Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Парламент депутаттары мен Үкімет шенеуніктерінің көпшілігі екі тілді тең қолданып, ҚР Конституциясы талаптарын орындап жүр деп бір адам айта ала ма?

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 7 тамыз 2011 жыл

    Қазақтың мемлекеттік тілі


    жайлы ащы шындық

    («Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы жұмысына қатысушы Ел ағаларының айтқан пікір-ұсыныстарынан үзінділер)

    … Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, мүмкін уақытша қажет болған аударма институты, бүгінгі күні мемлекеттік тілдің кең қанат жаюына ең басты кедергі болып тұр. Тіпті, оны ҚР Үкіметі мемлекеттік-қазақ тілін жаппай қолданысқа ендірудегі өзінің дәрменсіздігін жасыру үшін қолданатын негізгі құралға айналдырып алды.

    Нақты өмірде Парламентте де, Үкіметте де, құжаттар өзге тілде дайындалып, талқыланып, бекітіліп, оқылады. Мемлекеттік және Қоғамдық ұйымдарда да, жұмыстар өзге тілде атқарылады.

    Шексіз байлықтың үстінде жүрсе де, соған лайықты өмір сүрудің орнына күйбең тіршіліктен бас көтере алмаған 10 млн. астам қазақ халқының көз алдында, мемлекеттік мәртебесі бар ұлттық тілі, нақты өмірде қажетсіз, тек «біздің мекеме-ұйым қазақ тіліне толық көшті» деген жалған ақпарат үшін керек, аудармалық-архивтік өлі тілге айналып барады…

    Ұзақ жылдар өздері жол берген, осындай сорақы жағдай ұлттық трагедияға соқтыратынын біле тұра ҚР Үкіметі жедел түрде «Мемлекеттік-қазақ тілі туралы» Заң дайындаудың орнына, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» дайындап, бекіттіріп алды…

    Қазақтың  ұлттық (мемлекеттік) тілі трагедиясына кім кінәлі?

    Заңды талап қоя алмайтын ХАЛЫҚ па,

    әлде Заңды орындауға құлықсыз БИЛІК пе?

    ҚР Конституциясының 7-бабындағы «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деген, ұлттық мүдде тұрғысынан алғанда шалажансар тармақтың өзі орындалмай жүр ғой…

    Парламент депутаттары мен Үкімет шенеуніктерінің көпшілігі екі тілді тең қолданып, Ата Заң талаптарын орындап жүр деп бір адам айта ала ма?

    Екі тілді тең қолдану тұрмақ, мемлекеттік-қазақ тілін білмейтін азаматтарды Парламентке депутат етіп сайлау, Үкіметке министр етіп тағайындау ҚР Конституциясын қорлап аяққа таптау емес пе???

    Ал, тек қана ұлттық (мемлекеттік) қазақ тілінде тәрбиеленіп, білім алған азаматтардың Тәуелсіз Қазақстанның Парламенті мен Үкіметінде жұмыс істеуге дәл бүгін мүмкін еместігі, Ата Заңға қайшы тілдік дискриминация немесе ұлттық трагедия емес пе???

    СІЗДЕР ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗДАР,

    ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН СЫЙЛАЙТЫН,

    ҚАЗАҚ ЕЛІ АЗАМАТТАРЫ?

    /

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Парламент депутаттары мен Үкімет шенеуніктерінің көпшілігі екі тілді тең қолданып, ҚР Конституциясы талаптарын орындап жүр деп бір адам айта ала ма? by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    7 Тамыз 2011 at 13:34 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 195 рет қаралған ...