Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    «Этнографпен әңгіме» және «Салты мықтының – халқы мықты» атты жаңа кітаптардың тұсаукесері (фото-видео репортаж)


    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы./

    Қазақ Елі, 30 қараша 2010 жыл

    /

    ҚР Ұлттық кітапханасында 2010 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Жастар Одағы және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты, ақын Қасымхан Бегмановтың зерттеуші ғұлама ғалым Жағда Бабылықұлымен сыр-сұхбаттан тұратын халқымыздың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына арналған «Этнографпен әңгіме» және «Салты мықтының – халқы мықты» атты жаңа кітаптарының тұсаукесері болып өтті.
    Республикалық «Дәстүр» баспасынан шыққан «Этнографпен әңгіме» кітабында аса көрнекті этнограф, зерттеуші ғұлама ғалым Жағда Бабалықұлының өміріне қатысты және халқымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, көне сөздері, ұлттық киімі, тағамы, төрт түлік малы, ырымдары мен тыйымдары, жорамалдары, саятшылық дәстүрі, қазақ күнтізбесі, түс жоруы, жыл қайыруы, жеті ата жолы, жеті қазынасы, қазақ өлшемдері және т.б. деректер жан-жақты қамтылған./
    «Салты мықтының – халқы мықты» «Өлке» баспасынан шыққан кітабының екінші басылымында автор осы сыр-сұхбатты бірнеше бөлімдер мен тарауларға бөліп оқырманға барынша ықшамдап ұсынған. Тілі жеңіл, мазмұны бай, деректері мол кітап халқымыздың дәстүрлерін, ата-салтын насихаттайды.
    Тұсаукесерде аталмыш кітаптар жайлы баяндаманы Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділов, ал қосымша баяндаманы Шешен Республикасының ең жоғары Мемлекеттік «Къоман сий» орденінің иегері, ақын Рафаэль Ниязбек жасады.
    Тұсаукесерге Жағда Бабалықұлы атындағы қазақтану орталығы директорының орынбасары Баян Ахметова, жазушы-журналистер Зәкір Асабаев, Уақап Қыдырханұлы, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев, демограф-ғалым Мақаш Тәтімов және т.б. елімізге белгілі азаматтар қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Роза Жағдақызы Бабалықова әкесі жайлы кітаптардың тұсаукесерінде
    Ақын Қасымхан Бегманов жаңа кітаптарының тұсаукесерін өткізді
    Қасымхан Бегмановтың жаңа кітаптарының тұсаукесерінен бейнелі көріністер
    Жағда Бабалықұлы ат қазақтану орталығы директоры Баян Ахметова

    ТҰСАУКЕСЕРДЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:

    /

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The «Этнографпен әңгіме» және «Салты мықтының – халқы мықты» атты жаңа кітаптардың тұсаукесері (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    30 Қараша 2010 at 17:54 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 474 рет қаралған ...