Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1975 жылы бітірген инженерлердің КЕЗДЕСУІ (фото-видео репортаж)

    / Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 8 шілде 2015 жыл

    ДГМСИ 1970-1975

    2015 жылдың 3-4 шілдесі күндері, бүгінгі Тараз қаласында,   Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1975 жылы бітірген инженерлердің КЕЗДЕСУІ болып өтті.

    Кездесуге Еліміздің түпкір-түпкірінен институттың 47 түлегі жұбайларымен келді.  Баршасы өмірде өз орнын тапқан, бала-шағасы өсіп-өнген бақытты жандар. Алды зейнеткерлікке шығып үлгерген екен.

    Кеңестік заманда көпшілігіміз ауылда орта мектепті бітіріп, институтқа түскенбіз. Сол өткен кезеңнің жақсы тұстары болған, ол — жалпыға бірдей (бірыңғай бағдарлама бойынша) тегін орта және жоғарғы білім беретін мемлекеттік жүйесі еді-ау…

    Ол кездегі ЖОО-дағы білім сапасын өмір өзі дәлелдеп отыр. Мысалы, Құмкөл кен орны, «Теңізшевройл» сияқты кәсіпорындарында және басқа салалаларда да, біздің курстың біраз жігіттерінің білімдері сұранысқа ие болып, проектировщик, конструктор тәрізді позицияларда нақты практикалық қызметтер атқаруда. Осындай техникалық білім берген оқу ордасына барып, сыйлығымызды беріп, көзі тірі ұстаздарымызбен жолығып, ризашылығымызды білдірдік.

    Кедесуге келген баршамыз, жастық шағымыз өткен қаланың көрікті жерлерін (Қарахан ата, Айша бибі, т.с.с.) аралап шығып,  Тектұрмас әулие кесенесіне арнайы барып, әр жылдары қайтыс болған 19 курстасымызға құран бағыштадық.

    Осы кездесуді ұйымдастыруға, өткізуге ат салысқан курстастарымыз Жапар Омаровқа, Сәрсенғали Бисенғалиевке, Болат Куртемеровке және  Қадырқұл Мышбаевқа алғысымыз шексіз…

     

    IMG_0819

    ҚЫМБАТТЫ КУРСТАСТАР, ҚОЛДА БАР ФОТОЛАРДЫ САЛЫП ОТЫРМЫН…

     

     

    3

    1970 жыл, күз айы.
    Жамбыл гидро-мелиоративтік құрылыс институтының І-курс студенттері.

    Солдан оңға қарай отырғандар:
    Әлен, Битөре, Ерғали.
    Артта тұрғандар: Ғалымжан, Болат.

    17 жастамыз…

    IMG_0816

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    2015 жыл, 3 шілде.
    Тараз қаласы, орталық алаң.

    Солдан оңға қарай отырғандар:
    Әлен, Битөре, Ерғали.
    Артта тұрғандар: Ғалымжан, Болат.

    62  жастан асып барамыз…

    Кездесуден көріністер:

    IMG_1896

     Фото0943  Фото0918Фото0917   Фото0948

    IMG_0868

    IMG_0854

    IMG_0840IMG_0838

    Фото0930

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1975 жылы бітірген инженерлердің КЕЗДЕСУІ (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    8 Шілде 2015 at 14:47 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 801 рет қаралған ...