Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    МҰҚАҒАЛИ ТАҒЫЛЫМЫ немесе МҰҚАҒАЛИ ТІРІ БОЛСА, ОЛ РИЗА БОЛАТЫНДАЙ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ БАР МА?

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 4 тамыз 2011 жыл

    АманатМүқағали Мақатаев Ұлтын сүйген, оның болашағы үшін бар өмірлерін сарп еткен Алаш арыстарының нағыз ізбасары, қазақтың ақиық ақыны МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ өзі өмір сүрген кезеңнің қазақ халқына әкелген қайғы-қасіретін толықтай бойынан өткізіп, талдап-саралап тамаша өлеңдерімен шерін тарқатып қана қоймай, сол туындыларындағы айтқан ойлары келер ұрпақтың қажетіне жарайды-ау деген сеніммен АМАНАТ етіп қалдырған сияқты…


    … кешегі Кеңестік жүйе аялап алақанына салып мәпелеген, атақ-даңқтарын үйіп-төккен шығармашылық саласының кейбір,
    өз ұрпағын қазақ балабақшасында тәрбиелеп-қазақ сыныптарында оқытуға милары жетпейтін «қайраткерлерінің» кешегі-бүгінгі туындыларын, сол «кеңестік жүйе» көзге ілмеген МҰҚАҒАЛИДІҢ мына шумақтарымен салыстырып көріңіздерші:

    Қарыздармыз біз Отанға, барымызды берерміз,

    Қарыздармыз біз Отанға, қарыздар боп өтерміз.

    Есеп берер күнде болар ұрпақтардың алдында,

    Мықтымсынған мырзаларды, бәлем, сонда көрерміз.

    Отымызды ұлы Отанға берерміз де, сөнерміз,

    Гүлімізді ұрпақтарға сыйлармыз да, семерміз.

    Жаңа келген ұрпақтардың алғысын ап, марқайып,

    Артымызда кім қаларын, тірі жүрсек көрерміз.

    Ұлан-асыр, ұлы күрес. Түбінде бір жеңерміз.

    (Біз әзірге даурықпаға шетімізден шеберміз)

    Құрғақ даңқ құлы болып, бәлки…бір күн, кім білсін,
    Құр таласпен күн өткізіп, түк өндірмей өлерміз.

    Әрине, Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде, халқымыздың жанкештілігімен біраз жұмыс атқарылған шығар…Бірақ, МҰҚАҒАЛИ тірі болса, ол риза болатындай ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ бар ма?
    Жоқ, әлі де құрғақ даңққа масаттанып, құр таласпен күн өткізіп жүрген жоқпыз ба…

    СІЗ ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗ, ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН ?!

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The МҰҚАҒАЛИ ТАҒЫЛЫМЫ немесе МҰҚАҒАЛИ ТІРІ БОЛСА, ОЛ РИЗА БОЛАТЫНДАЙ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ БАР МА? by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    4 Тамыз 2011 at 13:10 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 480 рет қаралған ...