Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Совет-Хан Ғаббасов: ХХ-ғасырдағы қолдан жасалынған аштықты Ресей мен Қазақ Елі коммунистік партиялары мойындап декларация қабылдаулары тиіс (бейнесюжет).

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 14қазан 2009 жыл.

    Қазақтың көнекөз қариялары мен Ел ағалары да : «Ұлтымыздың тең жарымынан астамын қырған ХХ- ғасырдағы геноцид-аштықты еске алып — тағзым ететін мемориал салынып, ол жерде жыл сайын мемлекеттік деңгейде жалпыұлттық аза күні өткізіліп, жазықсыз құрбан болған қандастарымыздың аруақтары разы болмайынша, бүгінгі ұрпақтың ұлттық ойлау қабілеті жаңғырмайды және ісі алға баспайды» — дейді.

    Совет-Хан Габбасов пен Болат Наукенулы.

    Совет-Хан Габбасов пен Болат Наукенулы.

    Ресей Федерациясының Президенті Д.Медведев мырзаға

    І. 1991 жыл¬ы 16 желтоқсанда “Қазақ Совет Социалистік Респуб¬ликасының Мемлекеттік тәуел¬сіздігі туралы” Конститу¬ция¬лық заң қабыл¬данды. Бұл Халқымыз¬дың үш ғасырға созылған бодандық¬қа қарсы, 70 жылға созылған тота¬литаризмге қарсы, коммунизмнің құлдығындағы одақтас мемлекеттер мен ұлттардың тарихи мүдделерін одан ары аяқ асты етуге қарсы, Қазақстандағы ахуалді шайқалтуға тырысқан қаншама арандатушылықтарға қарсы күресінің нәтижесінде Желтоқсан көтерілісінен кейін келген ұлы Жеңіс болды.
    Бұл ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ:
    Тек, 1930 жылдары болған нәубетті еске алсақ, сол кездегі ашаршылықта қазақ халқының 70% жуығы қырылды.ұлы жеңіс жолында жазықсыз құрбан болған миллиондаған адамдардың рухы бүгінгі ұрпағына маза бермейді.
    Сондықтан да болар, беделді халықаралық ұйымдар, Кеңестер Одағында 1932-1933 жж. аштықтан болған қырғынды адамзатқа қарсы қылмыс ретінде қабылдап, Украин мемлекетінің дерегі мен дәйектері бойынша төмендегі құжат қабылдады:

    «23 октября 2008 года Европарламент принял резолюцию, в которой голодомор на Украине признается преступлением против человечества. Ранее факт голодомора в республике признала ОБСЕ. В резолюции голодомор был признан «ужасным преступлением против украинского народа и против человечества». («Служба безопасности Украины завела дело о голодоморе», Коммерсант.ru, 25.05.2009г)
    «В то же время российская сторона считает, что голод 30-х годов затронул не только территорию Украины, но и остальные главные сельскохозяйственные области СССР. Таким образом, по мнению российской стороны, голод в равной степени ударил по многим республикам бывшего СССР, и говорить о голодоморе украинцев сталинским режимом неверно. Этой точки зрения придерживается также Казахстан». («Служба безопасности Украины завела дело о голодоморе», Коммерсант.ru, 25.05.2009г)

    Қазақстан мемлекетінің бұл нәубет жайында мәлімдеме жасағанын қазақ халқы естіген емес.

    Қазақстан мен Ресейді Мәң¬гі¬лік достық шарты бұрын¬ғы¬дан бетер тығыз байланыстыра түскен кезде, Ресей мемлекеті Кеңестер Одағының мұрагері ретінде, коммунистік режимнің солақай саясатының салдарынан болған ашаршылықтың зардаптарын жоюға жауапты екенін сезініп, сол кездегі миллиондаған адамның қырылуына байланысты Ресей арнайы Декларация
    қабылдаса, бұл әрекет – Ресей Федерациясының беделін бүкіл әлем алдында көтеретін еді.
    Бұл қазақ халқының ізгі ниеті.

    ІІ. Қызыл империяның ядролық сынақ және басқа да әскери полигондары Республика аумағын ластап, адам өміріне зардап әкеліп,қоршаған ортаға жазылмас жара салды. Қазақ халқының бейбітшіл бастамасымен Семей полигоны жабылған соң, еш қатысы болмаса да, қиырдағы Жапон елі залалсыздандыру жұмыстарына қыруар қаржы бөліп, достық көмегін көрсетуде.
    Ал кеңестік милитаризм зардаптарын жоюға көмектесу – көршілік парыз емес пе.
    Осы екі үлкен мәселе «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының құрылтайшылары мен Билер Кеңесінің кеңейтілген Мәжілісінде талқыланып, жазылған хатты Сіздер достық сезіммен қабылдайды деп, жолдап отырмын.

    «Алаш үні» ҚБО төрағасы, жазушы-дәрігер,
    Медицина және педагогика ғылымдарының докторы,
    КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі,
    Махамбет сыйлығының лауреаты, профессор Совет-Хан Ғаббасов

    РФ басшылығына ГЕНОЦИД АШТЫҚ жайында хат Совет Хан Ғаббасов

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Совет-Хан Ғаббасов: ХХ-ғасырдағы қолдан жасалынған аштықты Ресей мен Қазақ Елі коммунистік партиялары мойындап декларация қабылдаулары тиіс (бейнесюжет). by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    14 Қазан 2009 at 15:11 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 295 рет қаралған ...