Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Жаңғырған ұлттық сана талабы немесе Егемендіктің жемістері(бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 15 мамыр 2009 жыл.

    2009 жылы 15 мамыр күні Алматы қаласындағы «Қоңыр Мандоки» атындағы №154 орта мектебі ұжымының ұйымдастыруымен тарих пәнін оқытудың жаңа ақпараттық технологияларға және жаңғырған ұлттық санаға негізделген тәсілдерін үйретуге арналған семинар болып өтті.

    Семинарға «Ұлы дала тарихы», «Алақай», «Тіл үйрену, ой үйіру әліпбиі», «Үлкен ойын» компьютерлік интерактивті бағдарламаларының авторы ҚР белгілі жаңашыл ұстаз Рамазан Жашиев, Алатау ауданы оқу бөлімінің өкілі Гүлнәр Ноғайсарина, №154 мектептің директоры Ернар Мәсәлім, Алатау ауданы мектептерінің тарих пәні мұғалімдері және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

    Білім саласы бағдарламалары мен жобалары авторы — Рамазан Жаши ұлы

    Рамазан Жәши ұлы Бейісқали тегі — ҚазМУ-дың түлегі. Білім беру саласында отыз жылдай тер төккен оқу ісінің үздігі. Зейнет жасында да ұрпақ тәрбиелілігі мен білімдарлығы үшін әлі де талмай еңбек етіп, бүгінгі таңда 900 сағаттық компьютерлік интерактивтік бағдарламасымен Алматы, Атырау облысы мектептері пайдаланып, авторға жүрекжарды ризашылықтарын білдіруде.

    2008 жылдан бері БҒМ-ның бұйрығымен мақұлданған «Ғұламалық мектеп» сабақтары «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан беріліп, шалғай ауыл балаларына ұлттық рух себуде.

    Өзі М.Әуезов пен З.Қабдоловтың шәкірті болғанынан артық марапатты мойындамайды

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    Компьютерлік интерактивті бағдарлама авторы Рамазан Жашиев
    Ұлт тарихы және ұлттық сана Ернар Мәсәлім 154 мектеп директоры
    154 мектептің тарих пәні мұғалімі сабақ жүргізуде 15 05 09
    154 мектеп оқушыларының ғылыми қоғамы туралы 15 05 09 жыл
    82 мектептің тарих пәні мұғалімі Гүлбану Нұрғожаева 15 05 09 жыл
    166 мектептің тарих пәні мұғалімі Алматы 15 мамыр 2009 жыл
    160 мектептің тарих пәні мұғалімі Мұхамедиев Қайрат 15 05 09 жыл
    Аудандық оқу бөлімі осы игі істерді қолдайды Гүлнәр Ноғайсарина

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Жаңғырған ұлттық сана талабы немесе Егемендіктің жемістері(бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    17 Мамыр 2009 at 15:04 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 936 рет қаралған ...