Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    ҚазNET-тің Атасы анықталды: 1996 жылы оның негізін қалаған Сайран Киккарин!

    Ізгілік Нагиев: ҚазНЕТтің кешегісі.

    Қазақша қарыптер Интернетте қай уақыттан бастап оқылатын болды деген сұраққа жауап іздеп, ғаламтор көмегін пайдаланып ақпарат табуға тырыстым.. Мүмкін сол кезден бастап ҚазNET-тің бастапқы нүктесін табамын ба, ал тапсам, сол сайттар KZ доменінде болды ма деген сұрақтарға жауап іздедім.

    Бұл сараптамада маған үлкен көмек еткен сайт http://web.archive.org/web болды. Алғашқы KZ доменіндегі сайттың бірі сайты http://www.site.kz екенін Александр Ляхов талайдан бері айтып жүр, ол туралы мына жерден http://www.zonakz.net/blogs/user/ajna_ajtzhanova/12911.html оқуға болады. Шынымен де, ол туралы ақпарат , ол 1998 жылы желтоқсанда пайда болыпты.

    Ал, ғаламторды бұрыннан пайдаланушы мамандар арасында Сайран Киккарин программист туралы көп естігенім бар. Сайран туралы қызығушылығым ояны, google.kz сайты арқылы мағлұмат іздедім. Алғашқы табылған ақпарат http://kernel.kz/archives/85 болды. Осы жерде орналасқан сілтеме мені бірден http://www.sci.kz/~sairan/Sairan_in_ru.html Сайран туралы толық ақпарат алатын жерге апарды. http://www.sci.kz/ сайты 1996 жылда пайда болыпты, ал сол сайттың алғашқы сақталған нұсқасында http://web.archive.org/web/19981111190733/http://www.sci.kz сайт оқырмандарын 1997 ж. 7-ші шілдеден бастап санай бастаған.

    Сайран Киккарин жасаған жұмыстарын қарай отырып, оны ҚазNET-тің атасы, жалпы Қаз IT негізін құрушы деуге болады. Бірақ, неге бәрі бүгін Александр Ляховты ҚазNET атасы деп атағысы келеді, ол тіпті де программист емес екен ғой, оны мына жерден http://web.archive.org/web/*/http://www.site.kz оқып білуге болады, ал таудай істі атқарған Сайран Кикарин есімі бүгін неге аталмайды?!
    ҚазNET-тің бастапқы нүктесін анықтадым: 1996 жылы оның негізін қалаған Сайран Киккарин!

    Кейінен пайда болған бәріне әйгілі Нурсат сайты http://web.archive.org/web/20001212010700/www.samal.kz/sites_r.html қазақшаға да, орысшаға да басын қатырмай, бәрін ағылшын тілімен жасап отырды.

    Юникод кодировкалары бұрында пайда болғанымен, Интернетте 2006 жылда ғана кең тарай бастады. Бірақ сол кезге дейін ҚазНЕТте біраз қазақ сайттары қазақ программистердің ниетімен, намысының арқасында жасалып, өздерінің белсенді орындарын алып отырды. Мысалы:

    Талғат Нұрлыбаев – Программист, Сайтқа көмектесуші – Интернет трейнинг центр — http://web.archive.org/web/*/http://www.samal.kz — Apr 18, 2000

    ¨Болатхан Жайдары – Разработчик, Программист — http://web.archive.org/web/20010519221026/www.akolya.org — May 19, 2001

    ¨Кенжебек Нұрқасен – Интернет қолданушы, Журналист — http://web.archive.org/web/20031217075503/http:/www.azattyq.org>- Dec 17, 2003

    Бекжан Толыбай – Интернет қолданушы, Экономист — http://web.archive.org/web/20011019141647/http:/hanbekjan.narod.ru — Oct 19, 2001

    Осы сайттарды қайта жандыру үшін Бәйгенің тарауларына арнайы номинация жасап, оларды сайысқа қатыстырайық деп шештік, және де солар бастаған істерін бізбен қосылып жалғастыратын болды.


    Ізгілік Нагиев 2010-09-11 00:06:03

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The ҚазNET-тің Атасы анықталды: 1996 жылы оның негізін қалаған Сайран Киккарин! by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    21 Қыркүйек 2010 at 11:15 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 514 рет қаралған ...