Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    «ҰЖДАН» пікір-сайыс клубы — АЗАМАТТАРДЫ «Ұждан мінберіне» шақырады !!!

    «ҰЖДАН» пікір-сайыс клубы

    Тапсырыс парағы

    КЛУБ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗУГЕ ТАПСЫРЫС

    Күні: ____________________ Уақыты: ____________________

    Өтетін орны: ___________________________________________________________

    Тақырып: ____________________________________________________________

    Ұждан мінбері қонағы: ____________________________________________________

    Сарапшылар:

    1. —————————————————————————————————————————————

    2. —————————————————————————————————————————————

    3. —————————————————————————————————————————————

    4. —————————————————————————————————————————————

    5. —————————————————————————————————————————————

    6. —————————————————————————————————————————————

    7. —————————————————————————————————————————————

    8. —————————————————————————————————————————————

    9. —————————————————————————————————————————————

    10. —————————————————————————————————————————————

    11. —————————————————————————————————————————————

    Тапсырыс беруші:________________________________________(қолы, мөрі)

    Web: www.tor.kz www.internettv.kz E-mail: bolat53@bk.ru, izgilik@mail.ru

    Тел: 8 701 712 4511 (Болат) 8 777 342 4813 (Ізгілік)

    «»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"


    «ҰЖДАН» клубы отырысын өткізу тәртібі:

    1. Клуб отырысын өткізуге тапсырыс беру

    Клуб отырысына тапсырыс беру ерікті. Тапсырыс беруші арнайы тапсырыс парағын толтырады. Клуб отырысының күні, уақыты, өткізілетін орны кесте негізінде келісілуі міндетті. Клуб отырысын ұйымдастыру бағасы — келісім бойынша.

    2. Клуб отырысының негізгі тақырыбы

    Клуб отырысында пікірлесу үшін белгілі тақырып таңдап алынады. Тақырып таңдау ұсыныс бойынша немесе клуб жұмысын ұйымдастырушылардың таңдауы негізінде жүзеге асады. Тақырып бойынша хабарлама немесе баяндама жасауға «Ұждан мінбері» қонағы және оны жан-жақты талқылап, пікір айтушы Сарапшылар шақырылады.

    3. Ұждан мінбері

    Ақпарат жинау-тарату және ақпараттық-талдау саласы бойынша, дәстүрлі және желілі БАҚ арқылы, атқарылатын қызметтерге тапсырыс берушілерге және Мәселелеріне (пікір-ұсыныс-жобаларына) мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ-ның назарын аударта алмай, жаны күйзеліске түскен Азаматтарға «Ұждан Мінбері» ұсынылады.

    «Ұждан Мінберінде», қоғамның өзекті мәселелерін шешу ниетімен, айтылған пікір-ұсыныс-жобалардың, сарапшылар пікірі қосылған мәтіні (фото-видеоматериалдары) БАҚ-да жарияланады және тиісті мекемелерге жолданады.

    Мінберге шыққан Азаматтың қолына, барлық форматтағы материалдардың бір-бір данасы беріледі.

    4. Сарапшылар пікірі

    Клубтың «Ұждан мінберінде» Сарапшылардың орны ерекше, олар мінберге шыққан Азаматтың пікір-ұсыныс-жобасына, өздерінің азаматтық ұстанымына сәйкес пікір білдіруі тиіс. Пікірлер мәтіні және отырыстан түсірілген фото-видео репортаж Клубтың ақпарат ресурстарында жарияланады. Сарапшылар ұйымдастырушылар тарапынан шақырылады.


    5. Қорытынды

    «Ұждан мінберінде» мәлімдеме-пікір-ұсыныс- жоба жариялаушы Азаматтың қалауы бойынша, көтерілген мәселе мәтіні (фото-видео материалдары), сарапшылардың пікірімен қоса, партиялар, қоғамдық бірлестіктер қоғам қайраткерлерінің қолдауымен тиісті Үкімет орындарына жолданып, БАҚ-да жарияланады.

    Мәселе бойынша қоғамдық пікір туындауына, осылайша «Ұждан мінбері» себеп болады. Мәселенің оң шешімінің табылуына аталған шаралардың атқарылуы оң ықпал ететіні тәжірибеде дәлелденген.

    6. БАҚ өкілдері

    БАҚ өкілдері клуб отырысына «Құрметті қонақ-БАҚ» есебінде шақырылады. Журналистер «Ұждан мінберінен» айтылған мәлімдеме-пікір-ұсыныс-жобаларды мұқият тыңдаған соң, сарапшылардың пікірлерін ескере отырып , мақалалаларын өз ресурстарында жариялай алады.

    (Сұхбаттар, сұрақтар, БАҚ өкілдерімен кездесу клуб отырысы аяқталған соң ғана жекелей кездесу арқылы жүзеге асырылады.)

    «ҰЖДАН» пікір-сайыс клубы отырысының өткізілу жалпы уақыты: 2 сағат

    «»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"

    «ҰЖДАН» клубының тұғырнамасы

    uzhdanklub1

    «Ақпараттық Жедел Жәрдем» орталығының тұғырнамасы

    _myphoto/i-113

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The «ҰЖДАН» пікір-сайыс клубы — АЗАМАТТАРДЫ «Ұждан мінберіне» шақырады !!! by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    14 Қыркүйек 2010 at 18:37 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 423 рет қаралған ...