Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Асылбек Қожахметов:«Бізге қарсы тұрғандарды біздің қасымызда тұратындар етіп жасау, қасымызда тұрғандарды бізбен бірге болатындарға айналдыру»-ең ұтымды тәсіл!

    Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ, саясаткер, «Шаңырақ» қозғалысының төрағасы:

    ҚАЗАҚ, қазақ ұлты болу үшін міндетті түрде мұсылман болу керек пе? Мұсылман емес, Аллаға сенбейтін адам қазақ бола ала ма?

    Сондықтан ұлт патриоттары БҮГІННЕН БАСТАП қазақтарды біріктіру, басқа ұлыстарды «қазақ» азаматтық ұлтына біріктіру идеясын таратуы тиіс. Ондай идеяға жетуіміз үшін мынадай сұрақтарға ашық әрі адал жауап беруіміз керек.

    Біріншіден, қазақ тілі тек қана сөз жүзінде емес, іс жүзінде мемлекеттік тіл болу үшін Қазақстанда тұратын барлық ұлыстар қазақша сөйлеуі тиіс. Қазақ тілінде қазақтар ғана сөйлессе, ол мемлекеттік емес, этникалық тіл деңгейінде ғана қалады.

    Екіншіден, қазақ тілін білмеген, қазақ мәдениетінен аулақ адамды қазақ деп атаған әділ ме? «ҚАЗАҚ» деп аталатын азаматтық ұлт құрылғанда, құрамындағы ұлыстар мәдени ассимиляцияға ұшырай ма?

    Үшіншіден, ұлттық деп нені түсінеміз? Біз де басқаларда жоқ нәрсені ойлап шығаруымыз керек. Жаңаны ойлап тауып жүрмесек, ұлтымыз дамымай қалады, жаңаны ойлап таба алатын мемлекет қана өміршең болады.

    Төртіншіден, мемлекетіміз казақстандықтардікі емес, «қазақ» ұлтынікі болуы тиіс. Қазақстандық ел болсақ, ертең Ресейдің ассимиляциясына ұшырап, егемендігімізді жоғалтамыз.

    Одан кейін бізде әлі күнге дейін ұлттық идеология жоқ. Бүгін Берік Әбдіғалиевтің «Қазақ миссиясы» және Болат Бөтеевтің «Ұлттық жаңғырудың ата жолы» еңбектерінен басқа идеология бойынша ешбір ұсыныс болған жоқ. Идеология үшін жауапты – біріншіден, мемлекет емес, элита және идеологияны ойлап табушылар. Идея тартымды болу үшін мына шарттарды пайдалана білу керек:

    1. Толерантты, төзімді, шыдамды болу мәдениетін дамыту;

    2. Өз айналасына біріктіру мәдениетін қалыптастыру;

    3. Жеке тұлғаға емес, идеяға жұмыс істеу.

    Ұлттық идеологиямыз бойынша Қазақстандағы барлық ұлттарды біршама уақыт өткесін «қазақ» деп атаған дұрыс болады. Әрине, қазір өзін «орыспын», «қырғызбын» деп санайтындар көбірек, бірақ уақыт өте келе басқа елге кетпей, Қазақстанда қалып, Қазақстанды өз Отаным деп санап жүрген азаматтар өздерін жақын келешекте қазақ деп санап жүруіне келетініміз анық. Қазақ қазақты қолдағанда ғана, «оңтүстік-солтүстік», «мәмбет-мәңгүрт» деп бөлінбегенде ғана біз өзімізді нақты Қазақ мемлекеті деп атай аламыз.

    Осыған байланысты мен мынадай тәсіл ұсынғым келеді: «Бізге қарсы тұрғандарды біздің қасымызда тұратындар етіп жасау, қасымызда тұрғандарды бізбен бірге болатындарға айналдыру». Қарсыластың өзімен емес, оның дәйектерімен жұмыс істеп, талдау керек.

    Дерек көзі: «Жас қазақ» газеті
    30/04/2009

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Асылбек Қожахметов:«Бізге қарсы тұрғандарды біздің қасымызда тұратындар етіп жасау, қасымызда тұрғандарды бізбен бірге болатындарға айналдыру»-ең ұтымды тәсіл! by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    13 Қараша 2009 at 10:59 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 343 рет қаралған ...