Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Тәуесіздігіміздің 20 жылы ішінде шешімін таба алмай келе жатқан Мемлекеттік-Қазақ тілі мәселесі жайлы (фото-видео репортаж)

    /
    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 12 шілде 2011 жыл.

    2011 жылы 8 шілде күні, Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Достық үйінде» ҚР Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалу барысындағы кемшіліктер мен жетістіктерді талқылау» атты кеңейтілген  жиналыс болып өтті.

    Бұл бас қосуға ҚР Парламентінен, Мәдениет және Білім-ғылым министрліктерінен, ҒЗИ мен ЖОО және қоғамдық ұйымдар өкілдері  қатысып өз ой-тұжырымдарын ортаға салды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Қымбатты ағайын-бауырлар, ғапу етіңіздер! Бейнелі көріністерде дауыс нашар болып тұр, залдың акустикасы дұрыс емес. Мүмкін бұл жер, ұзақ жылдар өзге үнге бауыр басып кеткендіктен, қазақ үніне тосырқап тұрған шығар…

    20 жылда шешімін таппаған мемлекеттік тілге арналған жиынды ҒАЗИЗ ТЕЛЕБАЕВ ашты
    Сенатор С Қ ЕҢСЕГЕНОВ Біздің шенеуніктер өзгелерге қазақ тілінде сөйлеуге мүмкіндік бермейді
    Өмірзақ Айтбайұлы,20 жылда шешімін таппаған,мемлекеттік тіл жайлы

    М САРЫБЕКОВ Ағылшын тілін 1 сыныптан оқуды жаппай ендіруде қателіктерге жол бермейміз
    А САРЫМ Өз Елінде ана тілімен өмір сүрген қалың қазақты өзге тілдерде күштеп сөйлету дұрыс па?
    Профессор С ҒАББАСОВ,биология заңдылығы, Үкіметтің қаулысына бағынбайды, дейді

    ШҚО тіл басқармасының бастығы МАНАРБЕК МҰХАМЕТЖАНОВ мемлекеттік тіл жайлы
    А Қ ҚҰСАЙЫНОВ,мемлекеттік қазақ тілінің өзекті мәселелері жайлы

    С ҒАББАСОВ Өзге тілде жазып,қазақшаға аудар деген конституциялық норма жоқ
    М ШАХАНОВ Үш тұғырлы тіл идеясы, бұл қылмыстық іс әрекет

    СҰЛТАНӘЛІ БАЛҒАБАЕВ,кейбір ауыл — аудандарда бүгінге дейін қазақ мектебі жоқ
    М Бөтеев Заңдарды өзге тілде жазуды тоқтатпасақ,бұл ерте ме кешпе,апат әкеледі
    АСЫЛЫ ОСМАН Өзге этностар,намыссыз шенеуніктерге қарағанда,қазақша сөйлеуге тырысады
    М Айтқожина Әрбір қазақ отбасында тіл үшін күрес жүруі тиіс

    БАС ҚОСУДАН фотокөріністер:

    Алматыдағы Достық үйінде өткен, қазақ тіліне арналған бас қосудан фотокөріністер

    Парасатты Ел ағаларының аузынан терілген
    ОЙ-ПІКІРЛЕР

    1. Елімізде халқымыздың 70 пайызға жуығы қазақ ұлты құрайды, қазақ сыныптарында 2,5 млн. астам бала оқыйды деп біз шаттанамыз, осының бәрі біздің еңбегіміз деп шенеуніктер мақтанады.

    Ал осы жетістіктер, бодандық заман қалыптастырып кеткен неше түрлі қиындықтарды жеңе білген, қарапайым қазақтардың Жеңісі екенін және қазақтың өз Елінде өсіп-өнуі табиғи заңдылық екенін ұғатын, ұлттық ойлау қабілеті жаңғырған мемлекеттік қызметкерлер әлі де аздау.

    Соның салдарынан, тәуелсіздік мүмкіндіктерін ұлт мүддесіне дұрыс пайдаланып, еліміздегі оң үрдістерді қолдап, дамытуда әр деңгейдегі кейбір шенеуніктердің ойлары, сөздері, іс-әрекеттері сын көтермейді. Бір ғана көрнекті мысал, бүгінгі Үкімет шенеуніктері Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында, мемлекеттік-қазақ тілінің табиғи дамуының өзін тежеуге бағытталған, ешбір ғылыми негіздемесі жоқ, тіпті адами логикаға сыймайтын «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» атты жобасын ұсынып, Мәжіліс пен Сенат депутаттарына мақұлдатып, Президенттің алдына апарып үлгерген.

    (Қабылданған Бағдарламаны «үкіметтік» және қоғамдық Жобалардың нұсқаларын салыстырғыңыз келсе:Осы жерді басыңыз )

    Ал Ел басшымыз, көрнекті ғалымдар мен ақын-жазушылардың, қоғамдық ұйымдар мен парасатты Ел ағаларының пікірлерін ескеріп, бағдарламаға 1 жылға жуық қол қоймай, өрескел қателіктерді түзетуге ұлттық ойлау қабілеті төмен Үкімет шенеуніктерін мәжбүр еткен.

    2. Президент Назарбаевтың аузына АЛЛА салған «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде!» деген ұлағатты сөзі, әр деңгейдегі мемлекеттік шенеуніктердің ұлттық ойлау қабілетін айқындап беретін негізгі критерий-көрсеткіш бола алады.

    Егер мемлекеттік шенеунік, жас шамасына қарай, баласын-немересін-шөбересін қазақ балабақшасында тәрбиелеп, қазақ мектебінде оқытса, онда ол Қазақстанның болашағына сенетін азамат. Керісінше, өз ұрпағын өзге тілде тәрбиелеп-оқытқан қазақ шенеуніктері Қазақстанның болашағына сенбейтін пенделер.

    Сондықтан, азаматтарды мемлекеттік қызметке алғанда осы критерийді қолдануды, Үкіметтен біртұтас халық болып талап етуіміз керек!

    3. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдайға байланысты қалыптасқан аудармашылар институты өз міндетін өтеп болып, бүгінгі күні мемлекеттік-қазақ тілінің кең қанат жайып, шынайы қажеттілікке айналуына басты кедергі болып тұр. Ақпараттық технология дамып, өміріміздің барлық саласында қолданыс тауып жатқанда, оны тиімді пайдаланбай, миллиардтаған қаржыны аудармашылар институтына жұмсау мемлекеттік қылмыс.

    Мысалы, бар жоғы 1,3 миллион халқына әлемнің 85 тіліндегі ақпаратты он-лайн режимінде, ғаламтордың үздік әлеуметтік желісіндегі Google-аудармашы жүйесі арқылы ана тілінде оқып, өзге тілдерді жаттап алтын уақыттарын сарп етпеуге мүмкіндік жасаған Эстон мемлекетінен неге үлгі алмаймыз?

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Тәуесіздігіміздің 20 жылы ішінде шешімін таба алмай келе жатқан Мемлекеттік-Қазақ тілі мәселесі жайлы (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    12 Шілде 2011 at 12:47 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 022 рет қаралған ...