Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағы және Алматы қаласы білім басқармасы бірлесіп, №172 мектепте ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ арналған мәдени-ағартушылық шара өткізді (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 27 желтоқсан 2011 жыл

    2011 жылдың 21 желтоқсаны күні, Алматы қаласындағы №172 орта мектепте ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ арналған мәдени-ағартушылық шара болып өтті.

    Аталмыш шара аясында  жазушы, Махамбет сыйлығының иегері, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының құрметті төрағасы Совет-Хан Ғаббасов  өзінің «Адам тәрбиесінің жаңа ілімі» атты дәрісін оқып, оқушыларға терең ұлттық тәрбие беруге ұмтылған бірқатар мектеп директорларын «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағының  «АЛҒЫС ХАТЫМЕН» марапаттады.

    Сонымен қатар Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназияның оқушылар театры «ДУМАН» шағын ауданындағы №172 орта мектепке қонаққа келіп Қазақ Елінің «ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ» арнап, көрермендердің қошеметіне бөленген, керемет концерт берді.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Профессор Совет-Хан Ғаббасовтың «АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ» жайлы лекциясы
    №140 гимназияның оқушылар театры №172 орта мектепте қонақта. Алматы 21.12.2011 жыл
    «АЛАШ ҮНІ» одағы атынан профессор Совет-Хан Ғаббасов мектеп директорларын марапаттады

    МӘДЕНИ-АҒАРТУ ШАРАСЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:

    №172 мектептегі ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ арналған мәдени ағартушылық шара , фотокөріністер

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The «АЛАШ ҮНІ» қоғамдық бірлестіктер Одағы және Алматы қаласы білім басқармасы бірлесіп, №172 мектепте ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ арналған мәдени-ағартушылық шара өткізді (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    21 Желтоқсан 2011 at 13:27 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 121 рет қаралған ...