Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОН ЗАРДАПТАРЫ немесе ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ (бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 30 тамыз 2009 жыл.

    Биыл 29 тамызда еліміздің ядролық сынақ алаңына айналғанына 60 жыл. Осыдан жарты ғасырдан артық жыл бұрын, дәл осы күні Кеңес үкіметі полигондарының ең күрделісі, жаппай қырып-жоятын қарудың ең көп сыналған жері – Семей өңірінде тұңғыш ядролық жарылыс ұйымдастырылды. 1949-1990 жылдар аралығында Семей ядролық полигонында 475 қару түрі сыналды. Соның салдарынан, шекаралық территория халқы өте ауыр және созылмалы сәулеленуге ұшырап, сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан да асып жығылды. Сол жылдары полигонға шаруашылық жайылымдар мен егістік жерлер тартып алынып беріліп, соның салдарынан аймақ экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырады. Нақ сол жылдары жалған жолмен «Бурцуллезге қарсы күресетін» арнаулы диспансер ашылып, Абай және Абыралы аудандарынан 10 000 адам жасырын бақылауға алынған. Ешкімді емдемеген, тек радиация әсерін зерттеген сол 10 000 адамнан бүгінде 3 000 адам ғана есепте қалған. Ал қалған 7 000 адам өлі ме, әлде тірі ме, белгісіз.
    Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдеп, арасында көпшілігі нағыз тұқым қуалайтын дауасыз рак, паралич,анемия, жазылмайтын тері ауруларының алуан түрлеріне душар болып отыр. Сынақ зардаптары дәрі мен дәрігерлерді дәрменсіз етіп, адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлерін туындата бастаған.
    1991 жылы 29 тамызда Елбасшысы Н.Ә.Назарбаев полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, көреген саяси көзқараспен Қазақстан жаппай қырып-жою қару-жарағынан бас тартты. Мұны әлем жоғары бағалап, оның маңызы 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етер тұсында ерекше құндылыққа ие болып отыр.
    Осы аталмыш қасіретке толы датаға байланысты, Қазақстан патриотизмін қалыптастыру мен рухани құндылықтарды көтеру мақсатында «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімшілігі мен «Табиғат» экологиялық одағының қолдауымен, 28 тамыз күні «Қазақстан ядролық қарусыз бейбітшілік үшін» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған танымал қоғам қайраткерлері, түрлі елшілік өкілдері, ғалымдар, саясаттанушылар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

    Шара сағат 10.30-да «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағына кіретін «Аллажар-қолдау», «Ұлттық журналистік зерттеулер орталығы», «Жанашыр», «Жерұйық», «Рух», «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы, «Алтын арқау», «Гүлзар», «Желтоқсан жаңғырығы», «ЖАСА,Азаттық!», «Күретамыр», «Таным», «Темірқазық», «Асар» оралмандардың республикалық ұйымының және «Табиғат» экологиялық одағына кіретін ұйымдардың 40 қара шар (40 жыл ядролық сынақтың өткізілгеніне) мен 20 ақ шарды (20 жыл ядролық сынақтың тоқталғанына) көкке ұшыру акциясынан бастау алды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Қазақ Елі ядролық қарусыз бейбішілік өмір үшін акциясы 28 08 09
    Ядролық жарылыстың тоқтағанына 20 жыл Мэлс Елеусізов
    Ядролық полигон қасіреті Жасарал Қуанышәлі 28 08 09 жыл
    Ядролық полигон зардаптары Молдағали Матқанов
    Ядролық полигон зардаптары Назарбек Қанафия
    Ядролық полигонның зардаптары Тарихшы Хайрулла Ғабжалилов
    Ядролық полигонның зардаптары Марат Бөтеев
    Ядролық полигонның зардаптары Дәрмен Смайыл
    Ядролық полигонның зардаптары Бейбіт Қойшыбаев

    Ядролык карусыз бейбитшилик ушин акциясына катысушылар

    Ядролык карусыз бейбитшилик ушин акциясына катысушылар

    Ядролык карусыз бейбитшилик ушин акциясына катысушылар

    Ядролык карусыз бейбитшилик ушин акциясына катысушылар

    Ядролык карусыз бейбитшилик ушин акциясына катысушылар

    Ядролык карусыз бейбитшилик ушин акциясына катысушылар

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОН ЗАРДАПТАРЫ немесе ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ (бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    30 Тамыз 2009 at 12:39 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 19 081 рет қаралған ...