Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    1986 жылы 17 желтоқсанда Әлемдік Басым Күштерді басқаратын ұлт өкілінің ҚАЗАҚТАРҒА айтқан ақылы (видео)

    / Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 27 қараша 2015 жыл

    2006 жылы Желтоқсан көтерілісінің 20-жылдығына орай «Аллажар-Қолдау» қоғамдық қоры,  Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссиясына «АЛЛАЖАР» фильмін Республика көлемінде халыққа көрсету керектігі жөнінде хат жазған едік.

    Алайда, бұл Мемлекеттік комиссияның ( төрағасы Оралбай Абдікаримов) күші «фильмнің 16 көшірмесі жасалып, облыс орталықтарына таратылсын» деген тапсырмаға ғана жеткен еді. Ол тапсырманың өзі қалай, қай деңгейде орындалғаны белгісіз. Алматы қаласына фильмнің көшірмесі берілген жоқ.

    «Аллажар-Қолдау» қоғамдық қоры Алматы қаласындағы «Кино Үйі» залын жалға алып, фильмнің режиссері Қалдыбай Әбеновпен байланысып, оның жеке архивіндегі таспаларды қолданып, қала тұрғындарына 24 мәрте көрсетті.

    «АЛЛАЖАР» фильмін түсіру 1988 жылы басталып, 1996 жылы аяқталған. Сол жылы Алматы қаласындағы «Арман» кинотеатрында тұсаукесер көрсетілімі болған. Бірақ әр түрлі себептермен кең прокатқа шықпай жатып қалған фильм еді.

    Біздің ұлт үшін бұл фильмде айтылған ОЙЛАР әлі күнге дейін ӨЗЕКТІ болып тұр…

    Мысалы, мына төменде ұсынылып отырған эпизодта,  Кеңес Одағын күйрету жолында мүдделері уақытша тоғысқан Әлемдік Басым Күштерді басқаратын ұлт өкілінің - қазақ ұлтының өкіліне  айтқан ақылы:

    «… БИЛІККЕ ЖЕТУ ҮШІН КҮРЕСПЕУ КЕРЕК,

    БИЛІККЕ ТҰРАҚТЫ ЫҚПАЛ ЕТЕ АЛАТЫН

    ОРТА (қоғам) ҚҰРУ  ҮШІН КҮРЕСУ КЕРЕК !!!… «

    1.  «АЛЛАЖАР» фильмін толығымен көру

    2.   ҚАЗАҚ, бай-қуатты болуы үшін, НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК ?

     

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The 1986 жылы 17 желтоқсанда Әлемдік Басым Күштерді басқаратын ұлт өкілінің ҚАЗАҚТАРҒА айтқан ақылы (видео) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    27 Қараша 2015 at 12:07 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 464 рет қаралған ...