Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    «Тұрар Рысқұлов атындағы халықаралық қор» ҚҚ-ның құрылтай жиыны — /Учредительное собрание ОФ «Международный фонд имени Турара Рыскулова»/ (фото-видео репортаж)

    /
    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі,27 наурыз 2011 жыл
    /
    /

    Кеше, 2011 жылы 26 наурыз күні, Алматы қаласында, «Қазақстан ғалымдар Одағы» РҚБ ұйымдастыруымен, « Т.Рысқұлов атындағы халықаралық қордың» құрылтай жиыны болып өтті.

    Аталмыш қорды құру жөніндегі ұйымдастыру  комитетінің жетекшісі, ҚР ҰИА академигі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, э.ғ.д., профессор Оразалы Сәбденнің айтуынша:

    «…Тұрар Рысқұлов Кеңестер Одағының ұлттық республикаларын индустриаландыруға орасан зор үлес қосқан халықаралық масштабтағы көрнекті қоғамдық және мемлекеттік қайраткер. Ол Орталық Азия республикаларындағы ірі-ірі әлеуметтік-экономикалық қайта құрылуларды ұйымдастырушылардың алдыңғы қатарында бола білді. Тұрар Рысқұловтың мұрасын үздіксіз зерттеу қажет, себебі ол көтерген мәселелер бүгінде көкейтесті және маңызды болып табылады…
    Тұрар Рысқұловтың көпжылдық және көпқырлы қызметін танытатын және бағалайтын уақыт келіп жетті. Қазіргі уақытта оның қызметі мен қайраткерлігін ашатын мұрағат материалдарын жинау тоқтатылған, оның еңбектері еш жерде басылмайды. Осыған байланысты Т.Рысқұловтың шығармашылық мұрасын жаңғырту және оның қайраткерлігін насихаттау қажеттігі туындап отыр…»
    /

    Құрылтайда, қордың Президенті болып — танымал экономист-ғалым Оразалы Сәбден, Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы болып — белгілі қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев ақсақал сайланды.

    Қордың атқарушы директоры қызметіне жас ғалым Ақсәуле Айтқұлова тағайындалды.

    /

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    О СӘБДЕН, халықаралық Т Рысқұлов атындағы қордың Президенті, БАҚ өкіліне сұхбат беруде
    Академик А Қошанов, қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ жайлы
    ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚОРДЫҢ құрылуына, аттас университет өкілдерінің пікірі
    Қырғыз Елінің академигі Т Койчиев, ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ орта Азия жұртына сіңірген еңбегі жайлы

    Халықаралық Т Рысқұлов атындағы қордың құрылтай жиынының ашылу сәті
    Оразалы Сәбден ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ халықаралық масштабтағы көрнекті мемлекет қайраткері
    Кеңес Аухадиев: \"Т РЫСҚҰЛОВ қиын кезеңде мемлекет басқарған,жан жақты білімді, қайраткер тұлға\"
    Академик А Асылбеков ТҰРАР РЫСҚҰЛОВҚА қатысты,бар мұрағатты оның ҚОРЫНА беремін
    Т Рысқұлов атындағы қордың құрылтай жиынына қатысушылардың пікірлері
    ТҰРАР Рысқұлов атындағы ҚОРДЫҢ басшылық,атқарушы органдары сайланып,бекітілді

    ТҰРАР Рысқұлов атындағы ҚОРДЫҢ басшылық,атқарушы органдары сайланып,бекітілді

    ТҰРАР Рысқұлов атындағы университет студенттерінің сахналық қойылымы

    ««Халықаралық Т.Рысқұлов атындағы қордың» құрылтай жиынынан слайд-шоу:

    Халықаралық Т Рысқұлов қорының құрылтайынан фотокөріністер

    /
    /

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The «Тұрар Рысқұлов атындағы халықаралық қор» ҚҚ-ның құрылтай жиыны — /Учредительное собрание ОФ «Международный фонд имени Турара Рыскулова»/ (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    27 Наурыз 2011 at 20:06 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 384 рет қаралған ...