Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    4-ші республикалық Азаматтық форум қарсаңында немесе Алматы қаласы ҮЕҰ ұлттық мүддені қорғай ала ма?(бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 16 тамыз 2009 жыл.

    2009 жылдың 14 тамызы күні Алматы қаласында, «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық көпшілік журналының ғимаратында «Үкіметтік Емес Ұйымдардың азаматтық қоғамдық институтының қалыптасуындағы алатын орны» атты тәжірибелік семинар болып өтті.

    Семинардың күн тәртібінде:
    -Алматы қаласының делегаттарын 4-ші Республикалық Азаматтық форумда көтеретін мәселелерін талқылау;
    -Ұсынылатын делегаттар туралы сауалнама толтыру.

    Семинар барысында «Жанашыр» қоғамдық қорының директоры Ж.Апетова Мемлекеттік тіл, ҮЕҰ-дың әлеуметтік маңызы бар жобалары жөнінде ой қозғап, 20-ға жуық ҮЕҰ біріктіріп отырған «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағына Алматы қаласындағы Демократия үйінен орын беру туралы қалалық әкімшілікке ұсыныс айтты. Семинарға қатысушылар басқа да тың ойларды ортаға салды.

    Аталмыш семинарға 7 ауданның ІСБ басшылары, ҮЕҰ жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    ГҮЛСТАН журналының бас редакторы Құлжабаева Гөзел
    Алматы ІСБ ның ҮЕҰ бөлімі өкілі Толқын Төлеушайқызы.
    ЖАНАШЫР қоғамдық қорының директоры Апетова Жаңыл
    ГҮЛЗАР ҚБ директоры Қабдолданова Батима
    АДАМ және ҚОҒАМ ҚБ директоры Сманқұлова Жанат.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The 4-ші республикалық Азаматтық форум қарсаңында немесе Алматы қаласы ҮЕҰ ұлттық мүддені қорғай ала ма?(бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    17 Тамыз 2009 at 10:19 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 908 рет қаралған ...