Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Сабыр Рахимов сынды ұлт батырын жоқтаушы-іздеуші Ерлік Омаров

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 3 қыркүйек 2011 жыл

    Әр бір қазақ,

    бауырын іздеген Ерлік Омаровтай,

    намысшыл, табанды болса ғой…

    АҚЙҚАТҚА ЖҮГІНУ.

    (Ерліктің ізденіс жазбалары, стилі сақталып, қаз-қалпында беріліп отыр)

    ГЕНЕРАЛ МАЙОР САБЫР РАХЫМОВТЫҢ СІЗДЕ СУРЕТІ ҚАЙДАН ЖҮР ОНЫ КІМ САҚТАҒАН ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ТУЫСТЫҚ ЖАҚЫНДЫҒЫҢЫЗ БАР ОНЫ ҚАЛАЙ ДӘЛЕЛДЕЙСІЗ?

    САБЫР РАҚЫМОВТЫ БІЛЕТІН СУРЕТІН САҚТАҒАН АПАМ БӘТЕН ТӨЛЕБАЙҚЫЗЫ 1916ЖЫЛЫ ТУЫЛҒАН 1983ЖЫЛЫ ӨМІРДЕН ӨТТІ. МЕН АПАМНЫҢ ҚОЛЫНДА ТӘРБИЕЛЕНІП ӨСТІМ. БІЗДІҢ ТУҒАН АУЫЛЫМЫЗ ЖАРКЕНТ АУДАНЫ ҚОҢЫР-ӨЛЕҢ АУЫЛЫ, БІЗ ОЛ ЖЕРДЕН 1973 ЖЫЛЫ ӘКЕМНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ЕСІК (ШЕЛЕК) АУДАНЫ ҚАРАЖОТА АУЫЛЫНА ҚОНЫС АУДАРДЫҚ. ӘКЕМ ОМАРҰЛЫ МҰҚАН 1936Ж ТУЫЛАН 1993 ЖЫЛЫ ӨМІРДЕН ӨТТІ. БҰЛ КҮНДЕ АЛМАТЫДА ТҰРАМ.ӘКЕМ АТАЛАРЫМЫЗ РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫ БОЛҒАНЫН АЙТЫП ОТЫРАТЫН. АПАМ КӨЗІНІҢ ТІРІСІНДЕ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ САҚТАП ЖҮРЕТІН ӘСКЕРИ СУРЕТ БОЛАТЫН, АРТЫНДА ҚАРЫНДАШПЕН БЫЛАЙ ЖАЗЫЛҒАН «БРЕСТ МАТ 1940Г 18-МАЯ С РАХИМОВ» МЕН ОЛ КЕЗДЕ 3-СЫНЫПТА ОҚЫП ЖҮРІП АПАМНАН СҰРАҒАНЫМДА. БҰЛ ҚОРАБАЙ ДЕГЕН АТАЛАРЫҢНАН ТАРАЙДЫ СОҒЫСТАН ОРАЛМАДЫ ДЕП АЙТҚАН ЕДІ. БАСҚА ЕШТЕҢЕ АЙТПАДЫ, МЕНДЕ СҰРАП ЖАТПАДЫМ, НЕ АТЫНДА СҰРАМАППЫН. КЕЙІН СОЛ СУРЕТТІ АЛЬБОМҒА ЖЕЛІМДЕП ЖАБЫСТЫРҒАН ЕДІМ. БІР ДАНЫШПАН АЙТҚАН ЕКЕН АЙТЫЛМАҒАН ДҮНИЕ БӘРІБІР 60-70 ЖЫЛДА АЙТЫЛАДЫ ДЕП, ТЕГІН АЙТЫЛМАҒАН КӨРІНЕДІ. СОДАН 2005 ЖЫЛЫ БАЛДЫЗЫМ ЗӘУРЕ МАҒАН ТЕЛЕФОН ШАЛЫП МЕН БҮГІН «ҮЗЕНГІ ЖОЛДАС» БАҒДАРЛАМАСЫННАН ҚҰРАЛАЙ ДЕГЕН АПАЙ ӘҢГІМЕСІНДЕ ГЕНЕРАЛ САБЫР РАҚЫМОВ ҚАЗАҚ РУЫ СУАН ЕКЕН САҒАН ТУЫС ЕМЕСПЕ ДЕДІ. МЕН ХАБАРЫМ ЖОҚ ЕКЕНІН АЙТТЫМ. ҚАЗАҚТА «ЖЕТІ ҒАСЫР ТАРИХЫН БІЛМЕГЕН ЕЛ ЖЕТІМ, ЖЕТІ АТАСЫН БІЛМЕГЕН ЕР ЖЕТІМ» ДЕГЕН ОЙ МАЗАЛАЙ БАСТАДЫ. СОДАН ҚОҢЫРӨЛЕҢДЕ ТҰРАТЫН АТАЛАС ЖАЛҒЫЗ ТУЫСЫМЫЗ БАЛТАБАЙ ҚАРИЯҒА ШЕЖІРЕ ЖАЗЫП БЕРУІН ӨТІНДІМ.



    Сабыр Рахимов сынды ұлт батырын жоқтаушы іздеуші Ерлік Омаров (фото құжаттар)
    БАЛТАБАЙ АТАМЫЗ 1929ЖЫЛЫ ТУЫЛҒАН ҮЛГІЛІ ҰСТАЗ ҰЛДАРЫН ҰЯСЫНА. ҚЫЗДАРЫН ӨРІСІНЕ ҚОНДЫРҒАН.ҮШІНШІ ҰЛЫ ҚАЙРАТ САУРАМБАЕВ АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАН. БАЛТАБАЙ АТАМЫЗДЫҢ ХАТЫН ҮЗІНДІ:

    АСА АРДАҚТЫ БАЛАЛАРЫМ ЕРЛІК ЛӘЗИЗА НЕМЕРЕЛЕРІМ БАЯН НҰРСҰЛТАН СЕНДЕРДІ ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАП СӘЛЕМ ЖАЗЫП ОТЫРҒАН АТАЛАРЫҢ. СӘЛЕМІМДІ АТА ШЕЖІРЕДЕН БАСТАП ӘУЕЛІ. ӨЗІМІЗДІҢ ТУЫСТЫҒЫМЫЗБЕН ТАНЫСТЫРУДЫ ЖӨН КӨРДІМ. БІЗДІҢ ӘУЛЕТІМІЗ. БІЗ БӘРІМІЗ СУАНБЫЗ. СУАННАН- АҚША (ТӨРТ АҚША) АҚША БӘЙДІБЕКТІҢ ЖЕТІНШ ҰРПАҒЫ. АҚШАДАН-БЕКБОЛАТ. БЕКБОЛАТТАН- ӘЛІБЕК. ӘЛІБЕКТЕН — САУРАМБАЙ, ҚОРАБАЙ, САРЫБАҒЫС. САУРАМБАЙДАН- БӘЗІЛ, ДӘУІТ. БӘЗІЛДЕН-БАЛТАБАЙ (5-ҚЫЗ). ДӘУІТТЕН-ШӘКІРӘП, ОМАР. ШӘКІРӘПТЕН- ТҰЯҚ.БЕЛГІСІЗ. ШӘКІРӘП ҚЫЗЫЛ ӘСКЕР БОЛЫП ЖҮРІП АТЫЛЫП КЕТКЕН. ОМАРДАН-МҰҚАН (МҰХАМЕТБЕК) БӘТЕН ЖЕҢГЕМІЗДІ ӘМЕНГЕРЛІКПЕН ОМАРҒА ҚОСҚАН. МАҒАН БӘТЕН АПАМ КӨЗІНІҢ ТІРІСІНДЕ АЙТЫП ОТЫРАТЫН РАМАЗАН РӘЗИЯ ДЕГЕН БАЛАЛАРЫМ ТІЛМЕН-КӨЗДЕН ШЕТІНЕП КЕТТІ ЕКЕУІ ЕГІЗ ЕДІ ДЕП АЙТАТЫН, СОЛ САБЫР АТАМЫЗДЫҢ БАЛАЛАРЫ МА ДЕГЕН ОЙ ТУАДЫ. КЕЙІН БАЛТАБАЙ АТАМЫЗБЕН АУЗБА-АУЫЗ СӨЙЛЕСКЕНІМДЕ ҚОРАБАЙ МЕН САРЫБАҒЫС МЕН ТУЫЛҒАН ЖЫЛДАРЫ БАСҚА ЖАҚҚА ҚОНЫС АУДАРЫЛҒАН ЕКЕН, ОЛАРДАН ТҰҚЫМ БАРМА ЖОҚПА БІЛМЕЙМІН. ҚОРАБАЙ МЕН САРЫБАҒЫСТЫ СІЗГЕ КІМ АЙТТЫП ЕДІ, ДӘУІТ ӘКЕМ АЙТТЫ ДӘУІТ ӘКЕМІЗ ІРІ БОЙЫ ЕКІ МЕТР ЕДІ ДЕДІ, ОЛ КЕЗДЕ ЕЛ ІШІНДЕ МЫНАНДАЙ ЗІЛ БАТПАН СӨЗ БАР ЕДІ ХАЛЫҚ ЖАУЫНЫҢ ТҰҚЫМДАРЫ ДЕГЕН СӨЗДІ НАМЫС КӨРІП АТАЛАРЫМНЫҢ АТЫН АТАУДЫДА ҚОЙДЫМ, СЕНІҢ ОМАР АТАҢ СОҒЫС БІТКЕН ЖЫЛЫ 10-ЖЫЛҒА СОТТАЛЫП КЕТТІ. ОМАР АҒА 30-ЖЫЛДАРДАН БАСТАП СОҒЫС БІТКЕНШЕ ҚЫЗЫМЕТ АТҚАРДЫ, БІРНЕШЕ ГАЗЕТТЕРДІҢ РЕДАКТОРЫ БОЛДЫ. ОМАР АҒА ӨТЕ СЕРІ АДАМ БОЛДЫ, СҰЛУ ӘЙЕЛДЕРДІҢ БӘРІ ОМАР АҒАМДЫКІ ЕДІ ДЕП РАХАТТАНЫП КҮЛІП АЛДЫ. БӘТЕН ЖЕНГЕЙІМЕН ОТАСЫП ТҰРМАДЫ. МЕНІҢ ӘКЕМ БӘЗІЛ АНАМ БАЗАРАЙ БІРАҚ МЕН ДӘУІТ ӘКЕММЕН АНАМЫЗ ӘУЕСЕРДІҢ ҚОЛЫНДА ТӘРБИЕЛЕНДІМ 1936-ЖЫЛЫ ӘУЕСЕР АНАМЫЗ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ. ДӘУІТ ӘКЕМІЗ ҰЛЫ ОМАР АҒА СОТТАЛЫП КЕТКЕННЕН КЕЙІН ДӘУІТ ӘКЕМІЗДЕ ДЕ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ, СҮЙЕГІНІҢ ҚАЙДА ЖАТҚАНЫН БІЛМЕЙМІН, АЛ САУРАМБАЙДЫҢ ЖАТҚАН ЖЕРІН МАҒАН БІР ҚАРЙЯ КӨРСЕТКЕН БАСЫНА БАРЫП ҚҰРАН ОҚЫТЫП ТҰРАМ, БАЛАЛАРЫМА КӨРСЕТТІМ. МЕН СОҒЫС БІТКЕН ЖЫЛДАРЫ МЕКТЕП БІТІРДІМ, АЛ СЕНІҢ ӘКЕҢДІ СОҒЫС БІТКЕН ЖЫЛЫ 4-СЫНЫПТА ОҚЫП ЖҮРГЕНДЕ МЕКТЕПТЕН ШЫҒАРЫП ЖІБЕРДІ. СОНЫ ХАЛЫҚ ЖАУЫНЫҢ БАЛАСЫ ДЕП ОҚУДАН ШЫҒАРДЫ ДЕП ОЙЛАИМЫН.СОДАН КЕЙІ СЕНІ ӘКЕҢ МҰҚАН ДОСЫ ҚАЛТАЙ БЕЙБІТОВ ЕКЕУІ АУЫЛҒА АЛҒАШ КЕЛГЕН ШОЙЫН ТРАКТОРЛАРДЫ АЙДАДЫ. КЕЙІН ШОФЕР БОЛДЫ. МЕН АУЫРУШАҢ БОЛЫП ӨСТІМ. МЕН ЕМДЕЛУГЕ АЛМАТЫҒА КЕТТІМ МЕН ЖАТҚАН АУРУХАНА ҚАЗІРГІ «ҚАЗАҚЫСТАН» ҚОНАҚ ҮЙІ МЕН МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНЫҢ АРТЫНДА БОЛАТЫН. ОЛ ЖЕРДЕН ЕМДЕЛІП ШЫҚАН СОҢ КАЗПИ-ДІҢ ГЕГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІНЕ ТҮСТІМ ОЛ КЕЗДЕ БІЗДІҢ РЕКТОРЫМЫЗ МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН БОЛАТЫН.МІНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАЛЫ ШЕЖІРЕ АЙТАТЫН БОЛДЫҚ, КЕҢЕС ДӘУІРІНДЕ РУЫМЫЗДЫ АЙТУДАН ҚОРҚУШЫ ЕДІК ДЕП, БІР КҮЛІП АЛДЫ. МІНЕ БӘТЕН АПАМ АЙТҚАН ҚОРАБАЙДЫ ШЕЖІРЕДЕН КӨРІП ОТЫРСЫЗДАР. САБЫР КОРАБАЙ БАБАМЫЗДЫҢ НЕМЕРЕСІ. НЕГІЗІ САУРАМБАЙ, КОРАБАЙ, САРЫБАҒЫС МӘРТЕБЕЛІ АДАМДАР БОЛҒАН. СОЛ БІР ҚИЫН-ҚЫСТАУ СТАЛИНДІК ЖАППАЙ ҚУДАЛАУ КЕЗІНДЕ ҚОРАБАЙ САРЫБАҒЫС БАБАЛАРЫМ ОҢТҮСТІКЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН, КӨРІНЕДІ, СОЛ ОҢТҮСТІКТІҢ ТӨРІНДЕ БАБАЛАРЫМНЫҢ СҮЙЕГІ ЖАТЫР.

    МЕН ОСЫ ЖЕРДЕ АЙТА КЕТЕТІН ОЙ 1986-ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІНЕ ҚАТЫСҚАНЫМДЫ ЕСТІГЕН ӘКЕМ БЫЛАЙ АЙТҚАН ЕДІ «БАЛАМ САҚ ЖҮР БҰЛ ӨКІМЕТТІҢ ҚҰРЫҒЫ ҰЗЫН, ЕРТЕМЕ-КЕШПЕ ҚОЛҒА ТҮСЕТІН БОЛСАҢ, СЕНІ СОТТАП БІЗДІ ЖЕЗҚАЗҒАН, ҚЫЗЫЛОРДА ЖАҚҚА КӨШІРІП ,ТАСТАЙДЫ, СОДАН КЕЙІН ЖҮРЕМІЗ БІР-БІРІМІЗДІ ТАППАЙ»ДЕП ӘКЕМНІҢ АЙТҚАНЫ ОСЫ КҮНГЕДЕЙІН ЕСІМНЕН ШЫҚПАЙДЫ. БҰЛ ЖАЙЛЫ МАҚАЛА «АЗАТ» 28-09.2006Ж. ГАЗЕТІНЕ ЖАРЙЯЛАНҒАН. АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНДА БІЗДІҢ ХАЛЫҚ РЕПРЕССИЯҒА ҰШЫРАСА, АЛ АМЕРИКА ҚҰРЛЫҒЫНДА ӨЗ ЖЕРІНДЕ ҮНДІСТЕР РЕЗЕРВАЦИҒА ҰШЫРАП ЖОЙЫЛЫП КЕТТІ ЕМЕСПЕ. СОЛ ҮНДІСТЕРДІҢ ҰРАНДАРЫННАН ҮЗІНДІ 1. БАУЫРЫМ-«МЕНІҢ ХАЛҚЫМ БАРЛЫҚ ҮНДІСТЕР БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАЛАЙДЫ, АЛ АҚ АДАМДАР БОЛҒАН ЖЕРДЕ ҮНДІСТЕРГЕ БЕЙБІТШІЛІК ЖОҚ…» 2. БАУЫРЛАРЫМ-«АҚ АДАМДАР МЕНІҢ ХАЛҚЫМДЫ ӨМІР СҮРУГЕ ЛАЙЫҚ ЕМЕС ДЕЙДІ, ОЛАР БІЗДІ АЛДАЙДЫ, КЕМСІТЕДІ, МНЕІҢ ХАЛҚЫМНЫҢ ШЫДАМЫ ТАУСЫЛДЫ… БІЗДЕР БІРІГІУІМІЗ КЕРЕК ЕГЕР БІРІКПЕСЕК БІЗДІ ҚЫРАДЫ ОДАН КЕЙІН СІЗДЕРДІ ЖЕМТІКЕ АЙЛАНДЫРАДЫ.МЕНІҢ ХАЛҚЫМ БАТЫЛ, НАМЫСШЫЛ СОНДЫҚТАН БӘРІМІЗ БІРІГІП ЖАУҒА ҚАРСЫ (ТОМАГАВКИ) ҚАРУЫМЫЗДЫ АЛЫП ШЫҒУЫМЫЗ КЕРЕК.»ТЕКУМСЕ ШАУНИ ТАЙПАСЫНЫҢ КӨСЕМІ. «ДАЙТЕ МНЕ СТАТЬ СВОБОДНЫМ ЧЕЛОВЕКОМ» МОСКВА1984.

    ЕЛ ІШІНДЕ МЫНАНДАЙ АҢЫЗ БАР «САУРАМБАЙДЫҢ ЖЫЛҚЫЛАРЫ КЕЛСЕ ТЕРЕКТІНІҢ СУЫНЫҢ АРТЫ ТАРТЫЛЫП КЕТЕДІ»ДЕГЕН ТЕРЕКТІ ҚОҢЫР-ӨЛЕН АУЫЛЫНЫҢ ОРТАСЫНДА АҒЫП ЖАТҚАН ӨЗЕН. АПАМНЫҢ БІР АЙТҚАНЫ ЕСІМДЕ ТАСҚАШАР ДЕГЕН ЖЕРДЕ АТАЛАРЫҢНЫҢ ДЙРМЕНІ БОЛҒАН ДЕП АЙТҚАН, БӘТЕН АПАМНЫҢ БАЛА КЕЗІМДЕ МАҒАН БІР ӘҢГІМЕ АЙТЫП ЕДІ БЫЛАЙ 15-16 ЖАСТА ЕДІМ 1931- ЖЫЛДАРЫ ҚОҢЫР- ӨЛЕНДЕ АШАРШЫЛЫҚ БОЛҒАН ЖОҚ БАТЫС ЖАҚТАН ҚЫТАЙҒА ҚАРАЙ АҒЫЛҒАН АШ АДАМДАР ҮЙДІ АЙНАЛА СҰЛЫҚ ТҮСІП ЖАТАТЫН СОНДА АТАМЫЗ НАН БЕРМЕҢДЕР ДЕП ӨЗІ БІР ШЫМШЫМ НАНДЫ АШ АДАМДАРДЫҢ ТАҢДАЙЫНА САЛАТЫН.КЕЛГЕН АШ АДАМДАРДЫҢ ҚОЛДАРЫНДА БӨТЕЛКЕГЕ ЕЗІП АЛҒАН ШӨПТІҢ СӨЛІ. ЖАЯУ ЖОЛ АЗАБЫН КӨТЕРЕ АЛМАЙ ЖОЛДА АШТАН ӨЛГЕНДЕРІН ЕСТІП НӘРЕСТЕЛЕРІН ЖОЛДА КӨМІП КЕТКЕНІН КӨБІ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ЕДІ.БІР АЛА САПЫРАНДА ӘДЕМІ БІР ЖАС ЖІГІТ ҮЙГЕ КІРІП КЕТІП ПІСІП ТҰРҒАН ЫСТЫҚ НАНДАРДЫ ЖЕП МЕРТ БОЛЫПТЫ ОНЫ АТАМЫЗ ӘРУАҚТАП АПАРЫП ЖЕРЛЕПТІ. АПАМ САҚТАЛҒАН МЫНАНДАЙ СУРЕТ БАР 1941ЖЫЛҒЫ ӘСКЕРЙ ЖАТТЫҒУҒА ҚАТЫСЫП ӘСКЕРГЕ СҰРАНҒАНЫМДА БАЛАҢ БАР ДЕП ӘСКЕРГЕ АЛМАДЫ ДЕП ӨКІНЕТІН СОЛ 21- АТТЫ ӘСКЕР БӘРІ 25-ЖАСТАҒЫ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ЕКЕН,СОЛ ЖАҚТАН ТӨРТІНШІ МЕН ЕДІМ ДЕП БАЛА КЕЗІМДЕ МАҒАН АЙТЫП ЕДІ.ТАҒЫ БІР АЙТҚАНЫ БАУЫРЫМ РАЙЫМБЕК СОҒЫСТАН ОРАЛМАДЫ АРТЫНДА ТҰЯҚ ҚАЛМАДЫ ДЕП, КӨЗІНЕ ЖАС АЛЫП ОТЫРАТЫН. СОҒЫС БАСТАЛМАЙ ТҰРЫП РАЙЫМБЕКТІҢ ҚЫРҒЫЗДАРҒА БАРЫП ҚЫРҒЫЗДЫҢ ҚЫЗДАРЫНЫҢ МОЙНЫ ҰЗЫН ЕКЕН ДЕП ЖАҚТЫРМАЙ КЕЛГЕНІН АЙТЫП КЕЙДЕ КҮЛЕТІН. АЛ ҮЛКЕН ЕКІ БАУЫРЫ ЖӘЙШІБЕК ПЕН ЖҰМАБЕК ҚЫТАЙҒА БАРЫП ШАЙ, НАУАТ, КЕЗДЕМЕ, ТЕМЕКІ,Т.Б САНДЫҚТЫ ТОЛТЫРЫП УАЙЫМДАМА БІЗ КЕШІКПЕЙ КЕЛЕМІЗ ДЕП СОЛ КЕТКЕНЕН МОЛ КЕТТІ. БАУЫРЛАРЫМДЫ САРҒАЯ КҮТІП, БАУЫРЛАРЫМ ТАСТАП КЕТКЕН ТЕМЕКІНІ ШЕГІП, СОДАН БЕРІ ТЕМЕКІ ШЕГЕТІНІН АЙТЫ. МЕН КЕЙІН БІЛДІМ ОЛ КІСІЛЕР ХАЛЫҚ ЖАУ БОЛЫП 37-ЖЫЛДАРЫ АТЫЛЫП КЕТКЕНІН. БҰЛ АТАЛАРДАҢ ҮРІМ-БҰТАҚТАРЫ БАР. АЛ ЖАЛҒЫЗ ӘПКЕСІ АШАРШЫЛЫҚ ЖЫЛДАРЫ ҚЫТАЙҒА ҮДІРЕ КӨШКЕН КӨШПЕН ІЛЕСІП КЕТКЕН, СӨЙТІП КӨЗ ЖАЗЫП ҚАЛҒАНЫН, КЕЙІН 1961ЖЫЛДАРЫ ҚЫТАЙДАН ҚАЗАҚТАР ҚАЙТА ӨТКЕНДЕ ТАБЫСЫП ҚУАНҒАНЫН АЙТАТЫН, ОЛ АПАЙДЫ КӨРДІМ ШАЛЫ ЫБЫРАЙ ДЕГЕН ҚЫРҒЫЗ БОЛАТЫН, МЕНІҢ БАЛА КЕЗІМДЕ ҮЙГЕ КЕЛІП ТҰРАТЫН, БАЛАСЫ ӘБІЛМӘЖІН ЖӘРКЕНТІҢ КӨКТАЛ АУЫЛЫНДА ТҰРАДЫ. АПАМ САУАТЫ АДАМ ЕДІ. МАҒАН БАТЫРЛАР ЖЫРЫНЫН, ҚОБЫЛАНДЫ,АЛПАМЫС, ЛӘЙЛІ-МӘЖҮН, БАЯНСҰЛУ-ҚОЗЫ КӨРПЕШ, ҚЫЗ ЖІБЕК ДАСТАНДАРЫН АЙТЫП БЕРЕТІН. ҚЫЗ ЖІБЕК ФИЛЬМІН 71-ЖЫЛЫ КӨРГЕНДЕ ЖІБЕК КІТАБІНДЕ ӨЛМЕЙДІ ТӨЛЕГЕННІҢ ІНІСІ САНСЫЗБАЙҒА ҚОСАДЫ ДЕП АЙТҚАН БОЛАТЫН.КІТАПТАРДЫҢ ҚОЛДЫ БОЛЫП ЖОҒАЛЫП КЕТКЕНІН АЙТЫП КЕЙДЕ ӨКІНЕТІН. АПАМ МАҒАН ӨСЙЕТТІ КӨП АЙТАТЫН, АПАМ КӨРШІ КЕЛІНДЕРГЕ БАЛАЛАРДЫҢ АРАСЫНА ТҮСПЕҢДЕР,БАЛАЛАР ТӨБЕЛЕСЕДІ ОЙНАЙДЫ ҰМЫТЫП КЕТЕДІ.АРАСЫНА ТҮСПЕҢДЕР, ОЛАРҒА АҚ КЕЛІН, АЛТАН, ҚАРА КӨЗ ДЕП АТ ҚОЙУШЫ ЕДІ. АПАМ ӨЗІНІҢ 14-15 ЖАСТА ТҰРМЫСҚА ШЫҚҚАНЫН АЙТЫП ЕДІ. АПАМ ЖАЙЛЫ АЙТСАМ ОЛ БІР ДАСТАН.
    ГЕНЕРАЛ МАЙОР С. РАҚЫМОВ ЖАЙЛЫ ҚАНДАЙ МАТЕРИАЛДАР ЖАРИАЛАДЫҢЫЗ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ МАТЕРИАЛДАР ЖИНАП ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗДІҢІЗ?.
    МЕН АЛДЫНДА АЙТҚАН «ЭКСПРЕСС К» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫНА ТЕЛЕФОН ШАЛЫП ТІЛЕУЖАН ДЕГЕН АЗАМАТТАН ҚҰРАЛАЙ АПАЙДЫҢ МЕКЕН ЖАЙЫН АЛДЫМ ДА ҚҰРАЛАЙ АПАЙҒА ЖОЛЫҚҚАНДА. ҚҰРАЛАЙ АПАЙ САБЫРДЫҢ СУРЕТІН КӨРІП ОЛ КІСІ БІРДЕН ТАНЫП БӘТЕН АПАНЫҢ СУРЕТІНІҢ БЕТІН СҮЙІП ОМАР АТАМНЫҢ СУРЕТІН СИПАП МЕНІ ҚҰШАҒЫНА АЛДЫ.СОНДАҒЫ КУӘГЕРЛЕРІМ СОЛ ҮЙДІҢ КЕЛІНІ МАРЖАН ОРАЗБАЕВА МЕН АЙБАЛҚЫН КӘПЕШҚЫЗЫ АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІНДЕ ІСТЕИТІН МАМАН. (МЕН БҰЛ АДАМДАРДЫҢ АТТАРЫН КЕЙІН БІЛДІМ) МЕНІ СУРЕТКЕ ТҮСІРІП АЛҒАН ОСЫ ЖАНДАР, МЕН БҰЛ ЖАЙЛЫ МАҚАЛАНЫ «ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ» ЖӘНЕ « ЖАС ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНЕ ЖАРИЯЛАҒАМ ГАЗЕТТІҢ ШЫҚҚАН КҮНІ 2006 ЖЫЛ 17 ҚАРАША «ПАРАСАТ» ЖУРНАЛЫ 2009 ҚАЗАН АЙЫ.
    Мен 2008 жылы Шымкент қаласында туратын С.Рақымовтың көзін көрген майдандас Кеңес Одағының батыры Тойғанбай Қауымбаев қарияны іздеп барғанда жолықтырған Шымкент қаласның вет-инспекторлары Абдіқаев Беглан (өзіммен бірге оқыған) Омаров Базарбек Тілемісов Сәкен және қарйяның туысы Жүнісов Абдіғапар Ағаділұлы бұл жігіттер осындай қазақтың батырын ұмытпай ескеріп жүргеніне алғыс айтқым келеді. Тоғанбай қарйя С.Рахымовтың суретін көріп танып Сабыр Рахымовтың кеудесіндегі Қызыл ту орденді көрсетіп мына орденді ол кезде тек крутойлар тағады деп бір күліп алды менің «ЖАС ҚАЗАҚ» газетіндегі мақаламды көріп зайыбы деген не деген сөз Құралай Сабыр Рақымовтың жұбайы болмаған деп айтты да неге олай жазасыңдар деп басын шайқады, мен редакциясының өзгертіп қойған тақырыбы деп айттым.Содан кейін Тоғанбай қарйя автордың қол таңбасы жазылған «Қазақтың қос батыры» тарихи романын, және 80-жылдығына орай шықан кітәпшаларды көрсетті. 2009 жылы Тойғанбай қария жайлы мақаланы «ТҮРКІСТАН» газетіне берген болатынмын бірақ газет жарияланбады 2010 жылы Жеңістің 65 жылдығына орай «ЖАС АЛАШ» және «ЗАМАН ҚАЗАҚСТАН» газеттеріне жарияладым бірақ ол жерде Тойғамбай қария айтқан Құралай апай жайлы деректерді алып тастадым, өйткені ұят көрдім, апайдың құлағын шулатпайын деп.
    ОСЫНДАЙ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫН ТАНЫТҚАН АҚЫН АҒАМЫЗ ЕРІМБЕТОВ МЫЛТЫҚБАЙ БОЛАТЫН ОЛ КІСІ МАҒАН ОҚЫ АТАҢ ЖАЙЛЫ ІЗДЕН ДЕП МЫНА КІТАПТАРДЫ БЕРІП ЕДІ «ҚАЗАҚТЫҢ ҚОС БАТЫРЫ» ТАРИХИ РОМАНЫН АВТОРЫ НЫҒЫМЕТ ТӨЛЕНДІҰЛЫ. ЖӘНЕ «ГЕНЕРАЛ С РАҚЫМОВ» АВТОРЫ ЕЛІК ДҮЙСЕБЕКОВ. ЕЛІК ДҮЙСЕБЕКОВ АҒАМЫЗДЫҢ КІТАБІ ЖЕРШІЛДІКПЕН, АҢЫЗҒА ТОЛЫ. «ҚАЗАҚТЫҢ ҚОС БАТЫРЫ» ТАРИХИ РОМАНЫНДА БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ТОҒАНБАЙ ҚАУЫНБАЕВ ПЕН САБЫР РАҚХМОВ. БІР ҚЫЗЫҒЫ БҰЛ КІТАПТА ҚҰРАЛАЙ АПАЙ ЖАЙЛЫ АВТОР, АУЫЗ АШПАҒАН БҰЛ ҚАЛАЙ ДЕГЕН ОЙҒА ҚАЛАСЫҢ. ОСЫ КІТАПТАН ҮЗІНДІ: «АТМНЫҢ АТЫН ҰМЫТЫП ҚАЛЫППЫН АНАМНЫҢ АЙТУЫНА ҚАРАҒАНДА,МӘРТЕБЕЛІ КІСІ ЕКЕН.МЕКЕН АУЫСТЫРҒАНЫМЫЗҒА СОНЫСЫ СЕБЕП БОЛДЫМА,КІМ БІЛСІН ? КЕЙІН ЕР ЖЕТКЕН СОҢ ОЙЛАСАМ, ҚИЫН ЖЫЛДАР БОЛҒАН ЕКЕН ҒОЙ… МЕН «АШАРШЫЛЫҚТАН БОЛАР» ДЕП ОЙЛАҒАН ЕДІМ СОНДА. ЕНДІ БҮГІНГІ САЯСАТ ТҰРҒЫСЫНАН КӨЗ ЖҮГІРТСЕМ, СТАЛИНДІК ЖАППАЙ ҚҰДАЛАУДАН ҚҰТЫЛУ ҮШІН БАСҚА ЕЛГЕ КӨШКЕН СЕКІЛДІ.БІРЕР МИНУТ ТЕМЕКІ ШЕГІП ОТЫРДЫДА СӨЗІН СОЗДЫ – АЛДЫМЕН ДАДАМ ҚАЙТТЫ ДҮНИЕДЕН,СОНАНСОҢ ,КӨП ҰЗАМАЙ АТАМ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ». 147-БЕТ.
    Бұл жерде атасының, әкесінің атын неге көрсетпейді ал ұйғырларда дадаң деген сөз бар. Ұйғырлармен араласып отыратын қазақтарда дадаң деген сөзді айтып отырады. Апам маған айтушы еді, Біздің елде ашаршылық болған жоқ деп айтып отыратын. Тағы бір үзінді:
    «Дайындалған орынға келсек старшина мен Ақпар ағай үстел үстін барларымен жайнатып қойыпты.Отырар алдында Сабыр қарап тұрып. Кімде болса шығыс халқының астарын дайындай білетін біреу сияқты деді. Болжауыңыз өте дұрыс ,Сабыр деп біріншірет Левин оның ныспасын атады .-ұлты ұйғыр аспазымыз бар…
    -Бәсе мына лагман сол ұлттың тамағы ғой солардан өзбектерге ауысқан.
    -Батыр Тойғамбай сенің ел жағыңда бұл астың түрін жасайма?
    -Мен алғаш не дерімді білмей сасып қалдымда
    -солай жолдас генерал». 157 –бет. Мұндағы сол кезде астың түрін танығаны яғни Жетісудың қазағы екені дәлелденіп тұр.Бұл астың түрін Дүнген –Ұйғырлармен шоғырланып отыратын Жаркенттің қазақтары жасайды ал басқа жақтың қазақтары бұл астың түрін біле бермейді.

    Ал интернеттегі мұрағатта былай көрсетіліпті В 1930 году окончил курсы усовершствования командного состава. Затем продолжал службу в различных военных округах.В 1938 году был уволен из РККА, в 1940 году востанавлен в армий и направлен в Западный военный округ.
    Ал мендегі суреттің артында «БРЕСТ МАТ 1940 год 18 май С.Рахимов»сол датамен келіп тұр яғни Батыс Беларуссия да болғаны анықталып тұр. Ал басқа мұрағаттарда С.Рахымов 1941 жылы соғысқа аттанды деп жазыпты бұл қисынсыз дүние.Сабыр Рахымов 1937 жылы 19 ай түрмеде отырды деп жазыпты ал менің зерттеуімде ол кісі түрмеде отырмаған, бұл жайлы мынандай жауап келген;

    МВД России. Главный информационно-аналитический центр. Центр реабилитации жертв политических репрессий и архивной информации. Уважаемый Ерлик Муканович! Ваше обращение в отношении Сабыра Рахимова в Центре реабилитации жертв политических репрессий и архивной информации ГИАЦ МВД России расмотрено. Сообщаем,что ГИАЦ МВД России, в состав которого входит Центральный архив МВД России, какими-либо сведениями в отношении Сабыра Рахимова, 1902-1912года рождения не располагает. Заместитель началника А.И. Белюкова.

    керісінше менің атам Омар отырған ол жайлы мұрағаттар бар. Сабыр атамыз 1945жылы 26-науырызда қаза тапты. Ал Омар атам мемлекеттік қамтамасыз ету бойынша халықтық комиссариат тапсырысның өкілетті агенті болып жүріп 1945жылдың 24-сәуірде яғни жеңіске 15-күн қалғанда 10-жылға бас бостандығыннан айырылыпты, Омар атамыз соғыс жылдары бронда болған. Омар атамды бронға кіргізіп кеткен Сабыр атамызба деген ой туады. Мен Омар атамның мұрағатын ҰҚК-нен 2006 жылы аштым. Онда былай; Саурамбаев Омар Дәуітұлына қатысты мұрағат ҚР ҰҚК Алматы обылысы бойынша депертаментінің мұрағатында сақталған. Қылмыстық істің материалдары бойынша — Саурамбаев Омар Дәуітұлы 1915- жылы туылған және Талдықорған обылысы Октябрь ауданы Қоңыр-Өлнң ауылында туып- өскен ұлты қазақ, әкесі Дәуіт Ұлы Октябрь революциясына дейін байдың шаруашылығында еңбек еткен. Омар 1930-жылға дейін әкесінің қолында тұрып, ауыл мектебінің 4-сыныбын бітірген. 1931-1932 жылдары Қапалы Кеңестік партия мектебін бітірген, және Шымкент қаласында ауыл шаруашылық мамандарын қайта даярлау курсында оқыған. 1932-1934жылдары- Октябрь ауданы (Жаркент) Молтов колхозның хатшысы, сонымен қатар есеп жүргізушісі болып жұмыс атқарған. 1934-1938 жылдары Октябрь ауданы Қоңыр-өлең ауылдық кеңесінің хатшысы болып жұмыс атқарған. 1938-1940 жылдары «Қой-өсіруші» газетінің жауапты редакторы болып жұмыс атқарды. 1940-1942 жылдары Октябрь ауданы Көктал селосында хатшы, сонан кейін «Соцалистік-жол» газетінің редакторы болып жұмыс атқарған. 1942-08 1942-жылдары Октябрь ауданы Ынталы колхозында мал шаруашылығы бойынша төраға орынбасарының қызыметін атқарған. 1942 жылы КП(Комунистік партия) мүшесі болып, осы жылы КП қатарынан шығарылған. 08.1942-04 1943 жылдары Ұйғыр ауданы Сәттітоғай ауылында қамауда болған. 1943-04 1943 жылдары -уақытша жұмысыз болған. 04 1943-24.04 1945 жылдары Октябрь ауданында мемілекеттік қамтамасыз ету бойынша халықтық комиссариат тапсырысының өкілетті агенті болып жұмыс атқарған. Істе Саурамбаев Омар Октябрь халық сотымен сотталған туралы анықтама бар. 1932жылы 7-тамызындағы Заңы бойынша 1933жылы мал ұрлаған деп жала жабылып 10-жылға басбостандығынан айырылған, бұдан кейін Саурамбаевқа байланысты халық сотының шешімін жою туралы соттың ұйғаруына сәйкес 1-жылға мәжбүрлік жұмысқа қалдырылған. 1937-жылы 110-баб бойынша өкімет билігін шектен шығарғандығы үшін 1-жылға шарттылықпен соталған. 1937-жылы ҚК 74-бабының 1-ші бөлігі бойынша бұзақылығы үшін Октябрь халық соты ескерту берген. Сонымен қатар 1942жылы ҚК 109 және 128-бабы бойынша Саурамбаев Омар 5жылға бас бостандығынан айырылып сотталған. Обылсоттың шешімімен 109-бабы бұзылып. 128-баб күшіне қалдырылған. Көп ұақыт өтпей денсаулығына байланысты қамаудан босатылған. 1945-жылы 24-сәуірінде Талдықорған обылыстық НКГБ-нің Октябрь аудандық бөлімімен қамауға алынған. Сауранбаев Омар Дәуітұлы Кеңестік өкіметті жеңіліп қалу жағынан сипатталатын үгіттерді жүйелі жүргізгендігі, сонымен қатар жалған ойлармен өкімет пен партия шараларын жамандағандығы үшін, ҚК 58-10 бабының 2-ші және 58-11 бабы бойынша айыпталған. 1945жылдың 8-9 тамызында Талдықорған облысның қылмыстық істер бойынша соттың көшпелі сессиясының үкімімен ҚК 58-10 бабының 2-ші бөлігі бойынша Саурамбаев О. Д. 10жыл басбостандығынан айырылған. 1946жылы 6-шы науырызында КСРО Жоғарғы сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасымен Талдықорған сот шешімі бұзылып және іс қайта қаралуға жіберілген. 1957жылы 15-қарашада Каз.ССР Жоғарғы сот президиумының қауылысымен 1945-жылғы 8-9 –тамызындағы Талдықорған обылыстық сотының үкімі бұзылып, қылмыстық іс Саурамбаевтың әрекетінде қылмыс құрамының болмауынан өндірісі қысқартылған. О.Д Саурамбаевты кезінде келесі семья құрамы болған: Саурамбаев Дәуіт 76жаста. Саурамбаева Ависер-1936жылы қайтыс болған. Саурамбаева Кәукер 1908-жылы туылған. Саурамбаев Мұқан 1936-жылы туылған. Саурамбаев Балтабай бауыры-1929жылы туылған. 2006 жыл 30-қараша. Мұрағат бастығы С.Щербовских. Мұндағы Саурамбаева Кәукер соғыс жылдары әйелі болған, бұл кісіден бала болмаған дейді Балтабай қарйя. Балтабай атамыздың фамилясы бұл күнде Сауранбаев сол кәте жазылып кеткен болар деп ойлаймын. Омар атамыз 1953жылы Сталин өлгеннен кейін елге келген екен, менде оны растайтын мұрағат бар ол былай: Производственно-бытовая харектеристика. Дана гр-ну Саурамбаеву Омару Даутовичу. Отбыая меру наказания при п/я ул 154/7 гр. Саурамбаев Омар зарекомендовал себя с положителной стороны.Работал на ненормированных работах, к труду относился честно. Дисциплинирован, в быту вел себя скромно. Характеристика дана для предявления по месту работы. Зам. Начальник п/я ул 154/7 /Павлов/ Ст.инспектор части /Бешев/ 15.10.1954год. Сөитіп 10-жыл өтеп келген атамыз 18- ге толған ұлы Мұқанды яғни әкемді 1955жылы көктемде әскерге шығарып салады, әкеміз Украинада 3-жыл әскери борыщын өтейді. Омар атамыз еңбеке араласып Ынталы ауылында Басқарма қызыметін атқарады 1961жылы Талғардағы 3-айлық фермерлер курсын бітіреді. 1961-жылы Сұлу шоқы, округне, 1963жылы Теректі округінің Депутаты болып сайланады. Өмірінің соңын Кенжева Кәден деген апай мен өткізді. Ол кезде мен екіден үшке қараған шағым атам мені атының алдына отырғызып ары бері жүруші еді, қанжығасында былғары папка болатын, үстіне киетіні гимнастерка галафеи шалбар аяғында хром етік еді. Сол киімдері үйде сақталған қос хром етік болатын, мен мектепте оқып жүрген кезде, Әкем Смабек деген малшы досы сұрағанда бере салып еді. Орталық кітапханада сақталған 1940жылдары латын тілінде жазылған «Социалистік жол»1940ж. 27-октябрь №64. «Жалақор бастық, қуаттаушы прокурор» бұл мақаласында бастық Овчеиников пен прокурор Трушков. Қарапайым еңбек адамы Артықбаевқа жала жауып түрмеге отырғызғанына араша түскен.және 1940ж.4-декабрь№71. «Саяси білімді болу үшін,үздіксіз оқылық». Мұнда үш шаруашылықтың Председателдер мен партия кадр башыларымен кездесу өткізіп олардың білімдерінің таяздығын өткірәшкерелеген мақалалары жарияланыпты.Ол кезде Сабыр атамыз батыс майданда еді. Алайда атамыз 1964жылы 49жасында дүниеден өтті. Ия 50-60 жылдар тың мен ауылшаруашылығын көтерді,

    Ал Өзібектер 1965жылы Сабыр атамызды төбесіне көтерді гәптің бәрі осыда. Өйткені мен кездескенде Құралай апай Омар атам мен Бәтен апамның суреттерін бірден көріп ойланбастан бетін сүйіп, сипап кеудесіне қысты. Омар атамның жанындағы менің әкемді бұл кім деп сұрады. Танымаса суреттерді сүйіп –сипап несі бар. Бұл тегін емес. Құралай апай жанбағыс пен балаларының қамы үшін күрескен сияқты ғой… Құралай апай менің пайымдауынша, Өзібекстаның ҰҚК жұмыс істеген адамға ұқсайды. Ал енді «Егеменді Қазақстан» 6- мамыр Әселхан Оспанұлы. Бұл мақала аңызға толы Құралай апайдың кейінгі күйеуі Мүслімбай (Мәлік)шежіресіне Сабыр атамызды кіргізіп отырған сыңайлы. 1943- жылы Сабыр Рахымов елге келді деген адам сенгісіз әңгіме. Сабыр Рахымов1943 жылы келмеген Ташкентте Құралай апайдың үйінде Сабыр ағамен Құралай апайдың суреті ілулі тұр дейді сол екі суретті реставратцияланғаны анық көрініп тұр. Ол суреттер «Айқын» 2006. 6-мамыр мен «ЭксспресК» газеттеріне жаряланған.Соғыс бітерде Құралай апай немістердің пленіне түседі. Елге келген соң Сталиндік режимге ұшырап ГУЛАГ-та болады сол кезде дүниеге Роман мен Дарико келген сияқты. Бұл 1947жылдарға барып тіреледі. Сабыр Рахымовтың атына жаздырып жі
    берген жоқ па? Бұлар соғыстан кейін туған балалар емес пе? Менде Подольскі қаласыннан келген мұрағат бар онда былай жазылған: М.О.РФ. Ц.А. Архивная справка По документам учета безвозратных потерь сержантов и салдатов Советской Армии установлено, что —стрелок 34- отдельной бригады Рахимов Сабир, 1921г, рождения, уроженец г, Ташкента. Октябрьского района , место призыва не указано погиб (конкретная дата не указана, донесение за период с 1.11,42г, по 23.11.42 г.), место захоронения не указано. Родственники проживали .г.Ташкент, октябрьский район .ул Сагбая туп 17. Основания ЦА МО,донесение № 569с-1943год.Примечание;имя – так в документе. Зав.архивохранилищем Е Баслядинский. Жалғасы бар. Кавказ майданында болған. Маған бір өзібек айтып еді бізде екі Сабыр Рахымов бар деп айтып еді, сол рас болып шықты. Сідер жазып жырлап жүрген Сабыр Рахымов осы шығар деп ойлаймын. «ЭКСПРЕСС К» газетінен Т.Неталиев 2006ж үзінді «1943 жылы Ген Штаптағы оқу біткен соң Құралай апаймен Сабыр Рахымов Қазан вокзалына келсе Мәлік Ғабдуллин мен Бауыржан Момышұлын кездестіріп қалып Алматыға билет сатып алыпты. Алматыда бізді орталық комитеттің хатшысы Шаяхметов күтіп алды біздерді әкімшілік үлкен дастархан басына шақырды Сабыр қолына шанышқыны (вилканы) алып біз бауырымыз екеуміз балалық шақта шөп жинаушы едік деп еске алып, қап дастарханға бата беретін ақсақалдың жоғы… Сөзді Бауыржан жалғастырып мен майданда жүріп үйге келуді көрпеге жатуды және қолмен беспармақ жеуді арман еттім .Одан шығып Бауыржанның үйіне бардық бізді Хадиша жеңгей күтіп алды қонақта Жамал Омарова т.б. белгілі адамдар болды тамақтанып болған соң құран оқылды одан шығып «Столичный»гастрономында тұратын әкем Әліби Жагелдиннің үйіне қондық ертесі әкем Нарынқолға кетті біз Ташкентке кеттік». 1943 жылы Сабыр Рақымов Алматыға келсе Мәлік Ғабдуллин мен Бауыржан Момышұлы ағаларымыз көзі тірісінде неге айтпады деген ойға қаламыз. Мен «Жас алаш» баспасында бір ағай мен әңгімелескен едім аты-жөні есімде қалмапты. Сол кісінің айтқаны Бауыржан Сабырмен 1943-жылы Ген-штапта кездескен оқып жүргенде Сабыр орыстармен сөзге келмей төбелес болады, содан кейін Сабырды қайтадан майдан шебіне қайтарып жібереді деп айтып еді. Ол кісі өзінің Бауыржан Момышұлымен әңгімелесіп көп араласқанын айтқан еді.
    «Жас алаш» 1991.ж.19-қараша.Алпыспаев Ә «Жас алаш» Сәлима Ысқақова өз тілшісі. «Айқын» 2006ж. 6-мамыр. Қ Зарықанқызы.
    Бұл жерде Құралай апайдың сұхбаттарында шындыққа келмейтін жайлар көзге бірден шалынады, Мен бұл жерде Құралай апайды қаралау үшін жазып отырған жоқпын, ақйқатқа жүгініп тарихты айқындау. Мұндағы тілшілер жазған аңызға толы, шығармаларын көркемдемек болып былықтырып алғандарын өздері сеземекен, «Жас алаш»- тардан үзінді «1941жылы күйеуі Сабыр Рақымов өз еркімен соғысқа кетеді, артыннан 17-і күннен кейін Құралай апай да сұранып майданға аттанады. 1945жылдың 21қаңтарында даңқты қолбасшы Сабыр Рақымовтың егіз перзенті-бір ұл бір қызы дүниеге келді. Ұлының атын Роман қызының атын Дарико деп Сталин қойыпты. Роман 1,070келі болып туылса.Дарико 1,050келі болып туылды Оларды бір апта емізіп. Анасы Құралай майдан шебіне қалады да Роман мен Дарико Ташкентке жіберіледі Роман Мәскеуде, Дарико Кемеровада тұрады.» депті. Ал бір деректе «1943жылы С.Рахымов демалыс бабымен Ташкентке келеді, Ел құрметпен, салтанатпен күтіп алды. Демалысы бітісімен Құралайды өзімен бірге майдан шебіне алып кетеді». Неге зерттемей шатастырып жаза береміз. «Құралай апай айтады Қазақыстан арнайы келген журналистер мені таппай кетеді екен.Өзібектер менің қайда тұратынымды беске білседе, бірақ білмейміз дейтін көрінеді.» «Елу жыл бойы өзібек ағайынмен арпалыстым»Қазақстан тәуелсіздік алғанан кейін бес жылды , елу жылға теңеп отырған жоқ па? Өйткені Қазақстанда бірденкені дәлелдеу қиын Бүкіл Өзібек халқын қаралауға болама екен. Журналистерден апайды қорып жүрген өзінің ұлдары мен келіндері жасыратын ештеңеңе жоқ.
    Мына Кеңес Одағы соғыс жылдары адам құқығына қарамаған екен, аяғы ауыр аналарды соғысқа салып , босанған соң бір жеті еміздіріп , қайта майдан шебіне аттандырғаны қалай? Негізі Құралай апайдың мұрағатын зерттеуіміз керек.
    Құралай апай айтдды « -Мен бұл Алматыға Ташкентен бес рет көшіп келген адаммын, алғаш рет әкелген әкем Әліби Жангелдин , кейін Бауыржан Момышұлы өзі келіп көшіріп әкетті, амал қанша туған топыраққа табанымыз тұрақтамай сырдақтай бердім. Соның бәрінде қайта көшіріп әкетіп жатқан Өзібекстан Орталық Комитетінде істеген Салимов бұған Рашидовтың да ықпалы болды.Ол кісі мені қашан көрсе де «Батыр қызымыз Құралай жағыдайың қалай?» деп жалпақтап тұратын.Кішіпейділігіне көп рахымет. Астанамыз Алматыға келгне сапарымның үшеуінде Димаш ағамыз үй бергізді. Осы бір қамқорлығына шексіз алғысымды айтар едім.Реті келгенде пайдаланып қалайын , ол кісіге ұзақ ғұмыр тілеймін. Сәл-пәл бөгеліп қалды, әлгіндегі айбарлы сұсы жоқ, жүзі сына қалыпты, көкірегіндегі мұңы көзінен көрініп тұр. – Мен эмигрантпын Қазақ даласында туған қазақ қызы болсамда, өгей баласындаймын. Кәзіргі менің аты жөнім –Сұлтанова Санобара Агиловна бәрі өзібекше , тіпті мен зейнет ақыда алмаймын. «өзібек атын жамылып, күн көрмейақ қояйын» деп зейнет кітапшамды жыртып лақтырып жібергем.» Ал мына жерде Құралай апай былай дейді «-Қазақстанға түнделетіп өзібек ағайыннан қашып келгендегі көрген жақсылығым –не зейнет ақым жоқ, не басымда баспанам жоқ. Қолымда қалған гаухар алтындарымды сатып күн көріп отырмын. Кенже балам отбасымен Самарханда қалды, күні не болып жатыр екен? Ойласам жүрегім қан жылайды… «Көшіп кел» дейін десем… Қайда? Қалай күн көреді? Бала-шағам Ресейдің, Қазақстаның шет-шетінде. Әрқайысысының өз отбасы бар. Ауырушаңмын дәрінің өзіне пәленбай ақша керек. Өздігімнен еш жаққа шықпасамда, қонаққа шақыратын жерлер бар Қазақ құрқол еш жерге бармайды. Қайта-қайтабалаларымнан ақша сұрау—мен үшін ұят. Бұдан екі ай бұрын Өзібекстаннан екі адам келді. Мені қалай тауып алғанына қайранмын. «Үкіметтен зейнет ақы алмайсыз, не басыңызда үйіңіз жоқ, жүріңіз, көшіріп алып кетейік»,- деді. Қарсы болдым. «Балаларымның қолдары өз ауызына жетті. Енді сендерден қорықпаймын»-дедім». Келесі кітап «Бағы жанған Бағыстар» авторы:Елік Дүйсебеков.2006ж. «Нұр Әлем»баспасы. Осы кітаптың 74-76 бетінде. «Құралай апайдың хикаясы» Құралай апай Қазғұртқа келіпті дегенде ол кісіні көруге асықтым. Өйткені батыр генерал Сабыр Рақымовтың жұбайы ғой.Мен апайға,Самарқан кезеңіне байланысты айтып беруін өтіндім. –Ой,шырағым!Мына бас біраз бәлені көрді ғой.Шытырман оқиғалы детективке арқау болар жағдай басымнан өтті.Ташкентте тұрушы ем,1997 жылы Самарқанға бардым.Ол жерде де ауылдың жігіттері менен хабар алып тұрды.Елші Өзбеков азық-түлікпен,ақшалай пұлмен қарасып тұрды.Әли Бектаев балам,жүз жасасын,қой сойып Қазғұрттың түрлі жеміс-жидектерді тасыды.Ол мезеттер Сабыр Рақымовтың шын туыстарының анық болған уақыттары еді.Бір күні төбеден жай түскендей оқиға болды.1999 жылдың 23-сәуірі болатын.Түнгі екі кезінде пәтеріме бір топ ҰҚК-ің адамдары келіп сіз бұл жерден көшесіз.Бір әскери бөлімге,полковник шеніңіз бар,кеңезші болып қызметке тағайындалдыңыз деп 20 тонналық Камаз машинесіне бар жүгімді артып түнделетіп Самарқанд шахарына жол тарттық.Шаһардың «Жұма» деген елді мекен жағында шыны зауыты бар екен.Сол жердегі бір үйге қоныстандырды.Екі адам қосып берді.Біреуі маған қарауыл,екіншісі машина жүргізушісі.Барған жерде бәрі бар,жетерлік.Бірақ барлық жүрер жолым белгілеулі болды.Рұқсатсыз басқа еш жерге бара алмаймын.Аты-жөнім өзгертілді,басқа құжатпен жүріп жаттым.Осылайша 3 жылдай уақыт өтті.Сыртқы дүниеден бейхабармын,ағайын –туысты сағындым.Қапаста ұстады.Әрі ойлап-бері ойлап бір күні тәуекелге бел будым.Үстіме жұпыны киімдер киіп, такси жалдап Маржанбұлаққа келдім.Ол жерден жаяулатып түнде Арнасайға келдім 27-ші сәуір күні Гагарин қаласы арқылы Жетісайға жеттім.Ол жердегі аудан әкімі машинасымен Сарыағашқа жеткізді. Ал Сарағаш әкімі мені арнайы машинемен 29 сәуірде Қазығұртқа жеткізді.Бір еркін демалып қалдым,Қазығұрттың саф ауасымен.Қасымда үнемі аудан әкімі айналайын Әли Бектаев жүрді.Менімен кездесуге көптеген адам келді.Осылайша Сабырдың жүз жылдық мерей тойын атап өттік.Кейін Самарқанға қайтуға тура келді.Өйткені ол жақта үй,дүние-мүлік қалды ғой.Бір жола көшіп келу мәселесі де жан-жақты ойластырылды.Ол жаққа қайта барғанымда мені бақылаушыларыма Пайарықтағы сіңілімнің үіне барғанмын дедім.Олар оныда тексеріпті.Мен алдын ала ол сіңіліме ескертіп қойған едім.2002 жылдың күзінде мені алып келуге ұн жүктелген Камаз машинасы барды.Үстіндегі ұндарын,маған жәрдем берген отбасыларға үлестіріп берді де менің жүктерімді артты.Қошрадтан Нұрата арқылы партизандық жолдармен Шымкентке келдік,сол жерде тынысым кеңейіп,рақаттанып дем алдым.Алматыға тоқталдым.Бір жарым жылдай құжатсыз, зейнетақысыз жүрдім.Қиналғанда неге Өзбекстаннан келдім деген ойға да түстім.Қазығұртқа бір келгенде Тұрбатта ҚР депутаттар мәжілісінің спикері Жармахан Тұяқбаевқа жолығып ,жағдайымды,жазған арызымның ҚР президенті Н.Назарбаев жетпей жатқандығын айтып көмек беруін сұрадым.Сол кезде өте қиын болды,ақша жоқ,зейнетақы тағайындалмаған кейін мені Астанаға ардагерлер жиынына шақырылдым.Ол жерде жиналғандармен сәлемдесіп болған соң Н.Назарбаев менің қасыма келіп отырып қалімді сұрады.Ағымнан жарылып бәрін айттым.Бұл қалай деген елбасының сұрағына қасындағылардың бірі бұл апайға бір бөлме пәтер Алматыдан берілген,бірақ оның қағазын алмай жыртып Храпуновқа лақтырып тастап кеткен дегенді айтты.Президент табанда И.Тасмағанбетовке қоңырау шалып Алматы қаласының орталығынан өзі қалаған жерінен үш бөлмелі үй беру керектігіне тапсырма берді.Қазір Аллаға шүкір бәрі орнына келді.Өзіме жетіп артылатын зейнетақым үйім бар деп бір толқып алды.Ибатулаева Құралай Нұрманқызының бастан кешкендерінен бір үзегі осы». Елік ағамыз өзінің кейіпкерін осылай суреттепті. Бір таң қаларлық мұнда Ибатулаева Құралай Нұрманқызы ал бір жерлерде былай жазылады Натулаева Құралай Әлібиқызы,ал бір жерде былай жазылады Султанова Санобора Агиловна,ал мына бір жерде Сұлтанова Сонавар Очиловна сонда бұл қалай журналистердің қателігі ме? Бұл зерттелмеген дүние,ешкім құлшыныс жасамаған,бәрібір келесі ұрпақ бұны талқыға салады. Мен іздене жүріп Өзібекістаннан келген бауырлармен де дидарластым солардың бір-екеуіне маған айтқан деректеріне тоқтала кетсем артық болмас. Ақышев Зәкір 1951 жылы туған жері Өзібекстаның Хорезім обл. Гурлен ауданы екенін айта келіп,Сабыр Рахымов жайлы мынадай дерек айтты: мектепте 1968 жылы оқып жүргенде «Өзбек әдебиеті»кітабында Сабыр Рахымовтың тарихы бар,бірақ туған жері айтылмаған. «Ерлігі мен Туысқандары» туралы Сабыр Рахымовтың шығармасында Омар есімді адам С Рахымовтың туысы деп жазылған дейді Зәкір аға, бұл күнде Алматы облысына қарасты Ақши ауылының тұрғыны болып табылады.Ташкент қаласының тұрғыны Азамат есімді адам Алматы қаласында жұмыс бабымен жүрген Ташкент қаласының тұрғыны Сабыр атаның мұражайына барғанын айтты. Мен таңдана келіп, бұл азаматқа үйдегі Сабыр атаның суретін көрсеттім. Ол кісі бірден танып,біршама суреттердің арасынан Омар атаның 1936ж түскен суретін көріп,осы сурет Ташкентте Сабыр Рахымовтың мұражайында қабырғадан орын алып тұрғанын айтты. Көптеген кеиіпкерлерімнен жағымды хабарлар естідім. Бірақ бұл істі халық болып егжей-тегжейсіз қалдырмау керек деп ойлаймын. Менікі-ағайынды табыстырған Ұлыстың Ұлы күнінің қасиетіне жүгіну,Әйтпесе біреудіңдің ар-намысына тиюді мысқылдай мақсат еткенім жоқ. Әлібетте, адамзатқа ортақ батырды, ақынды әркім өз жағына тартып өз атасына жақындатқысы келетіні айтпасада түсінікті. Бірақ халық қанша жерден әулие тұтып,шаң жуытпай төбесіне көтерсе де, әрбір адам қарапайым пенде екенін ұмытпау тиіс. Ал әр пенденің тамыр тартар тегі, жаман да болса ағайын,бауыры бар. Міне көріп отырғанымыздай шежіреге сүйенсек. Сабыр Рахымов біздің аталас туысқанымыз болып шығады. Кейбір авторлар баяндағандай, оның өзібек халқына,және бағыс руына ешқандай қатысы жоқ.Ашылмаған дүние бәрібір 60-70 жылда ашылады деп тегін айтылмаған екен.
    Омаров Ерлік Мұқанұлы

    «Желтоқсан ақйқаты» қоғамының басқарма мүшесі. «Әр халыққа- өз көсемі» ұранының авторы.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Сабыр Рахимов сынды ұлт батырын жоқтаушы-іздеуші Ерлік Омаров by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    3 Қыркүйек 2011 at 15:08 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 7 319 рет қаралған ...