Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Қайрат Әбдібеков:»Біз ҮЕҰ-мен қоян-қолтық жұмыс істеуге ниеттіміз !»(бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 18 қараша 2009 жыл.

    Жақында Әлеуметтік кикілжіңдерді қарау және шешу бойынша Республикалық қоғамдық кеңесі құрылды.
    Кеңес мақсаты – әлеуметтік кикілжіңдерді таратпау, ескерту, алдын-алу механизмдерін әзірлеу. Оның қызметі бірінші кезекте, азаматтардың конституциялық құқын қорғау бойынша қоғамдық қатынастар басқаруында азаматтық қоғам қатынасының тиімділігін арттыруға, жанжалдар мен егестерді шешуге, олардың әлеуметтік салдарларын анықтауға бағытталады. Кеңес «Нұр Отан» ХДП, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ, «Шаңырақ» РҚБ, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысы, Алматылық Хельсинг комитеті бастамасымен құрылды.
    - Кеңес ашылды, оның жұмысына біз басқа да қоғамдық-саяси күштерді шақырамыз, Әлеуметтік кикілжіңдерді шешуге барлық азаматтық қоғам күштерінің қатысқаны аса маңызды,- деп атап өтті Д. Кәлетаев
    Кеңес үйлестірушісі Асылбек Қожахметов: « бұл құрама — кең ауқымды қоғамдық кеңес қалыптастырудың алғашқы қадамы»,-деп мәлімдеді.
    Кеңес атына түскен мәселелерді қарау үшін сарапшылар шақырылады және атқарушы, құқық қорғау, барлық деңгейдегі бақылау органдары жетекшілері тыңдалуы мүмкін.

    Ш.Мукатаева, К.А.Абдібеков, Р.М.Нусіпова.

    Ш.Мукатаева, К.А.Абдібеков, Р.М.Нусіпова.

    2009 жылдың 16 қарашасында аталмыш Республикалық Кеңестің үйлестірушісі Асылбек Қожахметовтың өкілдері - «Шаңырақ» РҚБ-нің Алматы филиалы мамандары Р.М.Нүсіпова, Ш.Мукатаева және «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі Б. Бөтеев, Алматы қаласы ҮЕҰ-ның атқарушы билікпен тығыз байланыс орнату мақсатында Алматы қаласы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бастығының орынбасары Қайрат Айтбайұлы Әбдібековпен кездесті.

    Кездесу барысында қала тұрғындарының өзекті әлеуметтік мәселелерін бірлесіп шешу тәсілдері мен жолдары талқыланды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:


    Біз ҮЕҰ мен тығыз жұмыс істеуге әзірміз Қайрат Айтбайұлы
    Қайрат Айтбайұлы қоғамдық ұйым өкілдерін қабылдауда

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Қайрат Әбдібеков:»Біз ҮЕҰ-мен қоян-қолтық жұмыс істеуге ниеттіміз !»(бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    18 Қараша 2009 at 15:25 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 879 рет қаралған ...