Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Қазақты Рух биігіне «Қоңыр үн» көтереді!!!

    Саулықтың рух биігіне қазақтың «Қоңыр үні» апарады

    /

    Жұмагелді Нәжімеденов өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент, домбырашы, дирижер

    Кәзіргі әлемдік нарықтық кезеңде адамзаттың өз-өзінен рухани азғындау факторлары кең етек алып бара жатқаны шындық. Ол жеке әрбір адамдардың мінез-құлықтарының яғни ділінің (менталитетінің) өзгергендігін анық байқауға болады. Атап айтқанда, адамдардың бір-бірін көреалмаушылығы, мақтаншақтық, өсек-өтірікке тез сенушілік, дүниеқұмарлық, мансапқорлық, парақорлық, надандық, маскүнемдік, темекі тарту, нашақорлық, компьютерлік құмарлық ойындар т.б. келеңсіз қасиеттер біздің қоғамда күнен-күнге көбейіп сіңіп бара жатқан сияқты. Болашақта біздің тәуеліз елімізге қауыпімен бұндай келеңсіздіктер төндіруі, ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізу әбден мүмкін. Мыңдаған жылдар қалыптасқан ата-дәстүріміз ымытылып, сыртан үлгі іздейтіндер көбейуі салдарынан қоңыр үніміз жоғалып, тіліміз шұбарланып, бізге іштен жат діндер қаптап бара жатқанын айтқан жөн деп білеміз. Рухани азғындау жалтақтаушылыққа, бостан босқа мал шашпақ сияқты келеңсіз жағдайларға әкеп соқтыруда. Рухани құндылықтар өзгерген жағдайда, адамдар күйзеліске ұшырап қылмыс түрлері де көбеюде. Пенде пендені арбап, алдап арам жолмен табыс табу үйреншікті дағдыға айналуда. Адамзатты жаппай материалдық құндылықтарға бағындыруда.

    Әл-Фараби бабамыз айтпақшы «Тәрбиесіз алған білімді адам, ол қоғамда қауыпты адам» деген. Қорқыт, Баласұғын, Абай, Махамбет, Ыбырай және т.б. бабаларымыздың ұрпағына айтып қалдырып кеткен өсиет еңбектері қаншама. Мысалы Абай атамыз: «бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол» деген өсиетін кез-келген ұрпақ жақсы білу керек деп ойлаймыз. Жүсіп Баласұғын: «Білімсіздік тілін тиған жөн болар, текті сөз бен тәті сөз, екі басқа білгенге. Кейде ащы сөз тәтті де, тәттісі удай тілгенде, шарап ішде, таза ұста санаңды. Ми былықса, көрер күнің қараңғы, сабырлы бол, сабыр жеткізер мұратқа, күйіп-пісіп, өзіңді отқа құлатпа. Қай істе де жағалтпаған сабырды, ұстамдылық үйірер мал, бағыңды» деп бабамыз арам мен адалды, надандық пен адалдықты ажырата білуді айтады. Олардың айтқан түп негізінде адамдар арасындағы қарым-қатынас тазалығы, дене тазалығы, қоршаған ортаға деген тазалық арқау болған. Сондай-ақ, ел мен ұрпағының ертеңіне жанашыр әрбір азамат рухани құндылықтарды өрістету мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек. Жастарды жан-жақты рухани тазалыққа табиғи тепе-теңдікке елді бірлікке шақыратын, ата-дәстүрімізді кеңінен дәріптеп, басқа халықтарға үлгі ететін іс-шаралар ұйымдастырып, бағдарламалар, оқу құралдарын әдістемелер әзірлеу қажет. Жеріміз үлкен халқымыз саны аз жағдайда адами ресурстарымыздың әлеуеті жоғары, әлемдік жаңа технологиялардың дамуына үлес қосатын дамытатын деңгейде болу керек.

    Қоғамда қоңыр адамды қалыптастырудағы мақсатымыз –ата дәстүрді, ой-сананы заман талаптарын сай жаңғырту, қалыптастыру арқылы заманауи жетікстіктерді бойына сіңірген, нарықтық қатынас тұсында дұрыс та адал жол таңдай білетін отандық ана тілін дәстүрін қастерлейтін ілім мен ғылымды менгерген адал да мейрімді ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақ осы міндеттер арқылы жаңа технологияларды менгерген ана тілінде таза-сөйлеумен қатар, халқының әдет-ғұрпын жетік білетін басқа халықтар мәдениетінің озық үрдістерін игерген тұлғаларды қалыптастыруға, әр адамның ел мүдесіне қызмет етуі үшін жол ашуға ұмтылады.

    Рух дегеніміз-мәңгі, шексіз, махаббат пен мейіремнен тұраты, әр адамның ой, сөз, ниет-пиғыл, іс-әрекетіне, өмірлік рухани ұстанымдармен тікелей байланысты, таза сана мен ақыл, күш-қуат, бірлікке негізделген ғаламдық, өрістік ақпараттық жүйе. Әл-Фараби бабамыз өз еңбектерінде рухтың төмен, орта, жоғары деңгейлері барын атап өткен. Адамға тамақ қалай қажет болса, рухани азық беретін ақпарат та сондай қажет. Сол рухани білімді орынды да, жүйелі түрде қолдана білу, өмірде өз нәтижесін бермек.

    Жаңа ғасырда Қазақ елі өзінің тарихи-мәдени тамыр-тегіне сүйене отырып, ұлттық болмыс пен дүниетанымын, ұлттық рухын жаңғырту үдерістері кең сипат алып отырған кезеңде ұлттық діл, тіл, мәдениет, дәстүр айрықша құндылықтар ретінде бағалануда. «Діл-Қоңыр-Әдеп-мәдениет», міне осылардың тоғысуы ұлттық болмысты береді (сурет). Бұл ұғымдар әрқилы, күрделі болғанмен де, өзара үйлесімде өмір сүретін құбылыстар, рухани қазына. Сондықтан да бұл ұғымдар ұлттық философия аясында қарастырылып, жаңаша түсіндіріліп, талдануы тиіс. Бұл мақала осы бағыттағы жаңа көзқарастар, тың ізденістердің бастамасы болып табылады.

    Бұл мақаланың өзектілігі, сондай-ақ әлемдегі ең үздік жаңа технологияларды мақсатқа жетудің құралы ретінде пайдалана отырып, «үн-қоңыр» ұғымына жаңаша сипат беру, бренд деңгейіне көтеру мәселесі қарастырылып отыр. Мысалы, бүгінгі таңда «Діл-Қоңыр үн-жәдігер» дүниетаным даналығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үшқоңыр», «Елім менің» сияқты ән-толғауларында және Қазақстан Республикасының Әнұранында көрініс тапқан. Осының барлығы ХХI ғасыр табалдырығын жаңа аттаған қазақ халқының осы уақытқа дейін сақталып келе жатқаны да осы төлтума мәдениеттің, ділдің арқасы екені аян. Ұлттық ділді жаңғыртып, дамыту мәселесінде бүкіладамзаттық тәжірибенің жағымды үрдістерін пайдалану, оларды өзара үйлестіру — ұлт мүддесіне қызмет етуге бірден-бір қабілетті әрі қоғамдық қажеттіліктен туындап отырған құбылыс. Еліміздің егемендігі мен мемлекеттік тәуелсіздігін нығайту тұрғысында әлемдік инновациялық, нанотехнологияларды қолдану және игеру — бүгінгі күн талабы.

    Қазақтардың «үн-қоңыр» ұғымын брендке айналдыруда маңызды орын алатын бір нәрсе − ата-бабамыздан мирас болған дәстүрлі музыкаға тән үн — домбыраның Қоңыр үні! Осы бір адамзаттың алғашқы жәдігері саналатын даналық қоңыр үнді қалпына келтіру мәселесі кезек күттірмей жүзеге асуы тиіс шаралардың бірі.

    Табиғаттың жаратылыс тіршілігінің бастауында алғаш үн – (қоңыр үн) пайда болған. Үннің ішінен жаңғырығып жеті дыбыс, сосын жарық пайда болғанда ішінен жеті спектр (жеті бояу) шыққан деген болжам бар. Жаратушы бірінші сұйықты, ауаның түзілуін жаратқанда солардың түзілуінен қуат, жарық, қызу шығады, әрмен қарай сол қызу бояуланып спектр шығады. Қуат – жылу, жарық, дыбыс шығарады. Ретсіз ыдыраудан – хронотоптың темпоритмі өзгереді – харам дыбыстар, шу шығады.

    Егер оқуды әлемдік технология оқыту процессына қосатын болсақ, оның ішінен үш нәрсені бөліп алу керек. Дамытудан бұрын, бірінші технология оқыту, осы алынған білімді тәлім мен тәрбиеге айналдыру, керек, содан кейін барып іскерлік пен машық деген, содан кейін үйретуге шығу керек. Алдымен осы затқа шығыу үшін бір нәрсеге көңіл аудару керек. Оқытуды ұлттық тәлім мен тәрбиеге алып келу керек. Оқытуды іскерлік пен машыққа әкелмес бұрын, адамның әдеп-ғұрып салт-дәстүр демекші бір ұлттық болмысқа бет бұрып алуымыз керек сияқты. Автордың көп жылдардан бермен қарай айналысып келе жатқан ғылымы «Қоңыр үнді домбыр» атты ғалыми концепциясына назар аудару арқылы алып шықсақ деген ой бар. Біз қазір оқу орнында қоғамда электрлі доска, электрлі книга деп жатамыз осылардың бәрін көрсеткенмен біздің ауылдың қазақтары бірден қабылдамайды. Қабылдау үшін, еске сақтау, еске ұстау дегенді, біздің қазақтардың бұрынан келе жатқан тарихымыз бар осылардың бәрін айтатын болсақ, қоңыр деген нәрсені қазақтың домбырасының ішінде барлық ғылыми заңдылықтар мен сақталған және енгізген. Үннің ішінде жеті дыбыс, жеті бояу бар болатын болса онда темпа ритм және хронотоп бар деген сөз. Домбыраның ішегін қақсаңыз тербеледі – тербеліс жиілігін зерттейтін ғылым — физика, адам құлағына дыбыс неше миллисекунда келіп жетеді оны зерттейтін ғылым – матиматика, дыбыс мына бағытқа кетіп жатыр деп сызып көрсетсеңіз ол - геометрия, дыбысты түрлі жаққа бұрсаңыз ол – оптика ғылымы екен. Домбыра үні ішінен жоғарыдағы аталған ғылымдар бір-бірлеп өріліп шығып жатқандай.

    Жеті үн мен жеті бояуды әкеліп домбыраға қоссақ, бір-бірімен үйлесуі бұны үндестік гармонияға, гармонизацияға әкеліп қосылғанын білеміз. Онан шығады темпа ол үндестік болса, ритм ол ырғақ болады, екеуін бір-біріне қосқанда, біздің қазақтың тәлім-тәрбиесін, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін, домбыра деген музыкалық аспапқа әкеліп үлкен білім-ғылымға алып шығуға болады. Қазір Еуропа, Америка, Жапония, Индия т.б. елдердің білім-ғылымдарының бәрінде де бір нәрсе жетпей тұрған сияқты. Оған үндестік заңы мен үйлестік заңын қалай қалыптастыру керек деген нәрсе жетпей тұр. Аталған нәрселердің бәрін басын қосатын біздің қазақтың домбырасы екен. Ол үшін тәлім мен тәрбиені тоғыстыру керек. Еуропа елдері үшін «тәлім» деген сөз түсініксіз мағанада қалуда. Кейбір ғалымдардың болжауынша өркениет-еуропадан, мәдениет- шығыстан басталады деп жүр. Шындығында мәдениет пен өркениет қазақ жерінен бастау алғандығын ғалымдар зерттеп дәлелдеген. Сондықтан темпа ритом үндестік заңы - хронотоп үйлестік заңыда бір жерден қазақ жерінен шыққан деген болжам бар.

    Ал екеуінің басын қосатын бұл 6000 жылдық тарихы бар қазақтың домбырасы. Домбыра да хронотопты екіге бөліп қарауға болады, екпін деген бар ол уақыт өлшемі, екінші ырғақ бар бұл кеңістік заңы. Үндестік заңы ол домбыраның үні және үйлестік заңы ол домбыраның ырғағы. Үйлестік заңы ол батыстың өркениеті, ал үндестік заңы ол шығыстың мәдениеті деп жүр. Еуразияға жетпей тұрғаны осы екеуінің басын қосуы. Әдептің басы да осы домбырадан басталады.

    Ал, әлемдік музыкалық аспаптар ыспалы, ұрмалы, үрмелі, шертпелі аспатарға жатады десек, домбыра – қағып, шертіп, іліп қағып ойнауға жататын аспап. Темпоритм (жиілік гц), хронотоп (дыбыс күші дВ) – уақыт пен кеңістікке, яғни – қоңырға тәуелді. Қазіргі әлемдегі еуропалық (классикалық аспаптар) шіркеулік музыкалық аспаптардың қасиеттерінің бастауы домбырадан алынған. Себебі – бастапқы музыкалық аспаптардың тарихы домбырадан (6000 ж.) басталып тұр. Осы уақытқа дейінгі археологиялық зерттеулердің ешбірінен мұндай тасқа қашалып таңбаланған скрипка немесе гитараның суретін көре алмайсыз.

    Тәлім – көлем мен кеңістік. Тәрбие – темпоритм. Темпоритм мен хронотоп бір өлшем – 10-5-10-6 нанометрмен өлшенетінін ғалымдар дәлелдеп отыр. Басқа өлшемдер жеті өлшеммен қалыптастырылады. Бұны халал дейді. Халал деген – арабтың өлшемі, яғни құрандағы «адал істеу» деген сөздің мағанасын береді. Адам автомат болмау керек, халал – ғылыми өлшем.

    Әдеп – болмаған жерде қоңыр болмайды, музыка, хронотоп, ритм – бұл домбырада бар. Музыка – өлшем емес, қоңыр – өлшем. Наноөлшемде – қоңыр, осыдан әдеп-ғұрып шығады. Адамды әдепке қалыптастырған – қоңыр. Сонда әдепті әдетке айналдырған – діл болып шығады. Өркениет – діл, ол қоңырдан басталады.

    Қазір мемлекеттік саясат, басқару, оқу-тәрбие жұмысының негізі рухы күшті, текті тұлға, бірлігі жарасқан халық мемлекет қалыптастыруға әр қазақстан азаматының өз орнында ат салысуы, іске асырылып жатқан реформалар негізі екені түсінікті болып тұр. Адам баласы жетілу барысында осы рухани сатылардан өмір сынақтары арқылы өтіп, жақсы әдет, жүріс-тұрыс, көркем, сабырлы мінез, тектілік, парасаттылық қасиеттер иесі болатыны анық. Белгілі ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессоры Шайзинда Жанәділов адамның макро-микрожүйесі, денсаулығы, ғаламдық жаратылыс заңдылықтармен, яғни жансаулығымен тікелей байланыста жұмыс істейтіндігі жөнінде жазылған. «Саулық көздері» монографиясында «Тәрбие дегеніміз-адам бойындағы ата-баба тегінен, әкесі және анасы арқылыкеле жатқан шежірелік (генетикалық) ақпараттарды баптау (қажетісін неғұрлым жүзеге асыру, ал қажетсізін басу») деп жазады.

    Оқу-тәрбие жүйесінде шәкірттің қасиетін ашып, баптап, дамыту рухани дүниетаным негізінде ақ пен қараны ажырата білу мен, жүйелі ой-сана қалыптасуына тәуелді. Бұл шексіз, ғаламдық толық жетілген жүйеде әрбір адамның білімі мен өмірлік тәжірибесі, дүниетаным ұстанымдарына сәйкес ой, сөз, ниет-пиғыл, іс-әрекеті, рухани жетілу деңгейіне қарай, алатыны белгілі сатылы орны бар екені түсінікті. Әсіресе тұлғалық, тектілік қасиет, тіл, дәстүр, ділімізді жаңғырту, жан-жақтан қаржыландырылып, ұрпақ санасын улап, лас ақпараттар тарату арқылы жүріс-тұрыс, мінез, жан ұя, қоғаммен ортаға әсер етіп, мемілекетімізді іштен ірітіп жатқан секталар мен ағымдар бағдарламаларын ажырата білу үшін қажет. Айналамызды қоршап тұрған жаратылыс мәні өмір сынақтары арқылы рухани жетілу екенін, ғалам заңы бір-біріне қарама-қарсы, сонымен қатар бір-бірінсіз дамып, жетіле алмайтын екі қуаттан тұратын түсінген әрбір адам ашудан аулақ болып, жақсылыққа апаратын сабырлық өрістеріне сай бақыт жолын табады. Башкир университетінің профессоры Г.А.Аминьевтің «әл-Фараби» атындағы ҚазҰУ профессоры, биофизик В.М.Инюшинның адам мен жерді қоршап тұрған ғаламдық өріс қуатты, биоплазмасын зерттеулерінің қортындысы бойынша, адамның кез келген ой, сөз, іс-әрекет, психо-эмоцаналдық көңіл күйі, ақ не қара ниет-пиғылына сәйкес, күнделікті, сағат сайын бөлініп шығатын қуаты ғаламдық өріске қосылып, басқа адамдарға өтіп, әсер етеді екен. Әрбір жеке адамның дүниетанымына сәйкес, ақ не қара ниет-пиғыл, жүріс-тұрысы жалпығаламдық, жер деңгейіндегі өріс қуаттарымен тікелей байланысты болғандықтан, сабыр болмай ашулану сияқты жағдайлар қоғамдық ортаның өрістік (биоплазма) құрылымын өзгертіп, күн жүйесіне әсер ету салдарынан жерде түрлі апат, катоклизмдер белең алуда. Теріс, немесе қара өрістік қуаттардың көбейіп, әсер етуі қоғамдағы түрлі қылмыс, емі жоқ ауру, эпидемия, мезгілсіз өлім жағдайларына әкелуде. Адамның денсаулығы, ойлау, есте сақтау қаблеті оның өрістік әурет қабының (биополе) тазалығына байланысты екені түсінген, салт-дәстүрге сәйкес тектілік қасиеті меңгерген ата-бабаларымыз гигиеналық тазалық негізін сақтаған.

    Ғасырлар бойы рухани тазалық заңдарын дәстүрлі, шежірелік (генетикалық) деңгейде сақтап келген халқымыздың ақыл-ой, есте сақтау қаблеті жоғары болып (ашулы сөздің ауру-сырқау, ал жылы да, жүйелі айтылған сөздің адам өміріне бақыт әкелетін киелі, денсаулығына ем-шипалық әсер, бірлік-берекеге жетелейтін ерекше қасиетін түсініп) сөз қадірін біліп, небір үлкен дастан, жырларды ауыз әдебиеті негізінде ұрпақтан ұрпаққа қағазға түсірмей жеткізе берген. Жоғары деңгейдегі ақпараттық технологиялар дамыған заманда психикасы көптеген әсерлерге төтеп бере алмай, жердегі болып жатқан әрбір ашудан туындайтын жауыздық, қылмыс жағдайлары жалпы ғаламдық өріске араласып, әрбіріміздің өміріміз бен денсаулығымызға биоплазмалық әурет қабымыз арқылы әсер етуде.

    XXI-ғасырда адамзат 6-миллиардқа таяғанда қоғамның экономикалық дамуы, адам өмірінің ұзақтығы адамзатының болашағы сақталып сақталмауы әрбірімізге байланысты бойымыздан бөлініп шығатын сабырлы ақ немесе ашуға негізделген қара өрістік қуатқа байланысты болып тұр. Яғни, Ел басымыз, Назарбаев Н.Ә. бірлікпен сабырлыққа негізделген реформаларының, идеологиялық саяси бағыты рухани мемлекет, адамзатын қалыптастыруға бағытталып, тазалық ұстанымдарына негізделген рухы күшті, индустриалды-инновациялық, адам дамуына барлық жағдай жасалған.

    Қазақстан мемлекетін құру ұлттық мақсат-мүде, идеямыз, болашаққа нық басатын жалғыз сара жол болып тұр. Адам өмірінің мәні рухани жетілу болғандықтан, адамдар қауымдастығы болып табылатын мемлекеттік экономикасын алға бастыратын, ұлттық идея, идеология негізі от басы, мектептен бастап рухани орта, қоғам құруымыз заман, дәуір талабы. Әл-Фараби өзінің ғылыми трактаттарында «идеология қашанда да даму кілтін материалдық емес, рухани жүйеден іздестіргенін» атап өткен. Әлем тәжірибесі көрсетіп тұрғандай, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріндегі қарқынды даму ғылымға рухани жағынан жоғары шығыс елдерінен (Жапония, Қытай, Корея, т.б.) мамандар, студентер арқылы жүзеге асып келеді. Инеден ракетаға дейін шығаратын, жаңа технологиялар көшбасшысы Сингапур «тазалық» ұлттық идеясының жемісін көруде. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, көршіміз Қытай мемлекеті «Даосизм» философиясына сәйкес, ин (қара) және ян (ақ), қарама-қарсы, бірақ бір-бірінсіз дамып, жетіле алмайтын қуаттар негізінде қалыптасқан дүниетанымына сәйкес ұстанымды, бақытты болып, ұзақ өмір сүру негізі үш қағйдадан тұрады, олар: 1.Ашуланбау, 2.Еңбекқор болу. 3.Қажетінен артық тамақ ішпеу. 2500 жыл бұрын өмірсүрген Конфуций, «әр нәрсені өз кезінде орындау өміріңді рахатқа кенелтіп, барша тіршілікке болатын өрлеу заңының жетілуіне әкеледі» дейді. Ғасырлар бойы қалыптасқан салт-санамызға сәйкес, жан-жақты тазалық жүйесіне негізделген дүниетанымда тәрбие көрген ата-ана, ұстаздың, ой,сөз, ісі, берген тәлім тәрбиесі мен білімі, баланың пәк те, таза жүрегіне бұлақтың мөлдір суындай сіңіп, өмірлік тура жол, рухани азық болары түсінікті.

    Ақпараттық алтын ғасыр, индустриалды-инновациялық, ақылды экономика талаптарына сай жан-жақты тазалық ұстанымдарына негізделген дүниетаным, жүйелі ойлау қаблетін, оқу-тәрбие жұмысы, оқушылардың өзін-өзі басқару жүйелері арқылы әр мектепте дәстүрлі тіл мен діл, үлгі-өнегелі ата-ана, ұстаз, шәкіртке сәйкес тәрбие ортасын, ертеңгі рухы күшті Қазақстан мемлекеті мен қоғамын қалыптастыруға, ұрпақ болашағы үшін жан-жақты аянбай, қолдан келгенше ат салысайық әрбіріміз ағайын. Балаларымыз алған білім мен тәжірибесін болашақ өмірінде дұрыс қолдана білу қаблетін күшейтіп, өмірде адасып кетпей, нарықтық заманда нақты өз орнын табуына себтігі тиіп, бүгінгі шәкірт ертеңгі рухы биік Қазақ елінің азаматы, адал да, таза қоғамда өмір сүрсе екен деген үмітпен жасалған, көпшілік болып ат салысуды қажет ететін кешенді тәрбие.

    Мектеп бітірген әрбір жастың болашағы, рухани негіздері мен ұстанымдары өміргн бейімделуі немесе адасуы, тікелей ортасы, жан ұя, білім мен тәрбие жүйесіндегі дұрыс ақпаратқа байланысты. Әлімсақтан бері тіл мен діл негізінде қалыптасып, қанымызға сіңген ата-дәстүр негізі тазалық жүйесін ұғынбаған шәкірт, ертенгі күні адасып секта мен ағым қуып, жан дүниесі күйзеліп, түрлі генетикалық өзгерістерге шалдығып, потология немесе дезадаптацияға ұшырауы мүмкін. Ал егерде жан-жақты жан тазалық жүйесін меңгерсе, рухы күшеиіп, барлық саладағы асуларды алғызары анық.

    Рухани ортада тәрбие алған әрбір азамат өмір мәнін, даму заңдылықтарын дұрыс ұсынып, бойына сіңіріп тәжірибеге айналдырып, ақ пен қараны ажырата білсе, күнделікті сынақтардан жеңілірек өтіп, ізгілікті бойына сіңіріп, өзгеге көрінбейтін нәрсені көре алатын жан көзі ашылып,даналық жолын меңгерері түсінікті. Жүйелі ойлаған әрбір оқушы ойсыз оқу білім болмайтығын, сабаққа кешігу, ұстаз, құрбыларының уақытын алып, білім стандартын бұзатындығын түсініп, сабақтң тақырыбын құрылымына қарай жүйелі меңгеріп, кез келген істі шебер жасап, мектепте алтын белгіні көбейтуге үлес қосары анық.

    Рухтың әлсіреуі ар, ұят, мейрім, ынсап, т.б. қасиеттерді жоғалтырып, адамды надандыққа ұрындырады. Рухы өлген адам, ақылы бар мақұлыққа айналады. Рухтың мекені адамның жүрегі. Жүрек жылуы ар, намыс, қайрат, жігер деген ұғымдар рухтан туындайды. Жүректің бір қалыпты жұмысы, одан тарайтын денедегі 62 тамыр, 72 мүшенің саулық кепілі. Жасаған жақсылығың жүрегіңді қуаныш пен бақытқа бөлеп өміріңді ұзартса, жамандық нерв жүйкесін тоздырып жанды күйзелтеді. Рухани бай адам әділ, мейрімді, қанағатшыл болады. Әр жасаған жақсылығың рухты күшейтеді, жамандықты әлсіретеді. Рухты күштілігі жүйелі түрдегі таза ой-сана, ғасырлар бойы ақиқат жолындағы арпалысқан даналарымыз бен батыр халқымыздың тарихы мен ерен еңбегі, дәстүрге айналып қанымызға сіңген, негізгі «ақ»- деген сөзден тұратын «қазақ» -деген кең де, киелі атқа сай болу. Сол таза да, адал рухтың күшімен осы жерді алты алаштан тараған атамыз қазақ, білек күшімен қорғап, сақтап, қазіргі ұрпағына аманат етіп қалдырған.

    Қазақ елі мен ұрпақ болашағы үшін небір қырғындарда шейіт болған ата-баба, кешегі желтоқсанда қан төккен аға, іні, бауырларымыздың әруақтарының ризалығы үшін, біртұтас, бірлік пен берекесі жарасқан, рухы күшті мемлекет құруға әрбір ұстаз, азамат өз орнында, ел ұрпақ болашағы үшін ат салысып, өмір сүру дәуір талабы.

    Жоғарыдағыға қорта қоса айтқанда, домбыра тартқан бала адаспайды, жамандыққа бармайды деп талай мақала жазған болатынбыз. Бүткіл немесе жоғарыдағы аталған ғылымдарды домбыра үні ішінен өріліп шығатындығын бірнеше жылдар бойы дәлелдеп айтып келе жатқан ғалымдардың бірімін деп айтсам артық айтпаған болармын.

    Білім беретін орта мектептің болашақ он екі жылдық бағдарламасына жаңадан «Домбыра тану» пәнін енгізу қажет деген ойымыз бар. Қазақтың ақиық ақыны Қадір Мырзалиев айтпақшы: «Нағыз қазақ домбыра» деп, біздің азмұз айтарымыз, әр қазақ домбыра емес, себебі 50-60 пайыз қазақ домбыра ойнап білмейді. Оны нағыз қазақ деп айталамыз ба? Есту, есте сақтау қабілеті нашар адамдарға домбыраны менің «сандық тәсіл» атты кітабым арқылы еркін ойнай алады, тек жиырмаға дейін санап білсе, ықыласы болса болғаны. Домбырада ойнай білмесең де, тартылған ән күйді тыңдай білуде өнер.

    «Үш қоңыр» Республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газеті, №17 (38) 8 2011 маусым ж, 7- бет.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Қазақты Рух биігіне «Қоңыр үн» көтереді!!! by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    5 Маусым 2011 at 15:04 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 924 рет қаралған ...