Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Қазақ тарихының азалы кезеңдерін еске алу (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 27 мамыр 2009 жыл.

    2009 жылдың мамыр айының 27-ші жұлдызында Қазақстан жазушылары кітапханасында « Азалы тарихқа айрықша тағзым » атты саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске түсіру күніне арналған және ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған мәдени шара болып өтті.

    Мақсаты: Азалы тарихымызға бас ие отырып, құрбан болған аяулы азаматтар рухына тағызым етіп, өткенімізге сауап, өткелімізге салауат айту парызымыз дегенмен, осы азалы тарихымызға жастардың бей-жай қарамауына тәрбиелеу.
    Қазақтың басына түскен сұрапыл зұлматтың зардабы мен салдары қандайлық болғандығын еске түсіріп, сол жылдардың құрбандары туралы ұрпағына білгізіп отыратын, танытатын, осы нәубет жайлы жазылған шығармаларды болашақ жас ұрпаққа насихаттау.

    Мәдени шараның қонақтары: Демограф-ғалым, саясаттану ғылымының докторы, профессор, Орта Азиялық Университеттің ректоры – Тәтімов Мақаш Байғалиұлы, Ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор, «Ұлттық саяси элита» кітабының авторы — Мәмбет Қойгелдиев; С. Сейфуллиннің қызы — Сейфуллина Рымжан Мажитқызы; Ғылым докторы, профессор, академик — Құсайынов Қарттық, Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары — Ғалым Жайлыбай; Қазақстан Республикасында жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы — Жұмабек Ашуұлы; «Тауқымет пен тағзым» кітабын құрастырушы — Болатбек Төлепберген.
    Аталмыш мәдени шараға қалалық және Әуезов ауданы әкімшілігінің өкілдері, «Халық үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының өкілдері, Саяси қуғын-сүргіндер құрбандары мұражайының өкілдері, ақын-жазушылар, №86,56 оқушылары, Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк, энергетика және электронды технологиялар колледжінің студенттері қатысты.

    Шара аясында тарихшы ғалымдар баяндамасы, алаш арыстарының өлеңдері оқылып, ән-күйлер орындалды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу Рымжан Сейфуллина
    АЗАЛЫ ТАРИХҚА АЙРЫҚША ТАҒЗЫМ Мәмбет Қойгелдиев 27 05 09 жыл
    Қазақ тарихының азалы кезеңі Жұмабек Ашуұлы
    Қазақ тарихының азалы кезеңі Құсайынов Қарттық
    Қазақ тарихының азалы кезеңі Ғалым Жайлыбай
    Қазақ тарихының азалы кезеңі Болатбек Төлепберген
    Қазақ тарихының азалы кезеңі Абзал Нүкенов
    Қазақ тарихының азалы кезеңі М Тәтімов
    Азалы күнді еске алу кеші
    Азалы күнді еске алу кеші 1

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Қазақ тарихының азалы кезеңдерін еске алу (бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    28 Мамыр 2009 at 18:32 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 748 рет қаралған ...