Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Қазақтар ӨЗІНІҢ зияткер ҒАЛЫМДАРЫН-жазушыларын-тарихшыларын НЕГЕ оқымайды және ТЫҢДАМАЙДЫ…

    / Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 22 қараша 2015 жыл

    Жалпы ДІН туралы АҚИҚАТТЫ халыққа КІМ айтуы МҮМКІН ?!

    …қазақтың зияткер ғалым — ғұламалары ма, ƏЛДЕ… …дінді кəсіп еткен зомби діндарлар ма ?!…

        ДІН және МЛМ 

    Бүгінгі көп қазақтың «терең» айналысып кеткен, осы екеуінің адамға ӘСЕР ету технологиясы БІРДЕЙ. Бұл екеуі, ДІН (халықты уыста ұстау құралы) және МЛМ ( сетевой маркетинг, сауда құралы) халыққа ең қажетті қызмет ( ат қою — крестины,  жерлеу — похороны т.с.с.) түрлеріне және адамдар тұрақты әрі жиі пайдаланатын сапалы тауар мен қызмет түрлеріне «монополия» орнатып алып, адамзатты өздеріне жіпсіз байлап алған сияқты…
    Біріншісі, адамды ұлттық САЛТ-ДӘСТҮР, ӘДЕТ-ҒҰРПЫНАН, яки ұлттық болмысынан айыруға бағытталған.
    Екіншісі, адамды «сатудан» басқаны ұқпайтын етіп, жалпы ойлау жүйесін өзгертіп, бір фирманың (желінің) ҚҰЛ- зомбиіне айналдыруға бағытталған. МЛМ- нің құрығына 2-3 ай ілінген адам, жанашыр жақындарын тыңдаудан қалып »жаттағанын» айтудан жалықпайды. Ал ДІНДІ жылдар бойы »жаттағандармен» пікір таластыру қиынның ҚИЫНЫ.
    ?!…?!…?!…?!…?!…?!…?!…?!…?!…?!…

    Жаратқанға, ҚҰДАЙҒА әр адам ДЕЛДАЛСЫЗ тікелей СЕНУІ тиіс!

     

    Атам заманнан

    ҚАЗАҚ ҚҰДАЙСЫЗ ЕМЕС…!

     

    … ДІН атаулының бәрі АДАМДЫ ұжымдық ГИПНОЗ арқылы ЗОМБИГЕ айналдыратын ҚҰРАЛ ғой…

     

    СЕНІМ қалай ДІНГЕ айналды…?!

     

    Халықты уысында ұстау ҚҰРАЛЫН іздеген ЕЛ БИЛЕУШІЛЕР, өздерімен “ымы-жымы” бір АЛАЯҚТАРДЫҢ көмегімен,

     

    адамзаттың ҚҰДАЙҒА деген СЕНІМІН,

    ел басқарудың әмбебап құралы ДІНГЕ  айналдырып алған ғой…

     

    … бізді қоршаған ортаны — ӘЛЕМДІ жаратып қана қоймай,

     

    бүкіл АДАМЗАТҚА бірдей парасат беріп, ТЕҢ етіп ЖАРАТҚАН тылсым КҮШТІ — ТАБИҒАТТЫ,

     

    барша адамдар (ұлтына қарамастан)  ҚҰДАЙ деп таныйды ғой…

     

    … ал, ДІН болса, адамзатты жік-жікке бөліп, әр біріне жеке — жеке ҚҰДАЙ тауып беріп, бір бірімен дауластырып қойған ДҮЛЕЙ КҮШ сияқты ғой…

    … ДІН атаулының бәрі,   ғасырлар бойы БИЛІКТІҢ қолдауына сүйеніп,
    адамзат САНАСЫНА мықтап кіріп алғаны АҚИҚАТ.
      … ДІНДЕРДЕН бас тарту, бірден  мүмкін болмағандықтан,
    ҚАЗАҚ азаматтық ҚОҒАМЫ, бар әлеуетін,
    ДІННІҢ өзін ҰЛТ МҮДЕСІНЕ жегуге, тырысуы тиіс…!!!
    ДІН мен БИЛІК “сиам”  ЕГІЗДЕРІ сияқты, бір бірінен ажырамас ЖҮЙЕ ғой…
      … ғасырлар бойы ЕЛ БИЛЕУШІЛЕРДІҢ көңілінен шығып, жүректерінен орын алып алған ДІНДЕР,   ғасырлар бойы өз әлеуетін жетілдіріп, өздерін қолдаушы  БИЛІККЕ қызмет етіп келеді…   … жалпы,
    ДІН дегеніміз — адамзаттың ЖАЛҒЫЗ ҚҰДАЙЫН — əр түрлі атпен МЕНШІКТЕП алып, өз мүдделерін ғана күйттеп, БИЛІКПЕН ауыз жаласқан алаяқ топтардың КӘСІБІ сияқты ҒОЙ…
    … сондықтан ДІН атаулыдан құтылу қарапайым халыққа мүмкін емес сияқты,
      тек ӨЗЕГІ мықты ӨЗ БОЛМЫСЫНАН айырылмаған ҰЛТТАР ғана,
    кез келген ДІННІҢ өзін өз мүдделеріне жеге алады…
      … ал ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС дегеніміз,
    ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ САЛТ — ДӘСТҮРІ, ӘДЕТ — ҒҰРПЫ емес пе…?!
      ДІН   қазақ ұлтына   ҚҰТ па, ЖҰТ па…?!
      …ғасырлар бойы ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА дендеп кіре алмаған ислам ДІНІН сөз жүзінде ғана мойындап,   ІС ЖҮЗІНДЕ  ата бабаларының СЕНІМ — нанымын, САЛТ — ДӘСТҮРІН өмірлік ҚАЗЫҚ етіп, өз ақыл — парасатына сүйенген ҚАЗАҚ ҰЛТЫН толықтай ҚҰЛ  ете алмасын білген,
      ХІХ — ғасырда Орта Азия елдерін бодандықта ұстаған РЕСЕЙДІҢ қатын ПАТШАСЫ,
    қыруар ақша шығындап Қазақ Еліне “жалдамалы” молдаларды қаптатып, ислам ДІНІН күшпен кіргізіп,
      “…ПАТША жердегі АЛЛАНЫҢ көлеңкесі…”, “…МҰСЫЛМАН адам АЛЛАНЫҢ (патшаның) ҚҰЛЫ…”- дегізіп,
    бұған дейін өздерін “ЖАРАТУШЫНЫҢ ұл — қызымын “- деп өмір сүрген ҚАЗАҚ ұлтының РУХЫН өшіріп,
    ХАЛЫҚТЫ момын — көнбіс ТОБЫРҒА айналдырды.
      ДІННІҢ  ұлтқа қызмет етуі —   бірінші БАСШЫҒА тікелей БАЙЛАНЫСТЫ.
      … егер БІРІНШІ басшы, РӘТБЕК қажы НЫСАНБАЙ сынды,   ҰЛТ МҮДДЕСІН ойлайтын МІНЕЗДІ парасат иесі болса,
    ДІН елімізге ҚҰТ болады.
      … егер БІРІНШІ басшы, ӘБСАТТАР қажы ДЕРБІСӘЛІ сынды,   тек өз мүддесін ойлайтын МІНЕЗСІЗ жасық ( тек кітап кемірген ЗОМБИ) болса,
      ДІН елімізге ЖҰТ болады.
      Ратбек Нысанбай мүфти:   “… парасатты бабаларымыз, қазақ қоғамын, ұлттың әдет-ғұрпымен басқарған…”
      https://www.facebook.com/100003036273963/posts/5437226136388542/?d=n
    СЕНІМ және ДІН
    … құдайға деген СЕНІМ адамзаттың қанынан өтіп, сүйегіне сіңген ӘДЕТ-ҒҰРЫП, әр ұлттың БОЛМЫСЫН қалыптастырған ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ.
    Сондықтан СЕНІМГЕ ешқандай кітаптың да, пайғамбардың да керегі жоқ…
    … Ғасырлар бойы БИЛІКТІҢ күшіне сүйеніп,  ДІНДІ кәсіп еткен ДІН қызметкерлерінің УАҒЫЗДАРЫНЫҢ нәтижесінде,
    ДІНИ ұжымдық ГИПНОЗ,   күллі АДАМЗАТТЫҢ мыйынан өтіп, сүйегіне дейін сіңіп кеткен.   Бүгінгі күні бұл ШЫНДЫҚПЕН санаспауға болмайды…
      Бүгін ДІН  жеке мемлекет ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде САЙАСАТ ҚҰРАЛЫНА айналған…
    ШƏКƏРІМ:
    Бұл кездегі діндердің бəрі нашар,
    Ешбiрi түзу емес көңiл ашар.
    Өңкей алдау, жалғанды дiнiм дейдi,
    Тексерсең, ойың түгiл жаның сасар…
    ҚАЛТАЙ МҰХАМЕДЖАНОВ:
    «… Жер бетінде жұмақ орнату туралы ең жақсы сөздердің өзі, жерді тозаққа айналдырып жіберуі мүмкін. Тіпті ол кейбір мемлекеттерді есінен адастыруда. Бұл әсіресе, дінге байланыс­ты. Сондықтан оған жүрдім-бардым қарауға болмайды. Мәселен, Кения мемлекетінің президенті Жомо Кениатта өз мемлекетінің басына түскен ауыр халді былайша түсіндіреді: «Батыстың адамдары Кенияға келгенде қолдарында Інжіл, ал біздің қолымызда жеріміз болатын. Біздің көзімізді байлап, шоқынуды үйретті. Көзімізді ашқанда алақанымызда Інжіл, ал олардың қолында біздің жеріміз қалыпты».
    МІНЕ, ДІННІҢ ҚИРАТУШЫЛЫҚ КҮШІ…»

     

    Ұлы гуманист Махатма Ганди: «…Адамзатқа жойқын залал келтіруі мүмкін жеті әлеуметтік күнәдан сақтандырыпты. Олар: принципсіз саясат, бейнетсіз байлық, арсыз рахат, ақиқатсыз білім, имансыз сауда, ізгіліксіз ғылым, құрбандықсыз құлшылық». Осыдан сабақ алған жазушы (Қалтай Мұхамеджанов) дінге тым бас-көзі жоқ беріліп кетпей, ұлтының ғылымға, өнерге, өркениетке ұмтылу жағына көбірек көңіл бөлуін жақтайды, әрі осы жолдағы ойын халықтың санасына жеткізуге тырысады. Бұл жерде Халық жазушысының ең іргелі ұстанымдарының бірі – оның моральдық зияткерлігі (интеллектуализмі) болса керек. Моральдық зияткерлікке игілік пен даналықты теңестіру, яғни, барлық өнегелік қателер білімнің жетіспеуінен туындап жатыр дегенге саяды. http://www.elarna.com/koru_kk.php?id=180381

    Сұлтанмахмұт Торайғыров:
    Дін
    Дін деген — өтірікке нану деген,
    Көңілге өнбес қиял алу деген.
    Қиямет күн ғарасат майданына
    Өлген адам тіріліп бару деген.
    Хор қызын жиырма бестен алу деген,
    Мәңгілік, өлмей-жітпей калу деген,
    Өлмейтін, картаймайтын жайға апарып,
    Пендесін басқа күйге салу деген.
    Дозақта күнәлілер жану деген,
    «Кәпірді» зор азапқа салу деген.
    Мұсылманнан басқаның бәрі иттей боп,
    Өшпес от, бітпес бейнетте қалу деген.
    Бұл — молданың өтірігіне сену деген,
    Жетегіне соқырдың еру деген.
    Алдамшының алдаған сөзіне еріп,
    Қолда барын сыпырып беру деген.
    Өлген адам тіріліп келу деген,
    Қартаймай, өлмей тірі жүру деген,
    Жақындық жоқ, ұйқы мен тамағы жоқ
    Мәңгілік ұзақ өмір сүру деген.
    Жұмаққа қазақ қана кіру деген,
    Ол сырды қожа-молда білу деген
    Ежелгі надандықтың кесірі ғой,
    Ғылымға бой ұсынбай іру деген.
    Миға кірмес өтірік сөз емес пе,
    Мұның бәрі — бос мылжың үру деген.
    http://www.kultegin.kz/#!12_1_828

    Жатыр

    Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр, Кілтін өнер-білім ашып жатыр. Бірі — ай, бірі — жұлдыз, бірі күн боп, Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.

    Таласып өнер-білім алып жатыр, Күнбе-күн алға қарай барып жатыр. От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп, Тәңірінің рахметіне қанып жатыр.
    Ойламай біздің қазақ текке жатыр, Бір іске жанаса алмай, шетте жатыр. Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсаң, Қазекең таң қаларлық көпте жатыр.
    Байларың мыңды айдаған шалқып жатыр, Бар малын болыстыққа сарқып жатыр. Барымта, ұрыс-керіс, кісі өлтіріс — Ішінде сорлы қазақ қалқып жатыр.
    Кең жері күннен-күнге құрып жатыр, Сұр жылан бар қан-сөлін сорып жатыр. Астана, жұрт билеген адамдарды Тәңірі күннен күнге ұрып жатыр.
    Біреулер оқып төре болып жатыр, Шен алып, бақыт құсы қонып жатыр. Ұмытып өзін- өзі бұл сабазың, Жұртына қарсы таяқ соғып жатыр.
    Шәкірттер медреседе шіріп жатыр, Қайдағы ескі нұсқа көріп жатыр. Оқыған, дін іздеген байғұс шәкірт Жемтікші құзғын болып кіріп жатыр.
    Әйелдер мал орнына жүріп жатыр, Жас қызын малға, шалға беріп жатыр. «Бес байтал — әйел құны» деген бір сөз Қармаққа талай жасты іліп жатыр.
    Дау-жанжал ел арасы толып жатыр, Өзара талас-тартыс болып жатыр. Кешегі шешек жарған қазақ гүлі Сарғайып, бір су тимей солып жатыр.
    Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр, Күннен күн артқа қарай кетіп жатыр. Сезінбей өз өлгенін, өзінікін Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр!
    Шоқан Уәлиханов:
    «…Учение Магомета не может быть очищено, как думают некоторые защитники ислама; в нем невозможна никакая реформация. Какого можно ожидать возрождения от религии, которая имеет основанием своим дикие и варварские предрассудки кочевых арабов шестого столетия, предания спиритуалистов, жидов и разные фокусы-покусы персидских магов того же периода. Если таков ислам турков и персиан, то каков должен быть ислам татарский, составляющий в мусульманстве нечто вроде пуританизма. Татары отвергают поэзию, историю, математику, философию и все естественные науки, считая их искушениями для слабого человеческого ума, и ограничиваются одной мусульманской схоластикой и казуистикой. Вот те плоды, которые может дать киргизам татарское просвещение. Чудовищная фантастика, мертвая схоластика и ни одной реальной мысли.»
    Қуаныш МұқтайҚУАНЫШ МҰҚТАЙ:
    …Мұхамедке дейін де ислам діні –
    Тәңірден жеткен еді құран үні.
    Мұхамедке дейін де мұсылман боп,
    Қалыптасқан қазақтың тілі, діні!…
    /

     Болат Нәукенұлы:
    «Ғалымдарын, Ақындарын, Ұлт зиялыларын тыңдамайтын бүгінгі билік
    «кімдердің» мүддесін күйттеуде ?!…»
      ҰЛТ МҰҢЫ
    Мақал-мәтел, нақыл сөз, қалдырған рухани мәлімет
    Бабаларда, болған қандай биік ұлттық ойлау қабілет
    Арқасында ерекше, Тәңір берген Ана тілге құдірет
    Білмейді оны бүгінгі, билік толы екі жүзді қарабет
    Бүгінгі біздің Ел, құдды бір дәліз ашық қалған есігі
    Жоғалған соң мүлде, ұлттың өзін-өзі сақтау тетігі
    Ана тіл, салт-дәстүрін сыйламайтын, не білмейтін
    Билікте қаптаған соң пенделер миының бар кетігі
    Жетектеп жүріп немереге егетін, ұлттық ойлау қасиет
    Тәңірге ылғи сыйынып, дейтін ұрпағымды адам ет
    Әжелерді іске жегіп өлгенше, қолпаштайды көп тілді
    Ұлтсыздыққа ұрынған, өзі сақау, екі жүзді Үкімет…
    ЖАУЛАРДЫҢ МАҚСАТЫ — ҚАЗАҚТЫҢ ҮНІН ӨШІРУ
    себебі ҮНІ жоқтың — РУХЫ жоқ !!!
    …Өзгеге еліктеген кейбір бауырларымыз өзге тілде ойлап, өзге дыбысқа толғанып, өзгенің сырын түйсігіне түйіп, ұлттық ойлау қабілетін жоғалтып, ұлттық болмысынан айырылып, өзгенің мәдениеті мен экономикасына қызмет етуде.
    Тіпті, бүгінгі күні, парасатты батыр бабаларымыздын рухы өзгелердің үнінен шошып, қазақ топырағына қона алмай жүргендей көрінеді.
    ҮННІҢ ТАБИҒАТЫ тербеліс-толқын, ендеше ол ЭНЕРГИЯ-КҮШ !
    Осыны білген Қорқыт ата бабамыз:
    Құлақ астым сыбысқа,
    Ой толғадым дыбысқа.
    Сырын түйіп түйсікке,
    Үн жинадым тынысқа
    — деген өсиет сөздер қалдырыпты. Түйсікке түйілген ұлттық сырлар үн арқылы халықты ұйытатын күш болса, онда
    ҚАЗАҚ ҮНІ – біздің РУХЫМЫЗДЫҢ ӨЛШЕМІ болды ғой…
    Атам заманнан мұсылман болып, өздерін Тәңірдің ұл-қызындай сезініп, еркін өмір сүрген, құлдық қамытын кимеген рухы биік, парасаты мол ата-бабаларымыздың арқасында Қазақ ұлты көп құндылықтарға  ИЕ болған екен-ау:
    1. -  асты-үсті байлыққа толы ұлан-байтақ ЖЕРГЕ ;
    2. – біртұтас, бай  ТІЛГЕ ;
    3. – дамыған ұлттық өнер мен мәдениетке;
    4. - табиғатпен және қоғаммен үйлесімді өмір сүруге бағыттайтын қазақтың

    ӘДЕТ-ҒҰРЫП, САЛТ-ДӘСТҮРІНЕ, яки парасатты ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСҚА. Осының бәрін Ата-бабаларымыз  тек қана «ақ найзаның ұшы, ақ білектің күшімен» ұстап тұрмаған. Қазақты халықтық деңгейге жеткізіп, Қазақ Елін қалыптастырған — Тәңірдің  Қазақ халқына берген  ҮНІ арқылы  атаға, АУЫЛҒА, руға топтасу негізінде құрылған, қазақ азаматтық қоғамына, дала демократиясына тән – төл Ел басқарудың ШЕЖІРЕЛІК ЖҮЙЕСІ. Бұл жүйе – әрбір қазақ азаматының тарихи жадында әлі күнге дейін сақталып қалған.

    Үш ғасырлық бодандық, әсіресе соңғы жүз жылдық, құрта алмаған өміршең мықты жүйе. Бұл жүйе – кемеңгер ата-бабаларымыздың баға жетпес еңбектерінің арқасында қалыптасқан, бүгінгі күннің тілімен айтсақ – азаматтық  қоғамда өмір сүрудің – ғасырлар бойы өмір елегінен өткен, теңдесі жоқ моделі.
    ШЕЖІРЕЛІК (корпоративтік)  ЖҮЙЕ  өз қуатында болған кезде Қазақ  Елі азаматтық қоғамы берік біртұтастықта, қисынды жүйелілікте, шебер үйлесімділікте өмір сүріп, қазаққа тән ұлттық құндылықтар  сол кезеңде қалыптасты. Ол деңгейге әлемнің ең өркениетті, демократиялық  деген Елдерінің азаматтық қоғамы әлі жеткен жоқ….
    Орыс-Совет империясының масондық басшылығы, ШЕЖІРЕ негізіндегі  қазақтың  ежелгі саяси-экономикалық және мәдени қатынастар ЖҮЙЕСІНІҢ  барлық артықшылығын толық сезініп, оны жоймай, қазақ халқын бағындырып, құлдыққа сала алмайтынын білді. Сондықтан бұл  ЖҮЙЕНІ  уақыт өткен сайын жетілдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қазақтың игі-жақсыларын, асылдарын қудалап-жойып, қазақтың қанындағы тарихи жадын өшіру үшін, үш ғасыр бойы бар күшін салды.
    Ең сорақы зұлымдықтарын соңғы жүз жылдық ішінде жасап, қазақ халқын қырды.
    Бұл зұлматтың жойқын қасіретін мына бір ғана мысалдан көруге болады:
    ХХ- ғасыр басталғанда, дүние жүзіндегі, саны жағынан шамамен бірдей ( 6  млн.) болған қазақ пен түрік халқының саны, ұлттық  болмысымызға тән табиғи-демографиялық өсу мүмкіндіктерінің ұдайы зор  болғанына қарамастан, бүгін ( 2006 жылы ) төмендегідей :
    -  қазақтар   -   12 млн. -  түріктер   -    72 млн.
    Сонда бір планетада, бір заманда өмір сүрген екі халықтың бірінің  60 млн. жуығы жоқ болып кетуіне К І М кінәлі ?     Н  Е кінәлі ?
    Бұл сұраққа жауапты  19 жылдық  Егемендіктің мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланып, өзінің қанындағы тарихи жадын оятып, құлдық психологиядан арылған әр қазақ жақсы біледі.
    Бүгінгі күнгі қазақтың ТІЛІНІҢ жағдайы, асты-үсті байлыққа толы ЖЕРІ сатылып біткен соң енді жай жерлердің өзі саудаға түсіп талануы, қазақтың ДІНІ-нің жіктеле бастауы, осының бәрі, әр түрлі атпен, әр түрлі идеялармен бүркемеленген, дүние жүзін билеуге ұмтылған әлемдік басым күштердің зымиян саясаттары мен құйтырқы іс-әрекеттерінің жемісі екені белгілі болды.
    Осы жерде айта кететін тағы бір жайт, соңғы 300 жылда, Орыс-Совет империясының аумағында ТІЛІ-де, ЖЕРІ-де, ДІНІ-де, ӨЗІ-де жоқ болып кеткен 90-нан аса ұлттардың кебін киіп, қазақтың жер бетінен құрып кетпеуіне белгілі бір дәрежеде, бір нәрсе себеп болды — ол біздің ұлттың қазақ үні арқылы атаға, АУЫЛҒА, руға (фирмаға)ТОПТАСЫП, өмірдің талай қиыншылықтарына төзе білгендігі.
    Мысалы, кеңестік зұлматтан басқа елдерге бас сауғалап, жер ауған қазақтардың тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап қалуына – олардың атаға, ауылға, руға топтасуы ғана себеп болды. Қазақ Елінің  шежірелік (корпоративтік) жүйе негізіндегі  АЗАМАТТЫҚ  ҚОҒАМЫ адамзаттың ең ұшқыр ойлары жемісінің көрінісі болатын, себебі ол – адам өміріне қатысты, керек жағдайлардың бәрі (тұрмыстық, әлеуметтік, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіл, дін, мәдениет, ұрпақ тәрбиесі, дау-дамай, әскери қорғаныс  т.с.с. көптеген мәселелер) жан-жақты қарастырылған, ұлттық құндылықтармен қамтылған, өте терең ойластырылған, өте тиімді ұйымдастырылған, кемел қоғам еді.
    Жеке қазақ түтінге – түтін атаға – ата ауылға – АУЫЛ руға – ру тайпаға  тайпа ұлысқа(жүзге) ТОПТАСЫП ұлыстар(жүздер) БІРІГІП – қазақ елін құраған
    ………………………………….
    Ислам «шапанын» жамылған, жаттанды-көшірме «молдалар» Әлемдік Басым Күштердің қолдауымен
    ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫН ЖОЮҒА қатты КІРІСІП КЕТТІ.
    ………………………………….

    Ғұлама-ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы мұндай ұлттық трагедияны 100 жыл бұрын болжай білген:
    «Затшылдық көзін байлады,
    Адастырып айдады.
    ЖАН билемей, ТӘН билеп,
    Адамның соры қайнады…»
    Оның ойының дұрыстығын бүгінгі өмір өзі дәлелдеп тұр…
    (Бұл жердегі : «затшылдық, ТӘН — материя, ал ЖАН — рух…)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Қазақтар ӨЗІНІҢ зияткер ҒАЛЫМДАРЫН-жазушыларын-тарихшыларын НЕГЕ оқымайды және ТЫҢДАМАЙДЫ… by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    23 Қараша 2015 at 11:10 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 8 465 рет қаралған ...