Ғаббасов Совет-Хан — медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы;

    2. Мамбеталин Серікжан — «РУХАНИЯТ» жасылдар партиясының Төрағасы;

    3. Бөтеев Марат — «Ұрпақ тәрбиесі» ғылыми әдістемелік орталығы» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің директоры;

    4. Кохаева Айгүл — «АKNAR CopyRight» ЖШС директоры, «Ел райы» (www.elrayi.kz) сайтының жетекшісі;

    5. Кәкібаланов Серікқазы — «Қазақ Интернеті» Қоғамдық Бірлестігінің төрағасы,(www.qazaq.kz ) интернет-журналының жетекшісі;

    6. Нағиев Ізгілік — «Қаламгер ТЕН» ЖШС директоры, «Ашық танымдық энциклопедия» (www.tor.kz) сайтының жетекшісі;

    7. Бөтеев Болат Нәукенұлы – «Қазақ Елі» халықтық бейнелі энциклопедиясы (www.internetTV.kz) сайтының жетекшісі.

    «ҰЖДАН» клубының мекен-жайы:

    Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 15 Б үй, 3-ші қабат, 3-ші бөлме.

    Байланыс телефондары: 393-98-43, 8 701 747 4791, 8 777 342 4813, 8 701 712 4511.

    «»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»

    «ҰЖДАН» пікір-сайыс клубына техникалық демеуші болған орталық туралы қысқаша мәлімет:

    «АҚПАРАТТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ»

    орталығы

    «Қаламгер ТЕН» ЖШС, «Қазақ Интернеті» Қоғамдық Бірлестігі,»АKNAR CopyRight» ЖШС, «Аллажар-қолдау» Қоғамдық Қоры және «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының бірлескен Жобасы аясында, ақпарат жинау-тарату және ақпараттық-талдау саласына мамандануды көздеген орталық. Интеллектуалдық ақпараттық нарықта белсенді қызмет етуге бағыт алған. Орталыққа кәсіпқой журналистер, пиаршы-мамандар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар топтастырылуда. Негізінен Интернет кеңістігінде қызмет етуге басымдық берілген.
    Орталықтың интеллектуалдық ресурстық базасы қалыптасқан. Электронды (Интернет) кеңістікте және баспасөз нарығында жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарымен, ақпараттық талдау, сараптамалық агенттіктермен тығыз байланыс орнатылады. Өзіне қарасты дыбыс-бейне жазу студиясы, баспаханасы, www.qazaq.kz,www.internetTV.kz,www.tor.kz,www.elrayi.kz,www.allazhar.kz,www.baige.kz,www.orleu.kz сияқты 40-тан аса Интернет газет-журналдары мен сайттары бар.

    Көрсетілетін қызмет түрлері:

    ● әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
    ● контент-талдау;
    ● деректер базасын қалыптастыру;
    ● талдамалық-сараптамалық қызмет;
    ● медиа-жоспар дайындау және іске асыру;
    ● тапсырыспен материалдар (мақала, баспасөз-релизі, слоган, сценарий, т.б.) дайындау;
    ●материалдарды баспасөзде, интернет сайттарда жариялау;
    ● аударма жасау;
    ● қоғаммен байланыс бойынша кеңес беру;
    ● қоғамдық пікір қалыптастырудың алғы шарттарын жасау;

    Жеке тұлғаларға арналған қызметтер:

    Оң пікір қалыптастыру.
    Сараптамалық, зерттеу, тақырыптық мақалалар.
    Дөңгелек үстел ұйымдастыру
    БАҚ жариялау
    Ресми орындармен байланыс
    Қоғам назарына ұсыну

    Ұйымдар, Мекемелерге арналған қызметтер:

    Қоғамдық пікір қалыптастыру
    Басымдық және қарсылас тараптарды анықтап пікірлер тудыру
    Мақалалар, ТВ сюжет.
    Интернет конференция
    Дөңгелек үстел
    Клубта тақырып ашу

    ОРТАЛЫҚТЫҢ ІС-ӘРЕКЕТ ТҰҒЫРНАМАСЫ

    1. Белгілі бір мәселе (объект) бойынша қалыптасқан ахуалды сараптау және материалдар жинау бойынша ұсыныстар жасау.
    2. Мүдделі және қарсылас жақтарды айқындау. Екі жақтың себептік, дәлелдік, айғақтық, заңдылық негіздемелерін анықтау. Екі жақтың ресурстарын айқындау. Мәселенің рольдік функцияларын бөлу.
    3. Өзіміз қызыққан мәселеге қатысты істі бастау үшін, бастапқы материалдарды жинақтау.
    4. Мәселені жан-жақты талдауға БАҚ-рын тарту.
    5. Мәселеге қатысты, жергілікті жерлердегі заңсыз іс-әрекеттерге, азаматтар арқылы, құқық қорғау орындарының назарын аудару.
    6. Баспасөз орталықтарында мүдделі адамдардың Баспасөз мәслихаттарын ұйымдастыру.
    7. Мәселеге қатысты, жағдайдың аралық сараптамасын жасап, мәмлеге келетін вариантты табуға ұмтылу.
    8. Керекті бағыттағы қоғамдық пікірді қалыптастыру.

    9. Елдің игі-жақсыларының ішінен, мәселеге (объектке) бүйрегі бұратындарды тарту.
    10. Орталықтың, мәселеге қатысты, мүдделі ісіне құқық қорғау ұйымдарын тарту.
    11. Мәселеге қатысты, жағдайдың қалыптасуын сараптау және келесі кезеңнің міндеттерін анықтау.

    Құрметті көпшілік!
    «ҰЖДАН» пікір-сайыс Клубының жұмысына, ғаламтордағы мына

    http://groups.google.com/group/uzhdan_cluby

    мекен-жайға кіріп, немесе, жоғарыда айтылған Клубты қолдайтын сайттарда орнатылатын, төменде көрсетілген «түймелерді» басу арқылы, пікір-ұсыныс-мақала жазып қатысуларыңызға болады:

    «ҰЖДАН» пікір-сайыс клубы
    E-mail:

    Осы Клубқа кіру
    АҚПАРАТТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫ
    E-mail:

    Осы орталыққа кіру

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Сүйінші!!! Мәдени-ағартушылық бағытта қызмет атқаратын «ҰЖДАН» пікір-сайыс Клубы өмірге келді by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    31 Тамыз 2010 at 16:02 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 890 рет қаралған ...