Халықаралық «ЖАНАШЫР» қоғамдық қоры өткізген «Мемлекеттік органдар жұмысы – азаматтық қоғам көзімен» атты дөңгелек үстел (фото-видео репортаж)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Бұл дөңгелек үстел Елбасының биылғы жылғы наурызда қабылданған «Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі туралы» Жарлығына сәйкес ұйымдастырылды. Мемлекеттік органдар жұмысын бағалау жаппай енгізілмегендіктен, қазіргі жұмыстардың бәрі — келер жылы жүзеге асар ауқымды істердің алғышарттары ғана. Мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін бағалаудың, алты түрлі бағытының ішінде, құжатта айтылғандай, мемлекеттік қызметтер көрсетуді бағалауға, яғни мемлекеттік қызметті тұтынушыларға сауалдар жүргізу жұмыстарына тәуелсіз сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдарды (қоғамдық бірлестіктер) тарту айтылған.
Бұл ресми рейтинг биыл қанатқақты түрде — мемлекеттік орган мен облыстың бір жергілікті атқарушы органынан басталып отыр. Ал барлық меморгандарды бағалау жүйесі келесі жылдан бастап іске қосылады. Сондықтан, Халықаралық «Жанашыр» қоры әзірге, меморган қызметін бағалау жүйесі туралы құжатта айтылған — мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалы, уақтылы болуына, шағымданудың жауапсыз қалмауына, әдептілік сақтауға, электрондық форматта қызмет көрсетуге назар аударылуы сынды қағидаларды негізге алды. Сөйтіп, қызмет сапасын бағалауда мемлекеттік қыз¬метті тұтынушылар арасында әлеу¬мет¬тік сауалнама жүргізді. Сауалнама жүргізу жұмысына дербес сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдар тартылды. Бұл – көпшілік мақұлдаған әлемдік тәжірибе. Сауалнамалар нәтижесі бойынша меморгандар жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктер, кедергілер мен проблемалар сараланды.
Осы әлеуметтік сауалнамалар мен тәуелсіз сарапшылар бақылауының нәтижесі бойынша өткен конференцияда «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова баяндама жасады. Әлеуметтік сараптаманың қорытындысымен таныстырды.
Дөңгелек үстел соңында айтылған ұсыныс-пікірлер негізінде қарар қабылданып, тиісті орындарға жіберу қарастырылды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Ана тілін құрметтемейтін, менсінбейтін Алматы қаласының қазах шенеунігі жайлы бейнесюжет
Мәсихат депутаты Н Н БЕЙСЕМБИНА аудандық ЦОН дар жұмысы жайлы
Алматы қаласы Алмалы ауданы ЦОН-ның бастығының сөзі.
Алматы қаласы Әуезов ауданы ХҚКО өкілі М Игильман ханымның сөзі
ЖАНАШЫР қоры Алмалы ауданы ЦОН-да.
ЖАНАШЫР қоғамдық қоры өкілдері Алатау ауданы ЦОН -да.
ЖАНАШЫР қоғамдық қоры өкілдері Жетісу ауданы ЦОН-да.
ЖАНАШЫР қоғамдық қоры өкілдері Медеу ауданы ЦОН-да.
Мәслихат депутаты және ЖАНАШЫР қоры өкілдері Әуезов ауданы ЦОН да
Дөңгелек үстелге қатысқандар:
1. Бейсембина Нағикүл – Алматы қаласы мәслихатының депутаты.
2. Амантайқызы Жазира – «Қазақ радиосының» қызметкері
3. Болат Бөтеев – «Аллажар қолдау» ҚҚ өкілі
4. Бешир Жаналтай – «Руханият-Жасылдар» партиясы төрағасының орынбасары
5. Қанат Қайым – «Балалар кітабы» ҚҚ төрағасы
6. Дидахмет Әшімхан – «Ел-шежіре» ҚҚ президенті
7. Есенкүл Кәпқызы – «Мінбер» ҚҚ төрайымы
8. Игильман Мейіргүл Мейірбекқызы — Әуезов ауданы ХҚКО – оперзалының бастығы
9. Өтеуова Қатира Жамашқызы — Түрксіб ауданы ХҚКО өкілі
10. Қасымова Айнұр Қайратқызы – Жетісу ауданы ішкі саясат бөлімінің өкілі
11. Иманова Динара Төлеубайқызы – Жетісу ауданы әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы
12. Сапарова Ағайша Әмірқызы – Алмалы ауданы, аудандық білім бөлімінің бас маманы
13. Ахметова Айгүл Матанқызы– Алмалы ауданының ХҚКО директоры
14. Иманғалиева Айымгүл Дәуірбекқызы – № 163 орта мектептің директоры
15. Сейітова Айнаш — №168 орта мектептің директоры
16. Хамзеева Салтанат Мәлікқызы – «Сапа және білім» ҚҚ президенті
17. Заряниярова Тұрымхан Оқатайқызы– Медеу аудандық (әлеуметтік) жұмыспен қамту бағдарламалар орталығының өкілі
18. Әшірова Гүлбақыт – Алматы қалалық тіл басқармасының өкілі
19. Медетбекова Айсұлу Темірғалиқызы – Медеу ауданы М.Мәметова атындағы №128 лицей директоры
20. Сәкенова Рахима Бөлекбайқызы – Медеу ауданы №12 мектеп директоры
21. Бұзаубеков Мекебай Қылышбекұлы – Түрксіб ауданы Білім бөлімінің басшысы
22. Пахирдинова Гүлжан Ахмедиярқызы – Медеу ауданы ХҚКО директорының орынбасары
23. Қалиев Манар Маратұлы – Бостандық ауданы ХҚКО директорының орынбасары
24. Борбасова Шынар – Жетісу ауданы ХҚКО директорының орынбасары
25. Хасенова Жанаргүл Уахитқызы – Алматы қаласы әкімдігі Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы
26. Ракишева К.Д. — Медеу аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің өкілі
27. Нусипова Арай – Медеу аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің өкілі
28. Ахмади Жанат – жазушы
29. Алетов Айқын Ашылбекұлы – Алатау ауданы ХҚКО директорының орынбасары
30. Сауытбеков Айбек Молдажанұлы – Түрксіб ауданы ХҚКО директорының орынбасары
31. Жұманова Нұргүл – Іле аудандық салық басқармасының өкілі
32. Әпетова Жаңыл – Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті
33. Игісін Ләззат – Еларалық «Шалқар» газетінің қызметкері
34. Бодаубай Айжан — Халықаралық «Жанашыр» қорының
35. Файзуллаева Арай -Халықаралық «Жанашыр» қорының
36. Уәлиева Әйгерім — Халықаралық «Жанашыр» қорының
37. Болатқызы Тана — Халықаралық «Жанашыр» қорының
38. Қыдырхан Уақап – жазушы, қоғам қайраткері
39. Тыныбаев Ғалым — жазушы, қоғам қайраткері
40. Жанапиянова Жанар – «Туған тіл» журналының қызметкері
41. Смайыл Дәрмен – «Ұлттық журналистік зерттеу орталығы» ҚҚ президенті
«Жанашыр» қоғамдық қорының іс-шараларынан фотокөріністер:
Поделиться в соц. сетях
The Халықаралық «ЖАНАШЫР» қоғамдық қоры өткізген «Мемлекеттік органдар жұмысы – азаматтық қоғам көзімен» атты дөңгелек үстел (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.